Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Масштаб
6 сынып
Математика пәні мұғалімі: Жұмағұл Азамат Абдураззақұлы
ОҚО, Мақтарал ауданы, Мақталы а/ә, Дархан ауылы, “Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
2 слайд
Сабақ жоспары:
3 слайд
4 слайд
Үй тапсырмасын тексеру
№169
200тг*9=1800тг
200тг*25%=50тг
200тг-50тг=150тг
1800тг/150тг=12
Жауабы: 12 балық сатып ала алады.
№174
p/4=x+8
p/5=x
p/4=p/5+8
p/4=(p+40)/5
5p=4p+160
P=160
X=160/5=32
Жауабы: 32 қада дайындалды
5 слайд
Миға шабуыл
Сайқымазақ тышқан массасының піл массасына қатынасын анықтағысы келді.Тышқанның массасы 50г, ал пілдің массасы 5 тонна. “Қатынас құрамыз 50:5» - деді сайқымазақ. “Тышқан пілден 10 есе ауыр» Сайқымазақ дұрыс айта ма?
Жауабы: жоқ , сайқымазақ әртүрлі өлшем бірліктерін қолданды, дұрыс істеді ме: Былай істеу керек: 5 т = 5 000 000 г ; 50 : 5 000 000 = 1 : 100 000.
6 слайд
Жаңа тақырып
Географиялық карта – адам мәдениетінің негізгі құжаттарының бірі . Үлкен аймақтар, мемлекеттер немесе географиялық карталарда жер жүзінің бөліктері көрсетіледі. Карта бетіндегі әр сызық, әр штрих – жер қопарушылардың, саяхатшылардың, зерттеуші – ғалымдардың көпжылдық еңбектерінің нәтижесі.
Қазақстан картасына қараңдаршы –біздің еліміздің, туған жеріміздің картасы. Атластарыңды ашыңдар. Ел ордасы Астана қаласын табамыз және біздің облысымыздың басты қаласы Шымкент қаласын табыңдар. Енді Астана қаласы мен Шымкент қалаларының арақашықтығын сызғыш арқылы өлшеңдер. Қандай арақашықтық табылды? Айтыңдаршы, негізінде солай ма? Жоқ. Астана мен Шымкент қалалырының арасындағы арақашықты біз кейін табамыз.
Картада жер беті кішірейтілген түрде көрсетіледі. Мысалы, 1 километр картада – бұл 1 сантиметрге тең кесінді.
Картадағы кесінді неше есе кем жер бетіндегі арақашықтықтан?
1см/ 1км
Біз кесіндінің ұзындығының жер бетіндегі сәкес арақашықтыққа қатынасын таптық. Бұл өлшем масштаб деп аталады.
Анықтама
Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
Масштаб, картадағы арақашықтық жер бетіндегі арақашықтық неше есе кем екенін көрсетеді.
Картада 1см
Жер бетінде 1км = 100000см
Масштаб 1 : 100000
Дәптерлеріңе жазыңдар :
Масштабтың жазылуына көңіл аударыңдар . Масштаб 1 : 100000 сандық деп аталады.
7 слайд
Картамен жұмыс
8 слайд
Практикалық тапсырма ( топпен)
Оңтүстік облысының картасы бойынша табыңдар:
1-ші топ – Жетісай-Шымкент (Жауабы 189 км)
2-ші топ –Жетісай-Өскемен (Жауабы: 1354,5 км)
Картаға қарап облысымыздың масштабы қалай берілгенін көреміз.: 1см – 105км.
Бұл атаулы масштаб..
Ал енді Астанадан Шымкент қаласына дейін арақашықтыққа қайтайық. Жер бетіндегі арақашықтықты есептеңдер. (Жауабы: 840 км)
Ал енді картаға қарайық. Бұл жәй карта емес, ол топграфиялық карта. Ол сол жер туралы толық мәлімет бере алады. Ол карта арқылы көпірлер салу, темір жолдарын салу, газ құбырларын орналастыру жұмыстарты жүргізіледі. Ол картаны басқа да мамандар пайдаланады. Бұл картада масштаб басқаша берілген. Ол сызықтық масштаб деп аталады.
Бүгінгі сабақта біз масштабты қолдану салаларымен таныстық, ол жер бетіндегі арақашықтықты картада кескіндеу.
Практикада үлкен детальдарды кескіндеуге тура келеді
(мысалы, машиналарды, ұшақтың детальдарын, кеме) және ең кішкентай (атом моделі, сағаттың детальдары және т.б). Сондықтан, сызуда, кескіндеуде үлкен детальдарды кішірейтеді, ал кішкентайларды –үлкейтеді. Сол үшін масштабты қолданады. Толық бұл туралы сендерге сызу сабағында түсіндіреді.
9 слайд
Оқулықпен жұмыс
№176-ауызша орындауға
№№177-185, 189.
10 слайд
Физминутка (сыныптағы оқушы жүргізеді)
Партадан бірге шығамыз,
Тыныш қана тұрамыз.
Аяғың бірге,түзу тұр,
Шыр айнал да, орныңа тұр.
Алақанды соғайық,
Аяқты да басайық.
Ал, кәнекей ,балақан.
Қолдан бұтақ жасайық,
Оған да жылы жел соғып,
Бетімізден үрлейді
Ағашпен бірге қозғалып,
Жоғарыға қол созып
Бізде енді тынышталамыз
Жел тоқтады,біз демалдық
Сабағымызды жалғастырамыз
11 слайд
Қорытындылау. Рефлексия.
• Сабақта не үйрендіңдер?
• Қандай сұрақтарға жауап алдыңдар?
• Қандай жаңа сұрақтар пайда болды?
• Қандай тапсырма қиын болды?
• Сабақта не ұнады?
VI. Үй жұмысы
Өз бөлмеңді 1:100 масштабын қолдана отырып ені мен ұзындығын дәптерге сызу.
§6.1 № 190, 193
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 610 587 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Жұмағұл Азамат Абдураззақұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.