Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен интеллектуалдық сайыс

Математика пәнінен интеллектуалдық сайыс



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика пәні бойынша

11 сыныпқа арналған

«Ойнайықта - ойлайық» (интеллектуалдық сайыс)


Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекілігі: Карточкалар, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпты 3 топқа бөлінеді

Математикалық сайыс 6 бөлімнен турады.
І – бөлім «Бәйге»,

ІІ – бөлім «Логикалық сұрақтар»,

ІІІ – бөлім «Әріптер сөйлейді»,

ІҮ – бөлім «Формуланың жалғасын тап»,

Ү – бөлім «Олимп шыны»


Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емес сен, қаталдансың.
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін»,
Нағыз пән – математика атанғансың!– дей келе ортаға интеллектуалды ойынды бастайық.

І – бөлімін бастаймыз:
І – бөлім. «Бәйге» «П», «С» әріптерімен басталатын математикалық атаулар
Математикалық анықтамалар мен теориялар бөлімі:
Әрбір жауап 10 балдық жүйемен есептелінеді.

« П » әріпімен басталатын математикалық атаулар.

1.Геометрияның жазықтағы денелерді зерттейтін бөлімі.

2.Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу.

3.Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

4.Төртбұрыштың бір түрі.

5.Санның жүзден бір бөлігі.

6.Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы.

7.Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема кімнің атымен алады.

8.Көпжақтың түрлері.

« С » әріпімен басталатын математикалық атаулар.

1.Геометрияның кеңістіктегі денелерді зерттейтін бөлімі.

2.Бұрыштың түрлері.

3.Тригонометриялық функция.

4.Геометриялық терминдер.

5.Тригонометриялық функцияның графигі.

6.Бұрыштың шамасына байланысты түрі.

7.Көпмүшенің қалыпты түрі.

8.Сызықтың түрі.

ІІ – бөлім «Логикалық сұрақтар»,

hello_html_m52a9ff98.png

2.Түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге болады ма?

3. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут.

4. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия

ІІІ – бөлім «Әріптер сөйлейді», оқушылар дұрыс сөзді табады

  • ПАДЛРАЛЕПИЛЕПЕ - параллелепипед

  • ГИНАЛТЕР- интеграл

  • ТЫНУЫД- туынды

  • УБК- куб

  • ПИРАМИДА- пирамида

  • ФИЯКУЦН функция

ІҮ – бөлім «Формуланың жалғасын тап»,


Ү – бөлім «Олимп шыны» мұнда оқушылар есептер шешеді.

hello_html_m5b6eb037.png



Қорытындылау













1. Алғашқы адамдар нелер арқылы және қалай санап үйренді?
Жауап: Адам әуелі заттар арқылы жекелеп, топтап, түстеп санады.
2. Ерте дүние цифрлары ішінен қандай цифлар осы күнге дейін қолданылады?
Жауап: Рим цифрлары
3. Адамның санау тарихында қандай санау жүйелері қолданылады?
Жауап: екілік, бестік, ондық, он екілік, он алтылық, жиырмалық және алпыстық санау жүйелері қолданылады. Қазір ондық санау жүйесі қолданылады.
4. Аксиома дегеніміз не?
Жауап: Дәлелдеуді қажет етпейтін пікір.
5. Пифагор теоремасын айт
Жауап: Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы оның гипотенузасының квадратына тең.
6. Геометрия дегеніміз не?
Жауап: Геометрия – бұл геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылым.
7. Параллель түзулер дегеніміз не?
Жауап: Өзара қиылыспайтын түзулерді праллель түзулер дейміз.
8. Тік бұрышты үшбұрыш дегеніміз не?
Жауап: Егер үшбұрыштың тікбұрышы бар болса, ол тікбұрышты үшбұрыш деп аталады.
9. Шеңбердің хордасы деген не?
Жауап: Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.
10. Ромб дегеніміз не?
Жауап: Ромб дегеніміз – барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм.
11. Вектор дегеніміз не?
Жауап: Бағытталған кесінді вектор деп аталады.
12. Косинустар теоремасы дегеніміз не?
Жауап: Үшбұрыштың кез – келген қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасы квадраттарының қосындысынан осы қабырғаларымен олардың арасындағы бұрыш косинусының екі еселенген көбейтіндісін шегергенге тең болады.
13. Дұрыс көпбұрыш деген не?
Жауап: Дөңес көпбұрыштың барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең болса, оны дұрыс көпбұрыш деп атайды.
14. Үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын айт
Жауап: S =
15. Екі жақты бұрыш деген не?
Жауап: Екі жақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны атайды.
16. Функция деген не?
Жауап: Д жиынындағы әрбір х санына қандайда бір ереже бойынша х – ке тәуелді у саны сәйкес қойылатын сәйкестік, анықталу облысы Д болатын санды функция деп аталады.
17. Көрсеткіштік функция деген не?
Жауап: У=ax формуласымен берілген функция негізі а болатын көрсеткіштік функция деп аталады.
18. Логарифмдік функция деген не?
Жауап: У= ℓog
ax формуласымен берілген функцияны негізі а болатын логарифмдік функция деп аталады.
19. Нақты сандар дегеніміз не?
Жауап: Барлық рационал және иррационал сандар жиынын нақты сандар дейміз.
20. Виет теоремасын айт.
Жауап: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама - қарсы таңбамен алынған екінші коэффицентке тең, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең болады.
ІІ – бөлім. «Жанды сұрақ»
ІІІ – бөлім «Полиглот»
Көп тілді меңгеру заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншалықты меңгергенін ойынымыздың келесі бөлімі «Полиглоттан» байқайық. Бұл бөлімде жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша айту керек. Үш аудармасын дұрыс шешсе - 30 ұпай. Екі аудармасын дұрыс шешсе - 20 ұпай, біреуін тапса - 10 ұпай беріледі.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Жауабы: сызғыш, линейка, ruler
2. Қабат, қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап, книга, book.
3..... жылда ел жаңа.
Жауабы: eлу, пятьдесять, fifty.
4.... теңгең болғанша,
... досың болсын.
Жауабы: жүз, сто, one hand red
5. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағыңа қарамай.
Жауабы: натурал сан, натуральные числа, real
6. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
Жауабы: дәреже, степень, power

ІҮ – Бөлім «Жеті керемет»
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестедегі ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Мұнда математика және математикалық білім туралы ұлы ғалымдардың сөздері келтірілген.

1) 20 – ұпайлық сұрақтар
1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең?(36 см)
2. Трапецияның табандары 10 см және 8 см орта сызығы неге тең? (9см)
3. Қабырғасы 6 см және 8 см төртбұрыштың ауданы неге тең? (48см)
4. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 42 см Қабырғасы неге тең? ( 14 см)
2) 30 – ұпайлық сұрақтар:
1. «П» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( пирамида, призма, параллелепипед, планиметрия, парабола, параллель, перпендикуляр) «С» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( синус, сүйір, стереометрия, сегмент, сектор, сәуле, синусойд)
«К» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, квадрат, косинус)
«Т» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( трапеция, тең, теорема, түбір, тангенс, түзу, тікбұрыш, транспортер)
3) 40 – ұпайлық сұрақтар:
1. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика» кімнің сөзі? ( Н. В. Ломоносов)
2. «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика - математика патшасы».
Бұл сөздің авторы кім? ( К. Гаусс)
3.«Математиканың өз тілі бар - ол формула». Кімнің сөзі? ( С. В. Ковалевская)
4. «Білім алу - әрбір мұсылманның басты парызы» дегенді кім айтқан? ( Ұлықбек)

Ү – бөлім «Жорға»
Әрбір дұрыс жауап 10 балдық жүйемен есептелінеді.
1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (Планиметрия)
2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( Параллель)
3. Санның жүзден бір бөлігі ( Процент)
4. Ромбының барлық қабырғаларының қосындысы (Периметр)
5. Стереометриядағы аксиома саны нешеу? (үшеу)
6. Ең үлкен хорда ( Диаметр)
7. Шеңбердің бөлігі ( Доға)
8. Шеңбердің центрін оның кез – келген нүктесімен қосатын кесінді (Радиус)
9. Тік бұрыштан кіші бұрыш ( Сүйір бұрыш)
10. Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм ( Ромб)
11. Нәрселерді санағанда пайдаланатын сан (Натурал сан)
12. Сызықтық функцияның графигі (Түзу)
13. sin 300 мәні (1/2)
14. Бүтіннің ¼ бөлігі (Ширек )
15. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11см)

1. Геометрияның кеңістіктегі фигураларын зерттейтін бөлімі (Стереометрия)
2. Кеңістікте қиылыспайтын түзулер (Айқас түзулер)
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180
0)
4. Квадрат функцияның графигі (Парабола)
5. «Негіздер» кімнің шығармасы? (Евклид)
6. Бір нүктеден шыққан түзу (Сәуле)
7. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (Перпендикуляр)
8. Шеңбердің кез – келген екі нүктесін қосатын кесінді (Хорда)
9. Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир)
10. Барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш (Квадрат)
11. Бүтін нәрсенің бөлігін көрсететін сан (Бөлшек сан)
12. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (П)
13. соs 60 0 мәні (1/ 2)
14. Бүтінің ½ бөлігі (Жарты)
15. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 24см, қабырғасы неге тең? (8 см)
ҮІ – бөлім «Көкпар»
Әрбір дұрыс жауап 50 балдық жүйемен есептелінеді.
1. Математиканың өмірдегі пайдасы туралы
2. Математиканың өмірдегі зияны туралы

Қорытындылау
,




Математик те бола алмас.
Жақсы шумақ тумаса,
Көңілге әсте қана алмас.
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің, - дей келе біз сіздермен әлі де талай кездесетінімізге сенеміз.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын білімді азамат болыңыздар. Келгендеріңізге мың рахмет. Сау – саламат болыңыздар.











"Жұлдызды сәт" интеллектуалдық ойын

5 сынып
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойын 

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге үйрету;
Көрнекілігі: газеттер, логикалық тапсырмалар
Түрі: интеллектуалдық
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесіп, оқушыларды түгеліндеу, ойыннның шарттарымен таныстыру. Ойынға 8 ойыншы қатысады. (Ойыншылар өздерінің өмірлік ұстанымдарын айтады.)
ІІ.Сайыстың кезеңдері:

1. «Тарих деген түп қазығым тамырым» «Математика тарихы» бөлімі .
2. «Кім білгір?»

3. Құралдар сөйлейді

4.
Аталған бөлімде тақтада ғалымдардың суреттері және олардың математика пәніне сіңірген еңбектеріне байланысты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген ойыншыдан сұралып, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1) XVIII ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына «1 - ден 100 - ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды» тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: «Ізделінді қосынды 5050 - ге тең», деп жауап беріпті. Бұл оқушы кейін аты әлемге әйгілі математиктер королі болған. Бұл ғалым кім және қай суретте кескінделген? (Карл Гаусс)
2 - жүргізуші:
2) Евклидтен біршама кейінірек Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі жай сандар кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды. Ол балауыздан жасалған таяқшада натурал сандар кестесін жасап, одан 1 санын және құрама санды алып тастап отырған. Сонда алғашқы кесте елек тәрізденіп, онда тек қана жай сандар қалған. Бұл тәсілді ұсынған кім және қай суретте? (Эратосфен)

1 - жүргізуші:
3) Жезқазған кен орнын ашушы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президенті кім және қай суретте? (Қаныш Сәтбаев)
2 - жүргізуші:
4) Бөлшек ұғымын ең алғаш енгізген кім? (Леонардо Пизанский)
1 - жүргізуші:
5) Бірінші суреттегі кім, ол туралы не білесің? (Әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевская)
2 - жүргізуші:
6) Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек математигі жай сандардың шектеусіз көп екендігін, ең үлкен жай санды атап көрсету мүмкін болмайтындығын дәлелдеген. Ол ғалымның аты кім? (Эвклид)
Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.
1 - жүргізуші:
«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дей отырып «Кім білгір?» 2 - ші бөлім бастайық.
2 - жүргізуші:
1 - ші бөлімде ең көп балл жинаған ойыншыдан бастаймыз.
Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.
«Жаратылыстану» кезеңіне кезек берейік! 1 дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
1 - жүргізуші:
1) Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? (табиғат және тану)
2 - жүргізуші:
2) Күн дегеніміз не? (балқылған ыстық газды дене)
1 - жүргізуші:
3) Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді? (9)
2 - жүргізуші:
4) Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
1 - жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай - адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене...
Дей отырып, 2 - ші бөлімнің «Информатика» кезеңіне кезек берейік! (Тақтада құрылғылардың суреті нөмірленіп көрсетілген).
1 - жүргізуші:
1) Компьютер құрлымына кіретіндерді атаңдар. (3, 4, 6) 3 балл
2 - жүргізуші:
2) Ақпаратты енгізу құрылғысын атаңдар. (4, 7, 2, 1) 4 балл
1 - жүргізуші:
3) Ақпаратты шығару құрылғысын атаңдар(3, 5, 7, 8) 4 балл
2 - жүргізуші:
4) Мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрал (1) 1 балл
1 - жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің есігін ашты, көзін тауып
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Жас достар, зерделеніп меңгеріңдер
Дей отырып, 2 - ші бөлімнің «Математика» кезеңіне кезек берейік! Бір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
2 - жүргізуші:
1) Бақтағы 150 ағаштың 10 - нан 1 - і алма ағаштары. Бақта неше алма ағашы бар? (15) 1 балл
1 - жүргізуші:
2) Ыдыстағы 24 кәмпиттің 4 - тен 1 бөлігі балаларға берілді. Ыдыста неше кәмпит қалды? (18) 2 балл
2 - жүргізуші:
3) Бидондағы 24 л сүттің жартысы құмыраға, ал қалған сүттің 6 - дан 1 - і банкаға құйылды. Бидонда неше литр сүт қалды? (10 л) 3 балл
1 - жүргізуші:
4) Бірінші күні 69 кг көкөніс сатылды. Бұл екінші күні сатылған көкөністің 5 - тен 3 - індей. Екі күнде неше килограмм көкөніс сатылды? (184 кг). 4 балл
Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.
2 - жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Дей отырып, 3 - ші бөлім «Логика» кезеңіне кезек берейік!
1 - жүргізуші: Өрмекші мен шыбын кубтың қарама - қарсы төбелерінде отыр. Өрмекші шыбынға бару үшін кубтың қырымен және оның диагоналымен жылжиды. Өрмекші шыбынға неше нұсқада бара алады? Әр дұрыс жауапқа бір балл. (6 нұсқада)

2 - жүргізуші: Таңертеңгі сағат 8 - де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Машиналардың біріншісі 3 сағатта, 4 сағатта, ал үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайтып оралып отырды. Егер машиналар бір қалыпты жүріп тұрса, олар сағат нешеде элеваторда қайта кездеседі? ( сағат 20. 00 )
Көрермендермен ойын
- шаршының қабырғасы 5 см ауданын тап. (25см2)
- Құрманғазы шәкірті кім? (Дина)
- Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? (карта)
- 1 жұмыртқа 3 минут піссе, 5 жұмыртақа қанша уақытта піседі (3 минут)
- 6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек?
(5)
Қорытынды
1 - жүргізуші:
Сөз әділ қазы алқасы мүшелеріне беріледі.
Марапаттау
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров28
Номер материала ДБ-376706
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх