Инфоурок Математика СтатьиМатематикада жаңа инновациялық технологияларды пайдалану

Математикада жаңа инновациялық технологияларды пайдалану

Скачать материал

Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды математика сабағында пайдалану

Рыскелдиева Гүлбаршекер Тәжібекқызы.

Математика пәнінің оқытушысы.

Байзақ ауданы. Сарыкемер ауылы. №3 Байзақ колледжі.

pl3349@mail.ru 

 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында қоғамымыздағы шешімін табуы тиіс мәселелердің ішіндегі маңызды жағынан ерекше тұрғаны «Қазақстан адами капиталдың сапалы өсуі»,- деп аталатын жетінші бағыты. Елбасы Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуін қамтамассыз етуді, оқу үдерісінің тәрбиелік әлеуетін күшейтуді тапсыра келе, жастарға тек жалаң білім ғана беріп қоймай, алған білімін ертең әлеуметтік бейімделуінде пайдалана алатын болуы керектігіне арнайы көңіл бөлуді тапсырды.

         Оқытудың нәтижесі – терең білімді, өз ойын дәлелдей алатын, білімін қоғамдық пайдалы мәселелерді шешуде жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар, адамгершілігі мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, елжанды тұлға қалыптастыру.

         Осы міндеттердің жүзеге асуын қамтамассыз ету үшін оқыту үдерісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу қажет.

         Оқытудың табысты болуы ең алдымен, білім беру мазмұнына–пән бағдарламасының, оқулық мазмұнының дұрыс анықталуына тәуелді болса, екіншіден, сол мақсатқа жеткізетін сәйкесті әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға байланысты болады.

         Өздігінен ой толғай білу, күрделі даму жағдайында дәстүрлі емес шешім қабылдай білу – қазіргі заман оқытушының кәсіби қабілетіне тән  қасиет. Бүгінгі оқытушыбалаларға тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой санасын жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр студентті тәрбиелей білуге міндетті. Бұл-өмір талабы.

         Алға қойылған талаптардың бірі – шығармашылық адамын тәрбиелеу. Оны қалыптастыру, процесі мектепте басталады. Математика сабағында осы мәселелерді шешудің бір тәсілі – студенттердіңөзіндік жұмыстары болып табылады. Осы орайда, студенттерге математикадан білім беру жүйесінің алдында келесі, міндеттер қойылады:

- оқытудың қолданбалы бағытын күшейту;

- студенттерді практикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, және т.б.

Білім беруді осы бағытта ұйымдастыруда өз тәжірибемде көбінесе Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап  оқыту технологиясын  басшылыққа аламын. Бұл технологияда бірінші орында студент тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында тапсырма міндетті үш дейгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – топ студенттерін «қабілетті-қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:

·        студенттің өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

·        студентті ынталандыруға;

·        студентпен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

·        студенттің өз білімін бағалай білуіне;

·        баға әділдігіне;

·        білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Кейде қабілеті төмен студенттердің өзі жақсы баға алатын тапсырманы орындауға ұмтылады, ынталанады. Карточкамен жұмыс жасаумен өте маңызды мақсаты студенттердің өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ету. Қолына карточканы алған студент есепті өз бетімен шығаруға тырысады. Тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады деп ой тұжырымдауға болады.

Оқыту барысында біркелкіліктің кері әсер етуіне байланысты өз бетімен жұмыс жасаудың әртүрлі  формаларын  пайдаланған  дұрыс. Мысалы:

1) Өзін-өзі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс; яғни студент жұмыстарын  орындап болған соң өткен тақырып, формулаларды, шығарылған есептерді салыстырып, қателері болса түзетеді.

2) Бірін-бірі тексерумен  ұштастырылған  өзіндік  жұмыс,  яғни  студент есепті шығарып, болған  соң бірінін дәптерін бірі  тексереді. Қателерін  көрсетіп, қолданған  формула, ережелерін  көрсетеді.

Мұндай жұмыстар студенттердің жауапкершілігін, өз ой пікірлерініңқалыптасуын дұрыс жолға қояды. Студенттің ойлау қабілетін дамытуына  және сабаққа  ынтамен қатысуына, ал оқытушыға сабақта уақытты тиімді  пайдалануға,  студенттің әр сабақ сайын білімі бағалауға, оқытушы білім алушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тигізер пайдасы  зор.

         Колледж міндетіне  студенттерді оқытып  қою  ғана  жатпайды,  сонымен  қатар  алған  білімдерін  практикада  қолдана  білуге қаруландыруға да  тиіс.  Өйткені студенттерге өмірде де  есеп қисап пен смета  жасауға  тура  келеді.  Мысалы, өзіңнің  бөлмесінің  планын  сызып,  оны  жөндеудің (ақтау және сырлау)  сметасын  жасау,   бұл  жағдайда  материалдардың  құны мен жұмыстың бағасы  жөніндегі  мәліметтерді  оқытушының  өзі беруі  тиіс.

         Елбасымыздың өзінің халыққа жолдауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқу үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу», деп атап көрсеткендей сабақтарымды жүргізу барысында қазіргі заманғы әдістемелік технологияларды тиімді пайдалануға барынша ұмтыламын.  Ақпараттық коммуникациялық технологияны солардың бірі ретінде атап өтейін.

         Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолданбау қазіргі білім беру үрдісін елестету мүмкін емес.Бүгінде компьютер қолданбайтын бірде-бір мамандық, бірде-бір сала жоқ. Сондықтан да,  әрбір студенттің міндеті оны өмірде қолдана білу.

    Математика сабағында АКТ қолдану күрделі және жауапты іс болып табылады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда интерактивті оқытуда оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы өзгереді: оқытушының белсенділігі студенттер белсенділігіне жол беріп,студенттер қызметіне ыңғайлы жағдай тудырады. Сонымен қатар студенттерге беріліп отырған ақпараттың оқу бағдарламасына сай, түсінікті, таңдап және іріктеліп алынған,бір бағдарламалық ортаға енгізілген содан соң ғана студентке ұсынылған болу керек. Сондықтан да оқытушының жұмысы күрделеніп, дәстүрлі сабаққа қарағанда жоғары біліктілікті талап етіледі.Бір жағынан компьютерлік бағдарламамен жасақталған оқу материалы студенттердің назарын жинақтап қоймай, қызығушылығын  да арттырады.

Компьютерді қолдану геометрия курсын оқуда үлкен тиімділік беріп,компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.Бұл тек берілген материалды іске асыру емес, тікелей ойлауды іске асырады.

Математикадан көп тараған бағдарлама-құрастырушыларға графикалар құрастыру, компьютер көмегімен геометриялық чертеждер құру жатады.

Берілген тақырыпта кеңістік ойлау қабілетін дамытуда және дұрыс түсінік қалыптастыруда компьютер теңдессіз құрал.Дисплей экранында графикалар құрастыратын бағдарламалар графика сызбасын түрлі масштабқа сыйғызып көрсете алады. «Тірі математика» өз сызбалаларын құрастыруға, зертханалық жұмыстар жасауға, құрылған сызбаларды, объектілерді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысандарды бұруға, көрсетуге, үлкейтуге, кішірейтуге басқа қырынан қарауға болады – бұл геометрия сабағында өте қажет дүние.

Жақсы көрнекілікпен, ақпаратпен жабдықталған оқу ортасы пайда болады, материалды игеру үшін жеке схема таңдау мүмкіндігі беріледі; материалды оқу траекториясын бағыттау, бақылап отыруға мүмкіндік туады; тақырып басқа материалға шексіз сілтеме құрайды.

Компьютер оқудың барлық сатысында қолданылады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау кезінде, мұнда ол түрлі: оқытушының, жүмыс құралының, оқу нысанының, тұтас ұжымның функцияларын орындайды.

Соңғы кездері РowerPoint ортасында орындалатын презентатциялар үлкен рөл ойнауда.Мұндай презентацияларды әр оқытушы кез-келген сабағына жасай алады.Мұнда күрделі сызбалар,нақты тақырыпқа тірек конспектісін жасауға, қызықты бейнефрагменттер, тарихи анықтамалар, схемалар, кестелер, жақсы иллюстрациялық материалдар т.б. салаға болады.

Мұндай презентацияны әрбір компьютерде, үлкен экранда көрсетуге болады. Сонымен қатар оны кез келген қолжетімді редакцияда әдемі, көрнекі түрде беруге болады.

Зерттеулерге қарағанда адам ойында естігеннің ¼-і, көргеннің 1/3-і, естіген және көргеннің ½-і, сондай-ақ студент сабақ үрдісінде белсенді қызметке тартылған болса көрген және естіген материалдың ¾-і қалады екен. Кез-келген педагог өзінің пәнін студент жақсы меңгергенін қалайды, сондықтан да, бір комьпютерде бір немесе бірнеше студент жұмыс жасаған комьпютер кластарындағы сабақ кезінде біз студенттерді топпен жұмыс жасауға үйретеміз, ұжымдық, ұйымшылдық дағдыларын дамытамыз, сонымен қатар АКТ қолдану түсіндіру-көрсету тәсілінен бала сабақтың белсенді мүшесі бола алатын қызметтік тәсіліне көше аламыз.

Ақпараттық технологияларды қолдану оқу үрдісінің тиімділігін арттырады, оқу уақытын үнемдейді студентке оқу материалын меңгере алатындай жұмыс жасауға, яғни, студентті оқытуда жеке-бағдарланған тұрғыда оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді,студентке білімді дербес алуға жағдай жасап, дамушы білім беру қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді, оқытудың ыңғайлы ортасын қалыптастырады.

Жұмыстың тағы бір бағыты-компьютерді студенттер білімін тексеруге пайдалану.Ол үшін электрондық оқулықтарда берілетін тестілер қолданылады, бірақ дайын тестілер барлық жағдайда оқытылып отырған материалдын өзегін бере бермейді, сондықтан да, тестілер құрау бағдарламалардың көмегімен тақырыптар бойынша қосымша тестілер жасақталады.

Компьютер студенттердің білімін тексеріп, оқытушыға тәуелсіз бақылау нәтижесін көрсетеді. Тестілер нәтижелері әрбір студенттің және тұтас топтың білім сапасының ақпараттар базасын жасақтайды.

Дегенмен, АКТ-ң барлық жетістіктерімен қатар ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізуді қиындатып, тежейтін қиындықтар да кездеседі:

Техникалық сипаттағы себептер: бұған қазіргі компьютерлік топтардың жетіспеушілігі.

Психологиялық сипаттағы себептер – оқытушылар өз істерінің стилін өзгертуге қорқады, техникаға сенбейді, ешқашан ондай болмаса да бұзылып, сынудан қорқады.

Оқу пәндерін бағдарламалық қамтамасыз ету түрліше:бағдарлама-оқулықтар, бағдарлама-тренажерлер, оқыту бағдарламалары, тестілеу құралдары,  сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, бейнесабақтар, электрондық көрнекі құралдарының кітапханасы. Сол сияқты бұл қорлар үнемі өзгереді, жаңарады және жетілдіреді. Оқытушыға қандай да бір бағдарламалық өнімді пайдалану және жасаудың мақсаттылығы мен мүмкіндігін бағалаудағы бағдарлану қиындығы.

Жұмыста осы технологияларды тиімді қолдана алмау – басты проблема. Мұндай проблеманы шешудің басты жолы – оқытушыларға оның қалай жасалатынын көрсету, десек те, басқа пәндер үлгісінде көрсету тиімсіз, оқытылып отырған пән бойынша нақты бағдарламалық өнім қажет және осы бағдарламамен жұмыс жасаудың қолданыстағы әдістемесімен таныс болу керек. Тек осыдан кейін ғана оқытушылар бағдарламаны өз бетінше іздеп, оны қолдана алады.

Бірақ та, барлық қиындықтарға қарамастан АКТ қолдану болашағы бар. Математика сабақтарында АКТ қолдану тәжірибесін саралай келе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мынадай мүмкіндіктер береді деп сенімді айтуға болады:

         - оқу ынтасын көтереді (ақпараттық дамуға байланысты);

         -сабақтарда неғұрлым көрнекіліктер ұсынуға;

-сабақ тиімділігін көтеру мақсатында жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін қолдануға;

-жедел тексеріліп, атқарылған жұмысты компьютер бағалайтын тест тапсырмаларын пайдалануға.

Математика сабақтарында АКТ қолдану, оны іске асырудың тәсілдерін, әдістерін, түрлерін ізденумен ұласады, сабақ үрдісін тиімді етуге көмектесетін педагогикалық ақыл-ойдың даналығы жинақталады.Болашақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әрбір оқытушының қызметіне үлесімді еніп, сабақтың ажырамас бөлігі болады.

Тұжырымдай келе, жоғарыда аталған қазіргі заманғы инновациялық технологияларды сабақта пайдалану оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға, математика пәнін оқытуда тиімді нәтижеге қол жеткізуге, пәнге деген танымдық қызығушылықты арттыруға зор мүмкіндік береді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауы., 2012 жыл 27 ақпан. Астана.

2.     «Математика сабағында оқыту әдістері», Г.Б.Ибраева, Ақмола, 1998 ж

3.     «Әдіскер мұғалім», 2004-2006 ж.ж

4.     «Білімдегі жаңалықтар», 2004-2006 ж.ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикада жаңа инновациялық технологияларды пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 697 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.10.2016 814
    • DOCX 88.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каржаулова Гулжаухар Мырзабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2992
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1363 человека из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 209 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек