Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Математика КонспектыМатематика пәнінен 5-7 сыныптар арасындағы тыс шара

Математика пәнінен 5-7 сыныптар арасындағы тыс шара

библиотека
материалов

Математика әлемінде.

Теледидар түріндегі арнайы жасалынған қораптан жүргізуші кластан тыс шараның ашылғанын айтып, сәлемдеседі:

Жүргізуші: Саласатсыздар ма! Апта жаңалықтарымен таныстырайын. Бұл аптада физика – математика апталығы жүріп жатыр. Бүгін 5,6,7-ші сыныптарының ұйымдастыруымен «Математика әлемінде» деген сыныптан тыс шара өткізілуде

Сахнаға репортер-оқушы және 7 сынып оқушылары шығады.

Репортер: Қайда барсам да, қайда қарасам да алдымнан математика шыға келеді. Мынау өзі қай ел? Ежелгі үнділер ме?

Автор (сахна сыртынан): Ежелгі үнділерде мынадай аңыз бар. Еріккен шах бір данышпанды шақырып алып былай депті:

Шах: Әй, данышпан, мен саған тапсырма берем. Сол тапсырманы тез арада орында. Сен бір ойын ойлап тап. Ол ойында екі елдің соғысы, арбасуы, қорғаны көз алдымда көрініп тұратын болсын!

Данышпан: Құрметті шах ием, маған шамалы мүмкіндік бер. Бірақ менің де сізге қояр тілегім бар. Тілегім сұраған сыйымды беретін болыңыз.

Автор: Данышпан кетіп, шах өзінің сарайында ойын-сауығын жалғастырып жата береді.

Уәделі ауқыт бітіп, данышпан шахқа келеді.

Данышпан: (әкелген шахмат тақтасын шахтың алдына қойып) Шах ием, айтқаныңыз орындалды. Сіздің тілегіңіздің барлығы 64 шақпақтан тұратын мына бір тақтайдың бетінде. Алдыңғы шепте сарбаздар, атты әскерлер, қасыңызда ақыл-кеңес беретін әскери көмекшіңіз де бар. Әр қайсысының жүретін жолы және сәйкес шені бар. Бұл әскери ойыннығ атв – «Шахмат» болады. Енді менің тілегімді тыңдаңыз.

Шах: Айт тілегінді!

Автор: Шах мысқалдай күліп, нөкерлерін шақырып, тез арада данышпанның лашағына сұраған бидайын апарып беруді бұйырады. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үш күн өтеді. Шахтың бұйрығы орындалмайды. Сарайдағы барлық математиктер шығып, 64 шақпаққа келетін бидай дәнінің санын есептеуге кіріседі. Сонда шахмат ойлап шығарған данышпан қанша бидай алуға тиіс? Бас математик шахқа есептелінген бидай дәнінің саны үлкен екенін мәлімдейді.

Шах: Қанша үлкен болса да, менің байлығым ортаймайды. Сый уәде етілгеннен соң берілуі тиіс.

Бас математик: бұл секілді тілектерді орындау сіздің құзырыңызда емес, шах ием. Барлық сіздің жеріңізде дәннің санша саны жоқ. Ол сан тіпті күллі жердің бар аумағында да жоқ. Егер, уәде етілген сыйыңызды бергіңіз келсе, онда барлық жер хандықтары алқаптарға айналып. Жер шарының барлық құрылығында 76 рет бидай ексін деп бұйырыңыз сонда ғана данышпан өзінің сыйын алады.

Шах таңғала: Ол сан қандай сан? – деп сұрайды.

Бас математик: 18446744073709551615.

Сахна жабылады.

Сахнада репортер: 5-6 сынып оқушыларының арасында өтетің тапқырлар сайысын тамашалайық.

Әр команда 5-6 оқушыдан тұрады. I – команда – «Әл-Фараби», II – команда – «Әл-Хорезми». Сайысты 3 жүргізуші жүргізеді, қазылар алқасы 3 адамнан тұрады.

I - жүргізуші:

Көңілді тапқырлапр, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

II – жүргізуші:

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп.

Ауырсаң, іше – тұғын дәрі де – есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау,

Дүниенәі бар тұлғасы есеп десек.

IIIжүргізуші:

Есептен сайысады қос команда,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.


Командалар топ алдына шығады.

Әл-Хорезми:

Өнер қуған математик жастармыз!

Есебінді лезде шешіп тастармыз!

Командамыз өңшең тапқырқырандар,

Ерен туған «Вундер кинд» біз бастармыз!

Келешектің үмітіміз талапты,

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр!

Сегіз қырлы, өнер асып туғандар,

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр!

Әл-Фараби:

Егеменді қазақтың біз қланы!

Өз туы бар, ел таңба, ән ұраны!

Үмітін ақтайтың біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны!

Бабамыз әл-Фараби өзің қолда!

Жеңіс тек біздер болар осы жолда!

Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар,

Отырған дәл алдыда, оң мен солда!

Командалардың амандасуы:

Әл-Фараби: Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі бірдейү

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – сәлем!

Әл-Хорезми: Құны бір құрдас,

Жаны бір жан дос.

Тілегі бір, жүрегі бір,

Бірге өскен жолдас,

Сендерге де бір сәлем!

Командалар ұраны:

Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

Әл-Хорезми:

Тартысайық сайыста күш жігермен,

Айрылысайық қимас бір дос көңілмен.

Қазылар алқасына тілек:

Әл-Фараби:

Төр ағасы төбе билер – жюрилер,

Әділетпен кеңес құра біліңдер!

Әл-Хорезми:

Әділеттен аспаңыздар,

Қиянатқа баспаңыздар.

Екі командаға қойылатың сұрақтар:

Мұнда қай команда тез табады және жауаптың дәлдігіне, тапқырлығына байланысты 3 немесе 5 ұпайлық жүйе бойынша ұпай беріледі.

  1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке.

Мықты болсан, қанша екенін тез есепте!

Алдында екеу, екеу келеді артында,

Екі – екіден келеді қос бүйірде. (4)

  1. Табақтағы жемісті

Былай ғана бөлісті:

Екі анасы, қос баласы,

әжесі мен немере.

Бір-бірден тиді алмасы.

Айтшы қанша жан басы? ( Әжесі, шешесі, немересі )

  1. Суретші мектеп бөлмелерін нөмерлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» цифрын

жазу керек?

  1. Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол

Уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

(1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24=204 рет.

  1. Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді? (Грек астрономы Птоломей)

  2. Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн 6сағат)

  3. 12 жылдың мүшел аттарын ата. (тышқан, сиыр,барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

  4. Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? ( Омар Һайям енгізді әл-Жебр қалпына келтіру уал-муқатала – қарсы қою)

  5. Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата: ( шынтақ елі, бір елі, сынақ сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, таяқ тастам жер, түстік жер, күндік жер, қозы көш жер, т.б.)

  6. Аудан өлшемдері: (түймедей, теңгедей, ат төбеліндей, алақандай, туырлықтай, ауыл аумағындай, т.б.)

  7. Көлем өлшемдері: ( жұдырықтай, ат басындай, тай тұяқ, үйдей, таудау, т.б.)

  8. Салмақ өлшемдері: (зілдей, қаңбақтай, т.б.)

  9. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен сан жаз. (333)

  10. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)

  11. «1» цифрын 5 рет және амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100)

  12. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді ше? (2-2:2=1)


Әрбір команданың бір-біріне әкелген жұмбақ есептері.


Математикалық мақал-мәтелдер сайысы.

Әділ қазылар алқасы сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттайды.


























Телжан орта мектебі

















«Математика әлемінде» кеш

(5-6 сыныптар арасында)















Дайындаған: Әділов С.А.




2013-2014 оқу жылы

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»
Курс профессиональной переподготовки «Экономика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания основ финансовой грамотности в общеобразовательной школе»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Инженерная графика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее