Инфоурок Дошкольное образование КонспектыМатематика пәнінен ашық сабақ

Математика пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

 

Тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Мақсаты:   5 санының құрамы туралы оқушылардың  білімін қалыптастыру,сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету. оқушылардың  ақыл-ой қабілетін,өз беттерінше

жұмыс істеуін,ізденушілігін дамыту. Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,тәрбиелеу 

Сабақ типі: аралас

Өту әдісі:  ойын-жарыс,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, ойындар.        

 Сабақ түрі: топтық жұмыс

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді.

 Психологиялық дайындық

3 –слайд-1,2,3 сыныптың іші  тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабағымызды бастаймыз

Өткенді пысықтау

4 слайд-Енді балалар өткен сабақта біз қандай сандарды өттік, соны еске түсірейік.1,2,3,4

Әр санға байланысты  санамақтарды айтып береміз бе? -Санамақтарды айту

  5слайд-Тапсырма :  2 топқа бөлу -«Бізге қандай сан керек?»-ЖАРЫСТЫРУ

 - Тақтада жұмыс- «Көршісін тап» ойынын ойнап жіберейік. 4 санының алдыңғы , кейінгі көршісін кім табады? Яғни біз бүгін 4-тен кейін тұратын сан 5 цифрымен танысамыз. 5 ке дейін сандарды кім орналастырып береді екен. 0 1 2 3 4 5

-Дұрыс, балалар. (тақтада жұмыс)

2.Негізгі бөлім:. Шаблондармен есеп құрау.(алмалармен ) себетпен жұмыс

Менің қолымда 4 алма бар еді, оған тағы 1 алма қосылды. Сонда неше алма болды?  

Ал енді осы 5 алманың 1алмасын мен 1оқушыға бердім. Сонда неше алма қалды?  

Дәптермен жұмыс: 5 цифрын жазу: еденде жазу,ауада жазу,содан соң дәптерде жазу

6-слайд-Ауызша есеп - Теңдікті кім  тақтаға жазып береді. Қояндар мен кірпілермен ,себетпен жүмыс.

7 слайд-Сергіту сәті, ОЙЫН «САНДАР ШАШЫЛДЫ»

Геометриялық фигураларды еске түсіру. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ал енді мына фигураны кім біледі. 5 бұрыш. Неге 5 бұрыш деп аталды екен?

5 бұрышпен таныстыру.

8 слайд-Ойын «Бос терезелерді жап» Монтесорри технологиясы-топтық жұмыс-ватманмен

9 слайд-Ойын –топқа бөлу «Жарыс»: Ал енді балалар, қазір біз 2 топқа бөлініп жұмыс істейміз.   Қай топ қатесіз дұрыс бірінші болып шешсе сол топ жеңеді.(ЖҰЛДЫЗ ТАРАТУ)

 9 слайд-3.Қорытынды бөлім:

 «Ой қозғау»

А)5-тің алдында қандай сан тұр?
Аптада неше күн бар?
Ал біз неше күн оқимыз?

10 слайд-Қазақ батырларының бес қаруы.(ЖҰЛДЫЗ ТАРАТУ)-неше қару? Кім атап береді?Не үшін арналған?

11 слайд-Сергіту сәті-1,2,3,-біз жин.күш

12 слайд-ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА :а)Үстел үстінде  3 қияр, 2 сәбіз және  5 апельсин тұр.Үстел үстінде барлығы қанша

көкөніс бар?

ә)Мұз айдыныңда 4 бала сырғанап жүрді. Олардың біреуі түскі тамақ ішуге кетті.Ол бала оралып келді. Мұз айдында қанша бала сырғанап жүр?

13 слайд-Есінде сақта

 -Жарайсыңдар, балалар. Осымен сабақ аяқталды.Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.Қай топта жұлдызшалар көп екен? Достық жеңді ме?

Мұғалім оқушыларды марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 5саннын екі санның қосындысы түрінде, 5-тен кем санды 5-ке дейін толықтыру, мәні 5-ке тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ауызша жылдам есептеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: плакат, сандар кассасы, оқулық, суреттер, сандар.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру.
А) Дидактикалық ойын «Сан тастамақ»
Ә) «Кім тапқыр?» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
А) Мұғалім түсіндірмесі
Ә) Жұмбақ есеп
Б) Дәптермен жұмыс
В) Сергіту минуты
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Мадақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт. Әрбір іске жауапты,
Бала болам талапты.
Уәдесінде тұратын,
Адам болам салмақты.
- Оқу құралдарын алғызып, партада дұрыс отыруларын қадағалау.

ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру үшін
А)«Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.
1. Какенкаджиев Абылай
2. Какибаева Айша
- Ал, қалған балалар сол 0-ден 5-ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санап береді. 5, 4, 3, 2, 1, 0
Ә)«Кім тапқыр?» ойыны тақтаға мына сандарды іліп қандай сан жоқ екенін тапқызу. мысалы: 0, 3, 5 (жоқ сандар: 1, 2, 4)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
А) Балалар менің сендерге айтар жақсы, қуанышты хабарламам бар. Ол төрт күннен кейінгі тойланатын Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің сайланған күні. Біз елбасымызды құрметтейміз, сыйлаймыз.
- Ендеше бүгінгі сабағымызды қуанышпен, елбасымызға деген құрметпен бастайық.
- Аманғазы Ислам мен Мұратова Аяулым Қазақстан Республикасының Президентіне деген құрметін бір ауыз өлең шумақтарымен жеткізгісі келіп отыр екен.
- Келесі, сабағымызға оралсақ;
Ә) Жұмбақ есеп.
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (5)

Мұз айдында 3 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(5)
Б) Дәптермен жұмыс.
- 5 санын дәптерге жазу.
В) Сергіту
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Алақанды ашайық,
Бесті беске қосайық.

Оң аяқта 5 башпай,
Сол аяқта 5 башпай.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен 10 башпай.

ІҮ. Қорытынды.
- 5 саны нешеден кейін тұрады?
- 5 саны нешемен-нешенің қосындысы?
- Кімнің жасы 5-те?

Ү. Мадақтау.
- Балаларды мадақтап әр балаға «Қуанышты хабарлама» тарату.
- Балалар бүгінгі 5 саны мен цифры туралы ашық сабақ аяқталды, белсенділік танытқандарыңа рахмет!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2015 941
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Лаззат Тлегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасенова Лаззат Тлегеновна
    Хасенова Лаззат Тлегеновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6102
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Подготовка к школе. Нейропсихологический подход

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 880 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 647 человек

Курс повышения квалификации

Использование ресурсов пластилинографии в художественно-эстетическом развитии детей дошкольного возраста с учётом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 444 человека

Курс повышения квалификации

Алгоритмика для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов