Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен сабақ жоспары "Трапеция"

Математика пәнінен сабақ жоспары "Трапеция"


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың білімділік мақсаты: Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Саналы, білімді оқушылар тәрбиелеу.
Геометриялық фигураларды дұрыс сала білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, оқыта үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер арқылы слайд түрінде берілген таблицалар, төртбұрыштардың модельдері
Күтілетін нәтиже: Трапецияның анықтамасын және элементтерін,
түрлерін айыра білулері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеймін және оқушылардың, кластың сабаққа әзірлігін тексеремін.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
1. Төртбұрыш дегеніміз не?
2. Төртбұрыш неше топқа бөлінеді?
3. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?
4. Параллелограмм дегеніміз не?
5. Параллелограмның қасиеттері қалай беріледі?
6. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
7. Тіктөртбұрыштың қандай қасиеті бар?
8. Ромб дегеніміз не?
9. Ромбының қандай қасиеті бар?
10. Квадрат дегеніміз не?
11. Фалес теоремасы қалай оқылады?

3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Екі қабырғасы параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.
AВСD - трапеция
Үлкен табаны: АD
Кіші табаны: ВС

ВС || AD
(ВС және AD қабырғалары паралель)

AВСD – трапеция
Бүйір қабырғалары:
AВ және СD
(AВ және СD қабырғалары паралель емес)

АВСД трапеция
Биіктігі: ВЕ
ВЕ AD
(ВЕ перпендикуляр АД)

AВСD – трапеция
Диагоналдары:
ВD және АС

О – диагоналдардың қиылысу нүктесі

AВСD – тең бүйірлі трапеция
Бүйір қабырғалары:
АВ = СD
Диагоналдары:
ВD = АС
Табанындағы бұрыштар:
<="" adС;="" aВС="<" ВСd
AВСD – тік бұрышты трапеция
Бүйір қабырғасы:
АВ АD
Табанындағы бұрыш:


№65
Бер: АВСД трапеция, ВЕ|| СД
Р∆АВЕ=18дм, ЕД =5дм
т/к Рт
Шешуі: Р=Р∆+10=18+10=28дм

№66
Бер: АВСД трапеция
<А=650 <В= 1120
Т/К <С., <Д
<С+<Д+650+1120=3600
<С=1150, <Д=3600 - 650 - 1120 - 1150=680

№68
Бер: АВСД трапеция.
АД, ВС табандары
<А=420, <С=1100
Т/К <В,<Д
<В=1800 - 420=1380
<Д=3600 - 420 - 1380 - 1100=700

4. Бекіту сұрақтары:
1. Трапецияның параллелограмнан айырмашылығы неде?
2. Қандай трапецияның диагоналдары және табанындағы бұрыштары тең?

5. Үйге тапсырма. §5 №69, 70
Қорытынды: Трапеция дегеніміз не? Трапецияның түрлерін және элементтерін айт.


Автор
Дата добавления 26.09.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров56
Номер материала ДБ-213659
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх