Инфоурок Математика Другие методич. материалыМатематика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.

Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.

Скачать материал

Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.

 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ҚИЫНДАТЫЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРА ОТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ.

I. Кіріспе бөлімі

1.     Тақырыптың өзектілігі-Оқушылардың шығармашылықтарын дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жұмыстың міндеті-әр түрлі әдебиеттерді зерттеу барысында:

-«шығармашылық» деген ұғымға анықтама беру.

-   шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты зерттеуші ғалымдардың ой пікірімен танысу.

-   оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты математик ғалымдардың іс тәжірибесімен танысу.

-   оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға бағытталған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеп,оны қолдану шарттарын белгілеу.

Жұмыстың зерттеу нысанасы:8–ші сынып оқушылары.

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ–синтез.

Зерттеу мерзімі:3 жыл.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты жас ұрпақтың дүниені ғылыми тануын, өз бетінше  ғылыми тұрғыда ойлай алуын, өз ойын ашық айтуын қалыптастыру қажет.

Зерттеу жұмысының құрылымы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиеттер.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Еліміз тәуелсіздік алып, басқа елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу-құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес.Әрбір ұстаз өзінің алдындагы шәкірттеріне бойындағы барлық күш қуатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы оянбаған жерде пән бойынша сапалы білім болуы мүмкін емес.Ол үшін міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек.Сондықтан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

 

II. Негізгі бөлім

1.Тақырыптың ғылыми теориялық негізі:

Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ХХI ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыларға көлемді білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Жаңа технологияларды іс жүзіне енгізу-өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл - ой қабілеті бар адамдарды қажет етеді. Олай болса, оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті-оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білу.Бұл орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеуші ғалым Е.В.Мазалевская:«Шығармашылық-адамзат белсенділігі мен өз бетінше әрекетінін ең жоғары түрі» деп тұжырымдаған.Сол сияқты А.Бэн «Шығармашылық ойлау үшін, оқып үйренетін пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет» деп сипаттайды.Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.Өйткені әрбір жаңалық ,әсіресе ақыл-ой саласында болса, ол психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтамалар береді.Мысалы:И.Я.Лернер «шығармашылық әрекет» деп, білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. «Адамның іс - әрекеті әлеуметтік мағынаға ие болуы үшін білім, оны жүзеге асыру тәжірибесі ғана емес, шығармашылық әрекет тәжірибесі де керек» деп тұжырымдады.Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады.Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы,дәлдігі алынады. Ойлау,соның ішінде шығармашылық ойлаудың тәсілі де,түрі де адамға туа бітті берілмейді,ол адамның қоршаған қоғамдық тарихи ортасын тану үрдісінде қалыптасады.Бала бойындағы бейімділікті тәрбиелеу, қабілет деңгейіне көтеру  шығармашылықтың алғашқы баспалдағы.Сондықтан, бала бойындағы бейімділікті көре,болжай білу,оны әрі қарай дамытуға құлшыныс мұғалімнің міндеті.

Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі жалпы зерделігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.Ал педагогтардың жұмысы қабілетті балаларды танып біліп,демеп отыру.

Сонымен,шығармашылық дегеніміз-қайшылықтарды шешуге бағытталған,ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, жеке адам үшін немесе әлеуметтік мәні бар жаңалыққа әкелетін адам әрекеті болып табылады.

2.Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар:

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның даралығын дамыту, табиғи дарындылығы мен қабілетін ашуға және қалыптастыруға жағдай жасау.

Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.Осы  орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем,өткен оқу жылында өзім сабақ берген 7«а» және 7«б»сыныптарында математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып зерттеу жұмыстарын жүргіздім.

Сыныптардағы оқушылардың білім, білік дағдылары бірдей емес. Себебі олардың білімі, қызығушылығы, қабылдауы, жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, өз бетімен есеп шығару белсенділіктері де тұрақты болмайды. Бірақ баланың жас ерекшелігіне байланысты қызығушылығы мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау әрбір ата –анамен біздің міндетіміз.Оқушылардың ерекше қасиеттерінің бірі-үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы.Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін,сабағымда оқытудың әр түрлі әдіс–тәсілдерін жиі қолданамын.Олар:деңгейлеп саралап оқыту,ұжымдық оқыту, модульдік оқыту технологиясы.Сабақ барысында оқушылардың білігі мен икемі, дағдылары білімді өздігінен игеру кезінде жақсы қалыптасатыны байқалады.Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды,ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.Соның нәтижесінде оқушылардың мынадай қабілеттері дамиды:

· кез келген қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге жаттығады

· белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинақтауға, тарихи мағлұматтарды өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады

· әр түрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді шығаруға жаттығады

· өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім қабылдайды

· өз ойын толық айта білу, қабылдай білуге үйренеді

Оқушылардың осындай шығармащылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым:

7 «а» сыныбында аптасына 2 сағат бейінді оқыту курсына бөлінген қосымша сабақты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім.Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты.Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты.Оқу жылының соңында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік.Сауалнамаларға жауап алу арқылы математикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілді.Осы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, ата-аналардың өтініші бойынша математикадан тереңдетіп оқыту сыныбы ашылды.Математиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілді.Қыркүйек айынан бастап 8 «а» және 8 «б» сынып оқушылары арасында зерттеу жұмысын жалғастырдым.8 «а» сыныбындағы оқушылардың математика сабағында қиын деңгейлі есептерді өз бетімен шығару белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттері арта түсті.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1152
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сланбеков Ержан Толеухазович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сланбеков Ержан Толеухазович
    Сланбеков Ержан Толеухазович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3978
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1358 человек из 85 регионов

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе