Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Математика пәнінен "Өткенді пысықтау" тақырыбына ашық сабақ жоспары (4 сынып)

Математика пәнінен "Өткенді пысықтау" тақырыбына ашық сабақ жоспары (4 сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 27.10.2015

Пәні: математика

Сабақ тақырыбы: Өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: асықтар, кубик, кеспе әріптер, теңге, орамал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логика


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. 

Мақсат қою:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

ІІ. Өткенді қайталау.

1-тапсырма: «Тақия тастамақ» ойыны.
Шарты:

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Тақия тастамақ». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбер бойымен жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей, таияны тастап кетеді. Екінші бала біліп алып ойынды жалғастырып кетеді.

Берілен өнектерді ауызша шығар

«Тапқырлар» 5*5=25 25*5=125 125*5=625

«Білгірлер» 800/2=400 400/2=200 200/2=100

«Ойшылдар» 500*7=3500 3500/70=50 50*50=2500


ІІІ. Жаңа сабақ

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар асықтарды таңда алады. Асыққа жазылған есепті шығарады


1-асық

4949:7+х=20678

х=20678-4949:7

х=20678-707

х=19971

2-асық

Бірінші күні дүкенде 18 жәшік алма, екінші күні дәл осындай 12 жәшік алма сатылды. Егер екі күнде 300 кг алма сатылған болса, онда күн сайын неше кг алма сатылған?

Іhello_html_5ff54c5.gif күні – 18 ж. 18+12=30 300:(18+12)=10

Іhello_html_41356b32.gifІ күні – 12 ж. 300 кг 300:30=10 18*10+12*10=300

Күн сайын қанша кг алма? 18*10=180

300-180=120

3-асық

13242*2+63297=26484+63297=89781 31202*3-80090=93606-80090=13516

73865+84844:2=73865+42422=116287 93369:3-19986=31123-19986=11137


3-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Ойын ережесі бойынша шабандоз жігіттер бір шапқанда жерге алдын-ала шашылған барынша көп теңгені жерден іліп алуы керек. Әдетте бір шапқанда орамалға түйілген теңгенің барлығын іліп алу мүмкін емес, сондықтан ойынға қатысушылар бірінен соң бірі артынша шабады. 

Осы теңгелерді алу үшін

90-б. № 2 а Жүк поезінің орташа жылдамдығы 40 км/сағ. 5 сағатта ол қандай ара-қаашықтықты жүріп өтеді ?

V=40 км/сағ

t=5 сағ

s-?

40*5=200 км

89-б. № 9 сызба бойынша өрнектер құрастыр. 480:10 358+995 5890-4980

48 + 1033 - 910 = 171

86-б. № 5 1 қ. Массасы 14 г. 7 қ. - ?

1 қ. Массасы 20 кг. ? қ. Саны - 640 кг

1 қ. Массасы ? кг – қ. Саны 8 – 168 кг


4-тасырма: «Аламан бәйге». Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

(топ басшыларға тапсырма)

Әр топ 30 секунд ішінде бірнеше сұрақтарға жауап беру тиіс.

  1. Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады? 10 қаңтар

  2. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді

  3. Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
    Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.

  4. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
    Жауабы: үш

  5. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? Жауабы: 7


  1.   Аспазшы шұжықты төрт рет бөліп кескенде, неше бөлік шықты? Жауабы: 5

  2. Қаз бір аяғымен 5 кг, екі аяғымен қанша кг?

  3. Марат Қуанышқа қарағанда мектепке жақын, ал Батырға қарағанда алысырақ тұрады. Кім мектептен алыс тұрады? Жауабы: Батыр

  4. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе? Жауабы: 24 сағаттан соң түн болады

  5. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Жауабы: 2

  1. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. 1 ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40

  2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? Жауабы: 4

  3. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? Жауабы: тең

  4. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Жауабы: алмұрт

  5. Бір айда 5 жексенбі бола ма? Жоқ: жоқ

5-тапсырма: «Көкпар»

Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Сендердің көкпарларың мына есеп. Қай топ оны бірінші шешеді. Сол жеңімпаз.

Тіктөртбұрыш пішінді жер алаңының қабырғасының ұзындығы 58 см, ені 2 есе қысқа. Периметрін тап.

Аhello_html_m1047a52.gifhello_html_33181db6.gif210 м

bhello_html_m51238654.gif - ? 2 есе қысқа

Р - ?

210:2=105 (в)

Р=(210+105)*2

Р=630 м


ІҮ. Қорытындылау

Ү. Бағалау










hello_html_5e57e25d.jpg




hello_html_7d4dbcd4.jpg



hello_html_m7ff64dab.jpg


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2769
Номер материала ДВ-353941
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх