Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Математика пәнінен "Әрпті өнектер" қайтаау сабағы (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Математика пәнінен "Әрпті өнектер" қайтаау сабағы (2 сынып)

библиотека
материалов

Конырова Анаргуль Ансагановна, Бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, Бесқарағай ауданы, Башкуль ауылы, КММ «Башкөл орта мектебі»

1 сынып

Математика «Әріпті өрнектер» қайталау сабағы


Сабақтың мақсаты:

  1. Әріпті өрнектерді шешуді ұғындыра отыра әріпті өрнектердің мәнін табу арқылы есептерді шығару, білімдерін кеңейту.

  2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету.

  3. Шәкірттердің бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіртіп ата-бабасының тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау, ауызша, жазбаша көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Пәндік байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың көрнекілігі: қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер, метрлік, литрлік ыдыс, тары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

Хормен: Жалқаулықты тастаймыз,

Математика сабағын бастаймыыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпеннен біз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем

- Көктем айының қандай айы?

- Наурыз

- Наурыз айының нешінші жұлдызы?

- 11

- Қандай күн?

- Бейсенбі

- Қазір балалар бізде қандай сабақ?

- Математика.


Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайықта та ойлайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны, қоймайық – деп математика сабағынан саяхат сабағымызды халық өлшемдерінен бастаймыз.


- Балалар, бүгін біз бұрыңғы аталарымыздығ өзі өмір сүрген дәуірде өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі заттарды алып беру және қажеттіне пайдалану үшін ұзындықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.

Қазақша ұзындық өлшемдерінің 1-шісі - «Елі» /суреттен көрсету/

Елі өлшемінің тапсырмасы: «Өткенсабақтарға шолу».

«Елі» - саусақтың көлденең қалындығы. Мысалы: Пісіп тұрған сүтті салқын жерге қойса, қаймақ бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді. Ал, математикалық ұзындық өлшемі бойынша айтсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.

Елі өлшемінің тапсырмасы: /Тақтада орындау/

Өрнектің мәнің там, мұндағы в=3; 4; 1

3+1 = 4 4+1=5 1+1=2

3+1+3=7 4+1+3= 8 1+1+3=5

3+3=6 4+4=8 1+1=2

5-2=3 5-4=1 5-1=4


2-ші өлшеміміз – «Қарыс» өлшемі.

Қарыс – бас бармақ пен шынашақтаң аралық мөлшері. Кәшкентай аласа бойлы адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен.

Қарыс өлшемнің тапсырмасы: Кесте бойынша өрнектерді оқы және олардың мәнің тап.

с

7

5

4

8

1

4

1

а

3

2

6

2

4

5

3

с+а









а

7

3

2

8

4

5

0

10-а








3-ші өлшеміміз – «Сүйем» өлшемі.

Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.

Сүйем өлшемінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс № 2

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

10 саны шығатындай етіп кегльді боя.


Сергіту сәті. Санамақ.

Бас бармағым – алғашқы,

Балаң, үйрек – жалғасы

Ортан терек ағасы

Шылдыр шүмек нағашы,

Кішкентай бөбек – ботақан,

Бәріне ортақ алақан.

4-өлшеміміз - «Шымшым» өлшемі. Шымшым – ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем. Тарыны өлшем. Шымшым өлшемнің тапсырмасы. Дәптеріміздегі № 3 тапсырма.

Берілген кесінділердің қосындысы мен айырмасын тап.

10-4=4 см. Айырмасы. 4+6=10. Қосындысы.

Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін кг, метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген.

Сондықтан көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқына ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген.

- Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек.

Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған? /1 оқушы саусағын көрсете отырып атайды/.

Бас бармақ

Сұқ саусақ

Ортан саусақ

Аты жоқ саусақ

Шынашақ.

- Дұрыс

- Ал, осы саусақтар бірдей ме?

- Жоқ.

- Неге?

- Білмейміз.

- Ендеше қазақ елінен кедген аңызшы бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берсін.

Мағынаны таныту. Ең алғашқыда бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап: Ұрлық жасаймыз ба? – депті.

- Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, жасасақ жасайық – депті.

Ортан саусақ:

- Құдайдан қорықпайсыңдар ма? – депті.

Сонда шынашақ: Алайықта қашайық, ұрлайықта сояйық – депті шыдамсыздана.

Саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен.

Кейде өмірде адамдардың іс-әрекетін, қадір-қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «Бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.

- Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер, кәне естеріне түсіріп, атаңдаршы?

- миллиметр, сантиметр, метр, дициметр

- Дұрыс, ал салмақ өлшеуіштері қандай?

- грамм, килограмм, центнер, тонна

- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік таразы әрбір үйде болмаған.

Міне, сондықтан өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.

Саяхат жасау арқылы қазақша ұзындық өлшемдерін танып білеміз.

5-ші өлшеміміз «Бір уыс». Бір уыс өлшемінің тапсырмасы.

Оқулықтағы №3. Бір уыс қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем. Мысалы: Бір уыс бидайды тауыққа шаш.

«Ой толғаныс». Есеп ауызша.

Болат 7 табан балық, ал Бақытжан оған қарағанда 3 табан балық кем ұстады. Бақытжан неше табан балық ұстады? Бұл есеп. Есепті шығару үшін оның шартын, сұрағын анықтау керек. Есепте не туралы айтылған?

- Не белгілі?

- Не белгісіз?

- Нені табу керек?

- Қандай амалмен шығарылады?

Шарты: Болат 7 табан балық, ал Бақытжан оған қарағанда 3 табан балық кем ұстады.

Сұрағы: Бақытжан неше табан балық ұстады?

Шешуі: 7-3=4 Жауабы: Бақытжан 4 табан балық ұстады.


6-шы өлшеміміз «Қос уыс». Қос уыс өлшемнің тапсырмасы. № 5

Оқулықтағы өз бетімен орындайды. Қос уыс екі қолдың саусақтарын бірге жымдаастыра бүккендегі өлшем. Мысалы: Қос уыс күріш сал.

5 5+3= 8-5= 4+3=

10-3= 5+4= 10-5 =

9-5= 4+6= 5+5=


Қане, балалар саусақ туралы тағы не білеміз?

1. Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

2. Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

3. Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

4. Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

Қол, саусақ адам үшін атқаратын өызметі өте көп. Оны жоғары сыныпқа барғанда кеңірек танысасыңдар. Әзірге бүгін үйренгендеріңді үйдегі отбасыларына, достарына айта жүріңдер.

Балалардың жақсы қатысқандарын мадақтап, бағалау.









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров149
Номер материала ДВ-467172
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх