Математика Тақырыбы: "Қайталау" (2 сынып)

Предпросмотр материала:

Күні:10.03.2015

Сыныбы:7б

Пәні:геометрия

Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жанама және оның қасиеттері.Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қиюшы, шеңберге жанама, жанасатын және қиылысатын шеңберлер ұғымдарын және қарастырылған теоремаларды қолданып, есептер шығара білу.

Дамытушылық: Есептер шығаруда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сызбаларды дұрыс сала білуге, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Оқыту формасы : сұрақ – жауап, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест парақшалары,сөзжұмбақ

Сабақтың жүрісі: 

 I.Ұйымдастыру

              Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. қайталау сұрақтары:

         Тұйық қисық сызықтардың ішіндегі ең қарапайым түрі шеңбер болып табылады.
Анықтама. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер деп атайды.
Берілген нүктені (О) шеңбердің центрі дейді. Шеңбер сызу үшін циркуль пайдаланылады
.Түзу мен шеңбердің өзара орналасуына, екі шеңбердің өзара   орналасуларына.т.б.

IV. “Кім жылдам?” ойыны

Дөңгелектің диаметрі 130 см болса, оның радиусын есепте.

Дөңгелектің диаметрі 150 см болса, оның радиусын есепте.

Шеңбердің радиусы 39 см болса, оның диаметрін есепте.

Шеңбердің радиусы 47 см болса, оның диаметрін есепте.

V. Оқулықпен жұмыс

221

VI.Тірек кесте.

Шешімін дұрыс тауып, кестені толтырсаң, шеңберге қатысты ұғым атауын оқисың.

Ғ. ЕКОЕ(2,3) = ? О. ЕҮОБ(12,16) = ?

Д. D=14, R = ? А. 23 = ?

7

4

6

8

Д

О

Ғ

А

I. Оқулықпен жұмыс №222

VIII.«Шеңбер» сөзжұмбағын шешу
Сұрақтары:
1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын
кесінді? (медиана)
6. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

ІX.Логикалық жаттығу

1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?

2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?

Х. Оқулықпен жұмыс

223

ХI.Тарихи мәліметтер

Шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелердің ежелгі заманда жиі пайдаланылуына байланысты шеңбер мен дөңгелек ұғымы ертеде - ақ қалыптасқан. Тәжірибелерден шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екні анықталған. Бұл санды ғалымдар әр түрлі мәндерде (3 - тен үлкен 4 - тен кіші алды.)
1706 жылы ағылшын математигі У. Джонс тұңғыш рет шеңбер ұзындығының оның диаметріне бөліндісін П әріпімен белгілеген, ал Петербург ғылым академиясының мүшесі, ұлы математик Л. Эйлер (1707 - 1783) осы белгілеудегі жалпы түрде қабылдауды ұсынады.
Қазақтың тұрмыс - тіршілігінде де шеңбер мен дөңгелек тәрізді денелер кеңінен орын алған. Олар түрлі әшекейлік бұйымдар және киіз үй. Киіз үй толық құрылысымен шеңбер және дөңгелек тәрізді фигуралардан құралған. Киіз үйдің табны дөңгелек болса, керегелері доға пішіндес болғандықтан, шеңбер жасайды. Киіз үй шаңырағының жиегі шеңбер сияқты. Киіз үйдің шеңбер бойымен керілген керегелеріне уықтары байланады да, уықтарының бір ұшы шаңырақатрдағы ұяшықтарға бекітіледі. Киіз үй - шеңбер мен дөңгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс.

ХІI.Тест тапсырмалары

1. R1=0.6 дм, R2=0,4 дм, d=1 дм болса,

А) шеңберлер қиылысады

Б) шеңберлер қиылыспайды.

В) шеңберлер жанасады.

2. Шеңберге оның бойында жататын нүкте арқылы: 

А) екі жанама жүргізуге болады.

Б) бір жанама жүргізуге болады.

В) жанама жүргізуге болмайды.

3. (0;3) пен (0;5) шеңбері берілген және d=9. Осы шеңберлердің ортақ нүктелері бар ма?

А) ия Б) жоқ  В) бір нүктесі бар

4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзуді шеңберге ... деп атайды.

А) жанама Б) қиюшы В) перпендикуляр

XIII. Сабақты бекіту.

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама
2) Ше
ңбер мен түзудің орналасуы

XIV. Үйге тапсырма: №224,225

XV. Бағалау



Краткое описание материала

Математика Тақырыбы: "Қайталау" (2 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Каирбекова Гульнур Нурахметовна

Преподаватель по предметам истории и светскость и основы ________________________________религиоведения

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 87232
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 28
  • 87232
    просмотров
  • 28
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Каирбекова Гульнур Нурахметовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: