Инфоурок Дошкольное образование КонспектыМатематика сандар әлеміне саяхат

Математика сандар әлеміне саяхат

Скачать материал

      Тақырыбы: Сандар әлемі

 

      Мақсаты: Балаларды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауға, сандардың көршісін, жыл мезгілдерін, апта күндерін атауға, геометриялық пішіндер мен денелерді табуға, жұмбақтар шешуге үйрету.  Қисынды есептерді пайдалана отырып ойлауға үйрету және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

      Көрнекілігі: Суреттер, таяқшалар, карточкалар, геометриялық пішіндер.

      Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету.

      Сабақ барысы:

      Ұйымдастыру.  «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу:

      Балалар: Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз!

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар!

Аман болсын балалар!

      Жүректен жүрекке жылы лебіз:

Аспанымыз ашық болсын!

Жеріміз гүлдене берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Ынтымағы жарасқан ел болайық!

Қазақстан гүлдене берсін!

Отбасымыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Жеріміз бай болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

      Тәрбиеші: - Ал балалар, осы достығымызды бұзбай, бәріміз үстел басына жайғасайық.

Балалар 2 топқа бөлінеміз. 1-топ есеп орталығына, 2-топ аспазшы орталығына отырамыз.

Есеп орталығы.

-Балалар, (бүгінгі күн.)

Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, өткен сабақта не туралы оқып едік?

-Жыл мезгілдері.

-Қандай жыл мезгілдерін білеміз?

-Қыс, көктем, жаз, күз.

-Бір жылда неше ай бар?

-Кане, қыс айларын кім айтады?

-Көктем айларын кім айтады?

-Жаз айларын кім айтады?

-Күз айларын кім айтады?

Мына суреттерде  қай мезгіл?

-Қазір қай мезгіл? Қай ай?

-Тамаша, балалар, үй тапсырмасын жақсы орындапсыңдар.

Бағалау.

      Тәрбиеші: - Балалар, бізге қонаққа қоян келіпті. Оның қолында қорапшасы бар екен. Көтере алмай келе жатқан соң, мен көмектестім. Ал, қоян, бізге не үшін келген екен?

      Қоян: Мен келесі жылы мектепке дайындалып барғым келеді. Сол үшін маған мына қораптағы тапсырмаларды орындауға көмектесесіңдер деймін.

      Тәрбиеші: - Ал, қане, балалар, қоянға көмектесеміз бе?

      Балалар: - Иә.

      Тәрбиеші: Ендеше, қоян, сенің тапсырмаң не жайлы?

      Қоян: Математика сабағы туралы: «Сандар әлеміне саяхат».

      Тәрбиеші: - Тапсырмаң түсінікті, қоян. Онда біз сенің тапсырмаңды орындауға көмектесейік.

      Қоян: - Алақай, менің тапсырмамның шешуін балалар қалай шешеді екен?! Мен тамашалап отырайын. Ендеше, тапсырмаларды үстел үстіне қоямын. Әрі қарай қалай орындайтындарыңды өздерің білесіңдер.

      Тәрбиеші: - Қане, балалар, осы сандардың құпиясын шешейік!

      Бір бала шығып, қорапқа қолын салып, 1 санына түссе, 1-тапсырманы орындайды. Сұрағын алып оқу.

1-тапсырма.

 -Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін айтыңдаршы. Апта күндері туралы тақпақты кім айта алады. айту.

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық қалада.

Сәрсенбіде серуен құрдық сәнденіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде бір жиналып демалдық,

Осылайша, өте шықты бір апта.

 

2-тапсырма.

-1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

3-тапсырма. 

-Геометриялық фигураларды ата.

Енді бәрің де тақтаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?.

     - Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 


          шаршы                             тік төртбұрыш                        үшбұрыш

 

 

 

 

 


            текше                        

            дөңгелек                        көпбұрыш                           сопақша

 

Сандар туралы санамақ айту. (жанды сурет арқылы санамақ жаттайық)

1-бала: Бір дегенің – білезік,

2-бала: Екі дегенің – егеу,

3-бала:Үш дегенім – үкі,

4-бала: Төрт дегенім – төсек,

5-бала: Бес дегенің – бесік,

6-бала: Алты дегенің – асық,

7-бала: Жеті дегенің – жүзік,

8-бала: Сегіз дегенің – сандық,

9-бала: Тоғыз дегенің – тарақ,

10-бала: Он дегенің – оймақ,

Он бір – қара жұмбақ.

        Сергіту сәті:

Оң қолымда – бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Оң аяқта – бес башпай,

Сол аяқта – бес башпай,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он башпай.

 

4-тапсырма.

 «Алма теру» ойыны арқылы қосу амалдарын, плакаттағы суретті азайту амалдарын шығару.

2+2=4                    5+5=10           6+0=6          10+0=10

Балаларды тақтада есеп шығарту.

-Ал қалғандарың дәптерге жазыңдар.                   

5-тапсырма.      Жұмбақ шешу.

Тіктөртбұрышты, бір ауызды    (сандық).

Бірі – үлкен, бірі – кіші, туысқан бірге бес кісі  (қол).

Бес ін, бес іннің аузы – бір ін  (қолғап).

Төрт аяқты, төрт таяқты, үстінде мен жатамын, тәтті ұйқыға батамын                                        (кереует н/е төсек).

6-тапсырма.       Жеті санының қасиеті туралы кім біледі? Осы санға байланысты жігіттің жеті қазынасы, жеті атаны кім айтады?

Жеті ата: баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек.

Жігіттің жеті қазынасы: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт.

               Дидактикалық ойын. 2, 4, 6, 8 сандарының көршісін тауып, орнына қой. Ол үшін алдыңғы және артқы сандарды ата. (карточка)

Қорытынды.

-Балалар, біз бүгін сабақта не жайлы айттық?

-Жыл мезгілдерін, 10-ға дейін санадық, есеп шығардық, 7 санын, жеті ата, геометриялық фигуралар туралы айттық.

-Балалар, сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Қоянға мектепке баруға көмектестіңдер.

Бағалау.

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Егер ұнаса алдарыңдағы стакандағы таяқшаның қызыл түсін жоғары көрсетесіңдер, егер сабақ ұнамаса немесе бір жерін түсінбесең көк түсін көрсетесіңдер.

-         Балалар, менің тапсырмамды жақсы орындап бердіңдер, мен енді мектепке баруға дайынмын. Рахмет сендерге! Менің сендерге әкелген базарлығым бар.(қоян конфет таратады) Сау болыңдар,- деп қоян кетіп қалады.

Үйге тапсырма:

Карточкадағы суреттің есебін шығару, бояу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика сандар әлеміне саяхат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 657
    • DOCX 108.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжуминова Бакыт Адамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байжуминова Бакыт Адамбековна
    Байжуминова Бакыт Адамбековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24931
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 35 регионов

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов