Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / "Математика және спорт" турнир

"Математика және спорт" турнир

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Спорт және математика
Сабақтың мақсаты: Спорттық ойындарды ойната отырып, есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс
Пән аралық байланыс: дене шынықтыру

Жоспар:
1. Ауадағы есептер
2. Дене жаттығулары
3. «Нысанаға допты түсіру»
4. Эстафета
5. Спорттық атаулар
6. Топ басшылар сайысы
7. Қорытынды
7 ,8-сынып оқушыларын 2 командаға бөлу

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

Математикаға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып

Оқығанын миға тоқушылар!

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келер, сыналар.

1 жүргізуші: Есепті түрлі- түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке де отырамыз.

2 жүргізуші: Олай болса, бұл не тұрыс?

Сайысымызды бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды таныстырайық.

Әділ-қазылар алқасының мүшесі:

  1. Каскырбаева Күлдарай Капановна

  2. Уалиханов Мейрхан Мейрамұлы

  3. Каримова Гаухар Еркеновна

1 жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ойы сыналады.

Баға берер әділ- қазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

2 жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр команданы ортаға шақырамыз:
Топтың атаулары:
Топтың ұраны:
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушылардың дайындығы туралы мәлімет береді.
1 жүргізуші:Жүргізуші жоспардың шарттарымен таныстырады.

1. Ауадағы есептер
2. Дене жаттығулары
3. «Нысанаға допты түсіру»
4. Эстафета
5. Спорттық атаулар
6. Топ басшылар сайысы
7. Қорытынды
2-жүргізуші: 1. Ауадағы есептер:
Бөлменің арт жағында шарлар жатады, шардың ішінде есептер салынған (6 шар) Скакалкамен секіріп барады. Қайтарда шарды бөлменің алдыңғы жағына ракеткамен алып келіп, шарды жару керек те, ішіндегі есептерді өзінің тобымен бірге шығару керек.
Шардың ішіндегі есептер:
1-жүргізуші: І топқа:
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші күні қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
2 жүргізуші: ІІ топқа:
Қояндар әулетінің үш мүшесі барлығы 78 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда, 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, сонда шешесі неше сәбіз жеген? (28 сәбіз)
1 жүргізуші: І топқа:
Фотоаппарат 8000 теңге тұратын еді, бағасы арзандатылғаннан кейін ол 6000 теңге болды. Фотоаппараттың бағасы қанша процент арзандады?
Жауабы: 25%
2 жүргізуші: ІІ топқа:
Әйел адам көйлегі 2500 теңге тұратын еді. Бағасы арзандатылғаннан кейін ол 2000 теңге болды. Көйлектің бағасы қанша процент арзандады?
Жауабы: 20%
1 жүргізуші: І топқа:
Бес тоғызды пайдаланып амалдарды қолданып 10 санын жаз.
Жауабы: 9+99/99=10 , 99/9-9/9=10
2 жүргізуші: ІІ топқа:

6 санын тек қана 3 рет пайдаланып амалдар қолдана отырып 30 санын өрнекте.

Жауабы: 6*6-6=30

1 жүргізуші: 2. Дене жаттығулары:

Түсіндірме: Біз бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар:

Екі топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтайды.

  1. 1.Шаршы болыңыздар

  2. 2.Тік төртбұрыш

  3. 3.Үшбұрыш

  4. 4.Шеңбер

  5. 5.Параллель түзу

  6. 6.Перпендикуляр түзу

  7. 7.Бұрыш

  8. 8.Трапеция

2 жүргізуші: 3.«Нысанаға допты түсіру»

Бұл ойында қолдарыңызға доп алып «Нысанаға допты түсіру». Тапсырмалар столына барып тапсырма алады. Командаларға есептер беріледі. 1 минуттың ішінде шешу қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады. Шешіп болғаннан соң нысанаға доп түсіру керек, түсірген командаға 10 ұпай қосылады.

1) Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның төрттен алтыдан екі бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қандай?

Жауабы: 80 см

2) Есепте: 102+112+122+132+142-365

Жауабы: 2

3) Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста, неше жылдан кейін әкесі баласынан 2 есе үлкен болады.

Жауабы: 12 жылдан кейін әкесі 46 жаста, баласы 23 жаста болады.

4) Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса,онда 4 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?

Жауабы: 84 сағат 3,5 тәулік,тал түсте ашық күнді көруге болады.

5) Ең кіші екі таңбалы санға 17 –ні қосып, пайда болған қосындыны ең үлкен бір таңбалы санға бөлсек, нәтижесінде неше шығады?

Жауабы:3

6) Әкесі баласынан 25 жас үлкен , неше жылдан кейін баласы әкесінен  30 кіші болады?

Жауабы: әкесі баласынан ешуақытта 30 жас үлкен болмайды.Себебі жас айырмасы ешуақытта өзгермейді.

1 жүргізуші: 4. Эстафета

(5 бетке 5 есеп жазып қойылды)

Қапшықпен секіріп барады да, қапшықты шешіп алдында тұрған есепті шығарады да, артқа келіп тұра береді. Соңғы оқушы алдыға шыққанға дейін эстафета жалғаса береді. Екі топқа 5 есептен беріледі.

І топ

  1. 1. Жақшаны ашыңдар : 2•(3х- 4а-5

1.2. Теңдеуді шеш:7х-108=-3

  1. 3. Көпмүше түрінде жаз: (m-5)2=

1.4. Есепте:12,5+32,4+24,6+34,5

1.5. Амалдарды орында:(32-12)*3+18/6

2 жүргізуші: ІІ топ

2.1. Жақшаны ашыңдар : 5• (4у-в+1)

2.2. Теңдеуді шеш: 5a+225,5=0,5

2.3. Көпмүше түрінде жаз: (m+5)2=

2.4. Есепте:22,5+32,3+17,7+26,5

2.5. Амалдарды орында: 16/8+(23+14)-3,5*20

1 жүргізуші: Спорттық терминдер

Ақ қағазға спорттық терминдерді 1 минутта қай топ көп термин жазады, сол топтың ұпайы көп болады.

2 жүргізуші: Топ басшылар сайысы (сұрақтар)

Топ басшыларына:

Топ басшылар сайысы (сұрақтар)

1 жүргізуші: І – топқа арналған сұрақтар

  1. Жазықтықты зерттейтін геометрияның бөлімі? (планиметрия)

  2. Қай спорт ойындарына уақыт есептелмейді?(футбол, баскетбол, волейбол,)

  3. 1980 жылғы олимпиададағы алғашқы чемпион-қазақ? (Жақсылық Үшкемпіров)

  4. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  5. Тоғызқұмалақта қанша құмалақ, неше отау болады?(162 құмалақ, 18 отау)

6. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

7. 2014 жылғы қысқы олимпиада қай елде өтті? (Сочи)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хордады?(4ойыншы)

9. 180градустықбұрыш (жазыңқы)

9. Бокстан Қазақстан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Бекзат Саттарханов)

10. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)

2 жүргізуші: ІІ-топқа арналған сұрақтар:

  1. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)

2. «Пенальти» сөзі спорттың қай түрінде кездеседі? (футбол)

3. Биссектриса дегеніміз не?(бұрышты қақ бөлетін сәуле)

4. Сидней олимпиадасында алтын алқаға ие болған қазақтандық боксер?(Бекзат Саттарханов)

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)

6. Волейбол алаңында екі команданың ойыншы саны қанша? (12)

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым (аксиома)

8. Шахматта «пат» ұғымы нені білдіреді? («тең ойын»)

9. Шахмат тақтасында қанша ақ, қанша қара шаршы бар? (32 ақ, 32 қара)

10. Ұлттық ойынға мына ойындардың қайсысы жатпайды?(көкпар, қыз қуу, асық ату, теннис)


Қорытындылау: 1 жүргізуші:

Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына

Математиктер жасасын! - дей отырып, кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

1 жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

«Математика – ғылымдар патшасы» деп

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса!

1 жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар!

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

2 жүргізуші: Осымен «Спорт және математика» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров132
Номер материала ДВ-367505
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх