Инфоурок Начальные классы Рабочие программыМАТЕМАТИКА УАҚЫТ Ашық сабақ

МАТЕМАТИКА УАҚЫТ Ашық сабақ

Скачать материал

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_16c5198b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_244955f5.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_67648486.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_5aa1b48a.gifСабақтың тақырыбы: Уақытты өлшеу. Секунд

  Сабақтың  мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға уақыт өлшем бірліктері туралы  түсінік беру, уақытқа берілген есептерді шығара алу дағдысын  қалыптастыру.
2. Дамытушылық:    Оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысын дамыту,  шығармашылыққа баулу,қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Уақытты үнемдей  білуге , әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар, сағат түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

ә) Психологиялық сәт

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

а) 7 – мысалдың орындалуын қадағалап тексеру

Ұзындығы – 5см

Ені – 4см

Р - ?

Р = 5см+5см+4см+4см=18см

ә) Сұрақтарға жауап алу.

- Ұзындық өлшем бірліктерін атайықшы (км, м, дм, см, мм)

- Ең кіші ұзындық бірлігін атаңдар (мм)

- Ең үлкен ұзындық бірлігін атаңдар (км)

100 см = 1м 10 см = 1 дм

10дм = 1 м 1000 м = 1 км

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі


у


а








қ




ы



т






Сөзжұмбақ шешу


1.Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,

О жоқ жерде өмір сүрмейсің.

2. Көктемнің алғашқы айы.

3. Қазақтың ұлттық ойыны.

4.Ең үлкен бір таңбалы сан.

5.Теріден жасалған сусын құятын ыдыс түрі.

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз - уақыт өлшем бірліктері.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Уақыт өлшем бірліктерін ата.

  • Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі – ғасыр.

  • Ең кіші уақыт өлшем бірлігі – секунд.

  • Сағат деген не? (Уақытты көрсететін құрал)

  • Сағат не үшін керек?

  • Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер?

Сағаттарда минут, сағат және секунд тілдері болады.

Бір минутта секунд тілі сағатты толық айналып шығады.

Яғни, 1 минутта 60 секунд бар.

1 минут = 60 секунд

Секунд – уақыттың ең кіші өлшем бірлігі.

Ал, минут тілі сағатты толық айналып шыққанда 1 сағатқа тең болады.

1 сағат = 60 минут

(Сағаттың тілдерін көрсете отырып уақытты қаншалықты білетіндерің байқау)

Бір тәулікте 24 сағат бар. Ал 12 сағат дегеніміз жарты тәулік.

  1. аптада 7 күн бар, яғни 7 тәулік бар.

  • Апта күндерін ата.

  • Уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі – ғасыр.

1 ғасыр = 100 жыл

  1. жыл = 12 ай (365 немесе 366 күн бар)

  • Уаққытты аз пайдаланып, жылдам қозғалатын көлікті ата.

«Уақытты тап!» ойыны





2 – тапсырма. Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірліктерін қойып, сөйлемдерді оқу.

Біз – 21 ғасырда өмір сүрудеміз.

Поезд – 48 сағат жолда болды.

Ұшақ – 3 сағат ұшты.

Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.

Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 30 секунд уақыт жұмсады.

«Қайсысы артық?» ойыны

1) Км, м, сағ, дм.

2) Жыл, с, мин,кг. 3)Нүкте,км,сәуле, бұрыш.

3 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап бер:

Еліміздің Ата заңы күні қай айда атап өтіледі?

Жеңіс күні ше?

Наурыз мейрамы ше?

Халықаралық әйелдер күні ше?

Жаңа жыл қай айдан басталады?

Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата?

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай – ақ.

Қақпаға туралап

Теп допты оң аяқ

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



4 есеп.

а) Үкі – 68 жыл

Аққу - ? 44 жыл қысқа

Шешуі: 68 – 44 = 24

Жауабы: аққу 24 жыл тіршілік етеді.


ә) Бүркіт – 46 жыл

Жапалақ - ? 31 жыл қысқа

Қарға - ? 44 жыл ұзақ

Шешуі: 46 – 31 = 15

15 + 44 = 59

Жауабы: жапалақ 15 жыл, қарға 59 жыл тіршілік етеді.



Өзіндік жұмыс

86 – 6 = 46 – 40 = 75 – 15 =

15 + 5 = 38 + 12 = 13 + 30 =

21 – 1 = 90 – 50 = 47 + 13 =



Шығармашылық тапсырма

10 орындықты үш – үштен бөлменің қабырғасына орналастыр.

V.Сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы)

-Бүгін қандай өлшем бірлігімен таныстық?

- 1 сағатта неше минут бар?

-1-минутта неше секунд бар?

VI.Үйге: а) 5 – тапсырма.

ә) Уақыт өлшем бірліктерін жаттау.

VII.Оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.































































































Күні: 21.11. 2014

Тақырыбы: «Қызықты есептер» сайысы.

Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.

Есептеу дағдыларын жетілдіру;

Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар.

Қатысушылар: 1, 2, 3, 4 сыныптар (3-4 оқушыдан)

Командаға қажетті құралдар:

Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі:

Ойынға 3-4 оқушыдан 4 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Жүру барысы:


І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Нөмер суырту.

Топтың атын беру.

Кештің мақсаты мен жүрісімен таныстыру.


І топ. ҰШҚЫРЛАР.

ІІтоп. ТАПҚЫРЛАР.

ІІІтоп. ОЙШЫЛДАР.

ІV топ. ДАРЫНДЫЛАР.


ІІІ Жүрісі:

Ұйымдастыру бөлімі:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1-4 сыныптар арасында өтетін «Қызықты есептер» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Сайыс сағатымызда өлең есептер, логикалық есептер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс

айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады.

Әділ – қазылармен таныстырып өтейік.

Мектеп директоры: Абуғалиева А

Мектеп тәлімгері: Есмағанбетова А

Ағылшын пәні мұғалімі: Еспағанбетова А

Бүгінгі сайыс төрінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысын.

Мұнда қызық тағы бар,

Жаңылтпаш, сурет бәрі бар,

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Біліктілігі мен білімін,

Сараптап өздеріңіз көріңіздер,

Ұқыптылықпен тыңдай отырып,

Оларға баға беріңіздер!

1 – сайыс. Таныстыру.

(Әр сынып өз тобын таныстырады. Топтың атын қорғау, ұраны, топ мүшелерін таныстыру.)

2 – сайыс. «Ойнада ойлан!»

Кім жақсы билейді? Ортаға әр сыныптан 1 оқушыдан шығамыз. Жұмбақты есептер шешеміз.

Жұмбақты есептер

1 – сынып

Мұз айдында жеті бала.

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала.

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң –жарадың!

9 бала

2 - сынып

Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.

5 бұзау

3 – сынып

Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын.

Болады неше алма?

Бір алма атама,

Бір алма әжеме,

Бір алма апама,

Бір алма әкеме,

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады?


4 – сынып

Тал басында,

Тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да,

Үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның

Жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

4 жапырақ

3 – сайыс. «Кім жүйрік - ойға!»

Оқушылар бұл сайыста сіздерге төрт тапсырма беріледі.

4 тапсырмада бір оқушыдан шығасыздар.

1 тапсырма. Скакалкамен секіріп барып логикалық есепті шешіп қайта келу.


1 – сынып.

Аптаның жеті күнің ата.

2 – сынып.

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

12 құс. (Тордан ұша алмайды)

3 – сынып.

Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?

6 кг. Жартысы 3 кг, онда тұтасы 6 кг болады.

4 – сынып.

3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?

3 сағат

2 – тапсырма.

Допты жерге соғу арқылы логикалық есепті шешіп, қайта келу.

1 – сынып.

Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?

7 құлпынай

2 – сынып.

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

2 сағат ойнайды

3 – сынып.

Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.

5 бұрыш

4 – сынып.

Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар?

8

3 – тапсырма.

Кругты белге қойып айналдыру арқылы. Логикалық есептерді шығару. Қайта орына келу.

1 – сынып.

Бұтақта 6торғай отыр еді. 3 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?

3 торғай

2 – сынып.

Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді,

Науат пенен Сағатқа,

Самат пенен Маратқа,

Апасына Қанаттың,

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы, ал қарағым?

3жаңғақ

3 – сынып.

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?

6 үйрек

4 – сынып.

Математикалық өлең есеп

Көлден ұшты 50 қаз

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?

(30 қаз)

4 тапсырма. Бұл сайыста әр сынып кругка кіріп. Қос аяқтап серіру арқылы барып, келіп есепті шығару.

1 – сынып.

Оқу жылының алғашқы айы қандай?

(Қыркүйек)

2 – сынып.

1 ғасырда неше жыл бар?

(100)

3 – сынып.

Кез келген санды бірге көбейткенде...

(Сол санның өзі шығады)

4 – сынып.

Периметрді қалай табамыз?

( Барлық қабырғаларын қосамыз)


Математика

Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Математика -

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

- Осымен, балалар «Қызықты есептер» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтау үшін алқазыларға сөз кезегін береміз.

Сау, болыңыздар!























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МАТЕМАТИКА УАҚЫТ Ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 965 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.03.2016 3849
    • DOCX 42.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдапкелова Айнур Илесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айдапкелова Айнур Илесбековна
    Айдапкелова Айнур Илесбековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14143
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе