Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математика пәнін оқытуда жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Математика пәнін оқытуда жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Шакирова Эльмира Айдакашевна

М.Тынышпаев атындағыҚазККА Ақмола колледжі

Математика пәні оқытушысы


Математика пәнін оқытуда жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау


Бүгінгі күнгі білім алушы жастар күнделікті интернетпен, жаңа шыққан технологиялар жемісімен тікелей байланыста болғандықтан бірғалыпты дәріс беру қызықсыз. Жалығып кететіндері де, есеп шығаруға салғырттықтары да осыдан туындаса керек. Қарапайым есептеулерді калькулятордың көмегіне жүктей салады. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математиканың өмірде ең керекті ғылымның бірі екендігін түсіндіру мақсатында жеке тұлғаға бағыттау әдісін қолдануды жөн санадым.

Әрбір тақырыпты түсіндірмес бұрын студенттерге жалпысына бірдей алдын ала тапсырмалар беріледі. Яғни, жаңа тақырыпты олардың өздеріне түсіндіруге мүмкіндік туады. Ол үшін, біріншіден, кітапханаға барып кітап іздейді, екіншіден, өз бетінше тақырыпты түсінуге, сосын оны түсіндіруге дайындалады. Осы кезде түсінбеген сұрақтарына жауапты оқытушыдан табады. Бұл кезде сұрақ онша көп болмайды, тек тақырыпты есептер мысалымен толықтыру ғана қалады. Уақыт үнемделеді, әрбір студент өздігінше ізденеді, көбірек есеп шығарып жаттығады.

«Туынды» тақырыбы барлығына бірдей берілгенімен бірі жай функциялардың туындысын жақсы түсінсе, бірі күрделі функция туындысын, ал үшіншісі тригонометриялық функция туындысын табуда бәрінен жүйрік екендігін көрсетеді.

Матрицаны есептеудегі үшбұрыштар ережесін өздігінше үйрену барлығына жеңіл болса, матрицаны теңдеулер жүйесін шешуде қолдану студенттерге кішкене қиындық соғады.

Дамыта оқыту әдісі алған білімдерімен дербес жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбірі есептерді шешіп қана қоймай оның оңай жолдарын іздеуге ұсыныс білдірсе, бірі негізгі формулаларды компьютерден неғұрлым кішірейтілген түрде жазып алып қолдануды жөн көреді.

Тек жоспардағы тақырыптар ғана емес, студенттерді қызықтыратын «темір жол», «поездар мен вагондар», « денсаулық», «интернеттің пайдасы мен зияны» сияқты тақырыптар бойынша түрлі тапсырмалар беріледі. Нәтижесінде студенттер өздерін математикалық есептеулері бар слайдтарын және компьютер көмегімен берілген тақырыптар бойынша суреттерін қорғады. Нақтылай айтсақ, зерттеу жұмыстарын жүргізгендері ерекшеленді. Мәселен, жолаушылар тасымалдайтын вагондар өлшемдерін алып, оның бүгінгі таңдағы кемшіліктерін есептей келе, өз шешімін диаграмма арқылы көрсетті. Сол сияқты,интернеттің неше пайызы пайдалы,нешесі зиянды екенін сауалнамалар арқылы саралап , шешімдерін салыстырмалы түрде пайызбен көрсетті.Ал денсаулық тақырыбы бойынша адам ағзасындағы барлық мүшенің цифрлардан тұратынын ғылыми дәлелдеулерге сүйене отырып пайызбен, санмен көрсетті.

Әрине, жеке тұлға осындай еркін тақырыптарды ала отырып, тек бағдарламамен шектелмей, қосымша есептеулер жүргізу -шығармашылық ізденістері әрі студенттің ой-өрісін кеңейтеді, әрі дамытады деп ойлаймын. Еркін тақырып таңдалғаннан кейін студентке міндетті түрде бағыт-бағдар менің тарапымнан беріледі. Алдымен жоспар құрып алуға көмек көрсетіледі. Содан кейін материалдарын бірге отырып саралаймыз. Ал, содан кейінгі кезекте топтың алдында жұмысын, әкелген зерттеу материалдарын қорғау өткізіледі. Тақырып бойынша сұрақтар легі қойылады.

Мұндай тапсырмаларға сабақтың басында немесе соңында уақыт бөлінеді. Арасында білім алудағы деңгейіне қарай реферат жазу тапсырылады. Рефератты жазу да жазып отырып есте сақтау қабілетін арттырады, әрі компьютерде мәтін теру жылдамдығын арттырады. Ол тақырыпты интернеттен тапқан күннің өзінде оны қорғау үшін материалды жақсылап оқиды ғой. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға дайындалады емес пе? Яғни, қалай жазып келсе де, студенттің ойында белгілі бір жаңа информация қалады, біліміне білім қосылады деген сөз.

Сондай-ақ, студенттердің дәріс кезінде тақырыпты меңгеруі қиынға соғып кетсе, математикалық тілден шамалы ауытқып, жалпақ тілмен немесе күнделікті қолданыстағы құбылыстармен теңестіріп, салыстырып түсіндіруге тура келеді.

Математикалық сөздік диктантын, терминдер диктантын жазу үшін де студенттердің өздеріне тапсырмалар беріледі. Жұмыс топпен емес жеке тұлғаға бағытталған болса, әрбірі өзі үшін дайындалады. Бірақ, мұнда басқадан көмек сұрауға болмайды деген қағида жоқ. Керісінше, білімін толықтыру үшін бір-бірінен міндетті түрде сұрайды.

Жалпылай келгенде математиканың өмірдегі рөлі ерекше екендігін атай отырып, еліміздің болашағын қалыптастыратын білімді ұрпақ, саналы азамат, жақсы маман даярлауда өз үлесімді қосу және болашақ маманның өз бетінше шешім қабылдай алуына, ойын қорғай алуына , курстартарымен бәсекеге түсе алалатындай деңгейге жетуіне көмек беру.

Общая информация

Номер материала: ДВ-296613

Похожие материалы