Тақырыбы: Санды 6 – ға көбейту және бөлу
кестесі
Мақсаты: 6–ға көбейту және бөлу кестесі
жайлы түсінікті
қалыптастыру,білімдерін бекіту.Логикалық ойын ,жылдам
есептеу
дағдыларын,математикалық тілін дамыту;
Екі амалмен
шығарылатын есептерді шығаруға жаттықтыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа
баулу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, іздену.
Көрнекілігі: суреттер,
кестелер,билеттер,үлестірмелі қағаз
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сендерге табыс
тілеймін,
Жарық пен жылу,
денсаулық!
Бір – біріңе сендер
де, тілеңдер тек жақсылық!
ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 8 аралап
тексеріп ,ауызша бекіту.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
Сұрақ-жауап түрінде тапсырмаларды орындап
« Астана » сөзін
шығару.
Бестен кейінгі сан – Алты
Екі көбейту төрт - Сегіз
Үш жердегі үш - Тоғыз
Қырық + жиырма - Алпыс
Нөлді
санға бөлгенде? Нөл
Қосуды қалай тексереміз? – Азайтумен
Ендеше балалар,бүгін біз сендермен
Астананың көрікті жерлерінің бірнешеуіне саяхатқа барамыз.
Мақсат қою кезеңі: Санды 6 – ға көбейту
және бөлу кестесі туралы білімдерін тиянақтау.
Дәптермен жұмыс ,күн реті,көркем жазу :
258
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
№ 1. ,, Бәйтерек ,, - тапсырмасы /есеп
шығару/
а) Шешуі:2*6+12=24
(м)
Жауабы: 24марка болды
ә) Шешуі: (30-18) :2 =6 күн
Жауабы: 6 күнде жеп
бітіреді.
№2. ,, Бейбітшілік пен келісім сарайы
,,-тапсырмасы / тақтада /
6 кг *6 =36 кг 360кг: 6= 60кг
8кг*6 = 48 кг 480 кг: 6=80кг 7кг*6=42кг 420кг:6=70кг 9кг*6=54кг
540кг:6=90кг
№ 3. ,, Нұр Астана мешіті ,, тапсырмасы -
Қалдықпен бөлуді орындау.
19 : 6 = 3 (қалд.1) 26: 6 = 4
(қалд.2) 45 : 6 = 7 (қалд.3)
34 : 6 = 5 (қалд.4) 46: 6 =
7(қалд.4) 59 : 6 = 9 (қалд.5)
Сергіту сәті ---- «Көктудың желбірегені»
әні ,әуенімен ойнап тұрғанда
оқушылар тапсырманы
орындайды./жылдамдықтарын бақылау/
№4.
,,Хан шатыры,, Сәйкестендіру. Өрнектердің
мәндерін тап.
/ Ауызша тақтада/
5 х 6 = 60 : 2 10 х 5 =
100 : 2 9 х 5 = 90 :10 +36
30=30
50=50 45=45
8 х 5 =
800:20 7 х 5 = 700:100 х5
40=40
35= 35
№5. ,, Астана Арена стадионы ,, –
тапсырмасы.
Өрнек құрып, мәнін табу:
а) (60 + 20) + 4 = 84 б)
(40 +20 ) х 5 =300
ә) (0 +300) – 4 = 296 в)
(100-0 ) : 50 =2
Ү . Білімін тексеру:
№6. ,, Цирк ,, - тапсырмасы. Теңдеулерді
шешу:
Х : 6 = 6 36 : Х=
6 Х *6 = 36 6 * Х= 36
Х = 6*6 Х =36 :
6 Х =36 : 6 Х= 36: 6
Х = 36 Х =
6 Х = 6 Х= 6
36: 6 = 6 36: 6 =
6 6 * 6 = 36 6 * 6 =36
6 = 6 6 =
6 36 = 36 36= 36
ҮІ. Қорыту: Шығармашылық жұмыс.
80 : 8 = 10
Ж: 10 алма ағашы бар.
ҮІІ. Үйге тапсырма: №1 ә) 60 бет
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Рефлексия. / Өздерін
– өздері бағалау /
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.