Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен 3-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

Математика пәнінен 3-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m70277409.gifhello_html_2de96047.gifhello_html_m1e990035.gifhello_html_m34a072c8.gifhello_html_m34a072c8.gifhello_html_m4ea766a8.gifhello_html_m6f7cb674.gifМаңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Күйкен орта мектебі» ММ

бастауыш сынып мұғалімі Енсегенова Света Саясатовна



Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №1 тест жұмысы


1.Сан қатарын жалғастыр: 0,3,6,9,...

а ) 12.14.16.18.20

в) 12.16.20.24

с) 12.15.18.21

2. 1000-367 өрнегінің мәні неге тең?

а ) 623 в) 723 с) 633


3. 238+356 өрнегінің мәні неге тең?

а) 594 в) 582 с) 593


4. Асханаға 65 кг. алма әкелінді. Аспаз 9 кг. тәтті нан пісіруге жұмсады. Неше кг. алма қалды?

а ) 65 кг в) 74 кг с) 56 кг


5. х пен 14-тің қосындысы 60-қа тең. х нешеге тең?

а ) 46 в) 56 с) 74


6. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні............

а ) артады. в ) кемиді. с ) өзгермейді.


7. Қай мысалды көбейтумен алмастыруға болады?

а) 6+7+8 в) 2+3+4 с) 5+5+5


8.Бір кітап 25 теңге тұрса, 3 кітап қанша теңге тұрады?

а) 100 тг. в) 75 тг. с) 50 тг.

9. (а+125)-100 өрнегіндегі а=225-ке тең болса, мәні нешеге тең болады?

а ) 250 в) 350 с) 125

10. Бірінші орамда 81 м. мата, ал екінші орамда одан 25 м. артық мата бар. Екі орамда барлығы неше орам мата бар?

а ) 187 м в) 137м с) 106 м

11. Қабырғаларының ұзындығы 17 см, ал ені 12 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап. а) 29 см в) 58 см с) 54 см

12. 1 жылда неше ай бар?

а ) 4 ай в) 12 ай с) 24 ай

13. Шаршының периметрі 20 см. Шаршының қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?

а) 4 см в) 5 см с) 3 см

14. Әріпті өрнекті белгіле

а) а-9*2 в) х+8=20 с) 16*2+10

15. Сантиметрмен өрнекте: 9м 4дм 3см

а) 940 см в) 943 см с) 430 см

16. Қабырғалары 4см, 3см, 6см үшбұрыштың периметрін тап.

а ) 10 см в) 13см с) 26 см

17. Сатылды – 8л

Қалды – 12 л

Болғаны - ?

а) 20л в) 4л с) 16л

18. Өрнектің мәнін тап. (36+18):9* (56:8)-21

а) 42 в) 21 с) 27

19. Мәні 29 болатын өрнекті тап.

а) 8*2+3*9-15:3 в) 7*2+6*5-32:4 с) 5*4+8*2-21:3

20. Қай санда жүздік жоқ?

а) 480 в) 68 с) 256



Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №2 тест жұмысы


1.Өрнектің мәнін тап: 97 мен 38-дің қосындысынан 68-ді азайт.

а ) 65 в) 68 с)67 д) 66

2. Теңдеудің дұрыс шешімін тап: х пен 22-нің қосындысы 170-ке тең.

а) 150 в)147 с) 192 д) 148

3. Дұрыс шешімін тап: 746-358

а) 388 в) 376 с) 380 д) 387

4. 37 асықты бес-бестен неше балаға бергенде қанша асық артылып қалады?

а) 7 (4 асық >) в) 7 (2 асық >)

с) 7 (1 асық >) д) 7 (3 асық >)

5. Дұрыс теңсіздікті тап.

а) 100*0>1*1 в) 720+20>52+20

с) 15+25=100-60 д) 27+39<3+22

6.Тура емес теңдікті белгіле.

а) 15:5=3 в) 180-3=175

с) 152-40=100+12 д) 4*10=40+0

7. Көбейтудің нәтижесі қанша? 9*2

а) 11 в) 5 с)16 д) 18

8. Ені 11 см, ұзындығы 2 есе артық тік төртбұрыштың периметрі қанша?

а) 66см в) 60см с) 26см д) 44см

9. Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болады?

а) 10+15+20 в) 3+3+3+3 с) 3+3+4 д) 7+70+77

10. Дұрыс шешімін тап. 900- (842-397)

а) 445 в) 454 с) 450 д) 455

11. Азайғыш 777, азайтқыш 178, айырманың мәнін тап.

а) 589 в) 597 с) 599 д) 598

12. 87 минут неше сағат, неше минут болады?

а) 1 сағ. 17 мин. в) 1сағ. 7мин.

с) 1сағ. 27 мин. д) 1сағ. 10 мин.

13.Атамның 3 түйесі бар. Жылқысы одан 9 бас артық, ал қойы жылқысынан 39 бас артық. Атамның барлығы қанша малы бар?

а) 48 мал в) 51 мал с) 63 мал д) 66 мал

14. Қате шығарылған мысалды белгіле.

а) 1000-391= 609 в) 500:5=100 с) 609+272=881 д) 20:10+4*4=26


15. Бөлудің нәтижесі қанша? 32:8

а) 3 в)6 с)4 д) 5


16. Теңдеудің шешімін тап: 42:х=72-65

а) 3 в) 2 с) 7 д) 6

17. Өрнектің мәнін тап: 17+24:8-11

а) 7 в) 8 с) 5 д) 9


18. Уақыт бірліктерін тап:

а) кг, г, ц, т в) кг, м, км, ғасыр

с) сағ. тәул. жыл д) сағ. км, тонна,

19.Сантиметрмен өрнекте: 5м 9дм 2см

а) 509 см в) 529см с) 592см д) 92 см


20. Егер белгісіз санға 3-ті қосса, онда ең кіші төрт таңбалы сан шығады. Белгісіз санды тап.

а) 1003 в) 1013 с) 1000 д)997



Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №3 тест жұмысы



1.Мәні 12-ге тең болатын өрнекті тап.

а) 40-6 в) 50-32 с) 72+18 д) 16-4


2. х = 52 болатын теңдеуді тап.

а) х+22=52 в) 92-х=30 с) х-40=12 д) 20+х=62


3. Бірдей 7 себетте 98 кг қияр бар. Осындай 4 себетте қанша килограмм қияр бар?

а) 46 кг в) 55 кг с) 66 кг д) 56 кг


4. 1000 санынан кейінгі санды тап.

а) 999 в) 1000 с) 990 д) 998


5. Өрнектің мәнін тап. 3*9+54:9

а) 32 в) 33 с) 34 д) 35


6. Ені 14 см, ұзындығы одан 2 есе артық тіктөртбұрыштың периметрі қанша?

а) 42 см в) 32 см с) 84 см д) 48 см


7. Бірдей 7 ыдысқа 21 л. шырын құйылды. Осындай 10 ыдысқа неше литр шырын құюға болады?

а) 3 л в) 30 л с) 27 л д) 28 л


8. Өрнектің мәнін тап: 0:45

а) 45 в) 0 с)1 д) 44


9. Бір шелек сүтті 3 литрлік 3 банкаға бөліп құйды. Шелекте қанша литр сүт бар еді?

а) 9 л в) 3 л с) 6 л д) сүт қалған жоқ


10. Сандардан құрастырылған өрнек:

а) санды өрнек в) әріпті өрнек с) теңдік д) теңсіздік


11. Қосылғыштары бірдей қосындыны белгіле

а) 25+25+25 в) 12+12+12 с) 30+40+50 д) 0+5+6


12. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, ал көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар?

а) 4 және 4 в) 3 және 5 с) 5 және 3 д) 6 және 2

13. Кесінді дегеніміз не ?

а) Түзудің бөлігі в) Бір басы тұйықталған түзу

с) Екі нүктемен тұйықталған түзу д) Тұйықталмаған түзу


14. Сынықтың бір кесіндісінің ұзындығы 9 см, ал екіншісі одан 3 см қысқа.

Сынықтың ұзындығы қанша?

а) 12 см в) 15 см с) 6см д) 27 см


15.Амалды орында: 60+40:4-2

а) 68 в) 23 с) 80 д) 44


16. 45 оқулық 5 сыныпқа тең бөліп берілді. Әр сынып неше оқулықтан алды?

а) 7 в) 8 с) 6 д)9

17. Көбейтудің неше қасиеті бар?

а) 2 в) 3 с)4 д) 5

18. Ең кіші төрт таңбалы сан:

а) 1001 в) 1000 с) 1111 д) 1011

19. 7 онд. 5 бірл. құралған сан:

а) 705 в) 75 с) 57 д) 507

20. Шаршының периметрі 12 см. Шаршының қабырғаларының ұзындығы қанша?

а) 24 см в) 6 см с) 2 см д) 3см



Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №4 тест жұмысы


1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

а) барлық қабырғаларын қосамыз с) ұзындығы мен енін қосып, 2-ге көбейтеміз

в) ұзындығы мен енін көбейтеміз д) қарама-қарсы қабырғаларын қосамыз

2. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін қай формуланы пайдаланамыз?

а) а+в+а+в с) а*в

в) (а+в)*2 д) а+а+в+в

3. Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейді?

а) қазақ әрпімен с) орыс әрпімен

в) ағылшын әрпімен д) латын әрпімен

4. Бұл қандай фигура:

а) шаршы с) төртбұрыш

в) тік төртбұрыш д) бесбұрыш

5. Алтыбұрыштың неше төбесі, неше қабырғасы, неше бұрышы бар?

а) 5 төбе, 6 қабырға, 5 бұрыш с) 6 төбе, 6 қабырға, 5 бұрыш

в) 6 төбе, 6 қабырға, 6 бұрыш д) 6 төбе, 5 қабырға, 5 бұрыш

6. 39+42:7-15 өрнегінің шешімін тап.

а) 30 в) 31 с) 34 д) 40

7. Балалар 6 үлкен және 8 кіші жемсауыт жасады. Оларды тең етіп 7 ағашқа ілді. Әр ағашқа неше жемсауыттан ілді?

а) 2 в) 21 с) 7 д) 5

8. Қосудың қай тәсілі тиімді?

а) 2+98 с) 3+12

в) 2+28 д) 43+7

9. х+213=894 теңдеуінің шешімін тап.

а) 1007 в) 681 с) 680 д) 1000

10. 9*6-3*6+18-27:3 өрнегінің мәні неге тең?

а) 45 в)9 с) 315 д) 40

11. Қай теңдік дұрыс?

а) 15+36:(9-3)=21 с) (15+36:9)-3=21

в) 15+(36:9)-3=21 д) (15+36):9-3=21

12. Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге қосып санағанда барлығы нешеу болады?

а) 5 в) 7 с) 4 д) 6

13. Мәні 300-ге тең болатын өрнекті белгіле.

а) 900 – 300 + 100 – 500 + 100 с) 1000 – 500 + 200- 400 +100

в) 600 + 300 – 400 + 100 + 100 д) 200 + 100 + 700 – 500 -100

14. 5 жүзд. 6 онд. 3 бірліктен құралған санды белгіле.

а) 563 в) 635 с) 536 д) 365

15. 647 санының разрядтық қосылғыш түрінде жазылған дұрыс жауабын көрсет.

а) 640+7 в) 600+40 с) 600+40+7 д) 607+40

16. Бөлу амалында қолданылатын таңбаны тап.

а) + в): с). д)-

17. «Есе артық» десе:

а) бөледі в) көбейтеді с) қосады д) азайтады

18. 32-ні 5-ке бөлгенде қанща қалдық қалады?

а) 2 қалд. в) 1 қалд. с) қалдық қалмайды д) 3 қалд.

19. «9-ды 3 есе арттыр». Дұрысын белгіле

а) 9+3 в) 9:3 с) 9*3 д) 9-3

20. 80-ге дейінгі сандардың ішінен 8-ге бөлінетіндерін тап.

а) 8.16.26.32.41.48.54.63.72.80 с) 8.16.24.32.40.48.56.64.72.80

в) 8.15.26.32.40.45.56.64.71.80 д) 8.16.24.30.42.48.56.60.72.80


Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №5 тест жұмысы



1. Мына сандардың ішінен 8, 40,10, 9, 20, 2, 1, 50, 7 – бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.

а) 10,20,40,50 с) 1,2,7,8,9

в) 9,8,7,2,1 д) 2,7,1,10,9

2. 1 метрде қанша сантиметр бар?

а) 10см в) 100см с) 1 см д) 101см


3. Суреттегі сызықты ата:

а) түзу с) сәуле

в) кесінді д) сынық


4. 5 онд = бірл.

а) 5 в) 50 с) 10 д)500

5. Азайғыш 97, азайтқыш 37, айырманың мәнін тап:

а) 60 в) 50 с) 40 д) 70

6. Өрнектердің арасына тиісті таңбаны жаз: 18-10 * 8+10

а) < в) > с) =

7. Мараттың 30 дәптері бар еді. Біреуін Айжанға берді. Маратта қанша дәптер қалды?

а) 31 дәптер в) 30 дәптер с) 29 дәптер д)28

8. Қосындының мәнін тап: 40+30

а) 60 в) 80 с)70 д) 10

9. Теңдеуді шеш: 6-х =3

а) х =3 в) х = 6 с) х =2 д) 9

10. Ондықтары 6-ға тең болатын сандар қайсы? 96, 76, 69, 67, 86, 61, 16, 36,56

а) 96,76,86 в) 16,56,36 с) 69,67,61 д) 69,56,76

11. Салыстыр: 90+1 * 90-1

а) > в) < с) =

12. Амалды орында: (90-20) + 30

а) 70 в) 90 с) 100 д) 50

13. Ең кіші екі таңбалы сан неше ондық, неше бірліктен тұрады?

а) 1 ондық, 1 бірлік с) 1 ондық, 0 бірлік

в) 1 ондық, 9 бірлік д) 0 онд. 1 бірл.


14. 43см = дм см

а) 40дм 3 см с) 4 дм 30см

в) 4 дм 3 см д) 43 дм 0 см


15. а+4 өрнегі қандай өрнек?

а) әріпті өрнек в) санды өрнек с) теңдеу

16. а мен 30-дың айырмасын тап.

а) 30-а в) а+30 с) а-30

17. Сыйымдылықты немен өлшейді?

а) сағат в) литр с) килограмм д) тонна

18. Қосылғыш 43, қосылғыш 7, қосындының мәнін тап:

а) 43 в) 7 с) 50 д) 47

19. Салыстыр: 2онд. 3бірл. * 2 онд. 8 бірл.

а) > в) + с) < д) =

20. Тура теңдікті көрсет:

а) 47+30 =70 с) 18+32 = 40

в) 70 - 36 =34 д) 100-98=12


Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған №6 тест жұмысы



1. Санды өрнекті көрсет:

а) а-30 в) 20+30 с) с+3 =7 д) х+8

2. Болды -10 қияр

Желінді – 4 қияр

Қалды - ?

а) 14 қияр в) 6 қияр с) 10 қияр д) 4 қияр

3. Теңсіздік түрінде жазылғанын көрсет: 25 және 5 сандарының айырмасы 10-нан артық.

а) 25-5 > 10 в) 10 > 25-5 с) 25-5 =10 д) 25-5+10

4. Теңдеуді шеш: 30+ х =39

а) х = 30 в) х = 9 с) х = 39

5. 60 бірл. - онд.

а) 60онд. в) 10 онд. с) 6 бірл. д) 6 онд.

6. Далада 10 үйректің балапаны, 20 қаздың балапаны жүр. Барлығы неше балапан жүр?

а) 20 балапан в) 10 балапан с) 30 балапан д) 50 балапан

7. Сағаттың қысқа тілі қалай аталады?

а) секундтық тіл с) минуттық тіл

в) сағаттық тіл д) тәуліктік тіл

8. 10 ондық пен 3 ондықтың айырмасының мәнін тап:

а) 77 в) 50 с) 5 д) 70

9. Салыстыр: 100 мин – 40 мин * 1сағ.

а) > в) < с) =

10. 1 ғасырда неше жыл болады?

а) 24 жыл в) 100 жыл с) 12 жыл

11. Теңдік тура болатындай қай жақша дұрыс қойылған?

а) (4 – 1) + 2 = 1 с) 4 – (1 + 2)= 1

в) (8-5) +1 = 2 д) 25+(5-4) =25

12. Мәнін тап: 268+320

а) 592 в) 148 с) 568 д) 588

13. Салыстыр: 4 дм * 14см

а) < в) > с) =

14. Мына сандарды жаз. Екі, жеті, жетпіс екі, жиырма, жетпіс.

а) 2,7,27,70,72 с) 2,7,20,72,70

в) 2,7,72,20,70 д) 2,70,7,20,70

15. Мысалды шығар: 30 – 20 + 8*2

а) 18 в) 58 с) 36 д) 26

16. 9 ондық және 4 бірліктен құралған санды белгіле:

а) 90 в) 49 с) 40 д) 94

17. Суретте қандай бұрыш берілген?

а) сүйір бұрыш

в) тік бұрыш

с) доғал бұрыш

18.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін көрсет:

а) (7+3) +1 в) 7+3=3+7 с) (3+1)+7

19. Асханаға түске дейін 20 кг,түстен кейін 15 кг.картоп әкелінді.

Кешкі тамаққа 5кг картоп жұмсалды. Қанша кг картоп қалды?

а)10кг в)35кг с) 15кг д)30кг

20. Тік төртбұрыштың периметрін тап:

а) Р=10см 4см

в) Р=8см 2см

с) Р=12см

д) Р=16 см








Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров223
Номер материала ДВ-362799
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх