Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика сабағында сыни ойлауға тапсырмалар беру арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру

Математика сабағында сыни ойлауға тапсырмалар беру арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:



Ақшұқыр мектеп-лицейі

Математика пәні мұғалімі

Шыракбаева Мария Тенелбаевна



Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.


Математика сабағында оқушының әрбір тапсырманы орындау алдында сол тапсырманың мазмұнына терең мән беруі қажет. Мұны қалыпты жағдайға айналдыру үшін оларда сыни ойлауды қалыптастыруға жұмыстану әрбір пән мұғалімінің міндеті. Мұғалім оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға жұмыстана отырып, білім игерудегі дағдыларын тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлау арқылы орындау барысында қалыптастыру, ойдан –ой тудырып шешім қабылдауға дағдыландыруды өзіне басты мақсат етіп қояды.

Көпшілік оқушылар бұл пәнді қалағанымен, материалдың күрделене түсуінен есептер шығаруда түрлі кедергілермен кездесіп қиналады. Сынып жоғарылаған сайын оқушылардың пәнге қызығушылығы төмендейді, мұның соңы білім сапасының түсуіне әкеледі. Қабілеті төмен оқушыларды да қызықтыру, жақсы көңіл күй сыйлау арқылы немесе ынталандыру арқылы да олардың сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік туғызуға болады. Сабақтың басынан соңына дейін бала зейінін басқа нәрсеге аудармайтындай әдістің бірі – дұрыс мәнді сұрақ қоя білу. Дұрыс таңдалған сұрақтар баланы ойлануға жетелейді. Мұғалім өзі ғана сұрақтар дайындап, оны сұраумен шектеліп қалмай, оқушыларға да сұрақтар дайындатуды әдетке айналдырып отырғаны жөн. Оқушылардың терең мәні бар сұрақ дайындағаны, оған өздерінің жауап беруі, олар үшін үлкен жетістік, әрі қуаныш. Ол үшін олар оқыған материалдарын өздері өте жақсы білуі керек және олардың осыған өз бетімен талпынушылығын қалыптастыру керек. Мұғалім болсын , оқушы болсын сұрақ қою үшін ойланады. Және ол сұрақ дұрыс болуы үшін сыни тұрғыдан ойлауға тура келеді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушы немесе мұғалім оларды тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Оқушылардың ой әрекетін дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қортындыға келуге айрықша мән беру керек. Өз беттерімен, кітаппен жұмыс жасау оқушыларға оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді, тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға, мұғалімнің кері байланыс жасауына, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны дамыта түсуіне көмектеседі. Бұның бәрі барлық мұғалімдердің оқытушы мамандығымен байланысты проблемаларға психологиялық тұрғыдан дайын болатындығымен түсіндіріледі. Оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы—үздіксіз өсу және білім алуда. Оқушылардың білім деңгейі көтерілу үшін, осы пәнге оқушының қызығушылығы жоғары болу керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы өткізген сабағымның тақырыбы: «Бұрыш. Бұрыштың шамасы.». Сабақты бастамас бұрын оқушыларға топтық жұмыс туралы түсінік беріп өттім. Осылайша оқушыларға топтық жұмыс туралы,топтағы мүшелердің орындайтын рөлдері туралы толық түсінік берілгеннен кейін бағдарламалық тақырыпқа көштік. Оқушылар түзу, кесінді, сәуле салынған түрлі түсті қағаздар алу арқылы үш топқа бөлінді. Алдымен жалпы бұрыш деген сөз нені білдіреді деп ой тастадым. Осы отырған сынып бөлмесіне, яғни айналамызға қарап ойланайық деп бағыт бердім. Оқушылар партаның бұрышы, сынып бөлмесінің бұрышы, тақтаның бұрышы т.с.с. деп өз ойларын ортаға салды. Содан кейін тақырып мәнін ашу мақсатында қолдарындағы түрлі –түсті қағаздарға салынған түзу , кесінді , сәуле туралы бұрынғы білетіндерін еске түсірулерін сұрадым. Оқушылар өз сөздерімен түзудің шеті жоқ , кесіндінің екі шетінде нүктелері бар , сәулені бір жағына қарай соза беруге болады деп жауап берді. Осыдан кейін бұрыш анықтамасы, өлшем бірлігі, бұрышты өлшейтін құрал туралы түсінік беріліп, жеке және жұппен бұрышты салу, салынған бұрышты өлшеуге арналған тапсырмалар орындап оқулықпен де жұмыс жасады. Оқушылар бір-бірінің салу жұмыстарын бағалады. Сергіту сәті ұйымдастырылды. Топтық жұмыс барысында оқушылар уақытқа бағынуды, бір-бірімен ынтымақтастықта ортақ тапсырманы орындауға барлық білімі мен күшін жұмсауды, ортақ табысқа бірге қуана білуге үйренді. Бүгінгі тақырыптың мазмұнының өзі өзгеше практикалық сабаққа ұқсап кеткендей болды. Сабаққа араласпаған бала қалған жоқ. Тақырыптың өзі өзгеше,бұрын атын да білмейтін бұрышты өлшейтін транспортир құралымен жұмыс жасаудың да әсерінен бе, әйтеуір оқушыларда ерекше ынталану мен қызығушылықты байқадым. Оқушылардың осындай деңгейлерге жетуі үшін сабақтарды түрлендіріп өткізуді, психологиялық көңіл күйлеріне мән беруді, мінез құлықтарының ерекшеліктерін , өз ортасымен жақсы қарым-қатынаста болуын ескеру қажет екені көрініп тұрды . Келесі өтілетін тақырып «Бұрыштың түрлері » болғандықтан, топқа бөлуді түрлі-түсті қағаздарға салынған бұрыштар суретімен байланыстырдым. Оқушылар топқа бөлініп отырды. Бұл сабақты қазақ тілі пәніне байланыстыра жоспарладым. Интербелсенді тақтаға сүйір, доғал, тік, жазыңқы, толық деген бес сөзді жазып, осы сөздердің мағынасы туралы ойлануды ұсындым. Алдымен жұппен сосын топпен ақылдасып жауап берді. Содан кейін интербелсенді тақтадан бұрыштардың түрлерінің суреттерін көрсеттім. Алдында ғана мағынасы туралы ойланған сөздерді оқушылардың өздері ешбір қиындықсыз орындарына орналастырды. Оқушылардың бұрыштың бас нүктелері ортақ екі сәуле арқылы жасалатынын білгендіктен және сәйкес сөздердің мағынасын түсінгендіктен тапсырманы оңай орындауы алдын ала ой тастау тәсілінің тиімділігі деп түсіндім.

Келесі тапсырмалар орындау арқылы бұрыштар шамалары туралы түсінік берілді. Сабақ соңына қарай бүгінгі тақырып бойынша постер қорғап, кері байланыс жасап сабақты қорытындыладық. Келесі тақырып: «Шеңбер және дөңгелек» болды. Бұл сабақта топқа бөлуге тақырыппен байланыстыру мақсатында түрлі түсті дөнгелекшелерді пайдаландым. Мен интербелсенді тақтадан «Миға шабуыл » әдісі арқылы еске түсіру сұрақтарын қойдым. Оқушылар әр сұраққа түсінікті жауап берді. Осылайша өткен материалдарды қайталағаннан кейін жаңа сабақты бастадық. Бірінші тапсырмада оқушылар шеңбер мен дөңгелек туралы жалпы өздері не білетіндерін еске түсіруден бастады. Интербелсенді тақта арқылы шеңбер мен дөңгелек суреттерін, олардың радиусы, диаметрі туралы түсінік алды. Шеңбер, дөңгелек және олардың ұқсастығы мен айырмашылығы тақырыбында постер дайындап, кезекпен қорғады. Содан соң есептер шығару тапсырмасы орындалды. Бұл сабақта алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушыларымның қызығушылықтары артуымен қатар, топпен жұмыс жасауға едәуір төселіп қалғандары байқалды. Мен бұл сабақтарымның әрқайсысында сыни тұрғыдан ойлану үшін уақыт бөлу, оқушылардың өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауға , тыңдауға үйрету арқылы қызығушылықтарын оятуға жұмыстандым. Бұл ретте Тони Райанның «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін басшылыққа алдым. Сананың әдеттерін жасаған Арта Коста айтқандай шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамаларын көргендей болдым. Келесі сабақ «Бұрыш және оның түрлері. Шеңбер және дөңгелек тақырыптарына қайталау сабағы» болды. Бұл сабақта оқушылардың өтілген тақырыптардан алған білімін бақылау үшін критериалды бағалауды қолдануды жөн көрдім. Оқушыларға алдымен критериалды бағалау, дескриптор, жетістікті ұпаймен көрсету туралы түсінік беріп өттім. Тапсырмаларды орындау барысында бағалаудың критерилерін өзім дайындап алып келдім де тақтадан көрсетіп қойдым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қарапайым етіп алуды жөн көрдім. Мысалы бұрышты транспортирді дұрыс қолдану арқылы салып білуі, өлшемінің сәйкестігі, толық салынуы, салу жұмысын орындаудағы ұқыптылығы, бұрыш атауын белгілеуді қолданып дұрыс жаза білуі. Оқушыларға сыныпта әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Сыни тұрғыдан ойлаудың ой қозғау, миға шабуыл, негізгі ойды сипаттау стратегияларын тақырыпқа сәйкестендіре жиі қолдану маңызды. Ұтымды ойластырылған тапсырмалар нәтижелері оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына жол ашады. Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және айтқанын негіздеу, тапсырма беру, идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеу сияқты қабілеттерді дамытуды қажет етеді. Балаларға негізделген , әділ сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін сұрақ қою, болжам жасау мен модельдеу дағдыларына жаттықтыру қажет екен. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, пәнді меңгерту жолдарын қарастыру басты міндет. Математика сабақтарында сын тұрғысынан ойландыратын тапсырмаларды құрастыруда Ойлау карталарын , сана әдеттерін т.с.с басшылыққа алуды ұсынамын.


. . . . . . . . . . . ......... . . . . . ... . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. .

. . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . .. ..... . ........ . . ... . . . .. . . . . . . . . . . . ... . . . . .

.. . .. ............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

.. . . . . . . .. .. .. .. . . . . . . ... . . .. .. .. . . . . . . . . . . .. . .. . .. . . . . . . . ......... ..... . . . . . . . .





































Күні

Пәні: Математика 5

Шыракбаева М Т

Сабақтың тақырыбы:

Бұрыш. Бұрыштың шамасы .

Сілтеме:

Оқулық

Жалпы мақсаттары:

Білімділік: Бұрыш анықтамасы , оның өлшем бірлігі түрлері туралы түсінік қалыптастыру.Салу жұмыстарына жаттықтыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: бірін бірі тыңдау, құнды пікір айтуға дағдыландыру;

Ресурстар:

Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар

Әдіс – тәсілдер:

Тәсілі: жұппен, топпен

Әдісі: СТО , диалог

Оқу нәтижесі:

Бұрыш , оның өлшем бірлігі туралы түсініктері қалыптасады. Транспортирді қолданып бұрышты салуды үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

Негізгі идеялар:

Бұрыш, өлшем бірлігі, бұрышты салу.

Тапсырма көздері:

1.Ой қозғау тапсырмалары

2.Салу жұмыстары. Жұптық, жеке жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар, тапсырма көздері жазылған карточкалар

Мотивациялық кезең:

Оқушылардың қабілеттеріне қарай, ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу

Сабақтың барысы:

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



Білу

1 мин



2 мин

Кезекші арқылы оқушыларды барлау.

Бұрыш сөзінің жалпы мағынасы туралы ой қозғау





Бұрыш туралы пікірлерін айтады.

Топқа бөліну


2 мин

Топқа бөлу үшін әр түрлі стикерлер беру.

Кесінді,сәуле,түзу.

Стикерлер арқылы өз топтарын айқындайды және топқа бөлінеді.

Тақырыпты ашу

Түсіну мен Қолдану

(тақырыпқа байланысты оқулықтағы есептерді шығару)


10мин

Мәтінмен танысуды тапсырады.

Бұрыш. Бұрыштың шамасы туралы түсініктің қалыптасуына бағыт-бағдар береді.

Түсінеді, сұрақтар қояды. Транспортир және оны пайдалануды, тапсырманы шешу тәсілдерін қолдануды үйренеді.

Талдау

15мин

Өтілген тақырып бойынша тапсырмалар ұсынады.


Тапсырмаларды жеке орындайды, жұппен тексереді, топпен талдайды .

Сергіту сәті:

1мин

Жаттығулар ұсынады

Көз жаттығуларын орындайды

Жинақтау

10мин

Тапсырмалар топтарға беріледі

Тапсырмаларды постер арқылы орындайды

Бағалау:

2мин

Жеке , жұптық топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады

Бірін бірі бағалайды, топтық жиынтық бағалар қалыптасады.

Рефлексия

1мин

Оқушылар бүгінгі сабақтан нені білдім,не сәтті болды,нені білуім керек деген пікірлерін білдіреді.

Кейінгі тапсырмалар:

Үйге тапсырма:

1мин

Оқулықтан Бұрыш. Бұрыштың шамасы оларға арналған жаттығулар












Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров507
Номер материала ДВ-136824
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх