Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикадан сабақ жоспары "Келтіру формулалары" (9-сынып)

Математикадан сабақ жоспары "Келтіру формулалары" (9-сынып)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Бекітемін

Мектеп директоры: Г.Дүйсембаева







Сабақтың тақырыбы:

Келтіру формулаларына есептер шығару

(9-сынып, Алгебра)







Пән мұғалімі: А.Илесова



Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Қарасартова









2015-2016 оқу жылы






Сыныбы: 9

Күн реті: 24.02.2016ж Сабақтың реті: 67

Сабақтың тақырыбы: Келтіру формулаларына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: әр оқушыны өз бетінше білім алуға үйрету, оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру. Оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру. Оларды дұрыс таңдауға бағыт беру.

2)Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

3)Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: Білімді қайталау сабағы

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақта қолданылатын технология: Үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы

Сабақтың әдісі: Репродуктивтік

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке

Көрнекіліктер: таратпа қағаздар, формулалар, слайд

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру: (5-мин)

1) Сынып бөлмесінің тазалығы мен оқушылардың сабаққа дайындығына көңіл бөлу

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл!

Есептердің бәрі қызық, тек шығара біл!

Бүгінгі сабағымыз есептер мен мамандықтарға тікелей қатысты.

2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (тренинг өткізу)

«Қол- мидың жалғасы»

Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.

Қорытынды.

  1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы.

  2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

  3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз

  4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

  5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз

Оқушылар синус, косинус, тангенс, котангенс деген 4 топқа бөлінеді. Топтарға бөлу мақсатында тест тапсырмалары беріледі. Жауаптары бойынша топтарға бөлінеді.

II. Білімді тексеру:

1-Оқушылық деңгейдің тапсырмалары (3-мин)



1.Өрнекті ықшамда: hello_html_m10aa9d14.gif

Косинус)hello_html_10ef93c5.gif

Синус) hello_html_m7140013d.gif

Тангенс) hello_html_6e635428.gif

Котангенс) hello_html_588ae7a.gif


2. Өрнекті ықшамда: hello_html_m70a5afd7.gif

Косинус)hello_html_10ef93c5.gif

Синус) hello_html_m7140013d.gif

Тангенс) hello_html_6e635428.gif

Котангенс) hello_html_588ae7a.gif

3. Өрнекті ықшамда: hello_html_m274dec87.gif

Косинус) hello_html_m4244f8ef.gif

Синус) hello_html_59e4ca5e.gif

Тангенс) hello_html_7e85c017.gif

Котангенс) hello_html_48f9e8aa.gif

4. Өрнекті ықшамда: hello_html_fac619c.gif

Косинус) hello_html_48f9e8aa.gif

Синус) hello_html_7e85c017.gif

Тангенс) hello_html_m4244f8ef.gif

Котангенс) hello_html_59e4ca5e.gif


Дұрыс жауаптары:

1

2

3

4

косинус

синус

тангенс

котангенс


III. Өтілген материалды қабылдағандарын тексеру:

2-Алгоритмдік деңгей (15-мин)

Әр топ өздеріне ұнаған мамандықтарды таңдау арқылы есептерді таңдап алады.

1-жаңа мамандықтар

2-Қауіпті мамандықтар

3-Өзекті мамандықтар

4-Табысты мамандықтар


1-жаңа мамандықтар (жаңа есептер)

1. Өрнекті ықшамда: hello_html_4171bd7b.gif

2. Өрнектің мәнін тап: hello_html_7548c04c.gif

3. hello_html_4a6cb25a.gif болса, hello_html_795755e3.gif-ның мәнін есепте

4. Есепте: hello_html_89bdee3.gif


2-Қауіпті мамандықтар (қауіпті есептер – шешімі 0-ге тең)

1. Өрнекті ықшамда: hello_html_cb3f272.gif

2. Өрнектің мәнін тап: hello_html_3fb52783.gif

3. hello_html_4a6cb25a.gif болса, hello_html_ma60e7d1.gif+-ның мәнін есепте

4. Есепте: hello_html_245d87d4.gif


3-Өзекті мамандықтар (формулаларды білу)

1. Өрнекті ықшамда: hello_html_m6cfe48e9.gif

2. Өрнектің мәнін тап: hello_html_7548c04c.gif

3. hello_html_4a6cb25a.gif болса, hello_html_48e471c1.gif-ның мәнін есепте

4. Есепте: hello_html_89bdee3.gif


4-Табысты мамандықтар (ең үлкен мән қабылдайтын есептер)

1. Өрнекті ықшамда: hello_html_4af37bf3.gif

2. Өрнектің мәнін тап: hello_html_de642bb.gif

3. hello_html_4a6cb25a.gif болса, hello_html_m5acbbc69.gif-ның мәнін есепте

4. Есепте: hello_html_m2c60fe51.gif


Логикалық тапсырма: (5-мин)

1.  Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат? (36, 22)

2. Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (2016 ж қаңтарда болды. 3,10,17,24,31)

3. Қай фигура артық?

hello_html_m284e91fd.png


3-эвристикалық деңгей бойынша тапсырма (7- мин)

1. Өрнекті ықшамдаңдар: hello_html_m13c4aed0.gif

2. Өрнектің мәнін тап: hello_html_312040db.gif

IV. Сабақты бекіту, қорытындылау: (7-мин)

4-Шығармашылық деңгей

Берілгендерді пайдаланып әңгіме құрастыр: (қалай жетістікке жетеміз?)

Тригонометрия, синус, косинус, тангенс, котангенс, вавилон, грек, Египет

hello_html_m34d53d3d.gifhello_html_m305bb801.gifhello_html_m23d4f1c5.gifhello_html_1a21ad57.gif

hello_html_4cda8c20.gifhello_html_16c54dac.gif

hello_html_53e9374c.gif


Баяғыда бір Тригонометрия деген данышпан болыпты. Оның Косинус, Синус, Тангенс, Котангенс деген төрт ұлы бар екен. Әкесі ұлдарына былай деп сұрақ қояды: Балаларым, менің Орта Азияда, Еуропада, Египетте, вавилондықтар мен гректерде жинаған баға жетпес байлығым бар. Ол байлықты қай бірің ең ақылды болсаңдар, соған қалдырсам деймін. Тек, маған мына сұрағыма жауап берсеңдер екен. Табыстың кілті не?

Балалары көп іздеп, формулаларды барынша зерттепті. Синус өзінше кәсіппен айналысыпты hello_html_m34d53d3d.gif. Сол тәрізді Тангенс, Котангенс, Косинустар да жеке кәсіпкерліктерін бастапты hello_html_m305bb801.gif , hello_html_m23d4f1c5.gif, hello_html_1a21ad57.gif. Арадан біраз уақыт өткенде Синус пен Косинус компанияларымызды біріктірейік деген шешімге келеді: hello_html_4cda8c20.gif. Бұл кезде Тангенс пен Котангенс бірлесіп мол қаражат тауып жүр еді: hello_html_16c54dac.gif

Арадан біраз жылдар өтеді. Ұлдары табыстың кілті бірлікте екенін түсініп «Тригонометрия» атты мәңгілік ел құрыпты: hello_html_53e9374c.gif.

V. Үйге тапсырма беру:№415-418 (2-мин)

4-шығармашылық деңгей бойынша 5 есеп құрастыру

VI. Бағалау (1-мин)









  1. Жаңа мамандықтар

  • Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.

  • Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.

  • Координатор  белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.

  • Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.

  • Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.

  • Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.

  • Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) –өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.

Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.)  белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.



2-Қауіпті мамандықтар

1. Орман балташысы. Бұл жұмыс биіктікпен байланысты, оған қоса электронды ара және ағаш дайындайтын техникалармен жұмыс істеуге тура келеді. Статистикаға көз жүгіртер болсақ, 2008 жылы осы салада жұмыс істейтін 116 адам қаза тапқан.

2. Шахтер. Жыл сайын жұмыс кезінде орта есеппен алғанда 50-60 шахтер қаза болады. Мұндай жағдайлар көбіне көмір шығару кезінде болатын жердің опырылуынан және де газ бен метанға уланудың әсерінен болып жатады.

3. Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгендеріне қарамастан, түрлі жарақаттар алу мен апатқа ұшырау мүмкіндіктері өте жоғары.

4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы. Бұл өте қауіпті іс және терезе жуушылар міндетті түрде арнайы дайындықтан өтулері қажет. 



5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар.  Өте сирек кездесетін мамандық. Біле білсеңіздер, мұндай жоғары вольтті линиялардағы жұмыстардың көбі жалаңаш қолмен атқарылады.

6. Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 500-ден аса адам қаза тапқан. 

7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшеленетін материалдармен жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса, бұрғылаушылар жағалаудан жүздеген километр қашықтықта, өркениеттен аулақ дерлік жерде жұмыс істейді.

8. Жаға күзеті және құтқару қызметі. Су апаттарымен күресе жүріп, адамдарды аман сақтап алатын құтқарушылар күн сайын тәуекелге барады



3-Өзекті мамандықтар

Инженерлік мамандықтар.

Мамандардың болжамы бойынша озық ұстанымдарға өндірістік шығарылыммен байланысты инженерлік мамандықтар жатады. Бүгінгі күнде ең қажет етілгендер құрылысшылар, технологиялық машиналар мен техникаларды, сонымен қатар машина жасаушылар болып табылады. Олардан кейін металлургтар, энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының, радиотехника, электроника және телекоммуникация жұмысшылары тұрады, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрастыру. Және содан кейін тау-кен ісі, автоматтандыру және басқару, прибор жасау және жылу энергетикасы саласының мамандары тұрады.

Қазіргі сәтте өнеркәсіпте кәсіби инженерлердің, орта топтың техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі туындайды. Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңдық білімнің үйлесімдігі, ағылшын немесе кез келген еуропалық тілдік білу бағаланатын болады. Барлық өнеркәсіп салаласында инженер-маркетологтардың және менеджерлердің қажеттілігі артуда.

АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушылар

Бағдарлама жасаушы - бағдарламалық жасақтаманы құратын және мінететін және оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі әлемде фирманың имиджі біршама үлкен мәнге ие және сайт - ұйымның деңгейі мен сенімділігінің көрсеткіші болып табылады. Тиісінше, веб-әрлеуші - ең жоғары ақылы «компьтерлік» мамандықтардың бірі.

Нанотехнологиялар.

Бұдан кейінгі жақын болашақтың біршама талап етілетін мамандықтары нанотехнологиялармен байланысты.

Нанотехнология - бұл молекулалармен және атомдармен жұмысқа негізделген технология, бұл біршама заттардың жасырын және бағалы қасиеттерін пайдаланатын технология. Нанотехнология - бұл үлкен сала, оны үш бөлікке бөлуше болады: микросұлбаларды жасау, наноөлшемдегі роботтарды жасау, сонымен қатар атомдық деңгейдегі инженерия.

Нанотехнология барлық ғылым салаларымен байланыста болады.

Биотехнология - биологиялық жүйелер мен олардың элементтерін пайдаланатын технологиялар.

Қазіргі уақытта биотехнология ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады, онда гендік инженерия мен микробиология әдістерінің көмегімен гендік модификацияланған өнімдер алады. Биотехнология молекулярлық медицинада, биофармацевтикалық өндірістерде және басқа салаларда қолданылады.

Элеткроника мен биотехнологияның түйіскен жеріндегі мамандықтар маманнан электроникада да, биоинженерияда да терең білімді талап етеді.

Маркетинг және сату.

Маркетолог - бұл ең алдымен, компанияның стратегі. Маркетологтың ісі - әртүрлі игіліктер жасау мен өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған жүйені басқару. Ол нарыққа зерттеу жүргізеді, өнімдердің ассортименті мен көлемдерін жоспарлайды, бағаларды анықтайды, өтімді ынталандырады. Маркетинг саласындағы жоғары білікті маман бизнес-жоспарларды әзірлейді, кәсіпорындардың ақша салымдарының біршама тиімді нұсқаларын ұсынады.

Сервиспен байланысты мамандықтар.

Тұрғындардың табысы артуда, орта санаттың саны да өсуде. Бұл үрдістің көрсетішінің бірі - күн өткен сайын сапалы сервиске қажеттілік.

Логистика.

Логистика саласы кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші кезекті маңыздылыққа ие. Логист мамандығы қатаң шеңберде жұмыстан шаршаған, шаблондар мен берілген шектеулерді жақсы көрмейтіндер үшін оңтайлы. Жемісті мансапты жасау үшін, логистке аналитикалық ақыл мен жүйелі ойлау, интуиция, қиын жағдайлардан тез шыға білу, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы, тіл тапқыштық қажет. Тәжірибелік тәжірибесіз , сонымен қатар математиканы, техниканы, қолданыстағы заңнаманы терең білмей және әрине бизнес процесстерін түсінбей мүмкін емес. Табиғатынан ойыншы, тауарлар мен жүктерді шахмат тақтасындағы фигуралар сияқты жылжыта алатын дарынға ие адам ғана жақсы логист бола алатына көптеген кәсіпкерлер көз жеткізген.

Экология.

«Экология» термині бұрын 1866 жылы пайда болған. Және бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие болады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық әлемде бірінші орындардың бірінде экология мәселесін қояды. Бір жағынан, кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды, ал екінші жағынан - табиғат қорғаушылардың талаптарының спектрі кеңиді.

Медициналық мамандықтар.

Медицина бүгінле енді ғана құрылып, зерттеліп келе жатқан, ал 10 жылдан кейін тәжірибеге еніп, медицинада үйреншікті іс болатын, электроника, битоехнология саласының жетістіктерін жемісті пайдаланады.

Химия.

Химия саласының мамандары энергетика саласында ерекше қажет болады. Энергияның баламалы көздері аса қажет болады. Химия - инновация мен болашақтың ғылымы.



4-табысты мамандықтар

10-орын. Қолайсыз мамандық ретінде зергерлікті атауға болады. Әрине, әшекей бұйымдардың бағасы өте қымбат екендігін жоққа шығармаймыз. Оны жасауға кететін материалдар да соншалықты қымбат болғандықтан байып кетуіңіз екі талай дер едік.

9-орын. Кейде қасапшылардың қалтасының қалындығына қарап аузымыздың суы құрып жатады. Асықпаңыз! Адамдар күніге бифштекс үшін айтарлықтай қаржы жұмсайтын шығар, бірақ қасапшылар да етті қолға түсіру үшін елеулі қаржы жұмсайды.

8-орын. Заңгер! Айтыңызшы, өміріңізде бір рет болсын заңгер болсам - бай боламын деген ойға жолап көрмедім деңізші?! Қателесесіз. Заңгер болу үшін көп еңбектенуіңіз керек, бірақ біздің елде сізді қанағаттандыратын бағаны төлей алатын тұрғындардың жоқ екендігін, қазір елімізде екінің бірі осы мамандық иегері екендігін естен шығарып алдыңыз. Қазақстандық құқық зерттеушісі үшін орташа еңбекақы – 123 704 теңге, өте жақсы маман үшін – 519 557 теңге. HR-зерттеулерге сәйкес, бұл салада аз да болса, өсу байқалады. Бірақ, АҚШ-та адвокат сағатына 50$-дан 600$-ға дейін алады. Сондықтан, шетелде заңгер болам десеңіз бір бөлек әңгіме.

7-орын. Шетелдегі кеңесшілер (консультант) сағатына 100-200$, дизайнерлер 20-70$ табады. Ескеріңіз, кеңесші - сауда орталықтарында "сізге көмек керек пе?" деп жабысатын кісі емес. Кеңесші - кез келген жағдайда тиімді кеңестер ұсына алатын белгілі бір саланың білгір маманы.

6-орын. Депутаттыққа немесе президенттікке кандидаттардың сайлау алды науқанын жүргізуге арналған штабтардың алдыңғы қатарлы саясаттанушысы болсаңыз өте қолайлы болмақ. Сондай-ақ, жеке психолог болудың да тиімділігі жоқ емес.

5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар - ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге.

4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз.

3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге.

2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы.

1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған - жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.



Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров146
Номер материала ДВ-497554
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх