Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен "Алгебралық өрнектер" тақырыбына ашық сабақ

Математика пәнінен "Алгебралық өрнектер" тақырыбына ашық сабақ

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырып: «Алгебралық өрнектің мәні»
Сабақтың мақсаты: Алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды дұрыс есептеуге дағдылау.
Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана отырып, қосымша шығармашылықпен айналыса алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Оқушыны білімділікке, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі картчкалар, «Математика елінің» картасы сызылған плакат.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Тазалыққа мән беру.
3. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Сендер бүгін өз білімдеріңді көрсете біліңдер!
Тартынбай, жалқауланбай өз пікірлеріңді айтыңдар!
Сендер барлығын білесіңдер, мен сендерге сенемін.
Іске сәт!!!

Балалар бүгінгі сабағымыз «Алгебралық өрнектің мәнін табу.» тақырыбын пысықтауға арналған. Сол мақсатта біз сіздермен бар білімімізді арқалап «Математика еліне» саяхатқа барамыз.
Бүгінгі мақсатымыз: Алгебралық өрнектің ережелерін еске алып, сол ережелерді алдағы есептерге дұрыс қолданып, тапсырмаларды дұрыс орындау.

II. Сабақтың жоспары: 1. Кеден.( Үй тапсырмасы тексеріледі.)
2. Музей.( Ұлы математиктер жайлы тарихи мәліметтер.)
3. Сұлулық салоны.(Математиканың сұлулығы, әсем көйлегімен таныстыру.)

4. «Еврика» атты дәмхана.( Оқушылармен негізгі жұмыс алып барылады.
а) тақырыпқа негізделген А деңгейлі тапсырмалар.
ә) тақырыпқа негізделген В деңгейлі тапсырмалары.
б) логикалық сұрақтар.
в) теориялық сұрақтар.

5. Сиқырлы майдан.( «9» санының сиқыры жайлы мәлімет.)
6. Кеден.( Сабаққа қорытынды жасалып, оқушылар бағаланады.)

III. Үй жұмысын тексеру: Кеден.
Үйге берілген тапсырма экранға жазып қойылады. Оқушылар бір - бірінің дәптерлерін тексереді.
№ 690 Өрнектің мәнін табыңдар.
1) 0. 5a+b, мұндағы а = 3, в = - 2
Ж: - 0. 5
с – 4d, мұндағы = - 5, d = 0. 25
Ж: - 6;
3x – y, мұндағы x = - 1, y = - 8,
Ж: 5;
2m – 3n мұндағы m = - 1. 5, n= 1/6,
Ж: - 3
№ 700 Алгебралық қосындыны жақшасыз жазыңдар.
m+(- n)+p+(- k )= m – n + p - k
- x +(- y) +(- z) = - x – y – z
- ab + (- ac) + cd = - ab – ac + cd
- a + (- 4c) + (- 7) = - a - 4c – 7
- 0. 6a +(- 11b) +3 = - 0. 6a – 11b +3
- 9a +(- 2b) +(- 5c) = - 9a - 2b – 5c

2. Музей.( Ұлы математиктер жайлы тарихи мәліметтер.)
Мұнда«6» сыныпта негізінен рационал сандармен жұмыс жасайтын болғандықтан, рационал сандардың келіп шығуына байланысты мәліметтермен және пәнге қосылуына үлес қосқан ұлы ғалымдар жайлы, оқушылардың дайындап келген мәліметтері айтылады.
Эвклид (300 – 365)
Ал - Харазмий (783 – 850)
Декарт (1596 – 16..)

оқушы.(Асия)
Өмірде, тұрмыста кездесетін көптеген шамалар, жылдамдық, биіктік, температура, баға тағы басқа көбейіп, азайып өзгеріп отырады. Шамалардың өзгерістерін белгілеу үшін оң сандар мен қатар теріс сандар енгізіледі.
Теріс сандар туралы ең алғашқы ұғым біздің заманамызға дейінгі II – ші ғасырдағы қытай математиктерінің еңбектерінде кездескен. Оң санды «өсу» өзгерісінде қолданса, теріс санды «кему» өзгерісінде қолданған, ал оң сандарды қолда бар зат «мүмкін» деп түсінген.
Математикаға теріс сандардың енгізілуімен қатар «0» саны да жаңа мағынаға ие болды. «0» саны санақ басы болып санда жоқ разрятты білдіретін таңба болып енгізілген және қарама - қарсы сандардың қосындысы деп есептелінеді.

2 - оқушы:( Алихан) Теріс сандар туралы нақты мәліметтер және оларды қолдану XVIII
Ғасырдың бірінші жартысында ғана жүзеге асырылды. Осы кезден бастап теріс сандардың қазіргі жазу белгісі қолданылды.
Француз математигі Рене Декарт 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.
Рене Декарт 1596 жылы 31 мартта дворяндар отбасында дүниеге келген. Ол бір жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Жастайынан «- анау не?, - мынау не?» – деп әжесіне тыным бермейтін.
Р. Декарттың алғашқы математикалық жинағы 1637 жылы жарық көрді.
Р. Декарт тек қана математик қана болып қоймай, ол философ, физик, физиолог, аналитикалық геометрияның және әзіргі қолданып жүрген алгебралық символдардың авторы.
Ол бізге оң және теріс сандарды координаталық сәуледе кескіндеп көрсеткен.

3 - оқушы:(Бекарыс) Рационал сандардың негізін бөлшек сандар құрағандықтан алдымен бөлшек сандар жайлы айтсам.
Ерте кезде адамдарға сауда-саттық және түрлі есептеу жұмыстарында бөлшектермен үлестерді есептеу қажет болған. Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп аталған. Бөлшектер туралы түсініктің дамуында үш түрлі бөлшектер ұғымы қалыптасқан.

4 - оқушы:(Батыр) Бөлшектердің мұндай әртүрлілігі есептеу және өлшеу жұмыстарында көптеген қиындықтар туғызды. Бөлшек ұғымының дамуы ғылым мен сауда-саттық жұмыстары өркендеген елдерде: Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Римде қалыптасқан...

5 - оқушы: (Владимир) Бөлшек сызығын уал – Хассара XII – ғасырда және италияндық Леонардо Пизанский XIII – ғасырда өздерінің жазба есептеулерінде пайдаланған. Леонардо Пизанский «Бөлшек» деген сөзді енгізген. Бөлшек сызығы XVI ғасырда ғана белгілеуге толық енді.
Архимедтің еңбектерінде пайдаланылған XX ғасырдың алғашқы жылдарында үнділер жай бөлшектерге амалдар қолдануды қалыптастырды. Жай бөлшектер туралы Толық мәліметтерді арифметика кітаптарына Орта Азия математигі Ал – Харазми енгізген.

5 - оқушы:(Әсел)
Ал – Харазми 783 жылы Харезм қаласында туылған. Ал – Харазми Орта Азиялық ғалымдардың ортасында ең ұлы тұлға ретінде танылған. Оның математика қоржынына қосқан үлесі өте үлкен...

7 – оқушы: (Бекзат)
Евклид (Б. д. д. 325 - 265ж) ежелгі дәуірдегі грек математигі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы...
4. «Еврика» атты дәмхана.(Оқушылармен негізгі жұмыс алып барылады.

а) тақырыпқа негізделген А деңгейлі тапсырмалар.
ә) тақырыпқа негізделген В деңгейлі тапсырмалары.
б) логикалық сұрақтар.
в) теориялық сұрақтар.

Ас мәзірі.
Салат.--------------- Есепте: - 6. 5: 1. 3 +( - 7) = - 12
Ыстық тамақ: ----------------- Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
x/8 + y/2 - 3 мұндағы x=5; y=3; (- 7/( 8))
Тәттілер.------------- Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?
Сусындар.------------- Шеңбердің ұзындығын табу формуласын жаз. (
=πD)

Ас мәзірі.
Салат. ------------------------- Есепте: - 6. 5: 2. 5 = - 2. 6
Ыстық тамақ. -------------- Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
(x+y)/15 + 2 мұндағы x=- 4; y=5; (21/15)
Тәттілер. ------------------- Ғарышкерлердің бірі жерді бір рет айналғанда 1с 40 минутта айналады, ал екіншісі 100 минут айналып шығады. Бұл қалай болғаны?
Сусындар. ----------------- Санның модулі дегеніміз не?
Ас мәзірі.
Салат. ---------------------- Есепте: (- 3/4)
1 1/2 = - 1/2
Ыстық тамақ. ------------ Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
7/x - 9/y+ 1мұндағы x=2; y=4; (2 1/4)

Тәттілер. -------------------- Столдың басында екі әке және екі бала отыр. Оларға үш алманы қалай тең бөліп беруге болады?
Сусындар. ---------------- Он санын қалай нөлсіз жазуға болады?

Ас мәзірі.
Салат. ----------------------- Есепте: - 3: 22/2 = - 1
Ыстық тамақ. ------------ Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
(x+y)/(x - y) - 10. 7мұндағы x=3; y=1. 5; (7. 7)
Тәттілер. ------------------ Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кіші сан шығады?
Сусындар. --------------- Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?
Ас мәзірі.
Салат. Есепте: 2/3: (- 2) = - - 1/3
Ыстық тамақ. Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
(a+7) / b мұндағы a=- 10; b= - 0. 75; (4)
Тәттілер.
Дүкеннен мен сабын
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бәрі?
Сусындар. Ең кіші үш таңбалы сан.

Ас мәзірі.
Салат. ------------------------ Есепте: 5: (- - 5/8) = - 8
Ыстық тамақ.--------------- Алгебралық өрнектің мәнін табыңдар:
(9 - 4c) / d мұндағы c=- 1. 5; d=3; (5)
Тәттілер. ------------------- Бес таяқшаның неше ұшы бар, бес жарым таяқшаның неше ұшы бар?
Сусындар. ----------------- Координаталық түзу дегеніміз не?

5. Сиқырлы майдан.(«9» санының сиқыры жайлы мәлімет)
9 * 2 = 18 ----------------- 1 + 8 = 9
9 * 3 = 27 ----------------- 2 + 7 = 9
9 * 4 = 36 ----------------- 3 + 6 = 9
9 * 5 = 45 ----------------- 4 + 5 = 9
9 * 6 = 54 ----------------- 5 + 4 = 9
9 * 7 = 63 ----------------- 6 + 3 = 9
9 * 8 = 72 ----------------- 7 + 2 = 9
9 * 9 = 81 ----------------- 8 + 1 = 9

«9» санына байланысты мақалдар, мәліметтер.
1. Тойған жерге 9 кел.
2. Білгенің бір тоғыз. Білмегенің тоқсан тоғыз.
3. Тоғыз планета:

6. Сабақты қорытындылау. Кеден.
- Жарайсыңдар, балалар білімді екендеріңді көрсеттіңдер.
Үй жұмысы: № 705; №706;
Оқушылар бағаланып, марапатталады.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров31
Номер материала ДБ-235280
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх