Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Математикадан сыныптан тыс жумыс

Математикадан сыныптан тыс жумыс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математикадан ойын-сабақ.

Пәні: Математика

Сыныбы: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы фигуралар»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін дағдыларын кеңейту,пәнге деген қызығушылығын арттыру зейінін логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.Топпен жұмыс істеуге қабілеттерін арттыру.

Міндеттері:

Білімділігі:  Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы:  Мұндағы  өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өзгенің пікірін тыңдай білуге баулу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтын типі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, эмблема, слайд, интерактивті тақта, шар, мақал-мәтелдер, сиқырлы кестелер, геометриялық фигуралар, жаңылтпаш, әзіл есептер .тб.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар және оқушылар! «Сиқырлы фигуралар» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Командаларды шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын сайыскерлеріміздің білімі мен тапқырлығына , өнеріне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырайын.

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын.

Өнерлерін аямайтын біздерден,

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін,-дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы «Үшбұрыш» және «Квадрат» топтарын ортаға шақырамыз



1. Топтың өзін таныстыруы, амандасуы.

1-топ « Үшбұрыш» тобы

Ұраны: Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бар екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

2-топ «Квадрат» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесу: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір- теңіз жүзіп келді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз



Таныстыру : Барлық қабырғалары бір- біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

1-сайыс. «Балық аулау» арқылы мақалдар жарысы «жалғасын тап» ойын түрінде жүреді. Құрамында саны бар мақалдардың жалғасын табу.

1) Білекті бірді жығады, Жігітке жетпіс ............ де аз. (өнер)

(Білімді мыңды жығады). Жеті рет пішіп, (Бір рет кес)

Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Мыңның түсін танығанша

(Төртеу түгел болса төбедегі келеді). (Бірдің атын біл)

Екі аяқты бөле тату Жүз теңгең болғанша,

(Төрт аяқтыда бота тату) ( жүз досың болсын)

Ағайын алтау, Жүзден жүйрік

Ана біреу. (мыңнан тұлпар)

Жаздың бір күні

(Қыстың мың күнін асырайды).

2-сайыс. Сиқырлы кестелер «Кім жылдам? » Бос торкөзге 4,5,6,7,8,9 сандарын

Қойып баған бойынша, қатар бойынша қосқанда 15 шығатын болсын.

3- сайыс. «Геометриялық фигуралардан адам бейнесін салып әр дене мүшесі қай фигурадан құрастырылғанын айтып беру.

4-сайыс. « Қасиетті сандар»

Әр топ жасырын тұрған цифрларды таңдап , сол санға байланысты қазақы ұғымдарды айтады. Мысалы: 3,4,5,7,9.

6-сайыс. « Бәйге» сайысы

Әр топқа бес сұрақтан қойылып, тез жауап алынады.

1-топ Жұмбақ есептер:

1. Мұз айдында жеті бала, 2. 4,5 цифрларының көмегімен

Асыр сап жүр сырғанап. Жазылатын барлық екі таңбалы

Сырғанамай екі бала, сандарды ата. (45,54)

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы баланың, 3 4-жұмыртқа 4 минутта піседі,

Санын айтсаң жарадың. Ал 1- жұмыртқа неше минутта піседі?

(7+2= 9бала) (жауабы: 4 минут)

4. Сабақтың ұзақтығы неше минут? (45 минут)

5. 50+17= ?

2-топ. Жұмбақ есептер:

1. Бірімін, бірімін, бірімін деп 2 1кг темірмен 1кг мақтаның қайсысы ауыр?

Үшеу келді біртіндеп. (жауабы: салмағы бірдей)

Екім, екім, екім деп

Үш жұп келді екеулеп. 3. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата?

Қанша болды балапан, 4. Айқасқан екі таяқ,

Өзің айтшы балақан? Тұрады жоқты сұрап.

(Жауабы: 9 балапан) жауабы: (икс)

5. Жұп сандар және тақ сандар деген не? Мысал келтір.

(жауабы: жұп сандар 2,4,6,8,10 тақ сандар 1,3,5,7,9)

6 –сайыс Әзіл есептер

1. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (біреу)

2. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр.

Үйде неше мысық отыр? (4)

3. 4- жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут керек?

4. Әтеш 2 аяқпен тұрғанда салмағы 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша?

5. Екі адам шахматты 2сағат ойнаса. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

6. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. (икс)

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-486913
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх