Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Математика. Тақырыбы: Пысықтау (ашық сабақ)

Математика. Тақырыбы: Пысықтау (ашық сабақ)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың математика пәні бойынша ой-өрісін, білімдерін кеңейту, тереңдету арқылы алған білімдерін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу; ә) сайысқа қатысқан әрбір оқушының білімін толықтыру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру; б) ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға, озық ойлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдісі: интеллектуалды сұрақтар.

Сабақтың типі: білім мен білікті тексеру сабағы.

Көрнекі құралдар: ноутбук, дидактикалық материалдар, оқушыларға қажетті карталар.

Сабақтың барысы

а) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба, сабаққа?

Кітап, дәптер, қаламдар,

Орнында ма, қараңдар.

ә) Кіріспе.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болады. Өйткені, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарымыз сендердің сабақтағы тәртіптеріңді, белсенділіктеріңді, білімдеріңді қадағалап отырады. Сондықтан бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, тәртіпті болып, жақсы білімімізді көрсетіп, жақсы бағалар алатын болайық.

б) Өткен сабақты еске түсіру. Білімдерін дамыту.

1. Математикалық диктант (ауызша есептеу)

(қосымша дәптердің 35-ші беті бойынша жұмыс, 1-ші, 2-ші нұсқаларға бөліну арқылы жүргізіледі, соңынан тексеріледі)

2. «Көбейту немесе бөлу» дидактикалық ойыны.

Ойынның мақсаты: 6 санымен көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту. (ойында әртүрлі сандармен өткізуге болады)

Қатырмақағаздан қиып алынған дөңгелектің бір жағы жасыл, екінші жағы сарыға боялған екі жағында да 6 саны жазылған. Ойын шарты түсіндіріледі. Мұғалім дөңгелектің сары жағын көрсетіп, мысалы 4 санын атайды, балалар бұл санды 6-ға көбейтеді, ал егер мұғалім жасыл жағын көрсетсе, аталған санды 6-ға бөлу керек. Дөңгелектің екі жағы кезек жылдам көрсетіледі, кейде бір жағы қатарынан екі-үш рет көрсетіледі.

3. Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыру.

(оқулықтағы №3 тапсырманы көрнекілік түрінде тақтада орындау)

в) Жаңа сабақ.

(жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру)

-Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен интеллектуалды танымдық ойын ретінде ойнаймыз. Ол үшін тақтадағы мына жазуларға назар аударайық.

(балалар «Білгірлер», «Тапқырлар» деген жазуды оқиды)

-Бұл жазулар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

-Әрине, бұл топтың аты болатын сөздер. Сондықтан біз қазір екі топқа бөлініп, жарысатын боламыз.

-Ал қай топ қай сөзді таңдайтынын анықтау үшін, мен сендердің алдарыңа ашық хат тастаймын, сол ашық хаттың ішіндегі жазылған сөз сендердің топтарыңның аты болады.

(оқушылардың алдына ашық хаттарды тастау, топтың атын хабарлау, ұранын оқу арқылы бірін-бірі таныстыру)

г) Сайыс (айналым) кезеңдерімен таныстыру.

 1-айналымның атауы - “Білгенге маржан”. Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

1-топқа арналған сұрақтар:

1. Қандай арифметикалық амалдарды білесің? (қосу, азайту, көбейту, бөлу)

2. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (мм, см, дм, м, км)

3. Есептеуде көбейткіштердің бірі белгісіз болған жағдайда не істейміз? (көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткіштің біріне бөліп, екінші көбейткішті табамыз)

4. Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз? (2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады)

5. Амалдардың орындалу тәртібін анықта: 37+12:6. (1-ші бөлу, содан кейін қосу орындалады)

6. Егер төртбұрыштың барлық бұрыштары тік болса, онда бұл – ... қалай аталады? (тіктөртбұрыш)

2-топқа арналған сұрақтар:

1. Масса өлшем бірліктері қалай аталады? (г, кг, ц, т)

2. Белгісіз бөлінгішті табу үшін не істейміз? (бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек)

3. Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз? (2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады)

4. Амалдардың орындалу тәртібін анықта: (6+10):2+5. (1-ші жақшаның іші орындалады, содан кейін бөлу, сосын қосу орындалады)

5. Егер тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары тең болса, онда бұл ... қалай аталады? (шаршы)

6. Периметрді қалай табасың? (фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз)

 2-айналымның аты - “Кім жылдам”. Мұнда оқулықтағы №4 тапсырманы оқу арқылы берілген есеп бойынша кім тез жауабын айтып, сол бойынша тақтаға өрнек жазады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

а) 20:5=4 (есе артық)

ә) 20-5=15 см (артық)

б) 6·4=24 (кітап)

в) 4·2·5=40 (кітап)

(оқушылар өрнектерді дәптерлеріне көшіріп жазады)

ғ) Сергіту кезеңі...

 3-айналымның атауы - “Иә” немесе “Жоқ”. Мұнда математикалық шешуі бар сөйлемдер оқылады, жауабы дұрыс болса, «иә» деп жауап береді, жауабы дұрыс болмаса, «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1-топқа:

1. Қосу азайтуға кері амал болып табыла ма? (Иә)

2. 1 м-де 10 см бар. (Жоқ)

3. 6 мен 3-тің көбейтіндісі 18-ге тең бе? (Иә)

4. Қабырғалары 4 см болатын шаршының периметрі 20-ға тең бола ала ма? (Жоқ)

5. 25-ті 5-ке бөлгенде 5 болады. (Иә)

6. 12 саны 4-ке бөлінеді. (Иә)

2-топқа:

1. Көбейту бөлуге кері амал болып табыла ма? (Иә)

2. 1 см-де 10 мм бар. (Иә)

3. 4 пен 5-тің көбейтіндісі 19-ға тең. (Жоқ)

4. Қабырғалары 2 см және 3 см болатын тіктөртбұрыштың периметрі 15 см-ге тең бе? (Жоқ)

5. 30-ды 6-ға бөлгенде 6 шығады. (Жоқ)

6. 24 саны 6-ға бөліне ме? (Иә)

4 айналымның атауы – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты –1 минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

1-топқа арналған тапсырмалар:

4*3=12 15*5=20 12*2=6 10*30=40

28*8=20 45*5=9 44*6=50 30*5=6

18*3=6 0*4=0 5*8=40 15*3=5

36*4=40 9*1=9 15*15=30 78-70=8

40*5=8 8*8=1 40*20=60 14*2=7

23*7=30 32*4=8 45*12=57 60*10=6

2-топқа арналған тапсырмалар:

5*3=8 70*30=40 9*9=1 24*6=4

0*5=0 16*2=8 18*2=9 45*0=45

10*2=5 20*10=2 42*2=40 3*9=27

30*10=3 89*80=9 12*18=30 6*3=2

28*4=7 20*4=5 5*7=35 4*4=16

81*1=80 0*2=0 21*3=7 87*3=90

5 айналымның атауы – «Ойлан, тап!». Бұл кезеңде бір жұмбақ жасырылады. Оның шешуі сиқырлы қорапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

Жұмбақ оқылады:

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

Есеп шығару. (жұмбақтың шешуіне байланысты сөз есеп шығару)

Жұмысшы балаларға арнап бірінші күні 70 сызғыш, екінші күні бірінші күнге қарағанда 25 сызғыш кем, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 16 сызғыш артық жасап берді. Жұмысшы үшінші күні балаларға қанша сызғыш жасап берді?

1-күні – 70 с.

2-күні - ? 25 с.кем

3-күні - ? 16 с. артық

(70-25)+16=45+16=56 (сызғыш)

Жауабы: жұмысшы үшінші күні 56 сызғыш жасап берді.

д) Бекіту.

-Бүгінгі сабақ сендерге қызықты болды ма?

-Сабақтың қай кезеңдері ұнады?

-Сабақтың қай кезеңінде қиындықтар кездесті?

-Ол қиындықтардың себебі неде деп ойлайсыңдар?

-Өмірде математика ғылымы керек пе?...

(оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау)

е) Сабақты қорытындылау.

1. Сайыстың жалпы есебі шығарылып, жеңімпаз топ анықталады. Топтарды марапаттап, мадақтап, жеңімпаз топқа арнайы құрмет білдіру.

2. Топтар бір-біріне тілек білдіреді.

ж) Үйге тапсырма: 108-бет, №2.

з) Бағалау...

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

Математикалық сайысымыз аяқталды.



Сабақ аяқталды!














hello_html_m4f31e33e.gif


1 Ұзынкөл орта мектебі







hello_html_m3dd39ce4.gif



(3 «А» сынып)



hello_html_44007274.gif


hello_html_ma1b67bb.gif



hello_html_m2567e732.gif

hello_html_m7026a499.gif





Бастауыш сынып мұғалімі:

Тленкенова Нұргүл Қамзақызы






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-563508

Похожие материалы