Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМатематика 1 сынып "І - тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі"

Математика 1 сынып "І - тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі"

Скачать материал

Математика 1 сынып

Ітоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі

 

 

Бұл  жоспар – бастауыш  сынып  мұғалімдеріне   көмек  ретінде  ұсынылады.   

Мұғалімнің   әрбір  өтілетін  сабағы  қазіргі  кездегі  оқыту  талаптарына   сай  болып  келуі  қажет.   Оқушылардың  өзіндік  сенімін  арттыру, олардың  шығармашылығын  дамыту,  өтілетін   сабақтың оқу –материалын   терең ұғына  беруге  баулу -  мұғалімнің  педагогикалық   шеберлігіне  байланысты.   Әр  сабақта   баланың  жас  ерекшелектеріне    сай  түрлі  ойын  элементтерін    пайдалана  отырып, сабақты  белгілі  бір    мақсатпен  оқушының   ойлау  қабілетін   дамытатындай   етіп   ұйымдастыру керек.

Жоспар  Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровованың 2009 жылы «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулық  бойынша жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   І тоқсан

1-ші  сабақ

Сабақтың  тақырыбы: Заттардың  қасиеттері. Заттарды  санау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Заттардың  қасиеттері (пішіні, түсі,мөлшері)  бойынша  оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.

     2.Дамытушылық:  Оқушылардың  ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық  тілін  дамыту.

     3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың  әдісі:  Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың  көрнекіліктері:тиін мен  қоянның суреті, оқулық, дәптер,үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген  оқушы  және  кішкентай бала  суреті.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін  бізге  қонаққа   қол ұстасып  Тиін  мен  Қоян  келді.  

Олар бізіді  шаттық  шеңбер құруға   шақырып  тұр.

     *Психологиялық  дайындық.Әрбір  адам  -досым, сыныптасым,

                                                            Әрбір  ісің  -тіршілік, адамдық

                                                            Әрбір сабақ -үйрену, оқу, іздену,

Әрбір  сөзін -шындық, бірлік, адалдық.          

DSC04724

  ІІ.Кіріспе сөз.Математика пәні және оның адам өміріндегі рөлі туралы әңгіме жүргізу.

*Заттардың  қасиеттері  туралы түсініктерін анықтау.

Ауызша  жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен  заттардың топтарын  (пішіні, түсі,мөлшері  бойынша бірдей  және  әртүрлі ) таңдап алу.

Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі  әртүрлі  бірнеше доп  және текше, т.б. Заттың түсі,  оның неден жасалғандығы,  көлемінің  қандай екендігі,  балалардың  олардың пішінін  ажырата алатыныдығы  анықталады. Ары қарай заттар   аталған белгілері бойынша салыстырылады.  (Мұғалім оқушылардың   неше?   деген  сұраққа  жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін   анықтайды).  

  ІІІ. Оқулықпен жұмыс

Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру.

№1   суреттің мазмұны бойынша  әңгіме  жүргізіледі.

  - Суретте   кім бейнеленген? (мектеп формасын киген  оқушы  және  кішкентай бала). 

№2   тапсырма екі суретті  салыстыруға арналған.

№3   тапсырма  мұғалімге  оқушылардың  санауды  меңгеру  деңгейін, зейінін, топтай білу  дағдыларын  анықтай  алуына   көмектеседі.

     Барлық тапсырманы   орындағаннан  кейін  оқулықты жапқызып , оқу  құралдарының  партада  дұрыс  орналасуын көрсету керек.

     IV.Сергіту сәті.

Бір,екі, үш

Демаламыз , жинап күш.

Үлгілі оқушы боламыз,

Ылғи бестік аламыз.

V. Дәптермен жұмыс.

Дәптермен жұмыс алдында  сергіту сәті өткізіледі.  Содан кейін мұғалім  оқушыларға дәптердің  партада қалай  орналасуын  және  жай қарындашты, қаламды  қалай  ұстау керектігін  көрсетеді.  Дәптердегі  тапсырма бойынша жұмыс.  

-Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын  табындар.

-Неше пирамида  (сайқымазақ, доп) бейнеленген?

-Әр ойыншықтың бейнесінің  жанына сол ойыншық  нешеу  болса, сонша  таяқша сыз.

№2 тапсырма  суретте бейнеленген  заттарды санауға,салыстыруға арналған. Балалардың санау,түс,мөлшер туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы  бойынша әртүрлі қарындашты аяқтап салуын сұрайды.

№3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек.Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады.

№4 тапсырма балалардың фигуралар-дөңгелек, үшбұрыш, шаршы                                                              туралы білімдерін анықтау мақсатын көздейді. Сондай-ақ оларды бояу  жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді.

VІ.Сабақты қортындылау.

-Бүгін   сабақта не білдік?

-Сабақта не ұнады?

VІІ. Оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Пішін, өлшем туралы  түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Заттардың  пішіні  мен өлшемі туралы түсініктерін қалыптастыру;

     2. Дамытушылық:  Заттардың  ұқсастығы мен  айырмашылығын анықтай  алуға үйрету( түсі,пішіні, өлшемі  бойынша); заттарды  санауға  жаттықтыру.

      3. Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, тазалыққа  баулу.

Сабақтың  әдісі:  Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың  көрнекіліктері: жол  белгілері,   әр түрлі заттар,

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық.

«Армысың досым,

Кел,маған қосыл.

Алақанға салып  алақан,

Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша   жұмыс  жүргізу  үшін  түрлі -түрлі  суреттер  дайындау. Мысалы:  3 түсті доп (үлкен,кіші ), 3 түрлі сызғыш (ұзын,қысқа),  3 түрлі текше т.б.

Әр затты  сипаттап беру.

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс. 

Мұғалім бірдей пішіндегі 2-3 затты көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың  ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды  қоршаған  ортадан табуды ұсынады.

Геометриялық  фигуралармен жұмыс. Мұғалім әртүрлі  геометриялық  фигуралардың  ішінен дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы пішіндегі  фигураларды  көрсетуге сұрайды.

       - Егер  оқушылар  тапсырманы жеңіл орындаса,ары қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы:  «Фигуралардың  арасынан  кішкентай жасыл емес фигураны тауып көрсет»,т. б. Әр  оқушы өз  нұсқасын ұсынады,өз пікірін  дәлелдейді.  Мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады, ойлау процестерінің,  тілдерінің  дамуына  көмектеседі.

ІV. Оқулықпен жұмыс.  №1 тапсырма заттың пішіні туралы түсініктерін нақтылау мақсатын көздейді.   Алдымен  көшеде  жүру ережесі  туралы  әңгіме  жүргізіледі, содан соң жол белгілеріне, олардың  пішіндеріне көңіл аударылады.

№2 заттардың  пішіні  туралы білімдерін анықтау.

 Белгінің  өзі, оның  бекітілген тұғыры  қандай екенін қарау керек. Барлық  үшбұрыштарды (шаршыларды, дөңгелектерді) санаудыц  ұсынып, тапсырманы орындау.

№3 тапсырма  заттардың  пішіні, өлшемі  туралы білімдерін бекітуге  арналған.  Мұғалім  алдымен  көліктердің дөңгелегі нешеу екенін, содан соң жеке тұрған дөңгелектерді  санайды. Оқушылар  жауаптарын дәлелдей  тырып, машиналарға , велосипедке дөңгелектер  таңдайды.

№4 тапсырма бақылағыштықтарын дамытуға, заттардың  пішінін айыра білу дағдыларын бекітуге берілген.

-Шаршы пішінді зат нешеу?

-Дөңгелек пішінді  нешеу?

-Шам мен  матрешканы алмұрт  пішінді  деп  айтуға  болады. мұндай  заттардан  нешеу  бейнеленген?

Фигуралардың  екі  тобын  салыстыру.

«Өрнек  құр», «Артық фигураны тап» т.б.  ойын  түрлерін  жүргізуге  болады.

VI. Сергіту  сәті

VII.Дәптермен  жұмыс     4-5 бет

№1 тапсырма . Түсі  және  пішіні бойынша  салыстыру  жұмыстар  жүргізіледі. Оқушылар  толық  жауаппен  жауап  беріп  отырады.  Мысалы:

-Мен екі  фигураны   олар шаршы және  түстері  бірдей  болғандықтан   біріктірдім.

№2 тапсырма  жаңа  материалды бекітеді  және  саусақ бұлшықеттерін  жетілдіруге  қызмет етеді.  Үзік   сызықтар бойымен фигураны бастыру  керек.

VIIІ. Өтілген  материалмен  жұмыс  жүргізу.

№3тапсырма .  «Сиқырлы суреттер»  қиялдарын дамытуға, графикалық және санау дағдыларын жетілдіруге арналған.  Оқушыларға фигураның пішінің анықтау, қоршаған ортада     қандай заттар  осындай пішінге не екенін табуға  тапсырма беріледі.  Осы  заттарды   аяқтап  салу  ұсынылады.

№4 тапсырма «үлкен  және  кіші»  тақырыбын  қайталауға  мүмкіндік  береді.   «Кімнің  қолшатыры»  сызық арқылы  қосу.

ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?-Қандай  тапсырма қиын  болды

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Кеңістік  туралы  түсінік.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың  кеңістік  туралы   (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін  қалыптастыру және нақтылау.

2.Дамытушылық:  оқушылардың бақылағыштығы мен логикалық ойлауын дамыту.

    3.Тәрбиелік.  Зейіншілікке  ,тәртіптілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану пәнімен

Сабақтың  көрнекіліктері:  күннің  суреті ,  геометриялық  фигуралар.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Тиін  мен  Қоянның  әкелген ережесін оқыту1.Тыныштық  сақтау.DSC047242.Бір -бірін тыңдау.

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

ІІ.Психологиялық  дайындық .

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

«Артық  фигура»  ойынды өткізу.  Берілген  суреттер  бойынша  жұмыс жүргізу.

1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш,  тіктөртбұрыш

2). Үлкен  үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш,  шаршы.

3). Шаршы, төртбұрыш,  дөңгелек.   Оқушылар  жауаптарын дәлелдеп отырады.

 

IV. Жаңа  материалмен  жұмыс

Жаңа  тақырыппен  танысу  жұмысын  практикалық жұмыстан бастауға  болады. Мұғалім  балалардан сол қолын көрсетуді, оң қолын көтеруді, сол жақ шекесіне қолын тигізуді, т.б. сұрайды.   Оқушылардың  сөйлеу  тілдерінде  «үстінде», «астында», «ішінде»,  «сыртында», «арасында», «оң жақта», «сол жақта»  сөздерін  дұрыс қолдануы маңызды.

V. Оқулықпен жұмыс.  №1 тапсырманы орындау  кезіңде сурет бойынша сұрақ  қою арқылы заттардың  , балалардың  кеңістіктегі  орны анықталады.

Заттардың  өзара орналасуына  қатысты сөздерді дұрыс  қолдануға  үйрету үшін мынадай сұрақтар қоюға болады.

   Тиіннің   сұрақтары:

-Үйдің алдында не тұр?

-Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде әткеншек тепті?

   -Әткеншектің алдында кім  тұр?  Осындай     әткеншекке жақын  тұруға бола  ма?

-Сырғанаққа  артынан  келіп  тұрған  қызды тап, т.б.

№2 тапсырма  оқушылардың «жоғарыда, төменде, алдында, артында, оң жақта, сол жақта»   сөздерін  өз  беттерінше қолдануға  жаттығуы  үшін  берілген.

№3 тапсырма   оқушылардың зейінін    дамытуға  көмектеседі.  Оқушылардың  оң жағы мен сол жағын шатастыратыны белгілі. Бұл  әсіресе бейне немесе заттың баланың алдында  тұруына, айнадағы кескініне  байланысты. Мұндай  жағдайда  суретте  бейнеленген қонақтар орнын ауыстырып отырғанын анықтау үшін қыздың  оң  жағында  кім , сол жағында кім отырғанын анықтау керек.  Содан кейін осындай бақылауды екінші суретпен де жүргізу керек. 

1-ші  суретте  балалар  қалай  отыр?  (Сұрақтарға   толық  жауап беру. Мысалы:   

1-ші үстелдің  басында үш  бала  отыр. Төрде  Айгүл,  Айгүлдің  сол  жағында Болат , оң жағында Олжас отыр.)

     Қоянның  тапсырмасы:

-Суреттегі қонақтар орындарын ауыстырып отырды   ма? 

Иә, 2-ші  үстелдің  басында , балалар  өз  орнындарын  ауыстырып  отыр. Болат  пен  Олжас  бір -бірімен  орындарын ауыстырды.

VI.Сергіту  сәті.

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  соғайық.

    Бір отырып, бір  тұрып.

Бір отырып, бір  тұрып.

Дем алғасын отырайық.

VII.Дәптермен  жұмыс     5-6 бет

№1  (жай  қарындашпен)  қызғалдақты  киіз  үйдің сол  жағына, көбелекті  жоғары, күннің   көзін оң  жаққа,  шөптерді  төмен  жаққа  орналастырамыз.

№3  үлгі  бойынша орындау. Бағытты  көрсетіп тұрған  бағдаршаны  сәйкес  түспен бояу керек.

№4  Лабиринт. Тауықтың қозғалыс  бағытын дауыстап  айта отырып, жолын жүргізу.

VIIІ. Өтілген  материалмен  жұмыс  жүргізу.

№2 тапсырма оқушылардың  графикалық, торкөздерге дұрыс жаза  білу біліктерін  дамытуға  бағытталған.  «Түйенің  ізі» өрнегін салу.Содан  соң  «Таулар»  тапсырмасы орындалады. Алдымен   балалар өрнекті үзік  сызықтармен   бастырады, содан  соң тапсырманы  өөз  беттерінше  орындайды.  Егер   оқушы  суретті  жеңіл  орындаса, пайда  болған өрнекті  бояуды ұсынуға  болады.

ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Х.  Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Уақыт    туралы  түсінік.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың  уақыт  туралы    түсініктерін  қалыптастыру , нақтылау.

2.Дамытушылық:  уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс  қолдана білуге   үйрету; оқиғалардың  ретін қоя білудағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік:   ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:ауызша, жазбаша.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың  көрнекіліктері:  күн  тәртібі,  сағат  макеті,  суреттер

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық  дайындық .

«Амансың  ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді  көрсем  қуанамын мен»

     -Балалар,  бүгін  біздің  сабағымызға  Аю  келді. Ол  бізге  көп  тапсырма  

 әкелді ( әр тапсырманы  Аю  үнтаспадан  хабарлап   тұрады)

Сабақтың  ережесі:

1.Тыныштық сақтау

2.Бір -бірін   тыңдау

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

 

DSC04707

 

 

 

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

       Кеңістіктегі   заттардың  орналасуы туралы түсініктерін  бекітетін, санауды қайталауға бағытталған  ойындар мен  жаттығуларды кіргізе  отырып, ауызша жұмыстар жүргізуге болады  («Не өзгерді?», «Ұшақтың  ұшуы», «Дыбыс қайдан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта») т.б.

IV. Жаңа  материалмен  таныстыру.    Ауызша  жаттығулар.

     Аю: -Мен  бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият  тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқандар: дүйсенбі, сәрсенбі, сейсенбі. Енді 5-ке дейін  хормен санайық.  Қай санды бұрын айттық, екі ме, әлде үш пе? т.б

     -Келесі  Аюдың  тапсырмасы, оқулықпен  жұмыс.

V. Оқулықпен жұмыс.

 Балалардың назарын №1 тапсырмадағы суретке аударып, баланың алдымен не істегенін, содан соң не істейтінін ретімен  айтуларын  сұрау.

Оқушының  күн  тәртібі туралы әңгіме жүргізуге  болады.

 №2 тапсырма  бойынша  кім үлкен,кім кіші екенін анықтау керек. Отбасының барлық мүшелерінің жасын өсу және кему реті бойынша айтқызу.

№3 тапсырма   «ерте -кеш»  түсініктерін қолданып, уақыт туралы әңгіме жүргізуге арналған. Оқушылардың бақылағыштығын, салыстыра білу дағдыларын арттырады.

    -Балалар,  Аю бізді  демалуға  шақырып жатыр.

VI.Сергіту  сәті.

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығуларды жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға  бір,

Бұрыламыз оңға  бір

Бір ,екі,үш

Баспен қимыл жасаймыз

Бір,екі ,үш.

VII.Дәптермен  жұмыс    7-8 бет .

Жаңа білімді игеру деңгейлерін бақылау  үшін  оқиғалар ретінің  орны ауыстырылған   суреттерді ұсынуға болады (мысалы, ертегі мазмұнының  сюжетті  суреттері , жыл  мезгілдерінің  суреттері, т.б.) және қателерін түзеу өздеріне тапсырылады. №1 тапсырма орындалады.

№2 бұл  тапсырманы  түсіндіре отырып орындау.  «Бір шаршы оңға сызамын, бір шаршы жоғары, екі шаршы оңға, бір шаршы төмен, бір шаршы оңға», т.б.

№3 тапсырма алған  білімдері  бойынша сөздік қорларын бекіту үшін орындалады.  Заттарды өзара байланысты топтарға  бөледі: ағаш, тақтай, орындық: қой,жіп,свитер, дән,ұн,нан. Содан  соң  олардың пайда болу ретін анықтау.

VIIІ.Өздік  жұмыс .

Өзіндік жұмыс  ретінде №4 тапсырманы орындауға болады. Кестеге қарап, суреттерді салыстыру. Егер  оқушыларға  қиындық тудырып жатса, мұғалім жоғарғы, ортаңғы, төменгі қатарда не бейнеленгенін анықтауға  көмектеседі. Содан соң  бұл  заттарды  топтайды, артық затты атайды.

ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Х.Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Заттарды әртүрлі  белгілері  бойынша  салыстыру.

Бірдей. Әртүрлі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Заттарды  ұзындығы, түсі,пішіні  бойынша  салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  математика  пәніне қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:   әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың  көрнекіліктері:текше,  сызғыш,  ағаштардың  суреттері.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

       - Екі көз  не үшін керек?

-Жақсыларды  көру үшін керек.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл -кеңес  тыңдау үшін керек.

-Екі  қол   не үшін керек?

       - Елге  көмек жасау  үшін  керек.

-Екі  аяқ  не үшін керек?

-Туған  жерге  жету  үшін  керек.

ІІ.  Тірек  білімдерін жетілдіру.

 1-ден 10-ға  дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-ден 5-ке дейін,6-дан 10-ға  дейін, 3-тен  9-ға  дейін, т.б.санау); әр қатардағы парталарды санау; «Эстафета» түріндегі ойындарды  ұйымдастыру. 

IІІ. Жаңа  материалмен  таныстыру

       Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық  жұмыс ретінде  практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа  түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына  текшелерді солдан  оңға  қарай, оңнан соға  қарай  санандар. Бұл ойыншықтар туралы не  айталасындар?»

       Ары  қарай  үлестірмелі материалмен  жұмыс жүргізіледі.

Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек -геометриялық  фигуралармен жұмыс.  Содан соң  оқушылар геометриялық фигураларды  салыстырады. 

      Осы  материалмен  санау және фигураларды  топтастыруға  ұйымдастыруға  болады.  Фигураларды  мөлшері бойынша,содан соң  түсі  бойынша екі  топқа бөлуді ұсынады.

      Оқушылар осы  сабақтан заттарды  биіктігі, ұзындығы,ені, т.б.  бойынша  салыстырады  (мұғалім  мен  оқушының  бойы, үзілген  жіптердің  ұзындықтары,  партаның  биіктігі, қуыршақтардың  мөлшері). 

V. Оқулықпен жұмыс. №1  суреттің  көмегімен  түрлі  белгілері бойынша  (ұзындығы,түсі,пішіні) әр топтағы  сурет салыстырылады және нәтижесі  мына сөздермен айтылады:  түсі, мөлшері,биіктігі,ені  бойынша бірдей немесе  әртүрлі.  «Хайуанаттар бағында  жөндеу  жұмысы  жүргізіледі. Сырлаушылар торды сырлады. Енді  аңдарды өз  торларына  орналастыру керек. Түлкіні  қай  торға  орналастырамыз? Неге?  Түлкі мен  оның  торын  көрсет  т.б.»

        №1 тапсырманы орындау кезінде белгілері  бойынша  (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру  жұмысы  жүргізілсе, №2  тапсырмада автомобильдің  ұсақ  бөлшектері  салыстырылады. Бұл  тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға  бағытталған.

       №3  тапсырмада заттардың  массасы туралы қарапайым  тұрмыстық  түсініктері анықталады:  «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай  зат-жеңіл». Мұғалім  массасы  бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды  атауды сұрайды. Мұғалім  оларға көмек  ретінде  массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын  түрлерін  ұйымдастыруға  болады«Сенің  портфелиндегі заттар қандай  материалдан жасалған?»,  «Жұбын тап», «Не  өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).

VI.Сергіту  сәті.

Ұзын  мұртты  құмырсқа 

Келе жатыр  жұмысқа

Допты алды  қолына

       Допты қойыды  жолына

Оңға қарады, солға қарады

Үлекен тау деп  ойлады.

VII.Дәптермен  жұмыс   9-10 бет

№1 тапсырма   алғашқы  бекіту  жұмысына  арналған. Бұл  жаттығуларды орындауда балалар берілген  тапсырма  бойынша  ағаштарды   ажырата білуі  маңызды: «Теректі  көрсет.Қайыңды көрсет. Ағаштардың арасынан  емен ағашын көрсет. Қайың,емен,теректің жапырақтарын көрсет және оларды  ағаштармен  сызық арқылы  қос».

       №2  тапсырма  бойынша  мұғалім  4  ұяшықтан  тұратын  4 кестені  қарауды  ұсынады:

        -Оң  жақтағы  жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн  бейнеленген. Оң  жақтағы төменгі  ұяшықта ненің  суреті  салынған?  Сол  жақтағы төменгі ұяшықта  ше? Кестенің  ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.

        №3 тапсырма  графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін берілген.

Өздік  жұмыс үшін №4  тапсырманы ұсынуға  болады.

Балалар сәйкес  жіпті иненің көзіне  «өткізеді».  Балалардан өздерінің таңдауларын әрекеттерін түсіндірулерін  міндетті  түрде  сұрау  керек.

VIIІ.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Қандай  тапсырма сендерге ұнады?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұзын -қысқа.  Биік -аласа. Кең -тар.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  «ұзын -қысқа», «биік-аласа», «кең -тар»  ұғымдарын  қалыптастыру;

2.Дамытушылық:  көрсетілген  белгілері  бойынша заттарды  салыстыру  дағдыларын  дамыту.

3.Тәрбиелік:   ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:

Пәнаралық байланыс:  Дүниетану.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық  дайындық

Көтеріп  шаңырақ,

    Керегелер  керіліп.

Өрімдей болып өріліп

Киіз үй  боп  көріндік.

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  есептеуге  заттарды  санауға, тапсырма  бойынша  заттар  тобын арттыру  және кемітуге, дыбыстарды  санауға, өзара сәйкестікті  қоюға (қарындашты үстелге неше  рет  тақылдатсан, сонша  шаршыны қой; мен неше  рет санасам, сонша  рет еңкей, т.б.)  жаттығулар беріледі.  «Неше  рет?», «Пойыз құрастырайық», «Эстафета», «Зейін  сал» сияқты  ойындарды  ойнатуға  болады.

      Ауызша  есептеуге  заттарды  әртүрлі  белгілері бойынша салыстыруға арналған жаттығуларды енгізу  маңызды («Артық затты  тап», «Заттардың  қандай  айырмашылығы  мен  ұқсастығы  бар?»).

IІІ. Жаңа  материалмен  таныстыру.

Жаңа  материалмен  таныстыруды  практикалық  жұмыстан бастауға  болады. мұғалім  ені кең және тар 2  түрлі таспаны көрсетеді;  «Таспаларды  салыстырын-дар. Ені  тар  таспаның түсі  қандай? Ені кең  таспаның  түсі  қандай?»

      Мұғалім  ұзындығы,ені  бойынша әртүрлі  3 жолақ қағазды (ені тар, ұзын  жасыл жолақ: ені  кеңірек, ұзындығы  орташа  қызыл  жолақ: ені  кең ұзын сары  жолақ)  көрсетеді  де, тапсырма  береді: «Егер ені  тар жолаққа   қарағанда ені кең, бірақ ең ені кең жолаққа қарағанда  ені тар болса, ол жолақтың түсі қандай? т.б.»

ІV. Оқулықпен жұмыс.  №1 суретпен  жұмыс істей отырып, мұғалім  балаларды ұзындығы, ені бойынша салыстыруға  үйретеді. Алғашқы рет оқушыларға қарапайым  ой  қорытындысын жасау ұсынылады: «Егер шалбар ұзын  болса, онда шолақ  шалбар .....(қысқа)».

      №2  тапсырма  бойынша  тіл  дамыту жұмысын  ұйымдастыруға болады («ұзынырақ-қысқарақ, биік -аласа, кең-тар» сөздерін қалыптастырып, сурет бойынша  сұрақ қойғызу).

      №3 тапсырма  көзбен  шамалай алуларын, зейіндерін дамытуға бағытталған.

V.Сергіту  сәті

Құстай  болып ұшамыз

Қанатты біз қағамыз.

Ұлу  болып  жорғалап,

Өсімдікке  қонамыз.

Қане  енді  тұрайық

Қолымызды созайық.

Қанат қағып ұшайық.

VI.Дәптермен  жұмыс   10 -12бет

№1 тапсырманы ауызша талдап алғаннан кейін  дәптерлеріне  орындайды.

№2 тапсырма бойынша  фигураларды пішіні, түсі, мөлшері бойынша салыстырады. Фигураны, оның қасиеттерін дұрыс атап, төрт қоршаудағы осы фигураларды тауып,  бояйды .

№3тапсырма балаларды  жазуға  дайындауға арналған. Мұғалім торкөздерге қалай жазу  керек  екенін тақтада  жазып  көрсетеді.

№4 тапсырма. Оқушылар кестенің қарапайым  түрімен алғаш рет кездеседі.

Кестенің бағаны , қатары болатынын  түсіндіру  қажет. Кестемен  дұрыс жұмыс істеуге  үйрету  үшін мынадай  сұрақтар қойылады:

-Екінші бағанның  екінші қатарында үй  орналасқан. Шатырын қандай  түспен бояу  керек? Қабырғасын ше ?

-Екінші  қатардағы үйлердің шатыры  көк болуы  керек болғандықтан, шатырын  көк түспен  бояймыз ...

VII.Сабақтың  қорытындысы.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

VIIІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Үлкен -кіші. Жуан -жіңішке. Қалың -жұқа.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   «Жуан -жіңішке», «үлкен -кіші», «қалың -жұқа» ұғымдарымен  таныстыру.

2.Дамытушылық:  Көрсетілген  белгілері  бойынша  заттарды  салыстыру  дағдыларын  дамыту.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:   жаңа сабақты түсіндіру.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық  дайындық

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  есептеуге   әртүрлі  белгілері  бойынша заттарды  салыстыруға арналған  жаттығуларды орындауға болады. «Неше  рет?», «Пойыз  құрастырайық»,  «Эстафета», «Зейін  сал» сияқты  ойындарын  ұйымдастыру.

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс.

Жаңа  материалмен  таныстыруды  ауызша  жаттығулардан  бастауға  болады: «Бірінші мен екінші, екінші мен үшінші кітаптарды салыстыр»,  оқушылар  бірінші кітаптың екіншіге  қарағанда қалың, үшінші  кітаптың  екіншіге  қарағанда  жұқа екенін айтады.  Мұғалім мен оқушының бойы, жолақтардың ұзындықтары,сымдардың  жуандығы, қуыршақтардың, ағаштардың биіктіктері салыстырылады.

       Мұғалім  «Керісінше»  ойынын жүргізеді.

ІV. Оқулықпен жұмыс .  №1 суретпен  жұмыс істей отырып,  оқушылар  заттарды  қалыңдығы,жуандығы бойынша  салыстырады. «Сөйлемді  аяқта»  ойынын  ұйымдастыру.

      №2, №3, №4 тапсырмаларды орындамас  бұрын «Не өзгереді?» ойынын  ұйымдастыруға  болады,  содан кейін оқулықтағы тапсырмалар орындалады .

№3 тапсырманы орындау кезінде  «Ең кішкентай, орташа, ең үлкен» сөздерін дұрыс  қолдануға  дағдыландыру  керек .

 

Изображение 153

 

        №5 тапсырма оқушылардың  логикалық ойлау  қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Әр  қатардағы  фигураларды  салыстыр. Олардың  ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Әр  бағандағы  фигураларды  салыстыр. Олардың  ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?»  деген сияқты  тапсырмалар  беріледі.

Изображение 154

V.Сергіту  сәті

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға  қонайық.

VI.Дәптермен  жұмыс  12-13 бет

Өтілген сабақты бекіту  үшін №1 тапсырма орындалады.

 №2 тапсырманы орындау кезінде суреттерді  пішіні, түсі бойынша салыстыру арқылы бұрыңғы  өтілген  тақырыптарды  қайталайды.

      №3 тапсырма графикалық  дағдыларын жетілдіруге  арналған. 

№4 тапсырма арқылы  балалардың  жаңа сабақты қалай меңгергендерін байқауға  болады. тапсырманы мұғалім  оқиды, балалар тиісті түспен бояйды.

VII. Жаңа  сабақты қорытындылау.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

VIIІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Артық. Кем.Сонша.Тең.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   «Артық», «Кем», «Сонша»  түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық:  заттардың саны  бойынша топтарды салыстыру дағдыларын  дамыту.  Саны  бір -бірінен  артық -кем  заттарды  теңестіруге үйрету.

3.Тәрбиелік:   Еңбексүйгішілікке,   зейіншілікке, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:  еңбекке баулу, дүниетану

Сабақтың  көрнекіліктері:плакатқа салынған сурет,  көбелектер  мен    

 гүлдердің  суреттері

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Бақыт менде, бақыт сенде,

     Бақыт барлық жерде.

Тыныштық  менде, тыныштық сенде

Тыныштық  барлық жерде.

Бейбітшілік  менде, бейбітшілік сенде,

Бейбітшілік  барлық жерде болсын!

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша санауға  заттарды санау, тапсырма бойынша  заттар тобын арттыру және кеміту, дыбыстарды санау жұмыстарын жүргізуге  болады.  «Неше  рет?», «Пойыз  құрастырайық»,  «Эстафета», «Зейін  сал»,  т.б. ойындарын  ұйымдастыру.

Санау нәтижесі қай  ретімен санағанына қарамастан  өзгермейтіндігіне  оқушылардың назарын аудару керек. Мұғалім тақтадағы шеңбер бойынша заттық суреттерді іліп ,әртүрлі суреттен бастап санауды ұсынады. Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  қорытынды  жасайды.  

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс. 

Жаңа  сабақпен  танысу практикалық  жұмыстан  басталады. Мұғалім  тақтаға  бірнеше ұл  мен қызды шақырып, олардың  ұл, қыз болып жұптасып  тұруын сұрайды. Балалар ұлдар мен  қыздардың  тең  (сонша) екендігін өзбеттерінше  өздерін жеткізеді .

Содан соң  екі ұлды орнына отырғызады да , оқушылардан  ұлдар мен қыздарды салыстыруды сұрайды. Оқушылар өзбеттерімен  егер ұлдар кем болса, қыздардың артық  болатындығына көздерін жеткізулері керек.

ІV. Оқулықпен жұмыс.  №1 суретпен  жұмыс істей отырып, мұғалім  оқушыларды  заттардың   екі тобын салыстыруға  және заттардың екі тобын арттыру, кеміту арқылы (бір топтан екінші топқа алып)  теңестіруге үйретеді.   Бұл  тапсырманың материалдары арқылы тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Сурет бойынша «Артық», «Кем»  ұғымдарын пайдаланып, бір-біріне сұрақтар қояды. «Егер ұлдар артық болса, қыздар кем  болады» деген қарапайым қорытындыны  өздері жасайды.

        Бұл  бетте  алғаш рет «дәптер» шартты белгісімен кездеседі.  Оқушыларды оқулықпен дәптерді  тапсырма орындауға ыңғайлы болатындай етіп орналастыруға  үйрету керек.

V.Сергіту  сәті

Қоян шықты далаға

Жан -жағына қарады

Жүгірді, секірді

Орнына отырды

 

VI.Дәптермен  жұмыс  14-15 бет

Алғашқы  бекіту жұмысы үшін №1 тапсырма орындалады: «оқулықтағы суретте неше көшет (шелек,қыз, ұл бала, күрек) болса ,сонщша дөңгелекті боя. Не артық: көшет пе, шелек пе? Көшет пен шелек тең болу үшін не істеу  керек?» т.б.

Тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Суретті  бояу  жұмысы 6-7 жасар баланың уақытын  көп алатындықтан, бояу орнына  суреттің ішін айқас сызықтармен  (Х)  толтыруға болады.

№2 тапсырма жазу  жұмысына арналған.

Өзіндік  жұмыс және  жаңа  тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін №3 тапсырманы ұсынуға болады.

Логикалық тапсырма:№4 тапсырма    ойлау  қабілеттерін  дамытуға арналған.

Егер  балалар орындауға  қиналатын болса, онда тапсырманың  орындалуын  түрлі түсті   қатты қағаздан  дайындалған  фигуралар арқылы көрсету керек.

VII. Өтілген материал  бойынша   жұмыс.

     Мұғалім  оқушылардың назарын қайтадан  оқулыққа  аударып,№2 тапсырма  бойынша заттарды теңестіру  жұмысын орындауды  ұсынады.

№3 тапсырма  балалардың   логикалық  ойлауын  және  тіл  дамытуға арналған.

VIIІ. Жаңа  сабақты қорытындылау.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Реттік  санау. Нешінші?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   «Реттік  санау»  түсінігімен  таныстыру; өтілген материалдарды  бекіту.

2.Дамытушылық:   оқушылардың    ойлау  қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:   ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: жаңа  сабақты  түсіндіру

Пәнаралық байланыс:  дүниетану.

Сабақтың  көрнекіліктері:  әтештің, иттің, тасбақаның   суреттері.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық  дайындық

    Спортпен  шұғылдан,

Сұлулық  сыйлаған.

Сол саған  пайдалы іс.

Сауық пен кинодан.

      - Балалар,   бүгін бізге  қонаққа кім келіп  тұр?

DSC04731

     -Қалай  ойлайсындар ,ол қандай  себеппен   келіп отыр ?

     -Дымбілмес   бізбен  бірге  оқысы келіп  тұр.

     -Оны  қайдан  білесіндер?

     -Оның  қолында  оқулық  бар.

      -Өте  жақсы,  білгенімізді оған айтып берейік,  ал   білмегенімізді  біліп алайық.

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

    1. Кез келген саннан  бастап  тура және кері бағытта   санау үшін  қажетті  жаттығу  жұмыстары  жаңа  сабаққа  дайындық ретінде  ауызша  жұмысқа енгізіледі. «Не өзгерді?»,  заттардың екі тобын салыстыруға  арналған    «Пойыз құрастыру» ойындары  жүргізіледі.

     2.Геометриялық  фигураларды  атау.

 -Шаршының  неше  қабырғасы  бар?

-Үшбұрыштың  неше  қабырғасы  бар?

-Үшбұрыштың неше   төбесі  бар?

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс.

     Жаңа  материалмен   танысу практикалық  жұмыстан  басталады. Мұғалім  оқушыларды қатарға  тұрғызады: «Бірінші Айдос тұр, оның артында  кім  тұр? Ол  -екінші. Үшінші  кім тұр?  Төртінші  ше? Қатарда  неше  оқушы  тұр? Марат пен Айгүлдің  арасында кім тұр?»  Мұғалім  бірінші  тұрған  оқушыны отырғызады: «Енді қатарда неше  оқушы  бар?  Бірінші кім тұр? Екінші  ше? Үшінші ше?  Соңғы  тұрған кім? Енді  айналып бұрылып  тұрындар. Енді кім бірінші тұр? Екінші ше? Соңғы  кім? т.б.»  мұндай  жаттығулардың  басқа  да  түрлерін санау  материалдармен өткізуге  болады.

ІV. Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма өткізілген  практикалық жұмысқа  ұқсас  жүргізіледі. Бұл  тапсырмамен «Шешуін тап»  сияқты ойын  түрлерін өткізіледі. «Бұл  кейіпкер... алдында,бірақ ....  кейін  тұрады. Бұл  қай  кейіпкер?» деп, қай  ертегідегі  кейіпкер  екендігін  тапқызады.

      Алған  білімдерін бақылау  үшін мұғалім  балаларға  «Нешінші? Қай?» сұрақтарын қатыстырып, өздерінің сұрақтарын ойластыруды ұсынуға  болады. Ол үшін №2 тапсырма  пайдаланылады:

    -Өрт қай  қабаттан  шықты ?

     -Қай  машина алда келеді?

     -Реті бойынша мотоциклші нешінші келеді?

№3 тапсырма  былай  орындалады:  «Егер  бірінші  қабаттағы  терезеден  ит пен  әтеш қарап  тұрса, онда жабық тұрған терезе -тасбақаның  терезесі», т.с.с.

V.Сергіту  сәті

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір отырып, бір тұрып

Демалғасын отырайық.

VI.Дәптермен  жұмыс  16-17 бет

Алғашқы  бекіту жұмысы үшін №1 тапсырма дәптерде орындалады. Мұғалім  жолдан  бастап  санағанда  үшінші, бесінші үйдің шатырын жасыл түспен боя, ағаштан  бастап санағанда екінші үйдің  төртінші қабатындағы   пәтердің  шамын жақ және осы сияқты тапсырмаларды таңдап алады.

VII. Өтілген материал  бойынша   жұмыс.

№2 тапсырма  заттардың  екі тобын теңестіруге арналған .

№3 тапсырма ( «Сиқырлы суреттер») бойынша ұсынылған  фигураларды пайдаланып, толықтыру арқылы өз  қалауынша  сурет салады.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ -жауап арқылы сабақты бекіту.

-Балалар,  қалай ойлайсындар,  Дымбілмеске  біздің сабағымыз

  ұнады  ма?

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық  сызықтар.

Сабақтың мақсаты: 1.Cызықтың  түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; сызықтарды  ажырата  білуге үйрету.

     2.Оқушыларды  математикалық терминдермен таныстыру. Толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

     3.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  аралас

Пәнаралық байланыс:  дүниетану.

Сабақтың  көрнекіліктері:суреттер, геометриялық фигуралар

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Күн, ауа, жер,су,аспан

    Маған, саған,біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

 -Біз  бүгін математика сабағында  «Геометриялар елі» деп  аталатын  фигуралардың  сиқырлы  патшалығына  тап болдық. Бұл елде ерекше тұрғындар өмір сүреді. Ал олардың қандай екенін  бүгінгі сабақта білетін боласыңдар. саяхатшылар жолға әрқашан да  мұқият дайындалады. Қазір сендердің  жолға  дайындықтарынды  тексереміз. 

     «Жұмылған  көзіңмен тап»  ойыны. Мұғалім оқу  құралдарын атап оларды  көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі  аталған затты тауып, оны көрсетеді. 

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Көрсетілген  белгісі  бойынша  заттарды  салыстыру дағдыларын бекіту  үшін мұғалім  «Сөйлемді жалғастыр »,  «Артық фигураны тап», «Фигураны анықта», «Жұбын  тап», т.б. ойын  жаттығуларын ұйымдастыруына  болады  (ойындарға берілген нұсқауды  қараңыз ).

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс.

 Жаңа  сабақты практикалық  жұмыстан бастаған жөн: 

      -Менің  қолымда екі  ұшынан шарғыға   оралған  жіп  бар. 2 шарғыдан жіпті екі жаққа тарқатамын. Жіпті қатты тартайық. Қандай сызық алдық?  Жіпті екі жақ  бағытта да  әлі тарқата беруге бола  ма? Жіппен сызықтың қандай айырмашы-лығы бар?  Егер  жіпті босатсақ,  онда  ол қисық сызыққа ұқсас болып шығады.  Сөйлемді аяқтандар: «Сызықтың басы да ,...  . Ол - ...».

ІV. Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма   жаңа  тақырыпты түсіндіруге арналған .

     -Сендер Геометрия елінің маңызды тұрғындары - сызықтармен  танысасындар. Сызықтар түзу және қисық болады.  Қалай  ойлайсыңдар,  суреттегі сызықтардың қайсысы  түзу, қайсысы  қисық?  Түзу және қисық  сызықтар сызындар.  Оқушылар мұғалімнің  тапсырмасын бір бет қағазға орындап көреді.

V. Жаңа  сабақты  бекіту.

№2 тапсырманы орындау кезінде  оқушылардың  назарын түзу  жолдың  ең қысқа жол екеніне аудару керек. №3 тапсырмадағы сурет бойынша  оқушылар сызық түрлерін атайды.

VІ. Логикалық  тапсырма .  Изображение 155

 

№4 тапсырма  логикалық ойлау  қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл  тапсырманың  шешуінің  бірнеше нұсқасы бар екенін  оқушыларға байқатудың  маңызы зор. Оқушылар  қай  фигураның артық екенін анықтап, өз шешімдерін дәлелдейді.  Фигураларды түсі,пішіні, мөлшері бойынша салыстыруға болады.

VІІ.Сергіту  сәті

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп  алайық

Қалтамызға салайық.

VIІІ.Дәптермен  жұмыс  17-18 бет

№1 тапсырма  бойынша сызықтарды түсті қарындашпен бастырып, фигураларды дұрыс айтуға үйренеді.

№2 тапсырманы мұғалім  оқиды, балалар керекті фигураны тауып, оны бояйды. 

 №3 тапсырма   шығармашылық  тапсырма  болып саналады. Алдымен  кестеге  талдау жұмысы жүргізіледі.  Неше  баған,неше қатар барын анықтайды.  Салынған фигуралардың атын атайды, олардың қасиеттері - пішіні, мөлшері, түсі анықталады.  Ары   қарай олардың баған, қатар бойынша орналасу  реті  талқыланады.  Содан кейін  ғана жетпей тұрған фигураны табады.  Мұғалім  осылайша балаларды талдауға, пайымдауға,пікірін дәлелдеуге  үйретеді.

ІХ.Сабақты қорытындылау.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Х. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Нүкте. Кесінді. Ұзындықты әртүрлі  өлшемдермен өлшеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Нүкте,кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру;

     2.Оқушыларды  сантиметрмен таныстыру, кесінділердің  ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.  

     3.Ұқыптылыққа,  ұйымшылдыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, еңбекке  баулу

Сабақтың  көрнекіліктері:  көліктердің   суреттері,  жіп,  әр  түрлі  жолақшылар.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Жүйрік  болса кім ,

Күлімдейді күн.

    Жарыста жүгір, алға ұш.

Бізде бар мол күш

Қане  сапқа тұр.

Допты дәлдеп ұр.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Санау ,заттардың кеңістікте  орналасуы  туралы түсініктерін бекіту үшін ауызша жұмысқа ойындармен  жаттығулар еңгізуге  болады. «Не өзгерді?», «Сана және айт», «Неше рет?», «Ұшақтың  ұшуы», «Дыбыс қай жақтан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта» сияқты ойындарды ұйымдастыруға,сондай -ақ №4 тапсырманы орындатуға  болады. 

Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілінген.  «Өздеріңе белгілі фигураларды табыңдар және атаңдар» деген тапсырма беріледі.

Жаңа  материалды оқып - үйрену.

Мұғалім  карточкаға жазылған  СЫЗЫҚ, КЕСІНДІ, НҮКТЕ сөздерін оқып береді.

-Бұл сөздердің  барлығы сендерге кішкентай жаңалықтар ашуға көмектеседі.

Сендер нүкте  және кесіндімен танысасыңдар.  Өткен сабақта танысқан сызық  түрлерін  естеріңе  түсіріндер. Оларды атаңдар.Ал енді сендер қайшыны алып, түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан  кесіп алындар  дейік.  Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген, яғни оның    басы мен ұшы бар. Суреттегі сызыққа  қараңдар.  Оның  басы мен  ұшы  бар  ма? Сызықты біз екі жағынан шексіз соза  береміз.

ІV. Оқулықпен жұмыс .

№1 тапсырма  жаңа  сабақты түсіндіруге арналған. «Сызық пен кесіндінің  қандай айырмашылығы,қандай  ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола  ма? Кесіндіні ше?»  деген сұрақтар қойылады.

     №2 тапсырма. 

    -Бізге өлшеу үшін  қандай да бір өлшем  керек.  Айгүл өлшемдерге бөлінген алып, кесіндіні  өлшеді. Кесіндіге неше өлшемді сыйғызуға болады?  Самат осы кесіндіні көк жолақпен өлшеді.  Оның өлшемі неше рет сыйды.

     -Неге Айгүл  мен Самат бір кесіндіні өлшеген   кезде  әртүрлі  өлшем шықты?  Балалардың   назарын бірдей  кесіндіні түрлі  өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығатынына    аудару керек. 

 Алғашқы  бекіту жұмысы үшін  №3 тапсырма  орындалады.  Оқушылар   ұзындығы оқулықтағыдай өлшемді алып, кесіндіні өлшейді. Мұғалім тағы бір рет  бірдей кесіндінің   әртүрлі  өлшеммен  өлшеген  кезде  шамаларының бірдей  болмайтынын  түсіндіреді.

V. Логикалық  тапсырма .   №5 тапсырма   логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған .        

VІ.Сергіту  сәті

Көжектерім  тұршы

Беттерінді жұшы

Айнаға қарашы

Шашынды тарашы

Киіміңді киші

Мектепке қарай жүгірші

Орнына отыршы ,

Сабағынды  оқышы.

VІІ.Дәптермен  жұмыс  18-19 бет

№1 тапсырманы  әр оқушы алдын ала дайындалған  өлшемдерді  пайдалана  отырып  орындайды.

№2 ,№3 тапсырмалар геометриялық  фигуралардың  атауларын бекіту үшін берілген.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

- Сабақты қандай көңілмен бастадық?

   -Сабақты қандай көңілмен аяқтадық?

   - Жақсы.

-Осындай жақсы көңіл не нәрсеге  байланысты  болды?  (татулыққа, ұйымшылдыққа)

   -Сабақта  не істедік?

   -Қандай  тапсырма қиын  болды?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Ұзындықты өлшеу. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  «Ұзындық» түсінігін қалыптастыру; әртүрлі өлшемдердің  көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету;  өтілген материалдарды бекіту.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  жазу  дағдыларын  қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:    Әнгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әліппе

Сабақтың  көрнекіліктері:сызғыш,  әр түрлі заттар,

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Көбелек -ау, көбелек,

Әдемісің  керемет!

Гүлге  келіп  қона ғой ,

Өзің  де  гүл бола ғой.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  жаттығуларға санау, кез келген  саннан бастап сандарды тура және кері санауды қайталауға бағытталған  жаттығулар мен ойындарды енгізуге  болады. Сонымен   бірге заттардың  кеңістіктегі орналасуы  туралы түсініктерін бекіту.  «Не өзгерді?»  ойынын  жүргізуге болады  (заттардың   орнын  өзгерту, олардың  түсі, мөлшері,  заттардың  саны  арттыру, кеміту)

IV.Жаңа  материалмен  таныстыру.

Практикалық жұмыстан бастауға  болады. Тақтаға екі оқушы шығады: «Балалардың    бойын салысытрып, қорытынды жасаңдар».  Мұғалім  мен  оқушының  бойы, қағаздан  дайындаған  жолақтардың ұзындықтары, парталардың  биіктіктері, қуыршақтардың  бойы салыстырылады.  Содан кейін  парта мен  мұғалім үстелінің  ұзындықтарын  салыстыру  ұсынылады.  Оқушылардың өлшемдер көмегімен  өлшеу  нәтижесінде  алынған шамалардың  салыстыру үшін қажеттігі  туралы  қорытындыны  жасауы  маңызды.

    V.Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар №1 тапсырма бойынша практикалық  жұмысты орындайды.

Алғашқы бекіту  жұмысы үшін №3 тапсырманы орындауға  болады.

№2 тапсырма реттік санауды бекітуге арналған.   «Шеңбер бойында неше бала тұр? Бас киім  киген баладан , бұрымы бар қыздан бастап сана, т.б.  Көзілдірік  таққан  бала  бұрымды қыздан  бастап санағанда нешінші тұр?  Егер оң  жағынан  бастап санаса ше? Сол жақтан  ше? Бантигі бар қыздан  бастап санағанда үшінші  кім тұр?» т. б.

VІ.Сергіту  сәті

VІІ.Дәптермен  жұмыс  19-20 бет

№1 тапсырмада екі нүктелі  қосу арқылы    кесінділер  сызады.

Пайда болған  кесінділерді  санайды.

№2 тапсырманы өз беттерінше  орындайды, содан кейін  фигуралардың бағандарда, қатарларда   қайталанбағанын  тексереді.  Бірнеше  балада өз  пайымдауларын  сұрауға  болады.

№3 тапсырма кеңістікте бағдарлай алу туралы  білімдерін  бекітуге арналған.

Өтілген  материал  бойынша істелетін  жұмыс.

Бұл  сабақта алғаш рет оқушылардың  зейінін  дамытуға  бағытталған  заттың  илеулі және  жеңіл-желпі қасиеттерін  бөліп  көрсетуге,геометриялық  фигуралардың  қайталауға  арналған «Затты  тап»  ойыны  (№4) кездеседі.

 

Изображение 156

 Оқулықта алдағы уақытта  да осындай  тапсырма тағы беріледі. Ойынның

шарты   қарапайым ғана.   Балалардың  бірі  тақтаға  шығады  және кестенің   бір  бөлімін іштей  таңдайды.  Қалғандары  оған мынадай түрдегі сұрақтар қояды:

       -Ол заттың  пішіні  дөңгелек  пе?

       -Ол  зат төмеңгі қатарда  орналасқан  ба ? т.с.с.

Осылайша , оқушының  іштей  жасырған кестедегі  бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларды  аз сұрақпен -ақ жасырылған  затты табуға үйрету маңызды.

      №5  тапсырма оқушылардың  зейінін арттыруға  арналған.

Изображение 156

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Фигура  және  оның бөліктері. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  Геометриялық  фигураларды  тани білу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:  Фигураларды  бөліктерге  бөле  алуға  және  құрастыра  білуге үйрету. 

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: өткенді қайталау, ауызша, жазбаша жұмыстар жүргізу

Пәнаралық байланыс:  дүниетану

Сабақтың  көрнекіліктері:геометриялық  фигуралар,   магниттік  сандар

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық  дайындық

Дөңгелене  тұрамыз,

Керегені құрамыз.

   Уықтар боп  иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  жаттығуларға    геометриялық  фигуралар  туралы  білімдерін бекітуге арналған    жаттығулар мен ойындарды енгізуге  болады («Менің  не  ойлағанымды  тап»).

     Тақтада  кесінді, шаршы, дөңгелек,түзу сызық,қисық  сызық бейнеленген. Мұғалім  бір фигураны сипаттайды,  оқушылар  оның қандай  фигура екенін табады.  Мысалы:

    -Мен үшбұрышы бар бір фигураны ойладым.  Мен қандай фигураны  ойладым?, т.б. Есептік санауға, тура ,кері бағытта  санауға берілген  жаттығулар орындау  маңызды. «Не өзгерді?» деген сияқты  ойындарды ойнатуға  болады  (заттардың орнын, түсін,мөлшерін өзгерту,заттардың санын  арттыру немесе кеміту). 

ІV. Жаңа  материалмен  таныстыру.

Практикалық жұмыстан бастауға  болады. Мұғалім  балаларға  өздеріне таныс екі фигураны көрсетеді: мысалы: шаршы мен үшбұрыш.  Фигураның  қалай  аталатынын, оның түсін,мөлшерін, т.б. нақтылайды.   Содан кейін алдын  ала белгіленген  сызық  бойынша фигуралардың бірін балалар жеңіл ажырата алатын шаршы, үшбұрыш сияқты бірнеше бөлікке  бөледі. Жаңа неше фигура пайда болғанын, олардың қалай аталатынын сұрайды.  Ары  қарай осы  жаңа  пайда  болған фигуралардан қайтадан алғашқы  фигураны құрастыруға болатынын   балалар анықтайды.  Практикалық жұмыс магнитті тақтада  көрсетіледі.  Екінші  фигурамен  де осындай  жұмыс  жүргізіледі. Фигураларды еркін түрде  бөліктерге бөліп, жинап алу сияқты жұмыстарды қайталау.

     V.Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар   оқулық  бойынша практикалық  жұмысты (№2 тапсырма) орындайды:

    - Адамның  денесі қандай  фигуралардан   құрастырылған? 

     -Неше  дөңгелек  бар? Неше үшбұрыш?

     -Кран  қандай  фигуралардан  құрастырылған?  Неше  шаршы? Неше  төртбұрыш?  Үшбұрыштар  ше?»

VІ.Сергіту  сәті

Қырғауыл  боп  ұшамыз, ұшамыз

Түлкі болып  қашамыз, қашамыз

     Қырғауылдай  тапқыр  боп,тапқыр боп

Орнымызға қонамыз.

VІІ.Дәптермен  жұмыс  21-22 бет

№1 тапсырма   жаңа сабақты  тереңірек меңгеруге арналған.  Оқушылар көрсетілген  фигураны  құрастыруға  болатын  бөлікті бірнеше  бөліктердің арасынан табады. Тиісті бөліктерді тапқаннан кейін көрсетілген фигурамен  бірге  бір түспен бояйды.

№2 тапсырма  бұрыңғы  алған білімдерін  еске түсіруге және графикалық дағдыларын арттыруға  арналған.

 №3 тапсырманы  орындамас бұрын  денелердің неше  геометриялық  фигуралардан құрастырылып тұрғанын  санайды.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Пысықтау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  Өткен  материалдарды  қайталау.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  ой-өрісін  дамыту.

3.Тәрбиелік: Іізеттілікке, зейіншілікке    тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  қайталау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану

Сабақтың  көрнекіліктері:«Бауырсақ» ертегінің кейіпкерлері (сюжеттік  суреттер)

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

    Сабақтың  мақсатын, тақырыбын  хабарлау.

     Мұғалім:

      -Балалар,  бүгін  өткенді  қайталау  үшін   ауылда  тұрған  әже  мен атаға  барып,  хал  жағдайын  біліп келейік.

 Психологиялық  дайындық

Көтеріп шаңырақ,

Керегелер  керіліп.

Өрімдей  болып өріліп,

Киіз үй боп көріндік.

    -Әже  не істеп жатыр?    

   -Ұн  илеп  бауырсақ    пісіріп жатытыр екен .

   - Бауырсақ піскенше, санамақ айтып көрейік.

  ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ал  санайық,  санайық,

    Сан  сырына  қанайық!     

    Бір саусақты  жұмайық,

   «Бір  саны», -деп  ұғайық!

    Екі  саусақ  жұмайық

    «Екі  сан»-деп тынайық!

   Үшіншісін  жұмайық,

   «Үш  саны»-деп шығайық!

    Тағы  бірін  жұмайық .

   Төрт санына лайық.

   Жұдырықты жұмайық.

   «Бес  болды»  -деп  ұғайық.

- Балалар,  біз санамақ айтқанша   «Бауырсақ»     домалап  кетті.

Изображение 157

ІV.Оқулықпен жұмыс .

№2 тапсырма

-Бірінші, үшінші тұрған  қыздардың  шелектерінің түсі қандай?

 - Жасыл шелек нешінші қыздың қолында?

  -Көк  шелек  нешінші қыздың  қолында? т.б. 

   -Аюдан аман -есен құтқардық.

   - Қоянның  көңілін көтеріп,  денемізді сергітіп алайық.

V.   Сергіту сәті

Ұзын құлақ  сұр  қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

  Көжегі  екен өзінің.

  Қасқырдың  тапсырмасы.

VІІ.Дәптермен  жұмыс  22 бет

  №1 тапсырма  үшбұрыштар  шығатындай сызық арқылы  үш нүктеден қосу.

  №2 - тұйықталған, тұйықталмаған  сызықтарды анықтау  және тапсырма бойынша  орындау.

Түлкінің  тапсырмасы.  Бауырсақты  Түлкіден қалай  құтқару керектігін ойланайық.  І  -қатар  «Ойлан, тап!»,    ІІ -қатар «Кім тапқыр?»   тапсырмаларды  орындайды, жауаптарын  дәлелдейді.

VІІІ. «Ойлан, тап!»   ойын арқылы  оқулықтағы №3  тапсырманы орындау.

Заттар тобы қандай белгісі  бойынша  топтастырылған?

ІХ.  «Кім тапқыр?»  ойыны.  №4-27 бет

  Х. Сабақты қорытындылау.

ХІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Білім  деңгейлерін анықтау.  №1  Бақылау  жұмыс

Сабақтың  мақсаты:  1.Оқушылардың  білім деңгейлерін анықтау.

   2. Оқушыларды өз бетінше   жұмыс  жасау дағдыларын қалыптастыру.

   3.Ұқыптылыққа, тазалыққа  баулу.

 

Сабақтың әдісі:  жазбаша 

Сабақтың  барысы:І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық:

   Шырылдады  қоңырау,

   Біз сабақты бастаймыз.

   Партамызға отырып,

   Өзара көз тастаймыз.

   Табыс тілеп көзбенен,

   Жаңа білім алуға,

   Алға қадам бастаймыз.

ІІІ.  Дәптермен  жұмыс .   Балаларға   бақылау  жұмыстар, өзіндік жұмыстар қалай өтетінің   туралы мәлімет беру.

   №1  тапсырма.

-Балалар,  бізге  берілді геометриялық  фигуралар. Олар қалай  аталады?

Дайындаймыз  көк  түсті мен жасыл түсті  қарындаштарды.

           -көк  түспен,  үшбұрыштарды   жасыл түспен бояу.

 

     №2 

   -Балалар, оң  колды көтеріндер. 

   -Оң жақты  көрсетіндер.

   -Оң жақтан санағанда, үшінші жұлдызшаны  бояу.

ІV. Сергіту сәті.

   Жалғыз саусақ  тіпті де,

   Ұстай алмас жіпті де.

   Екі саусақ бірікті,

   Ине қолға ілікті.

   Саусағым орамды,

   Үш жүгіртеді қаламды.

   Өнерлі екен он саусақ,

   Қала салсақ, жол салсақ.

V. Дәптердегі тапсырманы жалғастыру.

    №3  Тұйықталған, тұйықталмаған қисық   сызықтарды сызу.

VІ.Сабақты қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  «Көп» және «Бір». 1 саны және цифры. Сантиметр.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  1 санының  мән -мағынасын ашу   (көп заттың ішінен бір затты бөліп алу); 

   2.Дамытушылық: Сан және цифр  туралы түсінік беру;  1 цифрын жазып үйрену; «Сантиметр» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:  Оқушылардың  өз  ойын  толық, дұрыс  жеткізе  білуге, ізденушілікке, тапқырлыққа   тәрбиелеу.  Достық  қарым -қатынас пен  ұйымшылдыққа  баулу.

Сабақтың  әдісі: аралас

Пәнаралық байланыс:   әдебиеттік оқу,  дүниетану

Сабақтың  көрнекіліктері: сандар, 

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

    -Армысыз, қайырлы Күн!

    -Армысыз,  қайырымды Аспан -ата

    -Армысыз,  мейірімді Жер -ана!

    - Күліп, ойнап, қуанайық , шаттанайық бәріміз.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

-Балалар,  бүгін  бізге  Жұмбақбай  ата қонаққа келіп отыр, сендерге  бірнеше  жұмбақ  әкеліпті. Осы  жұмбақтарды  шеше отырып  бүгінгі сабағымыздың мақсатына  жетейік.

    1.Ақыл -ойдың шырағы,

     Зәулім көктей шынары.

     Биігіне шықсаң  да,

     Қанбайды  адам құмары.     (Білім)

     2.Білімнен  мол

     Сый, асы.

     Балдырғандардың ұясы   (Мектеп)

    -Ал  сендер  нешінші  сыныпта оқисындар?  ( 1) 

    -Жұмбақбай  атамен  бірге  бізге   «1 » цифра келді. Бұл цифра не нәрсеге ұқсайды?  

ІV. Жаңа  материалды  меңгерту.

Жаңа материалды енгізу практикалық жұмыстан  басталады.  Мұғалім  ұлдардың  орнынан  тұруын сұрайды:

    - Барлығы неше ұл?

     -Ал ...есімді ұл нешеу?

     -Сөреде неше машина? 

     -Жүк машинасы нешеу?

     -Үстеліңнің  үстінде  көп  шаршы жатыр , біреуін қана көрсет . Геометриялық фигуралар, заттық  суреттермен осыған  ұқсас  жұмыстар  жүргізіледі.

 

V.Оқулықпен жұмыс .

№1 тапсырма көп заттың ішіннен бір затты бөліп алу арқылы 1 санымен  танысуға арналған. Балалар суреттен бір және көп заттарды көрсетеді.

№2 тапсырманы орындау кезінде  оқушылар  көп және бір заттарды  атайды (аспанда  бұлт көп, күн біреу, көп гүл және бір шырша).  Білімдерін бақылау үшін «Бір және көп  заттарды тап» ойынын  жүргізуге  болады.  Ойын барысында балалар  бір және көп затты  ажырата алуға,бір затты көп заттың  бөлігі  ретінде тануға жаттығады.

Содан кейін  мұғалім бір санының   қалай белгіленетініне  назарларын аударады.  Мұғалім «сан» және «цифр» туралы түсінік береді, 1  цифрының  баспаша,жазбаша түрімен таныстырады.

VІ.Сергіту  сәті

Ұзын құлақ  сұр  қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі  екен өзінің.

VІІ.Дәптермен  жұмыс  26 бет

Осы сабақта  балалар  цифрды жазып үйренуді бастайды. Графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін дәптердегі №2 тапсырманы орындайды.   Мұғалім  балаларды  1 цифрының жазбаша үлгісімен таныстырып, жазылу жолын  түсіндіреді. Алғашқы күннен цифрды  торкөзде  көрсетілген  үлгідегідей бірде  жылдамдықта  жазуға үйрету  маңызды:

«Торкөздегі   жазуға қараңдар. Қандай цифр жазылған?  1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады,  сызықты торкөздің жоғарғы бұрышына дейін  жеткізіп , содан кейін ол сызықты қайтадан  төмен қарайды торкөздің  ортасына дейін жеткіземіз. Цифрды  ауада  санау  арқылы жазыңдар. «Бір»  дегенде сызықты жоғары жүргіземіз, «және» дегенде  тоқтаймыз,  «екі» дегенде сызықты төмен қарай жүргіземіз. 1 цифрын  үзік сызықтарды бастыра отырып  жазамыз. Тағы бір жолды өзбеттерінше жазыңдар»

№1,№3 тапсырмаларды алдын ала  оқып беріп ,  өз  беттерінше орындауға  тапсыруға  болады.

Сантиметрмен  таныстыру.№3 тапсырманы орындау кезінде  оқушылардың  назарын  ұзындықтарды әртүрлі жжолақтармен  өлшеудің  кесінділердің  ұзындықтарын салыстыруда  қиындықтар туғызатына  аудару керек.    Содан кейін  мұғалім  «38   тоты құс»  мультфильмінің   сюжетін маймылды ,пілді, жыландарды еске түсіреді.

-Неге  мультфильм  кейіпкерлерінің ішінде  жыландардың  ұзындығы әртүрлі болды?

 -Заттардың ұзындығын   дұрыс  салыстыру  үшін бірдей өлшемдерді пайдалану керек.

Олар  ұзындықты бірдей жолақпен өлшеуге келісті.  Кішкентай заттардың  ұзындығын салыстыру  үшін мынадай кішкентай өлшемді алды ( ұзындығы 1 см  жолақ көрсетіледі).  Бұл  жолақтың  ұзыныдығы -сантиметр.

-Сантиметрмен өз   дәптерлеріңнің  енін өлшендер (әр оқушыда ұзындығы 1 см өлшем болады).Содан кейін  сызғышты қарау ұсынылады.

-Сызғыш -түзу  сызық, кесінді, фигураларды сызуға, өлшеуге арналған құрал.  Сызғыштың  әр  бөлігі    (1 см )  сызықшамен  белгіленген, ол жерде цифр тұрады. Цифрлар  сызғышқа ұзындығы 1 см өлшемнің  нешеуін  сыйғызуға  болатынын  көрсетеді. Содан кейін оқушылар №4 тапсырманы орындайды.  Бұл жерде  сызғышпен өлшемей  - ақ көз мөлшермен ең ұзын кесіндіні табады.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қосымша  материал

                 Адамдар    санауды  қалай үйренді?  

         Мыңдаған жылдар бұрын  біздің ата -бабаларымыз  санауды білген жоқ.

Алғашқы  адамдарға санауды  үйрететін ешкім  болған  жоқ.  Олардың  ұстазы өмірдің  өзі болды. Қоршаған ортаны бақылай  отырып, алғашқы адамдар  жеке заттарды  бөліп  алуды үйренді. Қасқырлар үйірінен  олар біреуін - үйірдің көсемін, құстар  тобынан -бір құсты, астық  масағынан - бір дәнді  бөліп алды.   Осылайша көп заттың  ішінен бір затты бөліп  алу  арқылы  «көп»  және «бір »  деп айтады. Жұп  заттардан тұратын  (көз, қол,аяқ,қанат,т.б. ) көп  заттарды жиі бақылау адамды екі саны туралы түсінікке  алып келді. Алғашқы адам үйректер жұбын көргенін айтып, оларды екі көзбен салыстырды.  Ал егер ол көбірек зат көрсе, оны «көп» деп  айтты.  Санауға үйренуді өмірдің  өзі талап етті.   Аң аулап кезінде тайпа көсеміне  аңшыларды аңды қоршап тұратындай тұрғызуға тура келді.  Мысалы:  екеуін - сол жаққа , екеуін  -оң жаққа, төртеуін  -арт жаққа , т.б.  Демек, көсемге санауға тура келді, егер ол санды қалай атауды білмесе,  онда саусағымен көрсетті. Осылай  санау аң аулау кезінде  оларға қажет болды.

        Бірнеше  ондаған  жыл  бұрын археологтар  ежелгі  адамдардың қонысын тапты. Одан өте ертеде бір аңшы 55 кертік  салған қасқырдың  сүйегін  тапты. Осы кертіктерді жасай отырып, оны саусақтарымен санағаны  көрініп тұрды. Сүйектегі  өрнек әрқайсысында 5 кертіктен бар  11 топтан  тұрды. Сонымен бірге ол алғашқы бес топты қалғандарынан ұзын сызықпен бөлді. Одан бері мыңдаған жылдар өтті. Бірақ швед шаруалары қазір де сүтті  ірімшік қайнатқышқа жібере отырып, флягтардың санын  осындай кертіктермен  белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  2 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   2 санмен, 2 цифрының  жазылуымен таныстыру;

2.Дамытушылық:  Сәуле, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой -өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Зейінді ,тәртіпті болуға баулу.

Сабақтың  әдісі:  жаңа  сабақты түсіндіру.

Пәнаралық байланыс:  Дүниетану.

Сабақтың  көрнекіліктері: магниттік   сандар, жемістер  мен геометриялық фигуралар.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

    Кел,балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып.

Гүл өссін деп  тілейік.

ІІ. Тірек  білімдерін пайдалану.

Ауызша есептеуге  алдыңғы сабаққа   ұқсас  жаттығулар мен ойындар кіргізіледі.

ІІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс.

Бұл   кезеңде адыңғы санға 1 -ді қосу  арқылы келесі санды шығарып алу  тәсілін көрсету маңызды.  Мұғалім 1 доп бейнеленген суретті  көрсетеді:

     -Доп нешеу? 

     -Екі доп  болу үшін не істеуге  болады?

     - Қалай  2 доп  болды?

 «Қолыңа  1 шаршы ал. Ал екінші қолыңа тағы  1 шаршы ал. Қолыңдағы шаршылар нешеу болды?  Қорытынды жаса».

 Білімдерін бекіту мақсатымен  «Бір немесе  екі» ойынын  өткізуге болады.

ІV.Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырмада  суретте ненің екіден екені сұралады.

   - 2 цифрының    жазылуына  көңіл  аудару. 2 цифрының   жазбаша түрімен де  таныстыру.

 Өзіңдік  жұмыс.  №1 тапсырма  орындалады. Бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен,  екі нүкте қойылған фигураларды көрсетілгендей   көк түспен бояу. Сонда кеменің суреті шығу керек .

 Бұл сабақта мұғалім  «кесінді», «сәуле»  түсініктерін ұғындыруға назарын аудару керек. Ол үшін оқулықтағы № 2 тапсырманың материалдары тәріздес практикалық жұмыс ұйымдастырылуы    тиіс .

Изображение 157

 Мұғалім  шұмақ жіпті өте ұзын етіп тарта  беруге  болатындығын айтады. Содан соң  бір жағынан жіпті қиып, бұл -басы, бірақ оның ұшы жоқ  екенін  көрсетеді. Осылайша  «сәуле»  ұғымы енгізіледі. Оқулықтағы сызбаға қарайды.    Содан соң жіптің бір бөлігін қиып алып,оның ұшын көрсетеді.

«Бұрыш» ұғыммен  таныстыру  үшін тақтада бір нүктеден басталып   тұрған екі сәулені  кескін дейді.  Оқушылардан  бұл  ұғымдардың  анықтамасын сұраудың қажеті жоқ. Алғашқы кезеңдерде осы фигураларды  танып,мынадай түрдегі  жауаптарды  айтуы керек:

 -Мұндай бұрыш  бейнеленген, өйткені екі сәуле  бір нүктеден шығып тұр.

Бұрыш  түзулердің  немесе кесінділердің қиылысуы     арқылы   жасалады,    оны айналаңды  қоршаған ортадан  геометриялық фигуралардан   (үшбұрыш, төрт-бұрыш, көпбұрыш)  табуға болады.

Содан кейін №3 тапсырма орындалады. 

Өтілген материалмен  жұмыс .

Оқулықтағы №4 тапсырма кеңістікті   елестетулерін дамытуға бағытталған.

V.Сергіту  сәті

Тік  ұста бойынды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз  жираф мойнына.

VІ.Дәптермен  жұмыс  27-28 бет

№3 тапсырма  логикалық   ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл тапсырманы орындамас бұрын кестенің   әр ұяшығындағы жұптардың қандай белгілері  бойынша құрылғанына  талдау жүргізіледі  (үлкен -кіші, биік-аласа).

Содан кейін балалар  өздерінің нұсқаларын ойластырады.

Алғашқы  бекіту жұмысы үшін  «Бір немесе екі  затты тап» ойынын   ұйымдастыру  пайдалы.  Үстел бетіне жайып қоюға немесе тақтаға орналастыруға болатын көптеген  заттардың  ішінен оқушылар үстелде (тақтада) бірден немесе екіден  тұрған  заттарды таңдайды.

VII. Сабақты қорытындылау.

VIIІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Қосу, азайту  таңбалары.  Өрнек.

Сабақтың  мақсаты:

     1.Білімділік: Өрнек, қосынды айырма  жайлы  жалпы  түсінік  беру. Оларды  ажыратып, мәнін  таба білуге үйрету.  Сонымен бірге алдыңғы  сабақтарда алған  білімдерін көрсете  білуге  баулу.

2.Дамытушылық: Заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы )және азайту  ( заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін қалыптастыру; математикалық өрнек туралы түсінік беру; өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету. Оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Байқампаздыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:    түсідіру, сұрақ -жауап, іздену

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері.

Сабақтың  көрнекіліктері: теңдіктер, өрнектер, суреттер.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

   ІІ.Психологиялық  дайындық

Қатар -қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп  тұрайық

Жақсы болып сабақта

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа -нақ,

Дайындалдық  бәріміз.

   -Балалар,  бүгінгі  сабағымыз  ойын  түрінде  өтеді.

ІІІ.Тірек білімдерін пайдалану.

     -Тақырыпты бастамас бұрын, өткенді қайталау.

 «Кім жылдам?»

  -Берілген сандарды  дұрыс  орналастыру.

  - Сандарды  кему ретімен  орналастыру.

   -Геометриялық  фигуралардан  жасалған үйдің  бөліктерін  дұрыс  орналастыру.  Осы  тапсырмаларды орындағаннан кейін  Теңбіл бұғының  суреті  шығады.

 

 

 

«+»   «-» 

 

         «=»

DSC04728

 Теңбіл бұғы  бізге    сиқырлы  таңбалар әкеліп  тұр.   Бұл  таңбалар  арқылы сандар   бірде кем,  бірде артық  бола алады.

ІV.Жаңа материалмен таныстыру. Екі топтағы заттарды біріктіру және заттар жиынынан заттар бөлігін бөліп алу бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі. Топтағы заттардың саны анықталады және орындалған амал аталады, сәйкес терминмен  танысады. Мұғалім математикалық жазуды көрсетіп, оны оқудың үлгісін береді. Заттарды тақтаға (магнитті тақтаға)  немесе жинақ полотносына орналастырып, мұғалім заттарды  біріктіреді (мысалы, аквариумға балықтарды немесе себетке саңырауқұлақтарды қосады) және өзінің    әрекетін  түсіндіреді. Содан кейін математикалық  жазу  орындалады. Мұғалім түсіндіреді:  «Мен біріктіріп  қостым, «+» таңбасымен белгілеймін. Математика тілінде  «өрнек» деп аталатын математикалық жазу пайда  болды. Неше болғанын жазу үшін  «=» таңбасын  қоямын».  Содан кейін  жазуды  дұрыс  оқуды үйрету керек. 

         Мұндай  жұмыс «азайту» амалын түсіндіргенде  де жүргізіледі. Жиынның  бөлігін  бөліп алып, мұғалім өрнекті  және оның мәнін жазады. Жазуды, оқуды үйретеді.

V.Оқулықпен  жұмыс .

№1 тапсырма  ауызша жаттығуларға ұқсас  орындалады. Жаттығуды орындау  барысында  «1+1», «2-1» түріндегі жазулардың  өрнек деп  аталатынын түсіндіру қажет.

 1 +1 = 2        -бұл теңдіктер                   2- 1 =1

 1+ 1              -бұл  өрнектер                    2-1

  2                   -өрнектердің  мәні            1             

 Бұл  сабақта  мұғалім  белгілі бір амалдарға сәйкес  математикалық өрнектер құру  бойынша  жұмыс  ұйымдастырады.  «Саматта 2 кәмпит болды, оған тағы 1 кәмпит берді» деген сияқты  тапсырмаларды  ұсынуға болады. Мұғалім санау материалдары көмегімен өрнектер  құрастыруды, бұдан кейін  өрнек  бойынша нақты жағдайларды ойластыруды ұсынады. Алынған жазуларды оқығаннан  кейін мұғалім оқушылардың  сөздік   қорына «өрнек», «өрнектің  мәні» деген  терминдерді енгізеді. Оқи алатын оқушылар  оқулықтан  оны оқуына  болады. 

№2 тапсырманы орындау кезінде  балалар  құрастырылған өрнекке  сурет  таңдаулары керек.  Балаларға   санау  материалдарының    көмегімен өрнектерді иллюстрациялап  көрсетуді ұсынуға  болады.  

VІ.Сергіту  сәті

Бойыңды сергек тік ұста,

Демінді ішке тез алда.

Емін -еркін  тыныста.

    Сол қолынды соз алға,

Қол ұшына  қара да

Үшбұрыш  сыз ауада

Оң қол да  бос  тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

VІІ.Дәптермен  жұмыс  28-29 бет

№1 тапсырма цифрлар мен белгілерді жазуға жаттығуға арналған.

Балалар комбинаторлық  мүмкіндіктерін дамытуға берілген  тапсырмамен (№2) алғашқы рет кездеседі.  Мұғалім суреттерді бояудың  түрлі тәсілдерін жеңіл табуға болатын тәртіпті түсіндіреді: «Қарындаштардың  түсі  қандай? Бірінші, екінші, үшінші  қарындаштардың  орнын ауыстырамыз. Енді бірінші орынға көк қарындашты қоямыз, қалған екеуінің орнын  өзгертеміз т.б.»

Оқулықтағы №3 тапсырма   «дәптерге  орында»  шартты белгісімен берілген. Бұл   тапсырманың  сәйкес белгілердің  жазу  дағдыларын  қайталағаннан кейін ұсынған жөн. Балалар мынадай  қорытынды  жасауы керек: «Қосу кезінде   нәтиже қосатын саннан артық  болады».

Өтілген материалмен  жұмыс.

VІІІ. Оқулықпен  жұмыс.

№4  тапсырмада ит пен оның үйшігі бейнеленген . Балалар осыған ұқсас басқа торкөздерге не  бейнелеу керек екенін  айтады.

     ІХ. Сабақты қорытындылау.

Х. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   3 саны және цифры.  Үшбұрыш.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   3 саны және цифрымен  таныстыру; сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау; үшбұрыш, оның  белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау, есте сақтау  қабілеттерін,  шығармашылық  белсенділіктерін  арттыру.

3.Тәрбиелік:  Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  жаңа  тақырыпты түсіндіру

Пәнаралық байланыс:   дүниетану,  бейнелеу  өнері

Сабақтың  көрнекіліктері:  сандар,  гүлдер, үнтаспа, 

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық

Күй тартамыз күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді.

Би билейміз ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты.

ІІІ.Тірек білімдерін   жетілдіру.

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарға ұқсас жаттығулар  мен ойындарды пайдалануға болады.

ІV.Жаңа материалмен таныстыру.

 3 санын шығарып алу тәсілімен  таныстыру  балалармен практикалық  жұмысты  орндау негізінде   құрылады.  Мұғалім  оқушының 1 көк және 1 қызыл үшбұрышты тақта алдына  қоюын сұрайды: 

    -Үшбұрыш нешеу болды?

    -Үшбұрыштардың санын көрсететін карточканы қатарына қой. 

    -Оларға тағы  1 үшбұрышты қос.

    - Неше үшбұрыш  болды? 3 үшбұрышты қалай шығарып алдың?  Осыған ұқсас  практикалық жұмысты мұғалімнің  айтуымен балалар парта да орындайды. Осы сабақтан бастап, әрбір жаңа санмен танысу сан сәулесінің көмегімен ұйымдастырылады.  Мұғалім  балаларға сан сәулесінің  шексіз  екенін  түсіндіреді. Содан кейін мұғалім 3 санының сан сәулесіндегі орнын, санының  қалай  таңбалатынын  көрсетеді.

Ары қарай №1 тапсырмадағы 3 санына дейін толықтыру жұмысын орындайды.

Қосу мен азайтудың  өзара  байланысын көрсетеді. 

Жұмыстың келесі кезеңі  3 санының  құрамымен таныстыру болып табылады.  Ол үшін мұғалім жинақ  полотносына  3 үшбұрышты  (2 көк, 1 қызыл ) қояды:

     -Барлығы неше үшбұрыш?

     - Көк үшбұрыш нешеу?

      -Қызыл үшбұрыш  ше ?  Тапсырманы орындау барысында  оқушылардың «3 -бұл 2 мен 1»  деген қорытынды жасауы маңызды.

Алғашқы  бекіту жұмысы үшін №2 тапсырма ұсынылады. Мұғалім оқушылардан тура және кері санауды сұрайды.  Мынадай сұрақтар қоюға  болады: «Оң жақтағы әр бағанда  неше текше артық немесе кем ? Біреуі артық - бұл келесі сан. Біреуі кем -бұл алдыңғы сан»

2 мен  3 сандарының құрамын бекіту үшін  «Өнімді  жина»,  «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға  болады (ойындарға берілген нұсқауға қара).

Геометриялық материалды түсіндіру.

№3 тапсырманы орындау   кезінде  мұғалім белгілеріне  қарай үшбұрышты табуды ұсынады.  «Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай  аласың?»

Геометриялық фигуралардың  элементтерін  дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуді үйрету қажет. № 4 тапсырма логикалық ойлауларын дамытуға  бағытталған.

V.Сергіту  сәті.

VІ.Дәптермен  жұмыс.

№1 тапсырма цифрын дұрыс жазуға үйретуді  көздейді.

№2 тапсырма  мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Осы фигураларды  көшіріп салуды сұрап, тапсырманы  ары қарай күрделендіруге  болады. Мұғалім балалардың    назарын фигура  дәл болып шығу үшін нүктелердің арасындағы  торкөздерді санау керек екеніне аударады .

№3 тапсырма өрнектерді сәйкес суретпен сызық арқылы  қосады.

№4 тапсырмада суретті 3-ке дейін толықтырады. Қасындағы бос орынға сәйкес өрнекті жазады.

    VIІ. Сабақты қорытындылау.

VIІІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Пысықтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   Математикалық  өрнек және оның  мәні туралы түсініктерін кеңейту; таңбалардың көмегімен  өрнектер жазу  дағдыларын  арттыру.

2.Дамытушылық:  Оқушының  ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу.

 Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ. Психологиялық  дайындық

Бүгін бізде ерекше,

     Сабақ болып жатыр ғой.

     Тәртіп, оқу деңгейін,

     Ұстаздар көріп отыр ғой.

     Ал тәртіпті болайық,

      Жақсы көріп әр күнде,

      Білім керек әркімге.

ІІІ.Тірек білімдерін  пайдалану.

Ауызша есептеуге  сандар қатарын шығарып алуға берілген ойындар мен жаттығуларды  енгізуге  болады.

ІV. Оқулықпен  жұмыс

№1  -34 бет  өрнектердің  мәнін  табу.

     №2   Сайқымазақтың  доптарында жазылған сандар мен таңбалардан  өрнектер құрастырады  және  дәптерлеріне  орындайды.

     №3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар  суретке талдау жасайды  және әр суретке  сәйкес  өрнекті табады.  Оқушылар тапсырманы өздерінің жауаптарын түсіндіре отырып орындайды. Мысалы: «Үштен екіні азайтамыз»  деген  өрнекке «үш көбелек қонып отырды, екеуі ұшып кетті» деген сурет сәйкес келеді.

      Логикалық  тапсырма. №4- 36 бет

V.Сергіту сәті.

Бір отырып, бір тұрып

Алға қарай жүреміз

Артқа қарай  шегіндім

      Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

VІ.  Дәптермен  жұмыс.

       №1  тапсырма бойынша өрнектерді оқып,олардың мәнін табады, оған сурет   ойластырады. Суреттің  орнына   үшбұрыш, дөңгелек, шаршы қолдана алады.

       Оқулықтағы №2  дәптерге орындалады.  Оқушылар  әртүрлі  нұсқаларын құрастырады.

VІІ.Өздік жұмыс №3   -31 бет.

№4  үлгі  бойынша  геометриялық фигураларды түсті қарындашпен бастырады.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Пысықтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   Математикалық  өрнек және оның  мәні туралы түсініктерін анықтау; таңбалардың көмегімен  өрнектер жазу  дағдыларын  арттыру.

2.Дамытушылық:  оқушының  ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:   логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу.ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ. Психологиялық  дайындық

Әрбір адам - туысын, досың, жұрағат,

Әрбір сабақ -үйрену,ұғу,ұлағат,

Әрбір  ісім - тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім- шындық, бірлік,адалдық.

ІІІ.Тірек білімдерін  пайдалану.

Ауызша есептеуге  сандар қатарын шығарып алуға берілген ойындар мен жаттығуларды  енгізуге  болады.

ІV. Оқулықпен  жұмыс

№1  -36 бет. Суреттер  бойынша    өрнектердің  мәнін  табу.

   №2   Өрнектер құрастыру.        

   №3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар заттардың  ұзындықтарын          сызғышпен өлшейді.

   V.Дәптермен  жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан  қашайық.

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық.

Оқулықтағы   №4-ші  тапсырманы дәптерде жазады..

VІ.Логикалық  тапсырма. №5 -37 бет

VІІ.Сергіту сәті

Қане енді  тұрайық,

Бұлбұл болып сайрайық,

Қолымызды созайық

Қанат қағып ұшайық.

VІІІ.  Дәптермен  жұмыс  32 бет

№1   сурет  бойынша  өрнектер жазу.

№2 сандарды пайдаланып өрнек құрастыру.

    ІХ. Өздік жұмыс №3   -32 бет

   Х. Сабақты қорытындылау.

ХІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  4 санымен және 4 цифрынын жазылуымен,4 санының  құрамымен таныстыру; төртбұрыш,шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық:  Танымдылық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдерін қалыптастыру;

3.Тәрбиелік:   Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тапқырлыққа  баулу.

Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс

Сабақтың  көрнекіліктері:Қожанасырдың суреті, қоржын,асықтар,  ою түрлері.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ. Психологиялық  дайындық

   Кел,достар ,

   Шырқайық әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!

ІІІ.Тірек білімдерін  пайдалану.

Оқушыларды  екі  топқа  бөлу.

«Балдырған»,  «Балауса» 

1. «Қоржын  той»  ойыны.  Қоржынның  ішінен   4 асықты  бір -бірден алады  да,  ондағы  тапсырмаларды орындайды.

1.Аптаның   жеті  күнін  ата: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына.

2. Төрт  түлік  малды  атау.

ІV.Жаңа материалмен таныстыру.

1.«Орамал тастамақ»  ойыны   №1 -38 бет

 

 

3 +1

 

 

 

1 +3

 

 

4 -3

 

 

 

 

4 - 1

 

 

 

 

2 + 2

 

 

 

4-2

 

 

 3-1

 

 

 

 

2-1

 

   №2 тапсырма  дәптерде оқушылардың  өздері орындауға  берілген.  Бұл  тапсырманы орындамас  бұрын  4 санының  құрамы  қайталанады. 

    2.- Ауызша  жұмыс.  №3 жаттығуды   ауызша  орындау кезінде   4 -ке деген тура  және кері санауға  жаттығады. 

    -Геометриялық  фигуралармен  жұмыс.

3. «Бәйге»   жарысы. №5-39 бет  геометриялық фигураларды  топтап  жинау.

    Төртбұрыш, шаршы  туралы түсініктеме беріледі.  Бірнеше  үшбұрыштар беріледі  және 1  төртбұрыш. Бұл  кезде  «Артық фигураны тап» деген ойынды жүргізуге  болады.

№4  тапсырмадағытөртбұрыштардың  әр түрімен танысады.

    V.  «Тақия  тастамақ»  ойыны. Логикалық  тапсырма. №4- 39 бет

№6 тапсырманы оқушылар   дайындалған қиындылардан геометриялық  фигура  құрастырады.

     VІ. Сергіту сәті.

Орнымыздан  тұрайық ,

     Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

     Шынығып алайық.

VІІ.  Дәптермен  жұмыс -33 бет.  Кім  дәптерде  тез, жылдам   берілген  тапсырманы орындайды  соған,Қожанасыр ата   әкелген  әдемі  оюларын  сыйлайды.

№1  -4 саның жазып үйрену.  №3  тапсырма  берілген сандар   бойынша  шаршы суретін салу.

№4  оқушылар  нүктелерді дұрыс  қосуды үйренеді  және  төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қосу  амалындағы сандардың атаулары. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: қосу және азайту амалдарындағы компоненттердің атауларымен таныстыру, сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық:  Логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:   аралас

Пәнаралық байланыс:  әдебиеттік  оқу,

Сабақтың  көрнекіліктері:Қуыршақтар,  үшбұрыш.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық   /әр түрлі әуен келтіре/

Күй тартамыз күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді.

Би билейміз ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты.

ІІІ.Тірек білімдерін   жетілдіру.

Ауызша есептеуге геометриалық материалдарды қайталауға арналған тапсырмаларды енгізуге, «Не өзгерді?»,«Қандай фигура артық?»ойындарын,

«Жасырылған фигураны тап»ойын жаттығуын енгізуге болады.

 Жаңа  материалмен  таныстыру.

№1 тапсырма  оқушыларды математикалық терминдермен таныстыру. Оқушылардан  қосу және азайту амалдарының компоненттерінің атауларын жаттауды  талап етпей, оқулықтағы және көрнекіліктердегі жазуларға сүйене отырып, бұл терминдерді оқушылардың  дұрыс қолдануына  жетелеу.

Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеліп,

Басқа гүлге барайық.      

№2тапсырманы орындау кезінде мұғалім дәптердегі және тақтаға ілінген кестеге сүйене отырып,өрнектерді әртүрлі оқуды ұсынады.

     Қосу

Азайту

Бірінші  қосылғыш 2,екінші  қосылғыш 1, өрнектің мәні 3.

Азайғыш  3, азайтқыш 1,айырманың мәні  2.

2 -ні  1-ге  арттыру.

3-ті 1-ге кеміту.

2 +1

3 -1

2 және 3сандарының  қосындысын  тап.

3 және 1 сандарының айырмасын тап.

2-ге  1-ді қосу.

3-тен 1-ді  алу.

 

№3 -40 бет  есеп  шығаруға  дайындық  жұмыс  жүргізу.

№4  тапсырманы алдымен  оқушылармен  талдап алу  керек. Қызыл  орамал үстіңгі бетінде  болу үшін боялмаған  шаршының ішіндегі кіші шаршы  ғана боялады. Ал  көк орамал  бетінде  болу үшін боялмаған үлкен шаршы тұтас боялады.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Азайту амалындағы сандардың  атаулары.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу және азайту амалдарындағы компоненттердің атауларымен таныстыру, сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың  белсенділігін  арттыру.

3.Тәрбиелік:   Ұқыпты, ізетті  болуға  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс:  музыка,  дүниетану.

Сабақтың  көрнекіліктері:сандар,  геометриялық  фигуралар,  күннің  суреті, қуыршақтардың  суреттері.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық    /әндетіп айту/

«Армысың досым,

    Кел,маған қосыл.

Алақанға салып  алақан,

Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

    Құшаққа оны алайық (құшақтасады)» .  

 Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІІ.Тірек білімдерін   жетілдіру.

    Ауызша есептеуге геометриалық материалдарды қайталауға арналған тапсырмаларды енгізуге,     «Не өзгерді?»,«Қандай фигура артық?»

ойындарын, «Жасырылған фигураны тап»ойын жаттығуын енгізуге болады.

ІV.Қайталау

№1  ауызша  жұмыс   өткендегі  сабақтағы  терминдерді  қайталау (қосылғыш, қосылғыш,қосындының мәні)

№2 тапсырма оқушыларды математикалық терминдермен таныстырады  (азайғыш,азайтқыш, айырманың  мәні).Оқушылардан қосу және азайту амалдарының компонентерінің атауларын жаттауды талап етпей, бұл терминдерді оқушылардың дұрыс қолдануына жетелеу.

V.Сергіту  сәті.

Аспанға  қарап ай  көрдік,

Төменге қарап  жер көрдік.

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

    Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Әдемі етіп жазайық.

VІ.Дәптермен  жұмыс №1, жасырын  сандар мен амал таңбаларын қою. Қосындылардың  астын сызу.

Өздік  жұмыс №2   суретті қайталап салу, №5 .

Жазбаша жұмыс.  Оқулықтағы №3-өрнектердің мәнін табу,   №4 - есептің  өрнегін құрастыру  және оның мәнін табу.

Салыстыру.  №5 -42 бет

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:   Артық.Кем.Тең.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:«Артық», «Кем», «Тең» түсініктерімен таныстыру. Заттар  жиынын   саны бойынша салыстыруға үйрету; таңбаларды  дұрыс қолдана білу.

2.Дамытушылық:   Танымдық  ойындар  ойнату арқылы  ойлау  қабілеттерін  жетілдіру, есептеу  дағдылары  арқылы  білімдерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:  Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру  арқылы  еңбекке  баулу.

Сабақтың  әдісі:  жазбаша, ауызша, ойын

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

    ІІ. Психологиялық  дайындық

Математика - толған тамаша заңдылық  сән,

Математика -толған тәртіп, мағына мән.

Математика  - толып жатқан терең сыр,

     Шетсіз, шексіз  дариядай  бейне бір.

ІІІ.  Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  жұмыс:    43  бет

1+2        3-2         2+1           1+1       2-1 

IV. Жаңа  материалмен  таныстыру

      №1  тапсырмадағы   суреттерді  пайдаланып  немесе басқа заттарды пайдаланып  жаңа  тақырыпты түсіндіру.

3  >  1                   3 = 3                           2 <    4

V. Оқулықпен жұмыс. №2дәптерге орындау.

3  *4                 3*2                      3 *3           2* 3              

2 *2                  1*2                       2*1           1*3

 

VI.Сергіту  сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

    Кіп -кішкентай балалар,

Үп- үлкен боп өседі.

VII.Дәптермен  жұмыс:36-37 бет №1  таңбаларды жазуға үйрену.

№3 тапсырманы орындай отырып, жаңа материалды бекітуге болады. 

     №4 өзбеттерінше  орындағаннан кейін  жаңа  сабақты  қаншалықты меңгергендіктерін тексеру керек  -37 бет

Өтілген материал  бойынша  істелетін жұмыс.

Оқулықтағы №3  -44 бет,орындау кезінде  оқушылар фигураларды  атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштын көмегімен олардың  ұзындығын өлшейді.

№4-44 бет   «Артық фигураны тап» ойын арқылы  жұмыс жүргізеді. 

VIIІ.Сабақтың  қорытындысы.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Теңсіздік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  «Теңдік», «теңсіздік»  туралы түсінктерін қалыптастыру  және сәйкес  терминдермен таныстыру.2.Дамытушылық:  Тез  ойлауға, шапшаң  есептеуге баулу,  ой  өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік:  Ұжымдыққа, ептілікке   тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:   Сайыс

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық

     Математика,достарым

     Ең маңызды,керекті.

Қатал да нақты пәніміз.

 Ол - қызықты, сүйікті

Математика пәніміз.

ІІІ.Тірек білімдерін   жетілдіру.

Ауызша  жұмыс

1 СЫН 050

 

IV. Жаңа  материалмен  таныстыру.

№1   3 > 2                   2<2+2         -бұл  теңсіздіктер

3= 3                             3=4-1          -бұл теңдіктер  

      Мұғалім  баларға дөңгелектердің санын  салыстыруды, сәйкес  салыстыру таңбалары қолданылған  жазуды   оқуды  ұсынады   және «теңсіздік»,  түсінігімен таныстырады.

      Осы тапсырманың  екінші  қатарындағы « =»  таңбасымен  жазылған  жазуды оқиды.

V.Дәптермен  жұмыс.

Дәптердегі №1 38 бет, тапсырманы  алғашқы бекіту жұмысы ретінде  қолдануға  болады.

Суретпен  оның  астындағы  оған сәйкес жазуды қарастырып,  салыстыру таңбасын таңдайтын, таңдау себебін түсіндіреді.

    №2 -  45 бет. тақтада  да, дәптерде де  орындауды қажет етеді  ( дәптерде ол үшін  арнайы орын бөлінген ).

4*3                     3*4                           4*2+1              2* 3          2*4 -2

1*3                     3*1                           3*2+2              3*2                          VІ.Сергіту сәт

VІІ.Дәптермен  жұмыс. Оқулықтағы №3 -45 бет  дәптерге орындау

3 * 3 -1         3+1*34*4 -2                                           

2*2 +2                        4-1 * 41+3 *1

  Өздік  жұмыс №4 фигураларды боя.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың  тақырыбы:  Өрнектерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өрнектерді салыстыру ;құрастыру  дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:   Логикалық ойлауларын дамыту.

3.Тәрбиелік:  Зейіншілікке, тапқырлыққа   тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:   әдебиет, музыка

Сабақтың  көрнекіліктері:суреттер,   ақ  параққа  жазылған  өрнектер

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық

Қайырлы   күн, достым

     Қайырлы   күн   болсын!

    Күлші, кәне, досым,

    Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

   4-тік,5-тік бағалар,

Күнделікке толсын!

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІІ.Тірек білімдерін   жетілдіру.

   1. Қайталау

Айырманың  компоненттерін қайталау.

Қосындының  компоненттерін қайталау.

Кесінділерді, үшбұрыш пен  шаршыны қайталау

   2. Теңдіктер мен теңсіздіктер  құрастыру

 

1 СЫН 051

 

IV. Жаңа  материалмен  таныстыру.

Жаңа сабақпен таныстыру  жұмысын тақтада көрсету арқылы бастаған жөн. Мұғалім жинақ полотносына 4 шаршы  мен 2  дөңгелекті қояды және теңсіздік құрастыруды сұрайды. Содан кейін 1 шаршыны алып тастайды, балалар бұл амалда бейнеден көрсететін өрнекті құрастырады  (4-1 ) және шаршының  санын  дөңгелектің санымен салыстырады.

Оқулықтағы №2 орындау.

№3 тапсырманы   ауызша талдап  дәптерге орындау.

Өтілген материалды бекіту.

V. Өздік   жұмыс  №4 -48 бет

3+1 *1+2                                                    3-2 *3-1

4-2 * 2+2                                                    4-3 *1+1

VІ.Сергіту  сәті.

Аспанға  қарап ай  көрдік,

Төменге қарап  жер көрдік.

    Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

    Дәптерімізді ашайық,

    Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

    Әдемі етіп жазайық.

VІІ.Дәптермен  жұмыс №1 тапсырмада алдымен сурет бойынша өрнектер құрастырылады. Оларды  тақтаға немесе дәптердегі суреттің  астындағы арнайы берілген торкөздерге жазған дұрыс.  Суретке сәйкес өрнектерді міндетті түрде оқу керек.  Енді балаларға оларды салыстыру ұсынылады. Екі тәсілмен салыстыруға болады: 1) алдымен өрнектің мәнін тауып  (жоғары жағына жазып қоюға да  болады), содан кейін оларды салыстыру;2)  өрнектерге  салыстыру жұмыстарын жүргізу (сол жақ бөлігінде  2 -ге 1 -ді қостық, оң жақ бөлігінде  2-ге  2-ні қостық, демек сол жақтағы өрнек кем).

    №2    орындау

 

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  5 саны және цифры.  Бесбұрыш.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  5 санының құрулуымен, 5 цифрынын   жазылуымен  және құрамымен  таныстыру; оқушылардың  бесбұрыш және оның  белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.  

2.Дамытушылық:  Оқушының  логикалық  ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік:   Жылдамдыққа ,бірлікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: Сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:   еңбек

Сабақтың  көрнекіліктері:  Демонц. материал, кеспе цифрлар,

геометриялық  фигуралар.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық  дайындық

Күн, ауа, жер, аспан

Маған, саған,біздерге

Бақыт, махаббат, жақсылық тілейміз.

ІІІ.Қайталау.

5 саны және цифрымен  таныстыру  алдыңғы сабақтардағы жаңа сандармен  таныстыруға арналған сабақтарға  ұқсас ұйымдастырылады.

1. «Кім жылдам?» ойыны . Тақтаға алдын ала  мысалдар жазылып қойылады. Оқушылар қатар бойынша жарысады. 

1+3                         2+2                        4-3

4-2                                 1+ 2                       3+1

2. «Отыр -тұр »ойыны.

-Егер қосынды  4-ке  тең болса, отырады, 3 ,2 -ге тең болса тұрады.

3+1  (отырады)

4-2     (тұрады)

ІV.Жаңа  сабақ.

-Балалар, Қазақстан Республикасының  Елтаңбасы   туралы айтайық.

(оқушылардың  жауаптары)

*ҚР -ның  Мемлекеттік  Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген

*Шаңырақты айнала уықтар шаншылған .

*Уықтарды  пырақтардың  қанаты көркемдеп тұр.

*Елтаңбаның төменгі жағында  «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар.

* Елтаңбаның  жоғарғы жағында   5-жұлдыз  орналасқан.

-Неге жұлдызды 5 жұлдыз дейді?  Канеки,  бұрыштарын санайық. (жұлдыздың бесбұрышы бар екеніне    көз жеткіздік.) 

-Балалар, әрқайсысыңның  алдарында  5-тең үшбұрыштар жатыр. Канеки осы геометриялық  фигуралардан 5 жұлдыз құрастырайық.

V.Оқулықпен  жұмыс . 

5 цифрының   жазылуымен  таныстыру.  Ауада  жаздырып, содан кейін дәптерге түсіру.

№ 1  ауызша орындау.

VІ.Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Қолға ине ілікті

Үш саусағым оралды.

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен үш саусақ

Қала салсақ, жол салсақ .

VІІ.№2 «Үйге орналастыр»  деген  тапсырманы  тақтаға шығып орындау.

Өздік жұмыс. №2 -40 беттегі  берілген сандар бойынша  заттарды бояу.

№3 -ші тапсырманы   мұғалімнің   көмегімен орындау.

«Көршіні тап »  ойынды жүргізу.

VІІІ.Сабақтың қорытындысы:   қорытынды түрінде №5-49 бет ауызша орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Қосу  және азайту амалдарының өзара байланысы. 2,5 сандарының  құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты балаларға  көрсету; Мысалдар  төрттігін құрастыруға үйрету.

    2.Дамытушылық: Оқушылардың  шығармашылық  қабіліеттерін  дамыту.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:   әңгімелеу,  сұрақ -жауап, ізденушілік

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың  көрнекіліктері:  сандар,  «Үндемес»,

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру кезеңі

       І. Психологиялық  дайындық

      Күнде шат  күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.

ІІ.  Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша  жұмыс:   50  бет

 «Бір немесе көп затты тап», «Сандарға реті бойынша  өз орнын табуға көмектес» ойындар түрлерін қолдануға болады.

IІІ. Жаңа  материалмен  таныстыру

Жаңа материалды оқып - үйренуді    нақты жағдайларды  суреттейтін  мысалдарды  құрастырудан    бастауға  болады.  Мысалы 1)3 қызға   тағы   2 қыз келіп қосылды.  Неше қыз болды?

2) Егер 2 қыз кетіп қалса,неше қыз қалады?  Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? (  5-2 =3 ). Ал    егер    3 қыз кетіп қалса ше?   Мұндай жағдайда  қалай жазуға болады?   (5-3 =2).  

Оқулықтағы №1  талдау.

№2  -ні дәптерге  орындау

3+2               3+1                 1см+4см

2+3               1+3                 4см  +  * см

5-3                4-3                   5см  - *  см

V. Өтілген материалмен  жұмыс. «Ойлан, тап » ойын бойынша  №3  ауызша орындау.

Сандар құрамын айту.

 2                             3                              4                            5

Тұрғындардың мекен жайын  анықтайтын   тапсырмамен  №4 оқушылар алғаш рет кездесіп тұр. Тұрғындардың   орналасуын дұрыс айтуға үйрету керек- алдымен подъезді, содан соң  қабатты анықтайды.

№5 тапсырмадағы  сурет бойынша ұжыммен тақтада  өрнек құрастыруға болады.

VI.Сергіту  сәті.

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы  көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық

VII.Дәптермен  жұмыс   41 бет №1  тапсырма  оқулықтағы №1 -ге ұқсас. алдымен  1 суреттегі бос торкөздерді  сандармен толтырады. Амал компонент-терінің  атауларын пайдалана отырып, өрнектерді оқиды. Содан кейін балаларға екі түрлі түсті  қарындашпен  қоршаудың ішіне дөңгелек (үшбұрыш) сызу  ұсынылады. Олардың саны өз қалаулары  бойынша болуы мүмкін. Қосу  мен алу  компоненттерімен    өзара байланыс орнатылады.

          Графикалық дағдыларын пысықтау мақсатында  № 3 тапсырма орындатылады.  Бағандардың  барлығын  жаза бермей, тек 1-ші мен 3-ші немесе  2 -ші  мен 3-ші бағандарды жазады.

Өздік  жұмыс №4  -42 бет.  Берілген сандардың құрамын нүктелер  арқылы көрсету.

 

VIIІ.Сабақтың  қорытындысы.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Пысықтау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   Өткенді қайталау, мысалдарды шешуге машықтандыру.

 2.Дамытушылық:  Ақыл ойын, сана  сезімін, есептеу, салыстыру дағдысын дамыту.

3.Тәрбиелік:   Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу;ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс

Пәнаралық байланыс:  әдебиеттік оқу.

Сабақтың  көрнекіліктері:  сандар, геометриялық  фигуралардан  жасалған заттардың  үлгілері.

Сабақтың  барысы:І . Ұйымдастыру  бөлімі

Ал, кәнекей, балалар,

    Бері қарай қарайық.

    Қажет құрал, кітапты,

    Алдымызға алайық.

    Алаңдамай  басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен   табайық.

ІІ. Психологиялық  дайындық

 Оқушылар  бір -біріне дайындаған  тілектерін айтады.

ІІІ.Тірек білімдерін  пайдалану.

-Балалар, бүгін бізге  Жұмбақбай ата қонаққа келіп,  сендерге  бірнеше жұмбақ әкеліпті. Осы  жұмбақтарды шеше отырып бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.  

    Ақыл - ойдың  шырағы,

    Зәулім көктей шынары .

    Биігіне шықсаң  да,

   Қанбайды адам құрамы.  (Білім)

  - Балалар, жұмбақты дұрыс шештіндер, ендеше  білілмімізді ары қарай шындай  түсейік.

ІV.Өткен материалды бекіту.

Өрнектерді құрастыру және олардың мәндерін табу №1-52 бет

    Логикалықтапсырма. №4- 39 бет

  №6 тапсырманы оқушылар   дайындалған қиындылардан геометриялық  фигура  құрастырады.

V.Сергіту сәті.

VІ.  Дәптермен  жұмыс -33 бет

№1  -4 саның жазып үйрену.  №3  тапсырма  берілген сандар   бойынша  шаршы суретін салу.

№4  оқушылар  нүктелерді дұрыс  қосуды үйренеді  және  төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VII. Сабақты қорытындылау.

VIIІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

Сабақтың  тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті. 

Сабақтың  мақсаттары: 1. Оқушылардың  есептеуде  қосудың ауыстырымдылық  қасиетін  қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; заттарды  санау және санаудың нәтижесін цифрмен   жазу дағдыларын дамыту.

2. Оқушыларға  бағыт -бағдар бере отырып, ой -өрістерін дамыту, топпен және  жеке шығармашылықпен  жұмыс істеуге үйрету.

3. Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін  тапқырлығын ,ұқыптылығын арттыру. Өзін -өзі бақылауға, топтың намысын қорғауға баулу.

Сабақтың  әдісі: ой   қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру,  көрнекілік, ойындар.

Көрнекі құралдар:  оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын  қақпа  сызбасы, доп.

Сабақтың  барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық  дайындық.

Спортпен шұғылдан,

Сұлулық  сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс.

Сауық  пен кинодан.

ІІІ. Қайталау  «Қағып алу  »ойыны  арқылы    қосу  және азайтудың  кестелік жағдайлары туралы білімдерін қайталау.

ІV. Жаңа сабақ

Біз  бүгін сабағымызды «Алтын қақпа » ойынымен  алтын қақпаны  ашу үшін берілген тапсырманы дұрыс орындауымыз  керек.

1.«Темір қақпа»  оған  жету үшін оқулықтағы №1- тапсырманы  ауызша орындаймыз.  Оқушылар  жасырынған сандарды табады.  Ереженің  қорытындысын шығару.

2. «Мыс қақпа»   мыс қақпаны ашу үшін №2 тапсырманы орындау.

Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі ,үш

Дем аламыз  жалғап күш.

Қолға  қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

3. «Кім жылдам?» ойынның  жұргізу арқылы №3 тапсырманы орындау.

Ой толғау оқушыларға берілген үлестірмемен жұмыс. 

4.«Күміс қақпа»байқампаздықтарын дамыта отырып, сөредегі алынған заттарды  табады. Күміс   қақпа  ашылады  

5.«Алтын қақпа». Бұл қақпаны  бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан  оқушылар ашады.

Алтын қақпаның ішіндегі жұлдызшылармен білімдерін бағалау.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

Сабақтың  тақырыбы:  0 саны және цифры

Сабақтың  мақсаттары: 1.0 санының  мағынасымен, оның  сандар  қатарындағы орнымен таныстыру, 0 цифрын жазуды үйрету.

2.  Оқушылардың  сауаттылығын дамыту,

3.  Тазалыққа, ізеттілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: ой   қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар.

Көрнекі құралдар:  оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын  қақпа  сызбасы, доп.

Сабақтың  барысы:І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық  дайындық.

Спортпен шұғылдан,

Сұлулық  сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс.

Сауық  пен кинодан.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.2,3,4,5  сандарының  құрамын қайталау барысында ауызша санауға лайықты жаттығулар мен дидактикалық ойындарды («Үйшік»,  «Көршілер») ұйымдастырып, сандардың ретін еске түсіруге, математикалық өрнектерді қосуға болады.

IV. Жаңа  материалды  меңгеру .

1.Ағаштың  бұтағында   2  қарлығаш  отыр,  біреуі  ұшып кетсе  бұтақта неше қарлығаш қалады?  2-1=1

Қалған  қарлығаш   жан -жағына қарап  ол  да ұшып кетеді.  Бұтақта неше қарлығаш қалды?  1-1 =0    Ештене  қалған  жоқ.  Егер ештене қалмаса,0 цифрымен  белгілейміз.  0-көрсету.  (тағы  да  басқа  жаттығуларды  орындауға болады) 

      2.Оқулықпен  жұмыс.  №  1   тапсырманың  суреттері  бойынша   өрнектер  құрастыру,олардың  мәндерін табу.

3-1 =2                          2-1=1                        1-1=0

Оқушылардан  0-дің  сандар  қатарынын  қай жерінде тұратындығын  сұрау керек.   0 саны  1-ден кіші,  сондықтан  сандар қатарында  1-дің алдында тұратындығын  меңгеруі маңызды.  Содан кейін №2 тапсырма - «Көрші сандар» орындалады  (ауызша орындалады).

4

 

3

 

2

 

1

 
 


4                                                                                                                 

 

V. Дәптермен  жұмыс   45 -бет

№1  -0 цифрын жазу

№2  өрнек құрастыру.

VI. Сергіту сәті

Бала, бала,балапан

Қане қайсы  алақан?

Саусақтарын айбат,

Былай -былай ойнат. } 2рет

   Оқулықтағы  №3  -56 бет дәптерге орындалады.  Амалдар ұзындық шамасымен орындалады.

4 см-1 см                         1см -1 см

2см +2 см                         3см -2см

5см -2 см                          2см + 3см

1 см +2 см                        4см -2 см

VII. «Кел ойнайық!»№5 -56 бет    бұл ойын -жаттығуы, оқушылардың  зейінің дамытуға бағытталған  және   геометриялық фигураларды қайталауға  арналған   тапсырмалар кездеседі.  Ойынның  шарты қарапайым.  Оқушылардың  біреуі тақтаға  шығып, белгілі бір түстегі  қоршауды ішінен  таңдайды.  Ал  қалғандары оған  сұрақтар қою арқылы  қандай қоршауды таңдағанын табады.

-Сенің  қоршауында  доп  бар ма?

-Сенің  қоршауының  ішінде   көк дөңгелек  бар  ма?

Оқушылар  осылай қоршаудың ішіндігілерді  салыстыра отырып, оқушының жасырған қоршауын табады.

VIII.Жазбаша жұмыс . Салыстыру. Оқулықтағы № 4 дәптерге орындалады.

Бұл тапсырма алдын ала   ауызша   орындалады, содан кейін  белгілерді  оқушылар өз беттеріше  дәптерге қояды.

      ІХ. Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі,үш

Дем аламыз  жалғап күш..

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

-Қандай тақырыппен таныстық?

-0 деген цифраны көрсетейікші.

-Сабақта не қиын болды?

-Не ұнады?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:± 0,      -= түріндегі қосу мен азайтудың       ерекше жағдайы.

Сабақтың  мақсаттары: 1.Оқушыларды       + 0,        - 0,      -       =0 түріндегі қосу мен азайтудың жағдайларымен таныстыру.

2. Математика  пәніне сүйіспеншілігін арттыру. өз бетімен жұмыс  жүргізуге үйрету. Логикалық  ойлау белсенділігін  арттыру, дүниетанымын кеңейту.

3. Ұйымшылдыққа,  татулыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: ой   қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік , ойын.

Көрнекі құралдар:оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, алтын  қақпа,доп.

Сабақтың  барысы:І .Ұйымдастыру кезеңі

      ІІ.Психологиялық  дайындық.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

 IV. Жаңа  материалды  меңгеру .

2.Оқулықпен  жұмыс. 

4

 

3

 

2

 

1

 
 


4                                                                                                                 

V. Дәптермен  жұмыс   45 -бет

№1  -0 цифрын жазу

№2  өрнек құрастыру.

VI. Сергіту сәті

Бала, бала,балапан

     Қане қайсы  алақан?

Саусақтарын айбат,

Былай -былай ойнат. } 2рет

Оқулықтағы  №3  -56 бет дәптерге орындалады. 

4 см-1 см                         1см -1 см5см -2 см                          2см + 3см

1 см +2 см                        4см -2 см2см +2 см                         3см -2см

VII. «Кел ойнайық»

VIII.Жазбаша жұмыс . Салыстыру. Оқулықтағы № 4 дәптерге орындалады.Бұл тапсырма алдын ала   ауызша   орындалады, содан кейін  белгілерді  оқушылар өз беттеріше  дәптерге қояды.

 ІХ. Сергіту сәті

Жалқаулықты тастаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі ,үш

Дем аламыз  жалғап күш..

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

-Қандай тақырыппен таныстық?

-0 деген цифраны көрсетейікші.

-Сабақта не қиын болды?

-Не ұнады?

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

Сабақтың  тақырыбы  Пысықтау

Сабақтың  мақсаттары: 1.Өтілген  материалды бекіту; алған білім  мен  дағдының деңгейін анықтау.

2. Ойлау ,есте сақтау  қабілеттерін  дамыту. Өзбетінше  жұмыс істеуге   дағдыларын қалыптастыру.

      3.Ұқыптылыққа, зейіншілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: аралас

Көрнекі құралдар: саңырауқұлақтар,  жапырақтар,  доп, аңдардың суреттері,  сандар.

      Пәнаралық байланыс:  салауаттану, дүниетану,  әдебиеттік оқу.

Сабақтың  барысы:І .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық  дайындық.

-Балалар  бір -біріне жақсы  тілек айтып,   мейірімділікпен сабақты бастау.

ІІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

1.-Бүгін  сабақта  «Математика   әлеміне  » саяхат жасаймыз. Ал, саяхатқа  тек  қана   жүйрік, батыл  оқушылар барады.

Дайындық кезеңі.

Саяхатқа шығудың алдында  өзімізді  ойын арқылы тексеріп  көрейік  (мұғалім  сөздер айтып тұрады,ал балалар   сол сөзге  антонимдер айтады және қимылмен  көрсетіп  тұрады)

Жоғары (  қимылмен көрсету) .....төмен   (қимылмен көрсету)

Ұзын  (қол  қимылмен көрсету).....қысқа  (қимылмен көрсету)

Сол жақ        - ..............

Қалың -      .........

Биік    -        ...........

Жуан-           .......

Әлсіз -            .......... күшті   ( қимылмен көрсету)  бәрі  күшті боп  шығады

       2.Қайталау 

-Аптада неше күн?

-Аптаның күндерін атау.

-Айдың  жұлдызы нешесі?

-Бүгінгі   күннің ауа  райы   қандай?  (дүниетану сабағындағы  өткен тақырып бойынша   белгілерді көрсету) .

-Күніміз  ашық  болу үшін,  біраз жұмыс атқару керек.   ( саяхаттың  1 күні - дүйсенбі)

1. Тура санау.

2.Кері санау

3.1-ден бастап 1 сан аттап  санау.

4.  Қосудың  компоненттерін атау.

5.  Айырманың  компоненттерін атау.

6. Қосудың  ауыстырымдылық  заңы туралы не білеміз?  ( ашық аспанның  белгісін көрсету)

-Аспан  қандай  болды?  

  3.Жұмбақ  шешу

«Жазда қыдырады,

Қыста  тығылады».

Ол не?                   (аю  +  сейсенбі күні)

Саяхаттың  2-ші күні

-Балалар , мынау аю  бізден көмек  сұрап жатыр. Оның  апаны  әлі дайын емес .

-Оған  нені көп  жинау керек?      (жапырақ)

-Дұрыс,  оған    құрғақ жапырақтар  жинап беру керек.

(жапырақтардың  бетінде  берілген  өрнектерді орындау)

3+2                    5-2             0+2                   

5-1                     3+1             5-0

4-2                     3-2             4+0

Аю  қуанып  бізді ойынға шақырып жатыр.

     ІV. Сергіту сәті.  

Таулар қандай  болады?

Биік, аласа   (қимылмен көрсету)

Қазақстанның  даласы қандай?

Кең, үлкен    (қимылмен көрсету)

Ормандарымыз қандай?

Бай  (қимылмен көрсету)

Өзендеріміз  қандай?

Жылдам ,ағысты

Адамдарымыз қандай?

Қонақжай   (қимылмен көрсету)

Біз қандаймыз?

Татумыз.

 V. Өткен материалды бекіту.  (аптаның  3-ші күні -сәрсенбі)№2 -59 бет  өрнектер құрастыру.

№3 кесіділерді өлшеу

2. Аптаның  4 күні  - бейсенбі. Ауа  райы қандай?  ( бұлтты аспанды көрсету)

Оқулықпен  жұмыс.  

-Балалар,  күніміздің  ашылуы  үшін  берілген тапсырманы орындайық.  «Көршіні  тап»

2

 

1

 

3

 

4

 
 


4                                                                                                                 

 

VI.Дәптермен  жұмыс   48-49 бет. Аптаның   нешінші күні болды?  (Аптаның  5-ші күні  - жұма). Ауа  райы қандай?   (жаңбыр  белгісі көрсетіледі )

Алдымыздан  қоян шықты. Қоян үнемі әндетіп жүреді , бүгін де әндетіп келді.

«Дәптерлерді ашамыз

Әдемі етіп жазамыз

Қуантамыз ұстазды

Қуантамыз ананы, әжені, атаны

Күн келеді шаттанып

Дәптерлерімізге күлімдеп».

№2, №3 -48 бет орындау.

VIІ. Аптаның алтыншы күні     -  сенбі.  Ауа  райымыз  қандай?   (қатты жел соғып тұр)   Күніміз ашылу үшін  мына жұмбақты шешіп, берілген тапсырмаларды орындайық.

«Орманда тұрады, өзі  бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу» 

-Мынау түлкі торға түсіп қалды. Түлкіні құтқарамыз ба? (түлкі +суреті)  оқулықтағы №5 -60 бет, дәптерге орындау. Күніміз ашылды,  енді  үйге тез жетуіміз керек. Жүрген  жолдарымызды анықтап алайық   (дәп.  №4 -49 бет)

VIІІ.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, саяхатта неше күн  болдық?   (6 күн)

-Ал аптада неше күн бар?   Аптаның жетінші  күні  қалай аталады?   (жексенбі)

-Жексенбі  күні біз не істейміз?  (демаламыз)

-Осымен  сабақты аяқтаймыз.

-Сабақ  ұнады  ма?

- Қандай тапсырма қиын болды?т.с.с.

ІХ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Бақылау  жұмысы

Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  білімдерін анықтау

2.Оқушылардың   өз бетінше  орындау  дағдыларын қалыптастыру.

3.Тазалыққа, тапқырлыққа  баулу.

Сабақтың әдісі:   жазбаша

Сабақтың  барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық

ІІІ.  Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

ІV. Дәптермен жұмыс - 49 бет

                     І -нұсқа

   ІІ -нұсқа

1.Кестені толтыру

 

Азайғыш

4

5

4

5

Азайтқыш

3

1

0

4

Айырманың мәні

 

 

 

 

 

2.Кесінділердің  ұзындықтарын өлше және жаз:

 

3.Үйлерге орналастыр:

 

4.Есепте. Қосындының астын сыз:

4-2                    1+3

5-4                    3+0

4-4                     5-3

 

 

 

1.Кестені толтыру

 

Қосылғыш

1

3

2

0

Қосылғыш

4

1

2

4

Қосындының мәні

 

 

 

 

 

2.Кесінділердің  ұзындықтарын өлше және жаз:

 

3.Үйлерге орналастыр:

 

4.Есепте. Қосындының астын сыз:

 

 

3-ші  тапсырмадан кейін 

V.Сергіту сәті.

4-ші тапсырманы орындау

VІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Сабақтын тақырыбы.Білімдерін қортындылау және жүйелеу.

Сабақтың мақсаты: 1.Өткенді қайталау

    2. Оқушылардың  ой -өрісін дамыту.

    3.Ұқыптылыққа,  зейіншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  қайталау

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу

Сабақтың  барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық

     ІІІ.Қайталау.

 1.Қатемен  жұмыс жүргізу.

    2.Ауызша  жұмыс.

Изображение 158

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика 1 сынып "І - тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 912 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2015 18979
    • DOCX 7.8 мбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумалинова Замира Айдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумалинова Замира Айдаровна
    Жумалинова Замира Айдаровна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 130754
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 484 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек