Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту ( 3 + 3, 6 – 3).
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 3–ті
қосу және саннан 3–ті азайту кестесін
оқып–үйренуді
қорытындылау. Қосылғыштардың біреуі 3 болған
жағдайдағы санның
құрамы.
2. Дамытушылық: Оқушылардың математика
пәніне қызығушылығын арттыра
отырып, есептеу,
логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:
Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету
арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сабаққа әзірлігін
тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық
кезең:
Біз балдырған
баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
ІІ. Оқушылардың
игерген білімдерін пысықтау кезеңі:
Оқушыларға қима
үлестірмелі материалдардан цифрларды алып, оларды өсу ретімен тізбекке
құру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ мақсатымен
таныстыру.
Мұғалімнің
түсіндірмесі.
Оқулықпен жұмыс.
Түсіндірме жұмыс.
1 – тапсырма.
Сурет бойынша
қосынды және айырма құр.
3 + 3 =...
...+ 3 = ...
4 + 3 =...
...– 3 = ...
2 - тапсырма.
Сан қатары. Санды
3–ке арттыру және санды 3–ке кеміту.
Қосу және азайту
амалының байланысына назар аудару.
Сан қатарының бойымен 1 сан аттай отырып, тура
және кері бағытта санау үлгісін пысықтау.
3 + 3 = 6
6 – 3 = 3
..+ 3 =...
... – 3 =...
ІҮ. Сергіту сәті:
«Ойлан, тап»
ойыны.
Математикалық
жұмбақ.
1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне кім тез шешеді?
2. Шығармақ боп неше
есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 - еуі ұйықтап
отырды
Ынталысы неше есек?
3. 10 Кітаптың 3 -
еуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Ү. Сабақты бекіту:
3 - тапсырма. Есепті шығар:
Самира – 3 кітап
Аружан – 4 кітап
Барлығы – ? кітап
3+4=7 (к.)
Жауабы: барлығы 7
кітап оқыды
4-тапсырма. Сан қатарымен жұмыс. Ауызша орындау.
1, 4, 7, 10
10, 7, 4, 1
ҮІ. Сабақты
қорыту:
- Біз не білдік?
Шығармашылық
тапсырма.
Оқушыда 3 сызғыш бар:
ақғ, жасыл және қызыл. Ақ сызғыш жасылдан ұзын, ал жасыл сызғыш қызылдан ұзын.
Ең ұзын және ең қысқа сызғыштың түстері қандай?
ҮІІ. Үйге
тапсырма:
ҮІІІ. Оқушы
білімі мен белсенділігін бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.