Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Математика әлеміне саяхат ойын сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математика әлеміне саяхат ойын сабақ

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: 
1. «Дәреже, қысқаша көбейту» тақырыптары бойынша білімдерді тереңдету үшін күрделі есептер шығаруды үйрену.
2. Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойы, дүниетануын кеңейту, пәнге қызығұшылығын арттыру. 
3. Дәлдікке, байқампаздыққы, тапқырлыққа, әскерлікке, сенімділікке, тез шешім қабылдауға үйрену, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ұжымдық
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, информатика
Көрнекіліктер: Компьютер, карточкалар, тірек-сигналдар, тірек-плакаттар,слайдтар, жауап парақтар, математикалық домино үлгі парақтары, бағалау фишкалары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 
Кіріспе сөз: Армысыздар құрметті ұстаздар, менің шәкірттерім! Балалар бүгін бізде қонақта аудан мұғалімдері, оның ішінде 
Ғылымдар патшасы атанғансын, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын.
Ақыл-ой тәртіпке келтіретін, 
Нағыз пән математика атанғансын, -дегендегі нағыз пән математика пәні мұғалімдері отыр. Қонақтарға құрметтеп сәлем берейік..
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Сабағымыздың тақырыбы «Математика әлеміне саяхат». Сабақ екі бөлімнен тұрады. 
І-бөлімде сыныпты үш топқа бөлінген. Топ басшыларымен таныстыру. 
ІІІ. Қайталау кезеңі.

І-бөлім
1-сәт: Даналық негізі- білім,
Білім негізі –ғылым.
«Математикалық ұғымдар» 
Даналық ағашы ойыны. (П, К, С әріптері беріледі). Жапырақтарын математика ұғымдарымен толтырайық.

2-сәт: Ереженің әріппен жазылуы- ол .... ? - Формула.
«Математикалық домино» ойыны. Математикалық домино үлгісіндегі парақтар таратылады, оқушылар формулалар бойынша тізбек құрайды. 

3-сәт: Есептеу- білімді еселеу.
«Кім тез есептейді?» ойыны бойынша дәреже тақырыбына шапшандыққа 20 есеп беріледі. (слайд) І және ІІ нұсқада тексеру жұптық, топ басшылары жинақтап нәтижемен таныстырады. 

4-сәт: Қысқаша көбейтудегі қатені анықтайық. «Сәйкестікті тап» ойыны. (слайд) 
Жауапты екі таңбалы сан арқылы жазу, топ басшылары тексереді.

5-сәт: Асу бермес асқар жоқ. –Қалай түсінеміз? - Қандай қиындықты да жеңуге болады?
Олай болса біз ынтымақтаса отыра 
«Қарлы кесек ойыны» өзара оқыта –үйрету ойыны арқылы күрделі қиын деген 3 есепті үйренеміз. (слайд) Тапсырмаладрды тарату, 1 топ – А столы, 2 топ – В столы, 3 топ – с столы. Топ оқушылары 1-4 дейін нөмірленген. Осы жұмысты бастайық дайындыққа 5 минут беріледі. 

3-топ тапсырмасы:
Берілген өрнекті (a+b)4 Ньютон биномы бойынша көп мүшелердің қосындысы түрінде жаз.
Келесі кезекте 1-столға 1-ші нөмірлі, 2-столға – 2-ші, 3-столға - 3-ші, 4-столға -4-ші нөмірлі оқушылар ауысып отырасындар. Жұмыс уақыты 5 минут.
Тақтаға 1-ші нөмерлі оқушылар шығып, берілген тапсырмаларды түсіндіреді. 

ІІ-бөлім: «Брейнг-ринг» жарыс ойыны. 
Өмір деген көк мұхиттың толқыны, 
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тұлап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық! – деп ақын Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ал, мұнда бүгін сайысатын жас толқын өрендер. Ортаға жүргізушілер мен жюри мүшелерін шақырайық. 
1-жүргізуші (оқушы): Сәт келді сыналар, 
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз. 
Ойын-сұрақ, жеңіл сұрақ, бәрі де бар,
Әзіл есепке де орын бар.
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
2-жүргізуші (оқушы): Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
«Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобын,
Қол соғып қарса алыңдар.
Әр топта 5 оқушыдан жребий арқылы кезекті анықтау.

6-сәт: «Математика тарихы» блиц-турнир.
Әр командаға 8 секторларға бөлінген шеңбер беріледі, оның ішіне 1-8 сандар арқылы жасырын тапсырмалар беріледі. Команда мүшелері қалаған секторын өзі таңдайды. Сұраққа жауап бермеген жағдайда, команда мүшесі береді, әйтпесе қарсы команда жауап береді. 
І-топ
1. 1-100 аралықтағы сандардың қосындысын тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі болған математик?
2. Алгебра қандай сөзден шыққан?
3. Миллион деген сөзді қазақ арасында алғаш қолданушы?
4. Бұл ғалым математиктер мектебін ашумен әйгілі, ол тік бұрышты үшбұрыштың
керемет қасиетін ашқан?
5. Философ болғысы келген бірақ заңгер болған, математикамен айналысып, атақты болған, математикаға тік бұрышты координаталық жүйені енгізген?
6. “Алгебра” оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған?
7. Ол математик, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған, шығыстың ғұламасы?
8. Дөңгелектің ұзындығының диаметрге қатынасын тапқан ғалым?

ІІ-топ
1. “Естігенді ұмытпаймын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен
істеген ісімді түсінемін” деген кім?
2. Архимедтің моншада ойлап тауып, қуанғаннан айқайлаған сөзі?
3. Қазақстандағы Республикалық физика- математика мектебі кімнің атымен аталады?
4. Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек деген кімнің сөзі?
5. Ондық бөлшектің үтір таңбасын енгізген кім?
6. “Сан – математика ғылымының іргетасы”. Бұл қанатты сөзді айтқан физика- математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы 220-дай еңбегі
жарияланған?
7. Жиындар теориясын жасаған ғалым?
8. Катонқарағайлық жерлесіміз математик-ғалым?

7-сәт: «Логикалық есептер». Топтық жұмыс. 4 есеп беріледі. 
Сыныптағы 15 оқушы көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы өлең де айтады, домбыра да тартады?
Жауабы: 15 барлық оқушы
10+9=19
19-15=4 домбыра да, өлең де айтады
№1, №2, №3 пәтерлерде 3 мысық тұрады. Олар ақ, қара, ала мысық. №1, №2 пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Ақ мысық №1 пәтерінде тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады?
Жауабы: №3 пәтерде-қара мысық
№2 пәтерде-ақ мысық
№1 пәтерде-ала мысық
3-есеп:
Шахмат сайысына 9 адам қатысты. Әр біреу әр қайсымен бір партиядан ойнады. Сайыста барлығы неше партия ойналды?
Жауабы: 36
4-есеп:
9 литр және 5 литрлік ыдыспен 3 литр сүтті қалай бөліп алуға болады?
8-сәт: «Сандар сырына саяхат». 1- 4 сандарымен толтырылған кубиктер беріледі. Оқушылар санды тандап, шыққан сұраққа жауап береді.
№1Бес екіліктің және амалдардың көмегімен 28 санын жаз
2 2 2 2 2 = 28
Жауабы: 
2 2 + 2 + 2 + 2 = 28
№2. Келесі санды тап.
1, 3, 6, 10, 15, ?
Жауабы: 1, 3, 6, 10, 15, 21
№3. Жоқ санды тап!
1 4 100 36 49 9 16 64 81 ?
Жауабы: 1 4 100 36 49 9 16 64 81 25
№4. Мына сандар қатарында берілген санның қайсысы артық?
3,12 5,3 6,25 4,83 7,59 жауабы: 5,3
Көрермендерге сұрақ: 
Есеп:
Бір шаруа ақшадан қысылып өсімқор көршісінен 2 теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келіседі. Бірақ мынадай шарт қояды: “Мен саған 2 теңге емес 200 тиын беремін. Бірақ сен оны маған өзіне-өзін көбейткендегі өсіммен қайтарасың”,- дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келіседі: “2 теңгесі не, 200 тиыны не, бәрібір емес пе?”, -деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеп береді, бірақ көршісі 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады. Кім қателесті? Көрші шаруадан неше теңге талап етті? Бұл қалай?
ІV. Үй тапсырмасы: 
1. Ньютон биномы бойынша жіктеу: (a+b)6
2. Бір топтағы туристердің 10 –ы қазақ тілін, 8-і орыс тілін біледі. Олардың 3-уі орыс тілін де, қазақ тілін де біледі. Топта қанша турист бар?
3. Алты сақинаны табақты таразыға 2 рет тарту арқылы жалған сақинаны анықта. 
4. 116+146-135 мәні 10-ға еселік болмайтынын дәлелде. 
V. Сабақты қорытындылау: 
Ең бастысы орын емес жарыста,
Терең білім жену шарты сайыстың.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерін хақ табысқа! – деп сабақты аяқтайық.
Назарларыңызға рахмет! Марапаттау. 


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: 
1. «Дәреже, қысқаша көбейту» тақырыптары бойынша білімдерді тереңдету үшін күрделі есептер шығаруды үйрену.
2. Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойы, дүниетануын кеңейту, пәнге қызығұшылығын арттыру. 
3. Дәлдікке, байқампаздыққы, тапқырлыққа, әскерлікке, сенімділікке, тез шешім қабылдауға үйрену, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ұжымдық
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, информатика
Көрнекіліктер: Компьютер, карточкалар, тірек-сигналдар, тірек-плакаттар,слайдтар, жауап парақтар, математикалық домино үлгі парақтары, бағалау фишкалары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 
Кіріспе сөз: Армысыздар құрметті ұстаздар, менің шәкірттерім! Балалар бүгін бізде қонақта аудан мұғалімдері, оның ішінде 
Ғылымдар патшасы атанғансын, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын.
Ақыл-ой тәртіпке келтіретін, 
Нағыз пән математика атанғансын, -дегендегі нағыз пән математика пәні мұғалімдері отыр. Қонақтарға құрметтеп сәлем берейік..
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Сабағымыздың тақырыбы «Математика әлеміне саяхат». Сабақ екі бөлімнен тұрады. 
І-бөлімде сыныпты үш топқа бөлінген. Топ басшыларымен таныстыру. 

Автор
Дата добавления 14.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров647
Номер материала 483850
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх