Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Презентации / Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс "математикалық кеш"

Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс "математикалық кеш"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


hello_html_m8c64b72.gif





Тақырыбы:

Математикалық сайыс
















Дайындаған:Тынымкулова С


















Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс

4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )


3. «Білім арқаны»

1. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді)

2. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100

3. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?

1 күн және түн 4-3=1 (м)

2 күн 1*2=2

3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)


4. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.

1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сқздерге, қадырлі ағайын.

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )


5. Үй жұмысы.

Әр топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды.

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.




Математика сабақтарындағы ақпараттық технологиялар. 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: “Дөңгелек диаграмма“

Білімдері мен біліктерін қолдану сабағы.

Сабақ мақсаты:

  • Дөңгелек диаграммамен таныстыру, оларды тұрғызуға, оқи білуге үйрету;

  • Өткен жадығаттарды қайталап, бақылау жұмысына дайындалу.

Құрал жабдықтар:

  • компьютерлер;

  • мультимедиялық проектор.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру сәті

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын жариялау

3. Ауызша есептер

(Тақтада презентация көрсетіледі.)

Сұрақтар:

1 слайд: Сабақ тақырыбы

2 слайд: Блок-схема бойынша өрнектің мәнін табу:

hello_html_m27ffa2d5.jpg

3 слайд: Бұраштарды атап, түрлерін анықтаңдар.

hello_html_m3cc9af04.jpg

4 слайд: Шеңбер, дөңгелек деген не? Оның радиусын, диаметрін, хордасын, центрін атаңдар.

hello_html_42017dc8.jpg

 - Тест “ондық бөлшектермен жұмыс”.

(Оқушылар компьютерде орындайды.)

4. Жаңа сабақты игеру

Мысал қарастырамыз: (5 слайд).

Магнитті темір 70 % таза темірден, қалған бөлігі рудадан тұрады. Көрнекілік үшін дөңгелек сызып, оның 70 % бөлігін бояп, қалған 30 %-н ашық қалдырамыз. (Экранда 5 слайд көрсетіледі).

Дөңгелекте 1800+1800 бар, яғни 3600, оның 30 % -н табамыз. Ол үшін 360 –ты 100-ге бөліп, 30-ға көбейтеміз.

Нәтижесі: 360:100*30=108. Арасы 1080болатын екі бұрыш жүргізіп, дқңгелекті бояймыз. Сурет слайдта көрсетілген.

Бұл дөңгелек диаграмма деп аталады.

hello_html_54e1ac7c.jpg

5. Бекіту

Есеп шығару.

Енді өзімізге жақсы таныс Microsoft Excel кестелік редакторын қолдана отырып есептер шығарайық.

Есеп № 1

Мұхиттар аудандарының дөңгелек диаграммасын сызайық.

Тынық мұхитының ауданы 179 млн. км2, Атлант мұхитының – 93 млн. км2, Үнді мұхитының – 75 млн. км2, Солтүстік мұзды мұхитының ауданы – 13 млн. км2.

Мәліметтерді кестеге толтырып, дөңгелек диаграмма саламыз. (Мұғалім оқушыларға көмектесіп, проектор көмегімен экранға проекциялайды.)

Оқулықпен жұмыс

Есеп № 2

Дәрігерлер күндізгі тамақ мөлшерін төрт бөлікке бөліп қабылдауды ұсынады: таңғы ас – 25 %, екінші таңғы ас – 15 %, түскі ас – 45 % және кешкі ас – 15%.

Есеп № 3

Жер материктері аудандарының дөңгелек диаграммасын сызыңдар.

Материк

Ауданы

%

Градусы

Европа

11,5

8%

28,8

Азия

43,4

29%

104,4

Африка

30,3

20%

72

Солтүстік Америка

24,2

16%

57,6

Оңтүстік Америка

17,8

12%

43,2

Австралия

8,7

6%

21,6

Антрактида

14,1

9%

32,4

Барлығы

 

 

360

6. Сабақты қорытындылау

Дөңгелек диаграмма деген не?

7. Үй тапсырмасын беру




























hello_html_edad822.gif




Тақырыбы:

«Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар клубы» (КТК)

















Дайындаған:Тынымкулова С
















Тақырыбы: «Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар клубы» (КТК)

Мақсаты:

1. Ауызша және тез есептеп ойлауға;

2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту

3. Тапқырлыққа, табандылыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке үйрету.

4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; математикадан алған білімдерін қорытындылау; тәлім – тәрбиесін, танымдық қабілетін арттыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, сызбалар, суреттер, слайд

Нақыл сөздер: «Санау мен есептеу – ойды тәртіпке келтіреді (Песталоции)

«Ақынжанды болмасаң, математик те бола алмайсың» (С. В. Ковалевская)

«Ештеңе оқымаған адам, ештеңе ойламайды да» (Дени Дидро)

Кіріспе. Қош келіпсіздер құрметті оқушылар, ұстаздар!

Сіздер математика жайлы көптеген мағлұматтармен таныссыздар. Сіздер бір сәт ойланып көрдіңіздер ме? Барлық пәндер қандай да бір саланы оқытып, соған бағыттайды. Ол бағыт өмірде қолданылып, кездесіп, пайдаланылады. Ал математика қандай пән, нені оқытады? Соған жауап беріп көрелікші.

Мысалы:

- Астрономия пәні нені оқытады?

- Жұлдыздарды

- Жұлдыздар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

- иә

- Биология пәні нені оқытады?

- өсімдіктерді

- өсімдіктерді шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

- иә

- ендеше математика нені оқытады?

Сандарды

Сандар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

- Жоқ

Ендеше бүгін сіздердің бойларыңыздағы қабілеттеріңізді шыңдауда КТК ойынын бастайық.

Қатысатын командаларға белсенділік, тапқырлық талап етіледі. Сәттілік тілеймін!

Ендігі кезекте сайысымыздың кезеңдеріне көшейік.

І Сәлемдесу, топтың аты

ІІ Үй тапсырмасы (көрініс, қызықты есеп)

ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең

ІV Сандар сыры

V Мақал – мәтелдер ( сандар қолданылған мақал – мәтелдер айту)

VІ Математикалық атаулар «П»

VІІ Шұғыл жауап

І Әр команда сәлемдеседі, топтың атын және ұранын айтады

ІІ Үй тапсырмасында дайындап келген көрініс, қызықты есептерін айтады.

ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең

1.Санға қосып, алсаң

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге, болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар ол санға

Шекесінен қараған.

Сан осін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған (нөл)

2. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді (Апта күндері)

3. Атадан он баламыз

Бір - бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. Ол не? (сандар)

4. Бұталардың бойымен 11 құйрық келеді, оған қоса 30 сирақ сидаң – сидаң етеді

Не десеңіз бұл көрініс

Әтештер мен торайлар

Жауап берші сұраққа,

Неше әтеш қатарда? (7 әтеш)

ІV. Сандар сыры

Миллиардтан кейінгі ірі сандардың аталуы мен жазылуы

109 – миллиард

1012 – триллион

1015 – квадриллион

1018 – квинтиллион

1021 – секстиллион

V. Мақал – мәтелдер ( сандар қолданылған мақал – мәтелдер айту) әр команда қанша мақал – мәтел білетіндерін көрсетеді.

VІ. Математикалық атаулар

«П» әрпінен басталатын математикалық атауларды атау ( кім көп табады)

(параллель, перпендикуляр, призма, параллелепипед, параллелограм, пайыз, пропорция, пирамида, периметр, т. с. с)

VІІ. Шұғыл жауап

І

1. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (,)

2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)

3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

4. Бала тақтаға 86 санын жазып, жолдасына айтты, ешқандай амал қолданбай 12 – ге арттыр (98)

5. 180 0-қа (градус) тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

ІІ

1. Қандай санның кез келген дәрежесі сол санның өзіне тең болады? (1)

2. Екі жағы шектелген түзу. ( кесінді)

3. Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)

4. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)

5. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)

6. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)

ІІІ

1. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)

2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

3. 50-ді 0, 5-ке бөліңдер (100)

4. 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек (99)

5. Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (екеуі)

ІV

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

2. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым (аксиома)

3. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал (сызғыш)

4. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

5. 3, 5 таяқтың неше ұшы бар? (8)

Қорытындылау: Осымен бүгінгі ойынымыз мәресіне жетті. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Өздеріңізге қажетті мағлұматтар алды деп есептеймін. Әділ қазылардың қорытындысын тыңдап, командалар марапатталады.






hello_html_390fdaf7.gif




Тақырыбы: Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру













Дайындаған:Тынымкулова С




















Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Білім беруді ақпараттандыру :

Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;

Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.

1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .

3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:

1. Кроссворд, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грам/қ және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.

2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.

3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.

4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- Танымдық қабілетін қалыптастырады;

- Этнопедагогикалық тәрбие береді;

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының уақытын үнемдейді;

- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.

Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек



Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Презентации
Просмотров440
Номер материала ДВ-137517
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх