Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы КонспектыМатематика пәнінен ашық сабақ: Білімді тиянақтау"

Математика пәнінен ашық сабақ: Білімді тиянақтау"

библиотека
материалов

hello_html_m486e373d.gif

Ашық сабақ

Математика пәнінен

Тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтауға қайталау есептерін шығартып,

оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Тапқырлыққа, іздемпаздыққа, алғырлыққа,

ұқыптылыққа баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Келеп жіптер, плакат, деңгейлік тапсырмалар, математикалық фигуралар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ана тілі, дене шынықтыру, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

- Қандай сабаққа әзірленіп отырмыз?

2. Үй жұмысын бекіту. № 5.

а) Оқушыларға ауызша оқыту арқылы тексеру.

(39 + 20) + 1 = 59 + 1 = 60

(50 - 30) – 4 = 20 – 4 = 16

(70 - 40) – 7 = 30 – 7 = 23

(53 + 20) + 7 = 73 + 7 = 80

ә) Өткен сабақтарымызға байланысты арифметикалық диктант жүргіземіз. (Балалар

дәптерге жазады, мұғалім айтады.)

50 мен 6 – ның қосындысы. 50 + 6 = 56

70 пен 8 – дің қосындысы. 70 + 8 = 78

20 мен 40 – тың қосындысы. 20 + 40 = 60

90 мен 10 – ның айырмасы. 90 – 10 = 80

87 мен 7 – нің айырмасы. 87 – 7 = 80

б) Логикалық есеп – жұмбақ.

- Балалар, мен сендерге логикалық есеп – жұмбақ айтамын. Сендер ойланып, шап-

шаң, дұрыс табуларың керек.

  1. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (6)





2. Алмаға кеп ,

Күнара

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін алмаға,

Келіп қонды қанша ара? (10)



3. Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналған еді бес есек.

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек? (2)

3.Жаңа сабақ. Білімді тиянақтау.

- Балалар өткен сабағымызды қорытындылап, үй жұмысын пысықтап бекіттік. Енді жаңа сабағымызға көшейік. Алдымен алдымызға мақсат қойып алайық.

а) Мақсат қою.

- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың мақсаты екі таңбалы санды бір таңбалы санға қосу, азайту, екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу, азайтуға есептер шығару.Білімді тиянақтау сабағы.

ә) Оқушыларды топқа бөлу.

- Сабағымызды бастамас бұрын, біз сыныпты үш топқа бөлеміз. Топ басшыларын белгілейміз.

1 – топ: «Білімпаздар» тобы: Көп нәрсені әсіресе математиканы жақсы білетін оқушылар

тобы.

2 – топ: «Ойшылдар» тобы: Ойланып сөйлейтін мықты математиктер тобы.

3 – топ: «Тапқырлар» тобы: Кім білмесе көмек бере білетін, математикадан алғыр топ.

Ал енді оқушылар,бұл сабақ уақытты үнемдеуді алғырлықты, ұқыптылықты талап етеді

және топпен жұмыс істей білуге үйретеді.Топта сөйлемейтін оқушы болмауы тиіс.Білім-

деріңді жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалап отырамыз.

-Олай болса, бүгін сәрсенбінің сәтті күні екен, бәріңе сәттілік тілеймін.

б) Дәптер алмастыру. Күннің жады

Сынып жұмысы

Көркем жазу

в) Тақтамен жұмыс. № 1. (Есептің берілгенін оқушыға оқыту.Келеп жіпті көрсету

арқылы есепті түсіндіру.)

-Есепте не белгілі? (Қара жіп пен ақ жіп)

-Нені табамыз? (Қара жіптің артығын)

(Үш топтан үш оқушы шығып, тақтаға орындайды.)

Шарты: Қара жіп – 9 келеп ? артық

Ақ жіп - 7 келеп

Шешуі: 9 – 7 = 2

Жауабы: 2 келеп қара жіп артық.

г) Кері есеп. Өз беттерімен жұмыс.

- Оқушылар осы есепке екі кері есеп құрастырамыз. Ондай кері есеп бізге бұрыннан

жақсы таныс. Сондықтан екі кері есепті өз беттерімізбен орындаймыз.

(Ауызша оқытып тексеріп кету.)

ғ) Топпен жұмыс. № 4 мысал.

- Бірінші топ үстіңгі қатарын, екінші топ астыңғы қатарын, үшінші топ барлығын

орындайды. Бірінші және екінші топ тақтаға шығарады.Үшінші топ өз беттерімен

дәптерге орындап, екі топты тексереді.

1 – топ: (84 + 2) – 40 = 86 – 40 = 46

20 - (3 + 4) = 20 – 7 = 13

100 – (30 + 50) = 100 – 80 = 20

2 – топ: (75 – 5) + 30 = 70 + 30 = 100

69 – (4 + 5) = 69 – 9 = 60

50 + (90 - 40) = 50 + 50 = 100

3 – топ: Мысалдарды тексереді.

д) Сергіту сәті.

- Балалар биыл қандай жылды қарсы алдық? (Сиыр жылы)

- Иә дұрыс айтасыңдар сиыр бізге жақсы таныс. Ол төрт түліктің бірі. Жыл басына та-

ласқан хайуанаттардың ішінен жылды тышқаннан кейін екінші болып көрген екен.

Сиыр туралы өлең, мақал – мәтел, жұмбақ білеміз бе? Кәне, еске түсірейік.

(Оқушылар жауабын тыңдау)

-Cиыр иесі не? (Зеңгібаба)

-Сиырды қалай шақырамыз? (Аухау -аухау)

-Cиыр қалай дыбыстайды? (Мө – мө – ө - ө)

-Сиырдың сырт мүшелерін қимылмен көрсету.

(2-мүйізі, 2-құлағы, 2-көзі, 1-мұрны, 1-құйрығы, 4-сирағы, 4-тұқайы)

е) «Ойлан, тап:» ойыны.

- Балалар енді , «Ойлан, тап:» ойынын ойнап көптеген тапсырмалар орындаймыз.

Тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинаймыз. Ұпай саны жеке оқушыға емес,

топқа қосылады. Соңында ұпай қорытындысымен мадақтау болады

- Ойын шарты әр топта 10 20 30 40 50 ұпайлық бес тапсырма берілген.

Дұрыс, толық орындалған тапсырмаларға тиісті көрсетілген ұпайлары беріледі.Ал

дұрыс орындалмаса ,5 ұпай ғана беріледі.

Білімділер тобы:

10

20

30

40

50

Ойшылдар тобы:

10

20

30

40

50

Тапқырлар тобы:

10

20

30

40

50



1 – тапсырма: Оқулықтағы № 5. Теңдеуді шешу.

1 – топ: 36 + Х = 70 2 – топ: 70 – Х = 36 3 – топ: Х – 36 = 34

2 – тапсырма: Сұраққа жауап .

1 – топ: Қосудың қандай қасиеттері бар? (Ауыстырымдылық, терімділік)

2 – топ: Санды нөлге азайтқанда не шығады? (Санның өзі шығады)

Санды нөлге қосқанда не шығады? (Санның өзі шығады)

3 – топ: Бір таңбалы натурал сандарды ата? (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9)

Нөл қандай сан? (Натурал санға жатпайды)

Нөл дегенің жоқ деген,

Натурал санға өтпеген.

3 – тапсырма: Логикалық жаттығулар.

1 – топ: Екі адам төрт сағат жол жүреді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол

жүреді? (4 сағат)

2 – топ: Бір жұмыртқа пісу үшін бес минут қажет. Төрт жұмыртқа пісу үшін неше

минут қажет? (5 минут)

3 – топ: Тауық үш аяқпен тұрғанда үш килограмм, ал екі аяқпен тұрғанда неше

килограмм? (3 килограмм)

4 – тапсырма: Фигураның периметрін табу.

1 – топ: Үшбұрыштың ұзындындығы 8 см, 2 см, 5 см. Периметрін тап?

Р= 8 см + 2 см + 5 см =15 см

2 – топ: Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см, ені 3 см. Периметрін тап?

Р =5 см + 3 см + 5 см + 3 см = 16 см

3 – топ: Шаршының қабырғасы 3 см. Периметрін тап?

Р= 3 см + 3 см + 3 см + 3 см = 12 см

5 – тапсырма: Сөз құрамына талдау. (Сөз құрамын еске түсіру)

Әр топ өздерінің топтарының атын сөз құрамына талдайды.

Білімділер. Ойшылдар. Тапқырлар.

(Әр тапсырма сайын топтардың ұпайлары, жеке оқушының бағасын беріп отырамын)

4. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен балалар, біз өз білім деңгейіміздің қаншалықты екенін көрсеттік. Біз не

білдік? Бүгінгі сабақта не істедік?

- Есеп шығардық.

- Кері есеп құрадық.

- Мысалдар орындадық.

- Жарыстық.

- Тапсырма орындадық.

- Өлең, мақал – мәтел айттық.

- Сөз құрамына талдадық.

5. Бағалау.

Оқушыларды алған математикалық фигуралары арқылы бағалау.Топтарды ұпай қорытындысына қарай, «Ынталы» оқушылар тобы, «Зерек» оқушылар тобы, «Алғыр» оқушылар тобы деп мадақтама қағазын ұсыну.

6. Үйге тапсырма беру. № 2. 101 – бет.

7. Сабақты аяқтау.























































Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің

2 «Ә» сыныбының математика пәні

бойынша білімді тиянақтау тақырыбына

өткізілген ашық сабақтың жоспары.

























Сынып жетекшісі : Сағындықова Б

























Бейнеу селосы – 2009 ж

Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.