Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Статьи / МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ

библиотека
материалов

МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ

Б.Т. Абишева

38 ЖОББМЛ

ШҚО, Семей қаласы


Қазіргі таңда білім беру үрдісінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік ғана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы оқушыларды оқу-зерттеу ісіне баулу арқылы оларға білімді зерттеушілік іс-әрекет деңгейінде игерту болып табылады.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез – басты ішкі талпыныс оқушының бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.

Оқушының зерттеушілік қабілетін (талдау, топтау, салыстыру, шолу, маңыздыны бөліп көрсету, дербестік, ойлау икемділігі, сөйлеу жүйелілігі, ойлау шапшандығы) дамытуда мұғалім осы бағытта жұмыс жасауға оқушыны бағыттау қажет.

Оқушыларды зерттеу қызметіне үйретуді математика пәнін оқыту барысында іске асыруға болады.

Математиканы дәстүрлі оқытуда мұғалімнің оқушыларға ақпаратты дайын күйінде беруі әбден қалыптасқан жүйе. Бірақ бұл жолмен оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкін емес.

Математика сабағында оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыруда проблемалық ахуал туғызу басты мәселе болып табылады. Нақтылап айтқанда, проблемалық ахуалдар келесідей жағдайларда туындайды: а) теориялық негіздеуді керек ететін практикалық есептерді шешу кезінде; ә) есепті шешудің әдісін іздеу кезінде; б) эксперимент жасау кезінде; в) көрнекі құралдарды пайдалануда; г) ғылыми таным әдістерін пайдалану кезінде (ұқсастық, жалпылау және т.б.); ғ) тарихи шолу жасауда; д) лабораториялық және өлшеу жұмыстарын жүргізуде; е) қызықты сюжеттерді пайдалануда; ж) берілген тақырып бойынша есептер құрастыру кезінде.

Мұғалім оқушыларға проблеманы зерттеулер жүргізу негізінде өз бетінше шешулері үшін оларға теориялық және практикалық тапсырмалар береді.

Біз оқушылардың зерттеушілік қызметтерін дамытуды 7 сыныпта алгебра курсының «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын өткенде қолданып, тарау бойынша алған білім-білік дағдылары оң нәтиже берді.

Бұл тақырып материалдарын зерттеу тұрғысынан игертудің мақсаты: оқушылардың бағдарламалық материалды саналы меңгеруін (қысқаша көбейту формулаларының кез келген екі өрнектің квадратын табуды жеңілдететіні туралы түсінік қалыптастыруды), жаңа білімді игерту арқылы олардың білімдерін тереңдетуді қамтамасыз ету.

Зерттеу жұмысы жаңа сабақ түсіндіру кезеңінде беріледі. Өрнектің қосындысының екінші, үшінші, төртінші және бесінші дәрежелерінің формулаларын hello_html_4c63bec2.gif?, hello_html_mf66af0b.gif?, hello_html_755cf3c2.gif=?, hello_html_1b60cd74.gif=? қорытып шығару өз бетінше орындауға ұсынылады (мұғалімнің бақылаумен, бағдар беруімен).

Бұл тапсырмаларды орындауда тиімді ұсыныстар ретінде қысқаша көбейту формулаларын, көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесі және топтасыру тәсілін естеріне сала отырып, оқушылар келесідей түрлендірулерді жүзеге асырады.

hello_html_4d0c7b1.gifhello_html_m3c96a30f.gif

Оқушыларға hello_html_755cf3c2.gif және hello_html_1b60cd74.gif формулаларын қорытып шығарудың алгоритмі белгісіз болғандықтан олар жаңа мәселелерді өз беттерінше анықтайды, мысалы, hello_html_m20b6471.gifөрнегін hello_html_m4ce2d88f.gifтүріне келітіріп, ал hello_html_1b60cd74.gifөрнегін hello_html_14f1c5bc.gifжазып алу арқылы келесі формулаларға шығады

1) hello_html_6fc31638.gif

2) hello_html_65360125.gif

Оқушыларға осы тақырып бойынша игерген білімдері арасындағы заңдылықтарды анықтата отырып, жалпылау әдісі негізінде жаңа ой қорытындыларын жасауға үйрету. Проблемалық ахуал туғызатын сұрақтар: 1) Келесі қорытып шығарылған формулалардан қандай заңдылықтарды байқауға болады және олардың жалпылауын пайдаланып hello_html_m5f2a6e54.gifөрнегінің неге тең болатынын анықтауға бола ма? Табылған заңдылықтар аталған өрнектің мәнін табуға жеткілікті ме, жеткілікті болмаса қандай іс-әрекетті жүзеге асыруға болады ?

hello_html_451ae9ac.gif;

hello_html_m5c9bddb0.gif;

...

hello_html_m660f337c.gifНәтиже: hello_html_2e3ae61.gif

Сонымен, аталған тақырыптың жаңа материалдарын оқушыларға саналы игерту (білімнің қажеттігін түсінулері; оларды қолдана алу арқылы жаңа мәліметтерді табу тәсілдерін игерулері; ізденіс тәсілдерін, жаңа заңдылықтарды айқындаудағы тиімділігіне өздерінің іс-әрекеттері арқылы көз жеткізулеріне және т.с.с.) танымдық іс-әрекеттің деңгейлік сатыларының (репродуктивтік-ізденушілік-зерттеушілік (шығармашылық)) арасындағы сабақтастық негізінде проблемалық сұрақтарға жауап іздеуді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай, түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алу қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады.

Қорыта келгенде, оқушыларға жаңа тақырыптардағы материалдарды игерту және оларды бекіту мен қолдануға арналған есептерді шығарту репродуктивтік-ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекет сабақтастықтары негізінде, соның ішінде ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекеттер проблемалық оқыту заңдылықтары негізінде ұйымдастыру өз нәтижесін береді.


Математика сабағы (6 класс)

Тақырыбы: «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.»

Мақсаты: Дөңгелектің ауданының және шеңбердің ұзындығының формулаларын тәжірибелік-зерттеу жұмысы арқылы дәлелдеу, формулаларды тиімді пайдаланып, есептер шығарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, тәжірибелік-зерттеу жұмысы

Көрнекілігі: компьютер, проектор, мультимедиалық презентация, өзіндік жұмыс тапсырмалары жазылған карточкалар, дөңгелектің моделі, жіп.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу.

б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.

  1. Өзіндік жұмыс:

1 нұсқа.

  1. Семей мен Георгиевка қалаларының арасы 185 км. Егер картаның масштабы 1: 5000000 болса, картада осы қалалар арақашықтығы неше см тең?

  2. Картада А және В қалаларының арасы 4,3 см. Егер картаның масштабы 1: 20000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?

3. Картада Х және У пункттердің арасы 8,5 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 170 км. Картаның масштабын табыңдар.

2 нұсқа.

  1. А және В қалаларының арақашықтығы 125 км. Егер картаның масштабы 1: 5000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?

  2. Картада А және В арасы 3,4 см және картаның масштабы 1: 20000000. А және В қалаларының арақашықтығын табыңдар.

  3. Картада А және В пунктерінің арақашықтығы 7,2 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 360 км. Картаның масштабын табыңдар.


  1. Жаңа сабақ:

  1. «Ой ашар»

(Радиус, диаметр, щеңбердің центрі ұғымдарын қайталау. Слайд №4)

  1. «Мағынаны ажырату»

Жіп арқылы шеңбер типтес заттардың ұзындығын өлшеу және шеңбердің ұзындығын оның диаметріне қатынасын табу. «Пи» санымен танысу. (hello_html_m125a5dd4.gif)

Шеңбердің ұзындығын табуға арналған формуласын қорытып шығару. hello_html_7c22848b.gif

Дөңгелек фигурасымен танысу. (слайд №2,3)

hello_html_4323ed25.pnghello_html_80aa138.jpghello_html_3eb3208b.png

Дөңгелектің элементтері. (слайд №4)

hello_html_1c3e0a15.gif

О – дөңгелектің центрі

ОА – радиус (r)

СД – диаметр (d)

СОМ – сектор

hello_html_m402faaae.gif

S– дөңгелектің ауданы


Дөңгелектің ұзындығының формулаларын дәлелдеу тәжірибелік-зерттеу жұмысы. (Слайд № 6,7,8)

Оқушыларға әр түрлі диаметрлі дөңгелектер таратылады. Әрқайсысы дөңгелекті бірдей он бөлікке және бір бөлікті тең екіге бөледі Алынған бөліктерден тіктөртбұрыш құрастырады:

hello_html_909af5b.gif hello_html_1139e828.gif


Құрастырылған фигура бойынша зерттеу:

  • Құрастырылған тіктөртбұрыштың 2 ұзындығы дөңгелектің қандай элементтері? (дөңгелектің ұзындығы)

  • Тіктөртбұрыштың 1 ұзындығы неге тең? (hello_html_m1efe3293.gif; hello_html_m679d7a3d.gif)

  • Ал тіктөртбұрыштың ұзындығын қалай табуға болады? (ұзындығын еніне көбейту)

  • Біздің тіктөртбұрыштың ені неге тең? (радиусқа)

  • Айтылғандардың барлығын ескере отырып, біздің тіктөртбұрыштың ауданын табуға өрнекті қалай жазамыз. (S=hello_html_m685c5591.gif)

  • Біздің тіктөртбұрыш алғашқыда қандай фигура болып еді? (дөңгелек)

  • Қандай қорытынды жасауға болады? Дөңгелектің ауданын қалай табуға болады? (S=hello_html_m7a9978e3.gif)

hello_html_254386ed.gif

  1. Бекіту.

(Слайд № 9) Кестені толтыру.

hello_html_m2c28b73a.gif

r

1 м

4 см

5 дм

10 м

S

3 м2

48 см2

75 дм2

300 м2


1-есеп. (Слайд № 10,11)

Әлемдегі барлық цирктарда аренаның диаметрі 13 м екені белгілі. Цирк аренасының ауданын табыңдар.

hello_html_m25868a21.png


hello_html_m2badf23.gif



2-есеп.

Боялған фигуралардың ауданын табу. ( Слайд №12)

1, 2 фигура – тақтада жұмыс.

3 фигура – өзіндік жұмыс.

1242, 1243, 1246 есептерін шығару

  1. Қорытынды.

  • Бүгін сабақта қандай формулалармен таныстық?

  • «Пи» саны нені білдіреді?

  • Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадратына тура прорпорционал деген тұжырым дұрыс па?

  1. Рефлексия

Карточка

  1. Бүгінгі сабақта не қызықты болды?........................................................

  2. Қандай тапсырмалар қиындық тудырды?...............................................

  3. Осы тақырып бойынша не білгің келеді?................................................

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру

П.39, № 1235, 1238, 1239, 1240.

Қарастырылған тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу (шығармашылық тапсырма).

Сабақтың тақырыбы: §5.Формулалар тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы. «Геометрия және мінез» (математика және психология, 5 класс.)

Сабақтың мақсаты: Математика сабағында компьютерлік және ақпараттық-байланыс технологияларын пайдаланып, оқушының теориялық білімін қалай қолдану керектігін үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Берілген жіптен периметрлері бірдей фигуралар жасау. Палетканың көмегімен фигуралардың ауданын анықтау. Салыстыру және оларды зерттеу. Берілген фигураларға сәйкес формулаларды табу.

  2. Арнайы жасалған слайдтарды көрсете отырып, негізгі геометриялық фигуралар туралы алған білімін психология саласына қолдану және геометриялық фигуралардың жаңа функциялық қасиеттерін «ашу арқылы» өздерінің мінез қасиеттерін сипаттау, яғни психогеометриялық саламен танысу.

  3. Топпен жұмыс істеуде оқушылардың бойында ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, ой еңбегін іспен алмастыруға тәрбиелеу.

Маңызды құрылымы: Біртұтас әлемнің бейнесін құру (әртүрлі геометриялық фигуралар пайдаланып, біртұтас жүйе құруға болады, әрқилы мінез қасиеттерінен біртұтас адамзат қоғамы қалыптасады);

Тәжірибенің жалпы мәнінің өзектілігі (біз барлығымыз – адамбыз, 5 класс оқушыларамыз), бөліп алғанда (бізді мінез қасиеттерімізге қарап бөлуге болады (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және жекелеме тұрғыда алғанда («Мен ерекше, қайталанбас адаммын»).

Өткізілетін орны: Мультимедиа кабинеті.

hello_html_m478c0239.jpg

Сабақтың түрі: Кіріктірілген.

Сабақтың көрнекілігі:

Әртүрлі геометриялық фигуралар, түрлі-түсті таратпа дөңгелекшелер. Геометриялық фигуралардың формуласы жазылған парақтар, жіптер ұзындығы біркелкі, өлшеуіш палетка, жеті бөліктен тұратын әйгілі қытай квадраты. (Танфамм). (әр оқушыға арналған).

hello_html_17af1e80.jpg

Сабақтың барысы:

Сабақ басталарда окушыларды 5-6 адамнан тұратын шағын топтарға төрт түсті таратпа дөңгелекшелер арқылы бөліп алу керек. Әр топқа арналған партада үлкейтілген дөңгелектер қойылады. (қызыл, сары, көк, жасыл). Енді оқушылар қолдарындағы дөңгелекшеге сәйкес белгісі бар партаға барып 5-6 оқушыдан төрт топқа бөлініп отырады. Слайд арқылы сабақтың тақырыбы жазылады: «Геометрия және мінез»

Ары қарай геометриялық фигуралар біртіндеп көрсетіліп отырады, яғни оқушылар өткен сабаққа шолу жасайды: Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш және төменгі жағына ретсіз орналасқан осы фигураларға сәйкес формулалар көрсетіледі.

Р=2(а+b) , s=аb, Р=а+b+с, S=а2, Р=4а.

Мұғалім. Балалар сендер алдарыңдағы слайдтан өздеріңе таныс геометриялық фигураларды көріп отырсыңдар. Қазір солардың ішінен өздеріңе ұнаған геометриялық фигураны таңдап белгілеп алындар.

Әр топқа белгілі ұзындықта жіптер таратылады (барлық балаға жетерліктей). Жіпті қолданып тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек жасайды.

Мұғалім. Бүгін осы фигураларға зерттеулер жасап, олардың шамаларының арасындағы байланысын анықтап, өздерің қорытынды жасайсыңдар.Осы фигуралар жайында не айтасыңдар?

Бұл фигуралардың периметрі бірдей деген жауап алғанша, сұрақ-жауап жалғаса береді. Оқушылардың біреуі: «фигуралардың аудандары бірдей», - деп айтуы мүмкін. Ондай жауап алмаған жағдайда, мұғалім жекелеме сұрақ қояды.

Окушыларға берілген фигуралардың ауданын өлшеуді ұсына (палетканың көмегімен) отырып, олардың аудандарының теңдігі жөніндегі гипотезаның дұрыстығын нақтылау, не жоққа шығару және көз жеткізіп зертеу. Әр топ өздері жасаған зерттеулерінен қорытынды жасап, өлшеулерінің нәтижесін айтады.

1. Шаршы - 49 см2

2. Дөңгелек - 72 см2

3. Тіктөртбұрыш - 63 см2

4. Үшбұрыш - 42 см2

Жүргізілген өлшеулерден кейін оқушылар төмендегідей қорытындыға келеді:

«Периметрлері бірдей әр түрлі геометриялық фигуралардың аудандары әр түрлі болады. Ішіндегі ең үлкен аудан дөңгелектің ауданы болып табылады».

Оны слайдтан көрсетіп, дәптерлеріне жазып алуларыңды сұраймын.

Міне осы зертеуден кейін оқушылар геометриялық фигуралардың формулаларының маңызын толық түсінеді. Қойған проблемалық сұрақтың шешімін тауып, өздері «ашқан жаңалыққа» көз жеткізеді.

Келесі кезекте слайд арқылы үлкен ғимараттардың, жер алқаптарының суреттерін көрсетемін. Ауданды өлшеудің осы тәсілін осындай құрлыстарға қолдану мүмкін бе? – деген сұрақ қойылады.

Оқушы жауабы: тыңдалады

Мұғалім. Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеудің осы тәсілін күнделікті өмірде үлкен шамаларды (егістікті, құрылыс алаңдарын т.б) өлшеуге қолдану мүмкін емес. Үлкен (километр, метр, т.б) шамалардың ауданын анықтау үшін өздеріңе белгілі формулаларды қолданады.

Мына формулалардың ішінен соларды атап көрсетіңдер. (S=ab, S=а2).

Жоғарғы сыныпта дөңгелектің, үшбұрыштың аудандарының формуласымен танысасыңдар.

Мұғалім: Мен қазір сендерге өлеңнен үзінді окимын.

Үшбұрықа ұксаған тауды көріп,

өрмелеп шыңға, шығу болды арманым.

қып-қызыл деңгеленген күнге қарап,

Бейнелеп қиялымда барды салдым.

Осы шумақта не жайлы айтылған, ойларыңды толық жеткізіңдер. Автор геометриялық фигуралардың образын пайдаланып не айтпақшы болған?

Оқушылардың жауаптары (тыңдалады)

Психолог: Психология сабақтарында біз сендермен мінез қасиеттері туралы айтып кеттік. Естеріңде ме өткен сабақта емірде жоқ жануарлардың суретін салғандарың, ал мен, суретке қарап, автордың мінезі туралы айтып бергенмін. Сол арқылы сендер бір-бірлеріңді тануға мүмкіндік алдындар.Сендермен суреттік тест, яғни «Автопортрет» әдістемесі өткізілген.

Ал бүгін біз өздеріңмен шағын психологиялық зерттеу жүргіземіз. Біз негізгі геометриялық фигуралар мен мінез қасиеттері арасында байланыс құраймыз.

Енді, геометрияның ғажайып елін елестетейік, мұндағы тұрғындар – геометриялық фигуралар – шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы. Сендердің міндеттерің: бұл елдің тұрғындарының мінездерін анықтау. Әрбір топ өзінің «кейіпкерімен» жұмыс істейді (топтарға парақтар таратылады, олардың жоғарғы бөлігінде геометриялық фигураның символы берілген және «Ол қандай?» деген сұрақ қойылған).

Сендердің жұмыстарыңды жеңілдету үшін, мен мінездің әртүрлі қасиеттері жазылған парақтар дайындадым. Сендердің міндеттерің – олармен танысып, өз «кейіпкеріңе» қайсысы сәйкес келетінін таңдау. Терең ойланып, қиялдарыңды пайдаланып, өздеріңді осы фигурадай сезініп, былай елестетіндер: «Егер мен үшбұрыш болсам,...» тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі, одан кейін әрбір топ өздерінің мінез қасиеттері жазылған парақтарын тапсырады.

Сабақ барысында мұғалім мен психолог топтарда талдау жүргізуге көмектесіп, оқушылардың іс әрекетін бакылайды.

Психолог:

Геометриялық фигураларды төрт «кейіпкерлерінің» мінездемесін, зерттеуімізді жалғастыру үшін қолданамыз. Мен қазір мінез қасиеттерінің жиынын оқимын және сендер тыңдай отырып, өздеріңнің мінез қасиеттеріңмен салыстырып отырасындар:

«Қаншалыкты бұл маған келеді? Бұл маған ұқсайды? Мен осындаймын ба?»

Бұл форма лидерліктің символы. Ол басты мақсатқа негізделе алады. Олар қуатты, мықты, нақты мақсат қойып, соған жетеді бірақ, шыдамсыз.

Бұл өте сенімді адам! Ол жеңімпаз атануға тырысады және шешім қабылдағыш болып келеді. Олар адал. Бұл формасыз әлем өз ұшқырлығын жоғалтушы еді. (үшбұрыш).

- Ал енді бұл маған ұнайды дегендерің, қолдарыңды көтеріңдер. Ал енді қолдарын көтергендер, сабақ басында таңдаған фигураны көрсетіндер. (үстелдерде үлестірілген материалдар арасында түрлі-түсті қағаздардан қиылған геометриялық фигуралар бар).

Назар аударыңдар, мына балалар (сәйкес фигураны көрсеткен балалардың есімдері аталады, яғни, үшбұрышты таңдағандардың) барлық төрт фигуралардың ішінен үшбұрышты қалады, және олардың мінездеріне бұл форманың психологиялық суреттемесі сәйкес. Біздің зерттеуімізге қандай қорытынды жасауга болады?

Талқылау нәтижесінде психолог оқушыларға келесі қорытындыны қалыптастыруға көмектеседі: «Егер адамда белгілі мінез қасиеттерінің жиыны қалыптасқан болса (психологиялық тип), онда ұсынылған геометриялық фигуралардан (шаршы, дөңгек төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер) ол өзінің мінез бітісіне сәйкес, ұнаған фигураны таңдайды». Содан кейін психолог, қысқаша психогеометрия, геометриялы фигуралар тесті туралы айтып кетеді және мінез бен қалаған фигуралар қаншалықты сәйкес келетінін оқушыларға тексеруді ұсынады. (ары қарай шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыштың психологиялық суреттемесі оқылады; оқушылар өздеріне сәйкес мінез қасиеттері мен геометриялык фигуралардың сәйкестігін анықтайды).

Психолог:

- Егер сыныпта окушылардың барлығының мінезі үшбұрыш типіне сәйкес болса, жақсы болар ма еді? (Талқылау нәтижесінде оқушылар барлық адамдар әртүрлі болғанда, бір-бірінен көп нәрсеге үйренетінін түсінеді).

Келесі тапсырмада мұгалім танфамм шаршысынан бейнелер құрастыруға тапсырма береді.

Қорытынды: бүгінгі сабақта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттей отырып, оның психологиялык қасиеттерін қарастырдық. Бізді қоршаған орта геометриялық фигуралардан тұрады. Геометриялық фигуралар өзінің қасиеттеріне қарай құрылыстарда, әртүрлі ғимараттарда, тұрмыстық техникада, архитектурада кеңінен қолданылады. Яғни геометриялық фигуралардан әлемдік жүйе құрылады.

hello_html_m151d9205.jpg

Психолог: әртүлі мінез қасиеттерініңде, қоғамда алар орны өзгеше.

Сендерде «біртұтас адамзат қоғамын» құратын ерекше қасиетке ие, қайталанбас жеке тұлғасыңдар.

Бағалау: Танфамм шаршысын жинақтау, оқушының жеке жазған мысалын тексеріп, тиісті бағасын қою. Сабақтың соңында әр оқушы өздерінің қолында бұрыннан бар қызыл, сары, жасыл түсті белгілерді тапсыруды талап етемін. Сол арқылы жаңа сабақты оқушы қаншалықты меңгергенін білемін.

Рефлексия

Қызыл түс – сабак маған жеңіл, әрі қызықты өтті берілген тапсырманы өзім ешкімнің көмегінсіз орындадым.

Жасыл түс – сабак маған ұнады, тақырыпты меңгердім, үй тапсырмасын шығаруға сенімдімін.

Сары түс – сабақты әліде қайталауым керек, шаршадым,– дегенді білдіреді.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.//Алматы: Атамұра, 2006. -310-314 бет.

  2. Рудик Г.А. Монреаль, Канада.Центр современной педагогики «Обучение без границ»-34б.

  3. Манвелов С.Г. Конструирование современного урока математики.// Просвещение. Москва. 2002. С.7.

  4. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математиканың алатын орны //ҚазҰПУ Хабаршысы «Физика-математика ғылымдары». - Алматы, 2006. – №2 (16). - Б. 159-162.




10



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Статьи
Просмотров314
Номер материала ДВ-477227
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх