Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен сыныптан тыс шара "Математикалық сандықша"

Математика пәнінен сыныптан тыс шара "Математикалық сандықша"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: Келісемін: Қаралды:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Тойлыбаев Б.Қ Курмангалиева А.С Курмангалиев К.У




Сыныптан тыс іс-шара


Тақырыбы:

«Математикалық сандықша»


(«Сан сұраққа саяхат » атты математика пәнінен апталық)


hello_html_312487aa.png

Өткізген: Есетова Д.Т




2013- 2014 оқу жылы




Сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Математикалық хоккей

4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

5. Кім жылдам.

6. Минитест


Қолданылған нақыл сөздер: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон) Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді Ортаға 6 класс оқушыларын шақырамыз.

үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

ІІІ топ. «Төртбұрыш» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Таныстыруы: Бір түзудің бойында жатпайтын төрт нүктені қосатын түзуді төртбұрыш деп атаймыз.


ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер) І топқа:

1. Өздеріңіз оқып отырған «математика» кітабының авторы? (Алдамұратова )

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына) 4.

Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

5. 1/10 санының кері саны? (10)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

7. рационал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді. (Z)

8. Жарты түзу. (сәуле)

9. Натурал сан деп қандай сандарды айтамыз?

10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

11. 12 санының неше бөлгіші бар? (6)

12. 225 қандай сан (құрама сан)

13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

ІІ топқа: 1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. Натурал санды қандай әріппен белгілейміз? (N)

3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

6. Рационал сан деп қандай сандарды айтамыз?

7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

9. 17қандай сан? ( жай сан)

10. 24 санының неше бөлгіші бар ? (8)

11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

13. Қарама сан деп қандай сандарды айтамыз?

ІІІ тур. Математикалық хоккей. Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304) Ж: 0

IV тур. Ғажайып алаңы

20----20----20

30----30----30

40----40----40

Сол жақтағы 20. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық. Ортадағы 20. (әзіл есеп) «Қу түлкі» Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127

Оң жақтағы 20 . “Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? Жауабы: 2 мин

Сол жақтағы 30. Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім? Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)

Ортадағы 30. Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі. Жауабы: Гарриот

Оң жақтағы 30. 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. Жауабы: Рене Декарт

Сол жақтағы 40. XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? Жауабы: Лейбниц

Ортадағы 40. «Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы (262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы. Жауабы: Аполлони

Оң жақтағы 40. «Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик. Жауабы: Лейбниц V тур. «Кім жылдам?» Геометриялық фигуралардың аттарын табу. 1. өңдгелек- дөңгелек

2. еңшбре - шеңбер 3. шұбршүы - үшбұрыш 4. трұбышрөт-төртбұрыш 5. рвадкат - квадрат

VI минитест. 1. 10100 саны А. миллион В. Триллион С. Гугол

2. Осы суреттен жоқ фигураны табу. А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар 3. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі? А. 2000т В. 3070т С. 1540 4. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді? А. теңдік В. әдемілік С. музыка

5. Ең кіші жай сан А. 0 В. 1 С. 2

Қорытынды. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров467
Номер материала ДВ-162370
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх