Инфоурок Другое Другие методич. материалыМатематика сабақтарында Дьенеш пішіндерімен ойнау үрдісінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу

Математика сабақтарында Дьенеш пішіндерімен ойнау үрдісінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу

Скачать материал

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені

 

 

 

Математика сабақтарында

Дьенеш пішіндерімен ойнау үрдісінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу

 

 

 

 

 

Әдістемелік жинақты құрастырған:

Қосымша білім беру педагогы

Мухтарова Р.З.

 

 

 

 

                                           Екібастұз  қаласы, 2015жыл

 

Әдістемелік құралда  5-6жас шамасындағы  балаларға Дьенеш пішіндерімен дайындалған әдістемелік әзірлемелердің материалы ұсынылды. Логикалық тапсырмаларды орындай отырып, балалар информатика түсініктері туралы алғашқы мағлұмат алады.

Бала ойын кезінде ғана өзін және өзінің әдеттерін тани бастайды. Қатарластарымен қарым – қатынасқа түскенде моральдың нормасын, әдеп ережелерін меңгереді. Бұл үшін Дьенеш пішіндерінің топтамасымен берілген ойын тапсырмалары ықпал етеді.

         Дьенеш пішіндерін қолдану мүмкіндіктерін талдау « математика» пәнін өткізгенде балалардың ақыл-ой, байқағыштық қабілетін дамыта  отырып,  қарапайым математикалық түсініктерді қалай меңгергендерін дәлелдеп бере алады.

         Әдістемелік құрал балабақшадағы тәрбиешілерге,  «математика» пәнінің мұғалімдеріне және ата-аналар  үшін ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

                                        

                                                

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

                                                 

 

                                             

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Мектепалды 5-6 жасар балаларын мектепке дайындау бағдарламасында баланың ойлауында, есте сақтауында М.Фидлердің  «Дьенеш блогы» дидактикалық ойындарын қолдану ұсынылды.

         Дьенеш блогы: ол не? Дидактикалық материалдардың негізгі мақсаты («Дьенеш блогы» деп автор аты бойынша аталады): мектепке дейінгі балаларды қасиеті бойынша бөле білудегі логикалық есептерді шешуге үйрету.

         Гедеон Дьенеш – венгр психологы және математигі 4-6 жасар балаларды оқыту үшін көптік операциясын, олардың байланысына арналған дидактикалық материалды әзірледі. Аталмыш логикалық материал 48 логикалық блокты топтамадан тұрады. Пішіндер 4 қасиетімен ерекшеленеді:

Пішінімен – үшбұрышты, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрышты пішіндер. Түсімен – қызыл, сары, көк пішіндер. Өлшемімен – үлкен және кішкентай пішіндер.

Көлемімен – жуан және жіңішке пішіндер. Дьенеш блогы баланың логикалық ойлайтын, талдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Логикалық есептерді шығаруға қажетті дағдыларды қалыптастырады.  

         «Дьенеш пішіндері» логикалық материалы мен мектепке дейінгі балаларға түзету, көмек беру жұмыстары ретінде қолданылады. Ойындары балалардың зиятты ойындарға, білімге деген қызығушылығын арттырады.  Топта ойындарды ойнатуға жағдай жасау ретінде дамытушылық кеңістікті құрғанмын. Балаларды мектепке дайындау кезінде жақсы нәтижеге жетуге болады. «Математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерімен ойналатын ойын жаттығуларын ұжымдық, өзіндік және шығармашылық, ойын сәттерінде, жаттығуларда, үй тапсырмаларын орындайтын әрекеттерде енгіземін. Бұл алған білімдерін, дағдыларын бекітуге, арнайы пайда болған жағдайлармен қатар,балалардың ақыл-ой, байқағыштық қабілетін дамыта  отырып,  қарапайым математикалық түсініктерді қалай меңгергендерін дәлелдеп бере алады.

         «Дьенеш пішіндерімен» ойналатын ойындар балалардың өзіндік әрекет ету мүмкіндіктерін түрлендіреді, ойын кезіндегі баланың ашылу үдерісін жылдамдатады.

Ойын балаларды, үлкендерді біріктіреді, отбасындағы шағын климатты жақсартады. Нәтижесінде баланың өзін – өзі бағалуы артады, өз күшіне сенімділік пайда болады. Балалар қарым – қатынасқа үйренеді, топпен жұмыс жасауға бірігеді. Негізгісі достарына көмек көрсете алу, басқалардың жетістігіне бірлесіп қуану тілектері пайда болады.

         Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға  нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал.  Ол балалардың  ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді.

Дьеныштың блоктарымен  ойнай отырып,  бала әр түрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу,  белгілі ережемен  орналастыру, қайта орналастыру және т.б.).

Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:

а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш);

б) үш түсті (қызыл, көк және сары);

в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);

г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).

Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз.  Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.

Дьеныштың  блоктарымен танысу.

Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз.  Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:

 Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын  балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).

Аюға барлық көк фигураларды, қоянға – сары, тышқанға – қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).

 

  Блоктар арқылы ойындар мен  жаттығулар өткізу.

Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін  фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады.  Бала осы өзгерістерді байқауы керек.

Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.

Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан  бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе  қапшықтан алмай тұрып,  пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.

Үш фигураны алыңыз, бала  оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).

 Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).

 Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.

Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).

Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.

5 жастағы балалар  суретті жақсы топтастырады (заттар мен сөздерге қарағанда), 6-жастағы балалар сөздерді, кейде суреттер мен заттарды да жақсы топтастырады.

 Мектеп жасында дейінгі балалардың ойлауы нақты болатындығы соншалықты, ол  затты ойша және оның әрекетін тікелей қабылдауды қажет етеді.   6 жастағы балалар  заттың болғанында ғана емес,  оның суретін егер ол болмаған жағдайда да ол туралы ойлай алады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды топтастыруға үйрету кезінде  материалды сезінуден бастап оны сөзбен жеткізуге дейін біртіндеп ауыстыра бастаймын. Осыдан келіп, мен ойын материалына күрделіліктің әртүрлі деңгейін  кірістіру керек деген қорытындыға келдім. Лото, жұп суреттер, үлкен және оюлы мозаика, кубиктер жинағын, дамыту ойындарын («Өрнекті сал», «Төртбұрыштарды сал»), моделдеу және орындарына салу элементтері бар ойындар, Дьенештың блоктарын,  жеңіл модуль материалдарын, құрылыс жинақтары болуы керек. 

 Балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен  ойынға көп көңіл бөлдім, мұнда балалардың топтасып, жұптасып ойнауларын қолданған жөн.

       Мақсатым: балалардың заттардың түсін, пішіні мен көлемін  Дьеныштың блоктарының көмегімен  ажырату қабілеттерін қалытастыру.

Мақсатымды жүзеге асыру үшін мына міндеттерді айқындадым:

1.    Балаларды логикалық блоктардың көмегімен  сенсорлық эталонмен таныстыру (түсі, пішіні мен көлемі).

2.    Балаларды белгілермен таныстыру – символдар, схемалар.

3.     Балаларды заттардың ерекшеліктерін жалпылау, топтау, салыстыру, абстарктылау және анықтауға үйрету.

4.    Балалардың логикалық тапсырмаларды шешуге жаттықтыру.

5.    Интелектуальды қабілеттерін дамыту: жоспарлау, сараптау қабілеттері, оймен қортындылау, үйлестіру.

6.    Танымдылық үрдістерін дамыту: қабылдау, наразға алу, ойлау, сөйлеу, елестету, есте сақтау.

Дьеныш блоктарымен балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне енгізу үшін мына шартарды анықтадым:

1.    Топтың даму ортасына блокты жинақтарды енгізу.

2.    Блоктар бойынша ойындар дайындау.

3.    Блоктармен жұмыс бойынша схемалар, карточкалар жасадым.

4.    Ата-аналарға арналған кеңес беруді жасадым .

5.    Дьеныш блоктармен сабақ өткізудің конспектілерін жасадым.

    Осыдан келіп, өзім үшін мына жұмыс жоспарын  қалыптастырдым:

·       Осы бағытта  жұмыс жасап жатқан педагог-әріптестерімнің жұмыс тәжірибелерімен танысу

·       Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушылық орта қалыптастыру.

·       Белгілі мақсатты көздейтін ойын түрлерін нақтылау

·       Логикалық блоктармен жұмыс жасаудың түрін ұйымдастыру.

·       Балаланың 5-6 жасындағы дамуының психикалық ерекшеліктерін суретейтін ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

·       Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, даму ортасын дайындау.

·        Барлық уақыт аралығында әр баланың логикалық ойлау машықтарының қалыптасу ерекшеліктерін қадағалау.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерімен жетудің құралы ретінде мен  логикалық ойлауды дамытушы ойындарды таңдап алдым.  Оларды былайша бөлдім:

1. Заттық: дидактикалы – түсін, пішінін, түрін, табуға бағытталған, дамытушылық – (бірнеше деңгейлі күрделілік): Дьеныштың блоктары.  Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында балалар әртүрлі ойлау қабілеттеріне ие болады, олар  математика алдындағы дайындық ретінде  өте маңызды болып келеді. Олардың қатарына  сараптау, абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру, шешу, сонымен қатар «жоқ», «және», «немесе» логикалық операциялары жатады.  Осы ойындар мен жаттуғыларда баланың алгоритмдік мәдениет тұрғысында ең қарапайым қабілеттері дамитындығын байқадым.

Логикалық блоктардың көмегімен балалар көңілдерін, есте сақтаулары, қабылдауларын жаттықтырады. Бұл ойындар  алаңқайлық елестетуді дамытады, балаларды құрылыс үлгісін сараптауға, кейіннен – қарапайым схема бойынша әрекет етуге баулиды.

2.  Сөздік: жұмбақтар, елестету, қиялдарын дамытатын ойындар.  Саусақ ойындар: бұл   мидың белсенділігін арттырады, ойлауды дамытады,  қолдың ұсақ сезгіштігін дамытады.  Мұнда екі қолдың да қатысуы керек, бұл балаларға «оң, сол, жоғары, төмен»  дегенді бағыттауға мүмкіндік береді. Егер бала қандай да саусақ ойынын меңгерген болса, ол  басқа тақпақтар мен әндерге басқа көріністер ойлап табуға тырысады.

Өзімнің педагогикалық қызметімді жоспарай отырып, мен келесі жоспар-схеманы іске қосамын, ол  бірлескен және өз бетінше ойын ойнауды ұйымдастыру.

Дьенеш пішіндерімен ойналатын ойындарды пайдаланудың мақсаттылығы

 

 

 

 


                                                                                    

Блок-схема: перфолента: Кеңістікті ойлау
Блок-схема: перфолента:         зият
Блок-схема: перфолента:       сенсорика
Блок-схема: перфолента:      Зейін, ой
Блок-схема: перфолента: логика
Блок-схема: перфолента: Ұғынықтылығы
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


« Математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерін пайдалану

Звезда: 16 точек: Шаттық         шеңбері
 


Звезда: 16 точек: Ата аналармен жұмыс

Звезда: 16 точек:  Ойын сәті
 


                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


« Математика» сабақтарындағы ойын тапсырмалары

« Ойлан, тап»

Мақсаты: Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай да бір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т.б.).

 Ойлау операциялары мен әрекеттерін меңгеруге көмектесу, яғни құпия символдары бойынша ұсынылған пішіндердің қасиеттерін анықтауға,

«емес» логикалық операциясын орындау; үш қасиетін жоққа шығаратын пішінді табуға үйрету.

Қорлар:

 Дьенеш пішіндері берілген карточкалар.

Ойын барысы:  

Педагогтың үстелінде сандық. Сандықтың ішінде Дьенеш карточкалары жатады. Сандықта не бар екенін анықтау ұсынылады. 

 

Балалар өз қалаулары бойынша  сандықтың ішіндегі карточкаларды алып қарастырады, жоққа шығарып тұрған пішіндердің қасиеттерін бейнелегенді қарастырады. Қажет пішінді тауып алып  көрсетеді.. Өз жауабын дәйектеу кезінде ауызша жауап берулеріне болады. «Қызыл емес, сары да емес, ендеше көк. Кішкентай емес, үшбұрышты емес, шеңбер емес, шаршы емес, ендеше тіктөртбұрыш! Сонда Көк үлкен төртбұрыш. - сары емес, көк емес /қызыл/,  - көк ,  - сары.

       -дөңгелек,  - шаршы,  - үшбұрыш,  -тіктөртбұрыш.

 

Рөлдік ойын «Дүкен»

Қорлар

«Ақша» ойынға арналған қатты көк пластиктен қиылып алынған жолақтар, үстінде символдардың бейнелері – пішіндердің қасиеті көрсетілген.

«Тауарлар» - пішіндердің өздері. «Тауар» ретінде пішіндердің суреттері жапсырылған қораптарды дайындауға болады.

«Дәріхана» ойынының қорларын пайдалануға болады.

Ойын «Дәріхана»

Мақсаты: «Математика» сабақтарында алған білім, дағды, машықтарын ойын жағдайларында бекіту.

 

 

Балаларға қатарластарымен қатынасқа түсе білу дағдыларын, қоғамдық орындарда өзін – өзін ұстай білу ережелерін бейімдету.

Өзара көмекке келе білу сезімдерін тәрбиелеу.

Психикалық және ойлау үдерістерін, ойын жағдайларында балалардың логикалық ойлау үдерістерін дамыту.

Зейіндерін, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру. Сөйлеу дағдыларын дамыту.

Қорлар:

«Дәрілер» - Дьенеш пішіндерінің үш қасиетін жапсырған дәрілердің бос қораптары. «Ақшалар», «Рецепттер» - Дьенеш пішіндерінің үш қасиетін жапсырған карточкалар.

Ойынға арналған үстел, халаттар, арнайы бас киімдері.

                   

                        «Ойнайық та, ойлайық»

Кілемнің үстіне түзу алдын – ала дайындалған пішіндерді қоямыз.

«Бақыт көшесі»:

 


                                            

 

«Қызыл пішіндермен жүріп отырып, бақытымды табамын!»

 

«Достық көшесі»:

                                                                                                                

 

 


«Көк пішіндер көшесімен жүріп отырып дос тауып аламын».

 

«Денсаулық көшесі»:

 

«Сары көшемен жүгіріп өтіп, денсаулығымды сақтаймын!»

 


             

 

«Қуаныш көшесі»

                                                                                                           

 

 

«Бейбітшілік көшесі»

                                                                                 

 

 

«Шаршылармен жүремін, бейбіт өмірді үйге кезігемін!»

 

«Күлкілер көшесі

                                                                                                   

 

 


«Үшбұрышты үйге кіремін, мейірімді күлкімді сыйлаймын».

«Көтеріңкі көңіл – күй көшесі»

 


                                                                                                        

 

«Мейірімділік көшесі»

                                                                                                                                                                                  

 

 

 

Баршамызды мейірімділікке шақырамын!

 

«Балғын шақ  көшесі»

                                                                                                                 

 

Балғын балақайлармен біргеміз!

 

Дьенеш пішіндерімен ойын сәттері

 

«Дос пішіндер қаласында»

Мақсаты: Балаларға деген мейірімді қатынасты тәрбиелеу.

 

                            Ойын тапсырмалары:

1. Еденде пішіндерден құрылған көшелер. Үйлерде балалар пішіндермен тұратын болады. Бір – бірлерімен танысуды ұсынамыз: өз пішінінің «атын» атату. Досына үй тауып беру.

2. Ұлдардың, қыздардың пішіндері қайда «тұратынын» анықтау.

3. Топ бұрыштарында түстерге сәйкес пішіндерді қою. Педагог былай деп түсіндіреді: «Енді пішіндер өз достарын қошеметпен қарсы алады: көк пішіндер – отырады, қызылдар – секіреді, сарылар - айналады». Дабыл бойынша: балалар қозғалады.

4. Сіздің пішініңіздің «үйі» қайда болғанын есіңізге түсіріңіз. Өзіңіз жасаған қозғалыс қимылыңызды көрсетіңіз.

 

 

«Теңіз пішіндері»

 

Балалар топтарға бөлінеді. Біреулері жағадағы тастар болды, басқалары қолдарынан ұстап, еденге отырды. Барлығы мынадай сөздерді атады:

«Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі. Теңіз толқиды үш! Теңіз жұлдызы тұр тыныш!»

Балалар – «тастар» ұсақ тастардың теңіз жағасындағы қимылын көрсетеді,  ал балалар «теңіз жұлдызының» қимылын жасап жатады. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бұл ойын барлығына ұнайды. Көңілді, шулы өтіп, балалар кішкене еркелеп алды. Балаларды тыныштандыру үшін мен мынадай релаксация сәтін ұсындым, яғни «теңіз бетіндегі тыныштық» дедім, балалар тыныштықты ести отыра, дельфиндердің жүзгендерін, кеменің суда жүзгенін, теңіз тыныштығын бейнеледі. Сосын үстелге барып пішіндері бар қораптарды алуларын ұсындым.

-         Пішіндерді үшке бөліңдер: сары, көк, қызыл.

Сары пішіндер күн болады, көктер – толқындар, қызылдар – кемелер.

Бірінші болып  Санжар тапсырманы орындады. Көк пішіндерді үстелдің төменгі жағына қисық жол ретінде қойды, күнді қою әрине қиындық туғызған жоқ, кемелері барлығының әртүрлі болып шықты. Балалар бір – бірлеріне қонаққа барып қандай сурет жасағандарын тамашалады. Содан кейін тапсырманы одан әрі ойлап табуды ұсындым.

-         Теңіз және мұхит түбінде қазынасы мол сандықтар жатыр дедім. Маған

-         жақындап қанша сандық алғыларың келсе, сонша алыңдар. Балалар жақындап, қанша алғылары келсе, сонша алды. Барлығына жетпей де қалды. Басқа топтамадан алуға тура келді, өйткені балалар 5,4,3,2 сандықтан ала бастады. Қазына деген түсінік ұнады.

- Енді сандықтың ішінде қандай қазына жатқанын тауып ала аласыңдар ма дедім. Ол үшін сендерге өздеріңнің пішіндерің көмектеседі. Балалар пішіндердің қасиеттерін тамаша ұғады, сондықтан сандықтардың ішінде қандай қазына жатқанын табу қиындыққа әкелген жоқ.

Тапсырманы тез орындаған балаларға басқаларына көмектесуді және менімен бірге тексеруді ұсындым. Олар бар ықыластарымен жұмыстарын атқарды. Барлығы жетістікке жетіп, ойын аяқталды.

 

«Гүлді жазық дала»

Мақсаты: Достарына көмекке келу, достық сезімді сақтай білу дағдыларына тәрбиелеу. Дьенеш пішіндерін үш қасиетке: түсі, пішіні, көлеміне сай айыра білулеріне жаттықтыру. Берілген қасиетке сай пішіндерді сұрыптауға үйрету. Балалардың ес, ой, зейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.

1 тапсырма.

Балалар, кәнекей пішіндерден жазық дала құрастырайық. Бұл далада қызыл, көк, сары гүлдер өсетін болады. Тақтада үлгі көрсетіледі.

Балалар үлгімен салыстыра отырып пішіндерді өз алдарына қояды.

2 тапсырма.

-         Балалар, өздеріңнің қанқыздарыңды алыңдар да, ұшыңдар. «Қанқыз»

ұшып жүріп, кішкентай үшбұрышты көк гүлге қонды. Гүлдің тәтті нәрін сорып, ары қарай ұшып кетті. Алыстан үлкен қызыл гүлді көріп, соған барып қонды». Әр балаға жылдам сауал қойдым: «сенің қанқызың қандай гүлде отыр?».

3 тапсырма. Сергіту сәті:

«з-з-з-з ызылдауық қоңызым, қайда барып қондың? Мен жапырақ астында,

ызылдаймын дем алып!». Енді, қанқыз ұйықтау үшін домалақ сары гүлге ұшып кетті.  Ол қандай гүл? Балалар: бақбақ – деп жауап берді. Бірден жауап алдым. Сенің қанқызың қайда отыр? Қандай гүлге ұйықтауға кетті.? Ол бірден тез жауап бере алды. Бұл әрине оның зейін қойып тыңдап, тапсырманы орындап отырғанын көз жеткізді. Қанқыз ұйықтап жатқанда, біз сендермен асханаға шырын ішуге барамыз.

4 тапсырма.

Қанқызға қайтып келеміз. Кәнекей, қанқыздарға сыйлық жасайық. Мен сендерге сандықшаларды таратып беремін. Сандықта шырыны бар қандай шиша жатқанын кім тез тауып бере алады? Жоққа шығаратын қасиеттерді тез қолдана бастап, пішіндерді топтастыру жүреді.

Қорытынды.

Барлық тапсырмаларды өзім тексеремін, меннен кейін балалар жүрді. Қорытындыны ауызша айтып, балалар бір – бірлерін бағалап шықты.

«Үшбұрыш ханзадада қонақта».

Мақсаты: Достарына көмекке келу, достық сезімді сақтай білу дағдыларына тәрбиелеу. Символдар бар карталарды көрсетіп, олардың мағынасын түсіндіру, яғни үйлер, басқа пішіндерді атату.

Ойын барысы:

         Үшбұрыш ханзадасы Геометрия еліне қонаққа шақырады. Өзінің достары – басқа пішіндермен таныстырмақшы: оларды толық атайды. Мысалы: менің досым – көк кішкентай шаршы, ....

Елді аралап жүріп балалар Үшбұрыш ханзаданың жолдастарын табады. Келесі сабақта ханзада өзінің шаһарымен, ондағы үйлерімен таныстырады. Қай досы қандай үйде тұратынын анықтауды ұсынады. Әр үй бейнесінің жанында пішіндердің үш қасиетіне байланысты белгілер болады. Балалар жоққа шығару арқылы тез тауып алады.

 

 

                   Үй тапсырмасы: «Достарыңа дәм таттыр»

                               Ата – аналармен ойнау

Пішіндер қасиеті бейнеленген символдар бар ыдыстар.

Пішіндердің бірінші қасиеті: түсі, пішіні, көлемі.

Пішіндердің екінші қасиеті: түсі мен көлемі, пішіні мен түсі, пішіні мен көлемі.

Пішіндердің үшінші қасиеті: түсі, көлемі, пішіні.

 

 

 « Менің үйім».

 «Отбасыларыңмен бірге тұратын армандаған үлкен үйлеріңді салыңдар».

«Дьенеш пішіндерімен құрастырылған үйді» сабақта өз бетімен құрастыруға болады.

 

 «Киіз үйді әшекейле».

         «Дьенеш пішіндерін» қолдану арқылы түрлі деңгейдегі тапсырмалардың нұсқалары. Тапсырмаларды балалардың алған білім, дағдыларына қарай түрлендіріп отыруына болады.

1. «Киіз үйді үлгі бойынша әшекейле».

Үлгі бойынша көрсете отырып барлық 24 пішінді қойып шығуға болады. Мысалы. Үлкен қызыл үшбұрыш киіз үйдің ортасында тұрады, кішкентай көк шеңбер – жоғарыда, ол шаңырақ болады.

2. «Киіз үйді екі символды пішіндердің қасиеті бойынша әшекейле»:

А) көлемі мен түсі бойынша. Мысалы, үлкен қызыл пішіндер, үлкен көк пішіндер, үлкен сары пішіндер. Кішкентай қызыл, кішкентай көк, кішкентай сары пішіндер.

Овал: қ Овал: к Овал: с
 

 


           Қ                                                     

 

 

 

Б) түсі және пішіні бойынша. Мысалы, қызыл шеңберлер, көк шеңберлер, сары шеңберлер;

                                                                              

 

Қызыл шаршылар, көк шаршылар, сары шаршы пішіндері;

                                                                   

 

Қызыл, көк, сары тіктөртбұрышты пішіндер

                                                                    

                                                                                                       

 

 

Қызыл, көк, сары үшбұрышты пішіндер

 

 


В) Көлемі мен пішіні бойынша. Мысалы, кішкентай дөңгелек, үлкен дөңгелек пішіндер;

Кішкентай үшбұрышты, үлкен үшбұрышты пішіндер;

 

« Математика» сабақтарында    Дьенеш пішіндерін қолдану арқылы    «Көңілді пішіндер» айдары бойынша сабақ конспектісі.

            Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

(Дьенеш логикалық блоктармен  құрастырылған математика сабағы)

Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш  сипаттама (түсі,пішіні,көлемі) арқылы сұраптау білу.

 Міндеттер:

Білімділік: -1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту.

- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.

- Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

- тапқырлығын арттыру.

- Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. 

Тәрбиелік: - Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті,геометриялық пішіндердің суреті.

Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті үлкен-кіші  геометриялық пішіндер,сандар,тапсырмаларымен карточкалар.

«Салыстыр-толықтыр», «Жүру ережелер», қағаздан шығыршықтар, «смайликтар», бағалау  жұлдызшалар.

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап,көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс өткізу,дидактикалық ойындар.

 Сөздік жұмысы: геометриялық фигуралар, сипаттама, пішін,

«Досы көпты жау алмайды»

 

 Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: 

Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус» деген ұғымдар жайында түсіндіру. Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар өткізу.

 Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

   – Балалар, бүгін бізде ерекше күн,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен»,  «мейірімді аспан атамен»  амандасайық!

Сәлем дейміз аузымызбен

Сәлем дейміз қолымызбен.

Сәлем дейміз  көзімізбен                                              

 Қуансын, барша әлем бізбен!.

    Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. 
-    Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.

 Сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.

 2.Сабақтың мақсатымен таныстыру:

   Балалар математика Патшайымнаң хат келді, оны Патшайымның достары  Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтаға пішіндердің бейнесін ілу)

Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе?  Олай болса тезірек асығайық.

Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен

баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.

 1. Геометриялық пішіндерден поезд құрастыру.

Міне поезда дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.Ал тез вагондарға орналасайық.

Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.

-Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.

 

2.Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»

Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Әр баланың алдында  1-ден 10-ға дейін цифрлар.

1.кемпірқосақта неше түс бар? (7)

2.бағдаршамда неше көз бар? (3)

3.қолғапта неше саусақ бар? (5) 

4.адамда қанша көз бар? (2)

5.жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

6.аспанда неше күн бар? (1)

7.бір жылда неше ай бар? (12)

8.бір аптада неше күн бар? (7)

9. Адамда қанша саусақ бар? (10)

10.Екі сиырдың неше мүйізі бар?(4)

-Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы . 

3. «Пішіндерді өз үйіне орналастыр» ойыны.     

Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру,пішіндер туралы білімдерін бекіту.

 

   

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті: 

Мынау-  менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

 Мынау- басым ақылды,

Бәрін өзі басқарған

Мынау- менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам!                       

-көмегімізді әрі қарай жалғастырайық!

3 .Оқулық дәптермен жұмыс.

  « Фигураларды пішініне қарай топтастыр»   Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сенбейді,сондықтан осындай тапсырма беріпті:

 Жасыл  сандықтың ішіне

- тек қана дөңгелектерді салындар; 

- енді, тек қана  Үшбұрыштарды сары сандыққа жинаңдар;

- тек қана шаршыларды қызыл сандыққа саламыз.

Мақсаты: Пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру, түстерді ажырату.

 

 

 

 4. « Өзгерт»

 Мақсаты.  Геометриялық пішіндерді өзгерту, түсіне, өлшеміне, санына байланысты.

 

 5. « Құс бейнесін құрастыр»

Мақсаты : Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, құс бейнесін құрастыруды үйрету.

Ойын барысы:

Педагог балаларға геометриялық пішіндерді үлестіреді. Балаларға геометриялық пішіндерден әр түрлі бейнедегі құстарды құрастыру тапсырмасын береді. Содан кейін әр бала құрастырған құстардың атын және оларды қандай геометриялық пішіндерден жасағанын айтады. 

Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін.Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса,телефон арқылы хабар жібереді.  Ұялы телефонмен ақпараттарды жөнелтемін.(телефон шырылдайды).

-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.

Енді  ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.

 

   Қорытыңды:

-Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді   сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.

- Балалар, біз қай қаланың тұрғындарына көмек көрсеттік? Не қиын болды? Не ұнады? Қандай тапсырмаларды орындадық? Сендерге ұнады ма?  Ендеше«Көңіл-күйдің бет-бейнесі» көрсетіңдер.

Балалар өз-өздерін бағалайды.Геометриялық  пішіндер арқылы:

 Үшбұрыш- орташамын,

Төртбұрыш –жақсымын.

 Бесбұрыш –өте жақсымын

Дөңгелек-жұмыс жасауым керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

 

1.    Кіріспе                                                               

 

2.    Дьенеш пішіндерін пайдаланудың мақсаттылығы                                 

 

3.     Математика сабақтарында Дьенеш пішіндерін қолдану

4.    Сабақтардағы ойын  ойын тапсырмалар

5.    Дьенеш пішіндерімен ойын сәттері

6.    Сабақтар конспектісі

7.    Қолданған әдебиеттер тізімі

8.    Мазмұны

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.    Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. А.Б. Акпаева, Л.А. Лебедева  Алматыкітап баспасы 2012ж

2.    Бастауыш сынып  журналы №6 2013ж,№1,2 2014ж

3.    Қызғылықты математика Аруана баспасы 2010 .Г.И. Долженко

4.    Мектепалды дайындық тобының 5-7 жас шамасындағы балаларға арналған бағдарламасы. Караева, Исмаиловой, Попова,   Алматы, 1999ж.

5.    Математика  логика және информатика элементтерімен 2012ж

6.    Логика и математика для дошкольников. Носова, Непомнящая, С-П. 2000г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика сабақтарында Дьенеш пішіндерімен ойнау үрдісінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 515 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2016 2995
    • DOCX 1021.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухтарова Раушан Заировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухтарова Раушан Заировна
    Мухтарова Раушан Заировна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10077
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой