Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

библиотека
материалов

Математика сабағында оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру

Қазіргі кезде білім беру саласынының басты мәселесінің бірі –білім сапасы. Осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыру болып табылады.

Осы мақсатта ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту әдістері де өзгертіліп отыруы тиіс. Қазіргі таңда математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру әрбір пән мұғалімдерінің негізгі мақсаты болып отыр.

Шебер ұстаз әр сабағын жоспарлағанда оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызықтыра түсетін, ынтасын арттыратын жұмыс түрлерін қарастыру керек. Әсіресе мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жалықтырмай, оқу үрдісінде бір-бірімен өзара ұштасып жатса оң нәтиже береді.

Оқушылардың белсенділігінің, ой-өрісінің, шығармашылығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуіне, қорытындылар жасай білуіне жол ашады. Оқушылардың танымдық іс әрекетінің бірі-өзіндік жұмыс. Оқушылардың өздігінен ізденуі арқылы білімін жетілдіруі, біліктілікке талпынуы, белсенділігінің артуы өзіндік жұмысты орындау барысында дамиды. Осыған орай мен өзім сабақ беретін сыныптарда өзіндік жұмысының бірнеше түрлерін беремін, олар:

  1. Үлгі бойынша орындалатын;

  2. Мазмұны әртүрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын;

  3. Оқулықпен жұмыс;

  4. Шығармашылық тапсырмалар.

Осындай жұмыстарды орындау арқылы, оқушылар алған білімдерін өз бетінше талдап, бір нәтижеге келу арқылы пәнге қызығушылықтары арта түседі. Сабақтан кейін оқушылар арасында өзіндік жұмыс барысында кездескен қиындық болса, өзара талқылаулар туғызған кездер болды. Мұның өзі оқушының белсенділігін туғызады.

Сабақта тест әдісін түрлендіріп қолдану да оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына әсер етеді. Мен сабағымда мынадай тест түрлерін қолданамын:

  1. Деңгейлік тесттер;

  2. Толықтыруды қажет ететін тесттер(аяқталмаған сөйлемнің жалғасын анықтау);

  3. Балама жауаптары бар тесттер(шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін «иә немесе жоқ» жауабы арқылы анықтау);

  4. Сәйкестілік тесттер(бір бағанада тапсырма берілсе, екінші бағанада жауаптары беріледі, әр тапсырмаға сәйкес жауапты анықтау керек)

  5. Шығармашылық тесттер(оқушылардың өздері құрастырған тесттер).

Жұмыс түрлерін осылай түрлендіріп беру арқылы өтілген тақырыптар өзара байланысып, оқушы есінде сақталып қалады.



Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырудың тағы бір нәтижелі жолы- сабақта ойын элементтерін тиімді қолдану болып табылады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін, шығармашылығын, пәнге сүйіспеншілігін арттырады. Математикадан алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға жол ашады.

«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деп В.Ф.Сухомлинскийдің айтқанындай ойын оқушылардың ойлау қабілетін, ақылын, интеллектуалдық ой-өрісін, білімге құштарлығын дамытады. Өзім сабақ беретін сыныптарда «Кім жылдам?», «Бреин-ринг», «Қатесін тап», «Математикалық домино», «Көк ту», «Математикалық эстафета» т.б ойын элеметтерін жиі қолданамын.

«Кім жылдам?» ойынында тақтаға екі оқушы шығады. Екі жақтан әр баспалдақтағы есептерді шығару арқылы кім жалауға бұрын жетсе, сол жеңіске жетеді.

«Математикалық эстафета» ойынында әр қатарға оқушы санын бірдей етіп отырғызу керек. Таратпа параққа қатардағы әр оқушыға бір есептен келетіндей тапсырмалар дайындалады. Таратпа алдыңғы орында отырған оқушыларға беріледі, олар бірінші тапсырманы орындап, жауабын параққа жазып, келесі оқушыға береді. Осылай қатардың соңына дейін барлық оқушылар орындап шығады. Мұндай ойындарда сабаққа араласпай қалған оқушы болмайды, әр оқушының еңбегі бағаланады. Осындай ойын барысында оқушылар арасында саналы жарыс, ұжымдық намыс, жолдастық қарым-қатынас қалыптасады.

Өтілген тақырыптарды пысықтауда «Бреин-ринг» ойынын жиі қолданамын. Өтілген тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар дайында- лады. Бір минут ішінде оқушы мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беру керек.

Осындай ойындарда оқушы шапшаңдыққа, яғни тез ойланып, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыланады. Ойында жақсы нәтижеге жеткен сайын оқушыда қуаныш сезімі, пәнге деген құштарлық пайда болады.

«Қатесін тап» ойынында оқушыларға қатесі бар анықтамалар немесе есептердің қатесін табу керек. Оқушылар мұқият тыңдап дұрыс жауабын айтады. Мұндай ойынның нәтижесінде ережелер оқушы есінде жақсы сақталады, сонымен бірге оқушы талдау жасай білуге дағдыланады.

Осындай ойын элементтерін қолдану арқылы өтілген сабақтар оқушы есінде ұзақ сақталады. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттырады.

Көптеген оқушылардың «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі. Оқушылар арасында пікірталас (дұрыс жауабын іздеуде) туғызып,түсініксіздеу болып жүрген сұрақтарына жауап алады. Мұндай сабақтар оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, сабақты игеруге, тапқыр-лыққа жетелейді.

Осындай ойындар арқылы оқушылар әртүрлі жаттығулар орындайды, сан алуан есептеулерге дағдыланады, негізгі ұғымдарды еске сақтайды. Осы арқылы оқушылар математикада кездесетін қиыншылықтарды қалай меңгергендерін де байқамай қалады. Яғни, кейбір оқушылардың бойындағы «түсінбеймін» деген қорқынышы сейіліп, пәнге деген қызығушылық, өзіне деген сенімділік пайда болады.

Қорыта келе айтарым, тақырыпқа сай ойын түрлері оқушының ойлау қабілетін, сабаққа белсене қатысуын, қызығушылығын, ынтасын, сабақ сапасын жақсарта түседі. Математика сабағын түрлендіріп өткізу арқылы оқушылар білімді терең меңгерумен қатар, олардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттері мен танымдық белсенділіктері арта түседі.

Итжанова Ләззат, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты

Қарағанды қаласы.



Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров327
Номер материала ДВ-289762
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх