Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Математика үйірме сабағы" 9 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Математика үйірме сабағы" 9 сынып

библиотека
материалов

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті

С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің

матемаика пән мұғалімі

Толекова Кульниса Туруспековна

Математика үйірмесі

Үйренсе ғылым менен сан өнерін,

Білер еді-ау, өнердің не берерін...

Шәкәрім

Жас, шәкірт, математикалық сыр сандыққа қош келдіңіз! Математика әлемінің қызықты да шытырманы мол сырларын ашу үшін ізденуге дайын болсаң, бізге «GRANT» клубына кел. (5-сабақ)

Оқушының аты-жөні.................................................................. сынып........................

Мына есептерді теңдеу құру арқылы шығарыңдар:

1

Төрт жәшікке бірдей мөлшерде шай салынған. Әр жәшіктен 9кг-нан шай алынды. Сонда барлық жәшіктердегі қалған шайды қосып есептегенде, алғашында бір жәшікке салынған шайдың мөлшеріндей болып шықты. Әрбір жәшікте неше кг-нан шай болған?

12кг

2

Құс фермасында қаздар үйрекке қарағанда 2 есе көп. Біраз уақыттан кейін қаздар саны 20%-ке, үйрек саны 30%-ке өсті. Сонда олардың саны 8400-ге өскені анықталды. Өскеннен кейінгі сандарын табыңдар.

28800 қаз

15600 үйрек

3

160м канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындығы 800мм және 1200мм 150 керамикалық трубалар пайдаланылды.

Әрқайсысынан қанша алынған?

50; 100

4

Ара қашықтығы 500км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы

шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?

25 км/сағ

5

Жедел поезд семафор жанында 16 минутқа кідірді де кешіккен уақытын 192 км қашықтықта кесте бойынша жылдамдығынан

10км/сағ артық жылдамдықпен жүріп орнына келтірді. Поездың кесте бойынша жылдамдығы қандай болған?

80км/сағ


hello_html_35a759f8.jpg

6

Құрамындағы никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек?

40т, 100т

7

Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадағы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екінішісінде 3:7

қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынсасында енетіндей 8кг жаңа балқыма шығарып алу үшін әр балқымадан қаншадан алу

керек?


1; 7

8

Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы 15кг. Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы

қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын тап.


9,375кг;

5,625кг

9

Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісінде 3:7 қатынасыныдай. Спирт пен су 3:5 қатынасында

енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?

9; 3

10

Екі қапта 140кг ұн бар. Егер бірінші қаптан екіншісіне 12,5% ұнды аударса, онда екі қаптағы ұнның мөлшері бірдей болады. Әрбір

қапта қанша кг ұн болған?


80ru

60ru

11

Қоймадағы ұнның 40%-ін нан зауытына, ал қалғанын 0,3 : 2,5 : 0,8 қатынасымен 3 дүкенге бөлінді. Бірінші дүкенге екіншіге

қарағанда 40т ұн кем түсірді. Әуелдегі қоймадағы ұнның массасы?

480т

12

Жер шарында дайындалатын барлық ағаштың 33%-і құрылыс қажетіне жұмсалады. Құрылысқа жұмсалатыннан есе артық ағаш отын ретінде пайдаланылады. Қалған 144 млн тонна ағаш басқа қажеттерге жұмсалады. Жер шарында қанша ағаш дайындалады?


1200млн

13

Токарь және оның шәкірті бір кезекте 65 деталь жасап шығарады. Егер токарь жоспардан 10% , ал шәкірті 20% артық жасайтын

болса, онда олар 74 деталь жасап шығарады. Жоспар бойынша бір кезекте токарь және оның шәкірті қанша деталь жасап шығарады?

40; 25

14

Токарь 120 детальды өңдеуі керек еді. Жаңа кескіш қолдану арқасында ол сағатына 4 детальдан артық өңдеп, берілген тапсырманы мерзімінен 2сағ 30мин-ке ерте бітірді. Жаңа кескішті қолдана отырып токарь сағатына неше детальдан өңдегенін тап

16

15

Бір сағатта автоматты станок 240 деталь жасап шығарады. Осы станокты жаңа өңдеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 288 деталь

жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасауділігі қанша процентке артқанын тап.

20%

16

Екі жұмысшы бір сменада 72 деталь дайындады. Біріншісі еңбек өнімділігін 15%-ке, екіншісі 25%-ке арттырғаннан кейін бір

сменада 86 деталь жасайтын болды. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін әрқайсысы бір сменада қанша деталь жасайтын болды?

46: 40

17

Жұмысшылар бригадасы 360 детальды дайындап шығуы керек еді. Күніне белгіленген жоспарынан 4 детальды артық жасағандықтан бригада барлық тапсырманы белгіленген мерзімнен 1 күнге ерте бітірді. Осы тапсырманы орындауға бригада қанаш күн жұмсады?

9 күн

18

Ағаш кесушілер бригадасы үш күнде 184м2 отын дайындады. Бригада І күні жоспарланғаннан 14м3 артық, ал ІІ күні 2м3 кем отын дайындады. ІІІ күні бригада жоспарды 16м3-ге асыра орындады. Бригада жоспар б/ша күніне неше м3 отын дайындауға тиіс?

52м2

19

Ағаш кесушілердің үш бригадасының жұмысына 36 мың теңге төленді. І және ІІІ бригадаларға төленген ақша ІІ бригадаға төленген

ақшадан 2 есе артық, ал ІІ және ІІІ бригадаларға төленген ақша І бригадаға төленгеннен 3 есе артық болса, осы бригадалардың

әрқайсысына қанша ақша төленді?

9; 12; 15

мың

Жауаптарыңды осы сайтқа жіберіңдер.Мысалда көрсетілген схеманы пайдаланып теңдеу құрыңдар.Іске сәт, жас дос!

Общая информация

Номер материала: ДБ-267362

Похожие материалы