Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Математикадан Сыныптан тыс шара "Ойлы болсаң, озып көр!"(2-сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Математикадан Сыныптан тыс шара "Ойлы болсаң, озып көр!"(2-сынып)

библиотека
материалов

Ақсай қаласының 3 жалпы орта білім беретін мектебі






hello_html_m7f1fb14a.gif



hello_html_367e5c67.png

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»



Құрастырған: Хамидуллина А.И.

Сыныбы: 2»а»


Пәні:

Математика

Сыныбы:

2 «а» сынып

Уақыты:


Іс − шараның тақырыбы:

Ойлы болсаң, озып көр

Құзіреттілікке жеткізетін іс − шараның мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық:

Ә) коммуникативтік:

Б) проблеманы шешу:



Оқушылардың білімдерін тексере отырып, математика пәнін одан әрі меңгеру.

Өзара топ ішінде білімдерін сынау.

Сұрақтарға жауап ала отырып, өмірде математикалық түсініктерді жетілдіру.

Сыныптан тыс іс − шара типі:

Жарыс сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру,ойын технологиясы.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап, көрнекілік,иллюстрация әдісі, репродуктивтік әдіс,топтық.


Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, дүниетану.

Оқыту құралдары:


Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру

бөлімі



Амандасады, түгелдейді, шараға дайындықтарын қамтамасыз етеді.Оқушыларды топтарға

бөліп отырғызады.


Мұғаліммен амандасады, Шараға қатысуға дайындалады.

топқа бөліне отырып, топтың басшыларын сайлайды.


Математикалық кешке даярлық ұйымдастырып, оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын сайлап алу.


ІІ. Шара мақсаттарымен таныстыру.

 Шаттық шеңбері

Ана, бала, қала, дала, айнала,

Ай мене күн, жұлдыз,аспан, табиғат,

Шөбі жұпар,суы кәусәр, сай-сала.

Бүкіл әлем аманбысын жамағат

-Құрметті ұстаздар,оқушылар 2 «а» сынып арасында өтетін «Ойлы болсаң, озып көр» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

 Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық  ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету.  Алған білімдерін пысықтау.  

  Сайыс сағатымызда  өлең есептер,ертегі есептер,  сөзжұмбақтар ,логикалық тапсырмалар, логикон, тест беріледі. Солардың жауаптарын  дұрыс айтуларыңыз  керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға  ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп  жинаған топ  «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топтар  сайысқа белсенді қатысқаны үшін

 «Алғыс хатпен» марапатталады.

Мұғалімді тыңдайды. Шараның тақырыбымен,

мақсатымен танысады.





Шараның өтілу барысымен таныс болады.

Шараның мақсаты таныстырылады.

Шарада ескерілетін ережелер айтылып,

өтілу барысы жайында қысқаша ақпарат беріледі.

ІІІ. Негізгі сайыс.





Енді мен шараға қатысушыларды бүгінгі шарамыздың кезеңдерімен таныстырайын.

І кезең – «Таныстыру»

II кезең –«Табиғат тазалау»

III кезең«Ағаш отырғызу»

IV кезең « Гүл өсіру»

V кезең «Құстармен дос болу»


Топ сайыскерлері шараның кезеңдерімен танысады.







Сайыс кезеңдерін хабарлау.

Әр кезеннің ерекшелігі,

атқарылатын

жұмыстары ескеріледі.

І кезең – «Таныстыру»


Уа,халайық,халайық,

               Бәріне жар салайық.

               Бүгінгі кеш төрінде,

               Математика елінде,

               Есеп шешіп жарысып,

               Жұмбақ шешіп аңдысып,

               Шабыт тасып ,шалқысып,

               Көңілді кеш жасайық.

               Жұмбақ шеру шашайық.

               Мұнда қызық табылар,

               Жұмбақ,есеп бәрі бар,

               Ал,сайыскер балалар,

               Білімдеріңді сынайық.-деп

бүгінгі сайыс сағатында  сынға түсетін үш топпен танысайық.

«Алғырлар»  тобы   

«Білгірлер» тобы    

«Тапқырлар» тобы             


Топқа бөлінеді.

Топ мүшелерімен таныс болып,топтың атауын ойластырады. Топтардың топ басшысын сайлап,топ атын хабарлайды.




Әр топ өздерінің топтарын өлең жолдары арқылы таныстырады.

«Алғырлар»

Ұран:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз.



«Алғырлар»

Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

 «Алғыр» бала атанып

 Бізде ғалым боламыз.

  

«Білгірлер»

Ұран:

Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске


   «Білгірлер»        Мақтанбаймыз «білгірміз» деп

Таудай бірақ талабымыз

«Білгір» бала атанып,

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз.


«Тапқырлар»

Ұран:

Таудай болып талабымыз,

Бәрін білгіш тапқырлармыз.

«Тапқырлар»

Толағайдың тасындай

Ұландардан тұрамыз

Сөзге жүйрік баламыз

«Тапқырлар» тобы осындай



Шара кезеңдері басталады. «Таныстыру» кезеңіне кезек беріледі.Әр топ дайындықтары бойынша өздерін таныстырады.

II кезең –

«Табиғат тазалау»


















Жарайсыздар, рахмет!

Оқушылар мына табиғат көрінісі қандай? Оқушылар бүгінгі шарамызда табығатымыз таза болу үшін,үлес қосумыз керек.Ол үшін шарамыздың екінші кезеңіндегі сөзжұмбақты шешуіміз керек. Дұрыс жауап берілсе мына табиғат бетіндегі қоқыстар кетеді.

II кезең – «Табиғат тазалау»

«Сөзжұмбақ» шешу

«Алғырлар»  

1.Ең кіші үш таңбалы сан.                  

2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш.     

3.Ондықтан құралған сан.                    

4.Бір таңбалы сан.                                 

5.Кеміту амалы.           

                          

«Білгірлер» 

1.9-8

2.Геометриялық фигура.                      

3.Бұрыш түрі                                          

4.Уақыт өлшем бірлігі.                          

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.  

 

«Тапқырлар»

  1. 20-15

  2. Аптаның үшінші күні

  3. Уақыт өлшем бірлігі

  4. Көбейтуге кері амал

  5. Х + 13 = 30 бұл не?


«Баспалдақ» ойыны:   Берілген өрнектердің мәнін төменнен жоғары қарай шешу керек.Қай топ бірінші шығады,ұпай еншілейді.                      

 hello_html_4115be8f.png


Үш топқа бөл!

hello_html_m76ef7d87.png



Ластанған,қоқыс шашылған.


  Көрсетілген табиғаттың бейнесін қоқыстан тазарту үшін,сөзжұмбақты шешеді.



«Алғырлар»  

Жүз

Шаршы

Қырық

Үш

Азайту


«Білгірлер» 

Бір

Төртбұрыш

Сүйір

Ғасыр

Шеңбер


Бес

Сәрсенбі

Минут

Бөлу

Теңдеу



Әр топ берілген мысалдарды шешіп,жоғары көтеріледі.

hello_html_m38105c56.png



hello_html_m2baf78a1.png

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Шараның дүниетану сабағымен байланысты екенін түсінеді.


Оқушылар қызыға қатысады.Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп отырады.


Математикалық сұрақтарға дұрыс жауап береді.












Екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға және бір таңбалы сандарға, қосып мысалды орындайды.Әр топ мысалды дұрыс шештік,табиғатқа көмектестік деп есептейді. Балалар табиғатты аялауды

үйренеді.

Оқушылар математикадан өткен тақырыптарын еске түсіре отырып тапсырманы орындайды.




III кезең – «Ағаш отырғызу»    













Балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу керекпе?

Ол үшін не істеу керек?

Дұрыс,сол себепті өз үлесімізді қосайық.

 III кезең – «Ағаш отырғызу»    

  «Ағаш отырғызамыз»    

Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ не болады?

Дұрыс ,бүгінгі күні сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.

1-ағаш тапсырмасы:

hello_html_m6f93a592.png

2-ағаш тапсырмасы:

Логикалық тапсырмалар.

1.Бақтиярдың төрт ұлы бар. Олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?

2. Аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?

3. Үш төрттік цифрмен бір амалды қолданып, 40 санын қалай жазуға болады?

 3-ағаш тапсырмасы: “Сөз құра! Артық сөзді тап!”

Алғырлар” “Білгірлер” “Тапқырлар”

үтуз ретм рұшбы

еуәсл еңудет нмиту

ақтат арпта кернө

үйрсі лоғда кметпе


Үш топқа бөледі.

Ия

гүлдер егіп,ағаш отырғызып, даламызды жасыл желекке айналдырумыз керек.



ол дұрыс өспей қисық болып қалады.


Ағаш отырғызу үшін тапсырмалар орындайды.


hello_html_m8512132.png

Логикалық тапсырмалар.

Жауабы: 5 бала – 4 ұл, 1 қыз.


Жауабы: Алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсікүні.


Жауабы: 44 - 4 = 40

 3-ағаш тапсырмасы: “Сөз құра! Артық сөзді тап!”

Алғырлар” “Білгірлер”“Тапқырлар”

түзу метр бұрыш

сәуле теңдеу минут

тақта парта өрнек

сүйір доғал мектеп

.













Дұрыс жауап қайтару арқылы, әр топ 10 ұпайға ие болады.





Логикалық тапсырма,логикондарды шеше отырып, бір тал ектік деп есептейді.

IV кезең « Гүл өсіру»

−  Тағы қандай үлес қосамыз.

− Жақсы. Суретке қарайық.

Қандай гүл отырғызамыз?

Ол үшін гүлдердің тапсырмасын орындау керек.

«Алғырлар»  қай гүлдің тапсырмасын ашамыз? 

 Логикондар.

  1. Сабақ кестесі.

Бүгін математика, қазақ тілі, ана тілі сабақтары болды. Математика бірінші сабақ емес, ана тілі біріншіде, екіншіде сабақ емес. Пәндер қай ретпен өтілді?

2.Үш ағайынды.

Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені , ортаншысы, кішісі кім?

3.Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден келген. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, әр бала қай ауылдан келген?


Гүл егеміз.


Қызғалдақ гүлі, раушан гүлі,


Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы. 


Тапсырманы тыңдайды.


Логикондар.


Жауабы: 1.Қазақ тілі, 2.Математика, 3.Ана тілі.



Жауабы: Ең үлкені Аян, Ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.



Жауабы: Еркін Қосқұдықтан, Әділет Көктөбеден, Ерлік Үштөбеден
















Топтасып шешім қабылдап,жұмыстанады.


Тапсырманы таңдап,тыңдап ақылдасады.

Ойлау қабілеттері дамиды.

Жауабын айтады.Гүл отырғызылады.














V кезең «Құстармен дос болу»


Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне құстарымызды шақырайық. 

Құстар біздің досымыз

Біз қамқоршы боламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем су беріп жаз бойы

Балапанын бағамыз.

1 –құс.  «Кептер» тапсырмасы.

Үш топқа ортақ өлең   есеп оқылады .

«Алғырлар»

             Математикалық өлең есеп

1) Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?

2) Алты кәмпит көп еді,

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпиім апаға.

Екі кәмпит мамаға, бірін берсем көкеге,

Өзіме де жете ме?


«Білгірлер»

1) Аулада 60 үйрек,                                              Қорада 30 үйрек,                                               10 үйрек тығылды                                                10 үйрек жығылды,    

Қалғаны неше үйрек?   

2) 11 түйе,бес жылқы.

  2 сиыр,бір ешкі

  2 қоян,үш түлкі,

Болды сонда нешеуі?

«Тапқырлар»

1) Дүкеннен кеп сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы да алдым

Есептеші, сонда бәрі

Қанша болды қолда бары?

2) Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 8 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне ,кім тез табады?


Мұғаліммен келіседі.

Барлығы бірге айтады.


Құстар біздің досымыз

Біз қамқоршы боламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем су беріп жаз бойы

Балапанын бағамыз.


Суреттегі құстың тапсырмасын орындайды.

«Алғырлар»




  • 8




       


-1


«Білгірлер»


   



  • 70   




  • 24

«Тапқырлар»






  • 6




  • 7

Оқушылар қуана тапсырма орындайды


Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.                      















Оқушылар жүктелген тапсырманы орындай біледі.Тез әрі дұрыс жауап береді.Ұжыммен жұмыстанады.Топтық жұмыс байқалады.

Ауызша,ойша есептеу тәсілдері артады.


2-құс тапсырмасы. «Бұлбұл» Тест

hello_html_c158acc.png


3-құс тапсырмасы. «Аққу»

Бәйге (топ басшысы)

 1. 2 жылда неше ай бар?

2. Қабырғалары 5см,3см тік төртбұрытың периметрі нешеге тең?

3. Ұзындық бірліктері?

4. Ең үлкен төрт таңбалы сан?

5.Саннан сол санды азайтсақ неше болады?

6.1 нүкте,1 түзуден тұратын не?

7. Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме не?

8. Оңынан да, солынан да оқысаң сол сан?

9. 1жұмыртқа 4минутта піседі.5 жұмыртқа неше минутта піседі?

10. 52 жүзд.


              

Тест тапсырмаларына жауап береді.

1 –топ 2 – топ


1.а 1.а

2.а 2.а

3.б 3.б

4.ә 4. б

140 мин 28 сағат






















Топ басшыларысұрақтарға жауап береді.

 1. 24 ай

2. 16 см

3. мм, см, дм, м, км

4. 9999

5.0

6.сәуле

7. есеп

8. қырық

9. 4 минут

10. 5200


Тест орындау барысында оқушылар математика пәнінен алған білімдерін көрсетеде.

Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

Тапсырма сонында қателері айтылады.













IV.Қорытынды.

Ортақ тапсырма

          Қызықты тапсырмалар.

1.Екі қызы, екі анасы және әжесі. Барлығы қанша адам?

2. Қалаға 3 жеңіл машина бара жатыр. Қарама-қарсы 2 жүк машинасы кездесті. Қалаға барлығы неше машина бара жатыр?

3. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды?

4.Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кессек, неше бұрыш болады?

-         Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын

аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді  қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.



Ортақ тапсырма

          Қызықты тапсырмалар.

1.3 адам .


2.3 машина



3.Балық ұша алмайды.



4.5 бұрыш


Әр топ өздерінің жинаған ұпайларынан хабардар болады.

Мақтау қағаздар алады.




















Оқушыларға мақтау сөздер айтылады.Әр топ өздерінің нәтижелерін біледі.Салыстырады.

Марапатталады.Шараны жақсы көңіл − күйде аяқтайды.


Сайыс мақсатына жетеді.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-161290

Похожие материалы