Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Математика 3-сынып тақырыбы: Ертегі есептер"

Математика 3-сынып тақырыбы: Ертегі есептер"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5bd05e7d.gifhello_html_m1d5cd5a3.gifhello_html_4d309d26.gifhello_html_314399f8.gifМатематика 3-сынып

Сабақ тақырыбы: Ертегі есептер

Сабақ мақсаты:

1.Ауыз әдебиеті жанрларын қолдана отырып,математикалық білім-білік дағдыларын жетілдіру.

2.Оқушы ойының математикалық сапаларын,өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

3.Сабаққа белсенділігін,жазба жұмыстарын орындаудағы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ертегі әлеміне саяхат сабақ.

Сабақ әдісі:Талдау,жинақтау,жобалау,дәлелдеу.

Технология түрі:саралап-деңгейлеп оқыту.

Сабақ барысы: ІҰйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.(интерактивті тақтада күн бейнеленген.)

Балалар!Терезеге қарандаршы.Бүгінгі күн неткен тамаша,Жарық күн!Күннің сәулесі бізге жылу,жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер,күннен өтінейік,ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн,жарқын күн!

Мен сені сүйемін!

Мен сенен сұраймын-

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІІ Логикалық есептер шешу сәті.

Ауызша жұмыс.А)Ойын «Брейн-ринг»

-Екі жұмыртқ 4 минутта піседі.Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?

-Әжей қалаға бара жатып,қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді.Олардың әр қайсысында бір-бір қап бар,әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен.Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?

-Торда 4 қоян бар еді.Осы қояндарды төрт бала бір-бірден сатып алды,біреуі қалып қойды.Неліктен бұлай болды?

-Қаз екі аяғымен тұрған кезде,оның массасы 6 кг.Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?

«Кім жылдам» ойыны.

Әрқайсысына затын табуға көмектес.

100:20=(60+40):20

81:9=24:4+12:4

48:8=(16+32):8

(25+39):8=64:8

Ертегімен таныстыру.

Ертеде «Мақал» мен «Жұмбақ» деген ағайынды екі жігіт өмір сүріпті.Олардың «Жаңылтпаш» деген қарындасы болған екен.Бірде әкелері балаларын шақырып алып,өсиет айтады.

Әкесі:-Балаларым,сендердің «Тіл-әдебиет» шаһарындағы еңбектеріңді білемін.Бірақ «Жігітке жеті өнер де аз»дегендей,енді сендердің «Математика»еліндегі қажеттіліктерінді білгім келеді.Осы өсиетімді орындасаңдар,ақ батамды беремін.

Бұлардың қарындастары өте ерке болатын.Олда ағаларымен бірге барғысы келетінін айтып,қиғылық салды.Ағалар жолдың ауырлығын ескеріп,ерткісі келмейді.

«Жаңылтпашты»әзер көндірген жігіттер жолда оның да аманатын орындауға уәде береді.Жаңылтпаш ертегілер елінде санға қатысты жаңылтпаш ала келулерін тапсырады.

«Математика» еліне саяхат

(50-15):5=7 (9+9):6=

(32+48):80= (52+11):9=

(19+17):4= (42+24):11=

Өрнектердің мәні қандай сандар? (Бірлік сандар)

«Бірліктер»қалашығы.Бұл қалашықтың тұрғындары кімдер екеін білеміз бе? Бірліктер тұрады.Бірлік,ондық,жүздік.Олай болса,осы тұрғындардың тапсырмасын орындайық.

І-деңгей Мақалды толықтыр.

І-топ:Жігітке......өнер де аз.

........өнер көп емес.

......ала болса,,ауыздағы кетеді.

......түгел болса,төбедегі келеді.

ІІ-топ.Шешуін тап:

Жалғас жатқан қос шеңбер,

Бүйірінде қақпасы.

Көрсең де оны дос сендер,

Жақсы,жаман ортасы. (3)

ІІІ-топ:

Жақсыменен тең көрген,

Ата-ана да жөн көрген,

Орындықпен төңкерген. (4)

«Мыңдықтар»елі

Бұл елде кімдер мекендейді?

(бірлік мыңдықтар,ондық мыңдықтар,жүздік мыңдықтар)

Мыңдықтар елінің тапсырмасы:

ІІ-деңгей.

1.Қай сан лайық?

.....атасын білген ер,...... жұрттың қамын жер.

2.Шешуін тап:

Мектептің алтын орағы,

Зейінділер одағы.

Жақсы көрер бар бала,

Зерекке дос ол дағы. (5)

3.Осы сандардан 3 таңбалы сандар құрап,разрядттық қосылғыштарға жіктеу: 345,453,354.

345=300+40+5; 453=400+50+3;

354=300+50+3;

«Арифметика» қалашығы

Бұл қалашықта кімдер тұрады екен?

(қосу,азайту,көбейту,бөлу)

ІІІ-деңгей

1.100 санына байланысты қандай мақалдар білесіңдер?

еңгең болғанша

100

досың болсын



2.Амал таңбаларын дұрыс орналастыру арқылы 100 санын шығар

100*100*100*100*100=100

3.50 саына байланысты мақал жаз.

Жылда ел жаңа

50

Ел құлағы елу

«Геометрия «қалашығы

-Бұл елдің тұрғындарын білесіңдер ме?

(шаршы,шеңбер,үшбұрыш)

І-деңгей Сәйкес санды тап:

……аяқтыда құрдас тату,

……..аяқтыда бота тату.

Жұмбақты шешу:

Көкқұтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып тұрады.Ол не?

ІІ-деңгей

Тіктөртбұрышта неше үшбұрыш бар?

Сергіту сәті:

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқты ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Тұрайық,отырайық

Тұрайық,отырайық.

Тұрайық,отырайық,

Партамызға жайғасайық.

«Ертегілер» қалашығы

Бұдан әрі жүрген жігіттер «Ертегі есептер»қалашығына келеді.Қақпа алдында жазылған мынандай жазуды көреді:

Ертегі деген не?

Ертегі-халық ауыз әдебиетінің ежелден қолданыста болып келе жатқан жанрларының бірі.Халқымыз ертегі арқылы баланың ақыл-ойын,қиялын,тілін дамытуға көңіл бөлген.Сондықтан да баланы ойға жетелейтін,шешімін табуға талпындыратын қызықты тапсырмалы ертегілер пайда болған.»

Жігіттер жазуды оқып, ішіне енсе,мұнда түрлі жан-жануарлар мекендейді екен.Енді осы жануарлардың тірлігіне араласып көрейік.

1-деңгей.

Ағайынды жігіттер бір-бірін қуалап бара жатқан қасқыр мен қоянды көреді.

Сірә,қасқырдың қарны аш болу керек.Бұларды көрген қасқыр ентіге тоқтайды да:

-Осы мен неге қоянға жете алмай келемін?Қоян қанша уақыт жаяу жүгірді екен?-дейді.

Қасқырды алдандыру үшін мына тапсырманы орындайық:

Қоян жолда 5 тәулік 10 сағат болды.Ұшақ пен 8 сағат ұшып,пойызбен 3 тәулік 12 сағат жүрді.Қалған уақытта жаяу жүгірді.Қоян қанша уақыт жаяу жүгірді?

Барлығы -5 тәулік.10сағ.=130сағ

Ұшақпен-8сағ

Пойызбен-з тәул.12сағ.=84сағ

Жаяу жүгірді-?

Шешуі:130-(8+84)=38сағ

Жауабы: Жаяу 38 сағат жүгірген.

2-деңгей

Үнді пілі мен Африка пілі кездесіп қалып,бойларының биіктігі жөнінде келісе алмай жатыр екен.Сірә,сантиметрден басқа өлщеи білмесе керек.Мүмкін,сендер бойларының өлшемін см-мен өрнектеп,татуластырасыңдар.

Үнді пілі-2м70см=270cм

Африка пілі-4м=400м

3-деңгей.

Тиін қысқы азығын жиып алып,жаңғақтарды бөліп отыр.

Ол мақтанып былай дейді:

-Мен азығымның 2/1 бөлігін қаңтарда,2/1 бөлігін ақпанда,ал қалған 30-ын желтоқсанда жеймін.

Менде барлығы қанша жаңғақ барын білесіңдер ме?

Тиінде барлығы 60 жаңғақ болған.

Бекіту.

Жоба жасау

Ауыз әдебиеті жанрының математика саласына қажеттілігін дәлелдейік.

Жұмбақ

Мақал



Жаңылтпаш







1-топ критериі:Мақалдың математика пәніне қосатын үлесі зор.Дәлелдері жоба қорғау барысында көрінді.

2-топ критериі:Жұмбақтың математика пәніндегі алатын орны бар.Осылайша ағайынды екі жігіт әкелерінің өсиеті мен қарындастарының аманатын орындап,елдеріне аман-есен оралыпты.Әкесі балаларының істеріне риза болып,ақ батасын беріпті.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров566
Номер материала ДВ-181580
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх