Инфоурок Алгебра Другие методич. материалыМатематикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында

Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында

Скачать материал

 

«Жүзден жүйрік»

10-кластар арасында

 

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайдтар.

 

Жоспары: 1- бөлім . «Бәйге»

                    2- бөлім. «Ғажайып жетілік»

                    3- бөлім. «Ұштап ойды тағы бір,

                                       Тереңінен ойлай біл!»

                    4- бөлім. «Жеңіс таяу, қозғалма баяу»

                    5- бөлім. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

-Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы-заман талабы. Мектебіміздің болашағынан үлкен үміт арттыратын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылардың қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырайык. (10-кластар арасынан 10 оқушы қатысады)

«Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды»- деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.

           Сонымен, құрметті көрермендер «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайысымызды бастайық.

Сайысымыздың алғашқы туры «Бәйге».

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

 (Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларымызға сұрақтар қойылады.

Кім бірінші белгі берсе сол жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.)

 

1-тур. Бәйге.

1. Екі вектор тең болады егер...

    (олар бағыттас және ұзындықтары тең болса)

2. Функция аргументінің барлық қабылдай алатын мәндерінің жиыны...

    (анықталу облысы)

3. Бұрыштың биссектрисасының бойында жатқан нүктелер...

    (бұрыштың қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады)

4. cosx=0 теңдеуінің жалпы шешімі. ()

5. Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетка қатынасы...

    (сол бұрыштың тангенсі)

6. Егер іштей сызылған бұрыш жарты шеңберге тірелсе, онда...

(ол тік болады)

7. Екі бұрыштың айырмасының косинусы (сол бұрыштардың косинустарының көбейтіндісі мен синустарының көбейтіндісінің қосындысына тең)

8. Кез келген төртбұрышқа шеңбер сызуға болады, егер...

(оның қарама – қарсы қабырғаларының қосындысы өзара тең болса)

9. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын қандай түзулер?

        (перпендикуляр)

10.ІІ ширектің таңбасы?(-;+)

        

  - Сонымен І-бөлімге белгіленген сұрақтар аяқталды.Есеп

комиссиясы сайыскерлердің алған ұпайларын санағанша музыкалық үзіліс

жарияланады. І-бөлімнің қорытындысы бойынша ұпайды ең аз жинаған 2- сайыскер ойыннан шығады.

          Ойынымыздың келесі бөлімі «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл бөлімде тақырып бойынша сұрақтар жасырынған. Қазір сайыскерлер кезекпен өздерінің қалауы бойынша сұрақтар таңдайды. Сұраққа жауабы әзір сайыскер белгі береді. Сол белгі берген сайыскер жауабын айтады, егер ол дұрыс жауап бермесе, басқа сайыскерге жалғастыруға болады. Дұрыс жауап берген сайыскер сұраққа бағаланған ұпайды алады. Және әрі қарай жалғастырады.

 

 

Тригонометрия

 

 

10

 

 

20

 

30

 

40

 

 

Үшбұрыштар

 

 

10

 

20

 

30

 

 

40

 

Сыр сандық құпиясы

 

 

10

 

20

 

30

 

40

 

Шеңбер

 

 

10

 

20

 

30

 

40

 

Функциялар

 

 

10

 

20

 

30

 

 

40

 

 

Формулалар әлемінде

 

 

10

 

20

 

30

 

40

 

 

Сандар сыры

 

 

10

 

20

 

30

 

40

 

«ТРИГОНОМЕТРИЯ»

10. Төртінші ширектегі бұрыштың тангенсінің таңбасы? (теріс)

20. 150-тық бұрыштың синусы ()

30. 2sin өрнегінің мәні (2)

40. cosx-1=0 теңдеуінің жалпы шешімі (х=2)

 

«ҮШБҰРЫШТАР»

10. Үшбұрышты шешу деген не және оны шешуде қандай теоремалар жиі қолданылады? (Үшбұрыштың барлық элементтерін табу, косинустар теоремасы мен синустар теоремасы)

 

20. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгіҢ келсе, іздеп тауып алуға болады. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Екінші сыныпта – күрделі, ал оныншы сыныпта – тригонометриялық деп аталады. Бұл не? (Теңдеу)

 

30. Тең бүйірлі ұшбұрыштың табанына паралель орта сызығы 3см-ге тең, үшбұрыштың периметрі 16 деп алып қабырғаларын табыңдар? (6,5,5)

 

40. АВС үшбұрышының ауданы 60см-қа тең. Егер АС қабырғасының ұзындығы 15см, А бұрышының өлшемі 30 болса, онда АВ қабырғасының ұзындығы неге тең? (8см)

              

«СЫР САНДЫҚ ҚҰПИЯСЫ»

10. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (Дәптер)

 

20. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ, кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не? (Калькулятор)

 

30. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура. Бұлай санның дәрежесі де аталады. Бұл не? (Квадрат)

 

40. Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іледі, енді біреулер үстел үстіндегі шыны астына қояды, ол зат, тіпті, сенің кітап-дәптерлеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мағлұмат бір жолға немесе бір бағанға тізбек түрінде жазылған. Оны жылдың соңында немесе басында міндетті түрде ауыстырып отыру қажет Бұл не? (Күнтізбелік)

 

«ШЕҢБЕР»

 10. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, тағы да басқа салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол құтқарушы деп аталады. Бұл не?» (Дөңгелек)

 

20. Шеңбер хордаларының қасиеті..(Егер шеңбердің екі хордасы қиылысса онда бір хорданың кесінділерінің көбейтіндісі басқа хорданың кесінділерінің көбейтіндісіне тең)

 

30. Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлері қайда жатады? (Іштей сызылған шеңбердің центрі биссектрисалардың қиылысу нүктесінде, сырттай сызылған шеңберлердің центрі орта перпендикулярдың қиылысу нүктесінде жатады)

 

40. Ұзындығы 36-ға тең шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын тап. (324)

 

«ФУНКЦИЯЛАР»

10. Графигі координаталық жазықтықтың бас нүктесіне қарағанда симметриялы функциялар қандай болады? (Тақ)

 

20. Қай функцияның графигі бірінші және екінші ширектің биссектрисаларынан тұрады? (у=|х|)

 

30. Қандай фигураның мәндер жиыны -1 – ден 1 – ге дейінгі аралықта жатады? (у=sinx. y=cosx)

 

40. у=хфункциясының графигін ең алдымен 3 бірлікке оңға қарай, содан соң 6 бірлік жоғары жылжытты. Осы түрлендіру барысында қандай функцияның графигі шықты? (у=(х-3)+6)

 

«ФОРМУЛАЛАР ӘЛЕМІНДЕ»

10. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табуға арналған формула? ()

20. Центрі координаттары (1,-3) нүктесінде орналасқан, радиусы 4-ке тең шеңбердің теңдеуі? ((х-1)+(у+3)=16)

 

30.  (Дұрыс көпбұрыштың бір бұрышын табуға арналған формула)

40. Қос аргументтің тангенсі неге тең? ()

 

«САНДАР СЫРЫ»

10.  нешеге тең? (243)

 

20.  қандай сан? (иррационал)

 

30. Шеңбер ұзындығын оның диаметріне өрнектейтін сан? ()

 

40. Көрермендер сұрағы: 37 санын 5 үштік арқылы жаз? (33+3+3:3)

 

         Алғашқы екі бөлім бойынша қорытынды шығарылып, ұпайы аз төрт ойыншы ойыннан шығады.

         -Ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ.

        

«Ұштап ойды тағы бір

Тереңінен ойлай біл!»-деп аталатын келесі бөлімде ойдың ұшқырлығын қажет ететін осындай есептердің бірі ұсынылады. Есепті шығаруға 6 минут беріледі, дұрыс жауап 50 ұпаймен бағаланады.

«Ағаш уықты, киіз туырлықты ауыл үйінің бас-аяғы 17 бас малы: жылқысы, сиыры, қойы болыпты. Үйдің ер азаматы боылп қалған баласы дамыл таппай жүріп қыстау басына мая-мая шөп жинап алады. Қыс түсіп мал қораға қараған кезде ол анасынан «Әр түлікке қанша баудан шөп салайын?» деп сұрайды. «Күн сайын әр жылқының алдына 6, әр сиырға 4, қой басына 2 баудан салсаң, мал қыстан қысыла қоймайды»-дейді анасы.

«Жарайды»-деп бала малдарға шешесінің айтқанындай етіп бау-бау шөпті салып келеді. «Барлық малға қанша бау салдың балам?»-дейді оған анасы. «Барлық жылқыға қанша бау шөп салсам, барлық сиырға сонша бау шөп салдым. Ал жылқы мен сиырды қоса есептегенде барлығына кеткен бау саны барлық қойға салынған бау санымен бірдей болды»-дейді. «Дұрыс болған екен, енді күнде шөпті осылай салып тұрғайсың»-дейді анасы.

Бұл үйдің неше жылқысы, неше сиыры, неше қойы болған екен?

(2 жылқы, 3 сиыр, 12 қой. Себебі: 2∙6+3∙4+12∙2=48)

Сайыскерлердің берген жауаптары тексеріліп, қорытынды жасалады. Өткізілген бөлім бойынша ұпайы аз ойыншылар шығып, 2 ойыншы қалады. Нағыз дарынды анықтау үшін олармен ойынның

«Жеңіс таяу,

Қозғалма баяу» деп аталатын соңғы туры өткізіледі. Әрқайсысына жеке сұрақтар қойылады. 1 минутта қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе сонша ұпай алады.

 

1-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Бағытталған кесінді? (вектор)

2. Ең кіші жай сан? (2)

3. 30 бұрыштың тангенсінің мәні? ()

4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? (жанама)

5. 1 радиан неше градусқа тең? (57,3)

6. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы? (180)

7. Ромбтың ауданы? (диагональдарының көбейтіндісінің жартысы)

8. Центрі координаталық жазықтықтың бас нүктесінде жатқан шеңбердің теңдеуі? ()

9.Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі?(Р. Декарт)

10. 300-дің 25 проценті? (75)

 

2-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

2. Ең кіші натурал сан? (1)

3. 60 бұрыштың тангенсінің мәні? ()

4. Үшбұрыштың пропорционал қабырғаларының атауы? (ұқсас)

5. Қай ширекте косинус пен синустың таңбалары бірдей? (І және ІҮ)

6. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)

7. Сos2α неге тең? ()

8. Үшбұрыштың қабырғасына параллель және оның жартысына тең болатын не? (үшбұрыштың орта сызығы)

9. Квадраттық функцияның графигі? (парабола)

10. Мектепте оқытылатын геометрия пәнінің негізін салушы? (Евклид)

 

Қорытынды: Өткізілген білім сайысының қорытындысы жасалып, «Жүзден жүйрік» атағына ие болған оқушы марапатталады.

 

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикадан сыныптан тыс шара «Жүзден жүйрік» 10-кластар арасында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 1143
    • DOCX 56 кбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шәмішева Назгүл Қаршығақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шәмішева Назгүл Қаршығақызы
    Шәмішева Назгүл Қаршығақызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 22674
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 327 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 451 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек