Инфоурок Алгебра Другие методич. материалыМатематика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану

Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану

Скачать материал

                                                      Зилькенова Алтын Айтмағанбетовна

                                                                 Павлодар облысы, Май ауданы,      

                                                      Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің

                                                              математика пәнінің мұғалімі

Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану

Балалардың рухани өмірін, әсіресе, олардың ойлауын зерттеу мұғалімнің

 аса маңызды міндетінің бірі болып табылады.

В.А.Сухомлинский

         Адамның қоғамдық ортада өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік әділеттілікті және адамның жан-жақты дамуы мен рухани зияттық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін дамыту – зиялы қоғамға тән дәстүр. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз» деп атап өткен.

         Дүниежүзілік өркениет деңгейінен көрініп, болашақты жасайтын-жас жеткіншектер ұрпақтың өресін жаһандану жағдайында биік деңгейге көтеру тамырының тәрбиеге байланысты екені күн өткен сайын өз қажеттелігін дәлелдеп келеді. Өмір ағымының қыры мен сыры өзгеріске түскен сайын өзгеріске түспейтін және қажеттілігі ешуақытта төмендемейтін, тек ағымның ырғағына қарай алдыңғы, орташаға немесе соңғы қатарға шығып отыратын қажеттілік – математика пәніне деген қажеттілік. Ал, қазіргі таңдағы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуына ілесуге ұмтылыс күн сайын үдеп отырған жағдайда, қалған пәнге қажеттілік одан әрі еселене түсуде. Білім сапасын арттырудың түрліше жаңашыл әдіс – тәсілдері алдымыздағы оқушылардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін есепке алып, олардың деңгей-шамасын ескермейінше күткен нәтижені бере қоюы екіталай. Сондықтан, оқытудың шығармашылық жүйесін қалыптастыру мақсатында педагогикалық әдіснамалық негізін жасаған дұрыс. Оқытудың компьютерлік технологиясын қолданып оқушыларға танымдық қабілетін шыңдау үшін деңгейлік жұмыстарға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылған:

Бірінші деңгей – «үйренушілік». Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, еске түсіріп, қайталау үшін алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жаттықтырады. Мұнда заңдылықтардан, ережелерден, анықтамалардан, формулалардан хабардар болуы керек. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Оқушының қызығушылығына, наным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей – «алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған мазмұны өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы: сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей – «эвристикалық». Оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық ізденіс түрінде, игерілген білімді тереңдету үшін әртүрлі логикалық операцияларды (талдауды, жинақтауды, салыстыруды) керек етеді. Өзекті жағдайларды шешуге өздігінен графиктерді, диаграмаларды құруға, формулаларды қорытып шығаруға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тәрбиеленеді.

Төртінші деңгей – «шығармашылық». Әрбір тапсырманы өз бетімен түсініп, талдай отырып орындау, ғылыми шығармашылық тұрғыдан шағын зерттеу жұмысын жүргізу, «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар. Есеп шығару барысында ой-өрісінің кеңи түсіп, негізгі физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуіне жол ашады. Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша орындаған оқушының математика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.

         Қазіргі кездің сабағы – ол қазіргі педагогиканың бір қиын түсінігінің бірі. Математика сабақтарын қазіргі кездің сабақтарына сай өткізу талабы нәтижесі мен сапасын жоғарылатады.

Бүгінгі таңда еліміздің қай деңгейінде болмасын оқушылар білімін тексерудің негізгі түрлерінің бірі, оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете білуі. Ақпараттық  - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Математикалық құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Математикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта математикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды математиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, математикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға математика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға математикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде  кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Оқушы тұлғасының  дамуына ықпал жасайтын  электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік негізінде іске асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп бағалау,  өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар.

Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін  бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану  және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа  нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Пән оқытушылары  білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге  ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін  пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.

Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Сөзімді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

  • кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
  • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Білімдегі жаңалықтар. №4.2009., №4.2008., №4.2007.,№2-3.2008., №2.2007.

2.     Математика және физика №6.2009., №4.2008.

3.     Математика және физика №3.,№5.,№2.2004., №4.2006.

4.     ҰОӘ (КСО) әдістемелік құралы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  • 1.Білімдегі жаңалықтар. №4.2009., №4.2008., №4.2007.,№2-3.2008., №2.2007.
  • 2.Математика және физика №6.2009., №4.2008.
  • 3.Математика және физика №3.,№5.,№2.2004., №4.2006.
  • 4.ҰОӘ (КСО) әдістемелік құралы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 582 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2015 1137
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зилькенов Саниял Оразбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зилькенов Саниял Оразбаевич
    Зилькенов Саниял Оразбаевич
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20319
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 414 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 422 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 542 человека

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек