Инфоурок Начальные классы ПрезентацииМатематикадан "Логикалық ойлауды жетілдіру"

Математикадан "Логикалық ойлауды жетілдіру"

Скачать материал

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТІЛІН
ДАМЫТУ

Мақсаты: Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін , мұғалімге оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі.
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.
Транцформация әрекетін жетілдіру:
•Заттарды бөліктер арқылы құрастыру;
•Объектілер арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Логикалық ойлау операцияларын
қалыптастыру:
• Салыстыру;
• Талдау;
• Жинақтау;
• Қорытындылау;
• Жүйелеу.
Ойлау белсенділігін, өз
 беттілігін дамыту:
• әр түрлі болжам, пікір айта білу;
•мәселені шешудің бірнеше тәсілін ұсынады.
Тіл дамыту жұмыстары
Ойындық әрекеттер:
•Ролге бөліп талдау;
• Көріністер;
•Сөзжұмбақтар, ребустар.
Оқушыны қандай да бір әрекеттің авторы ретінде өзіне-өзін таныту:
•Конференция, олимпиада;
•Газет-журналдарына басылым.
Ауыз әдебиеті үлгі -лерімен, ұлы ойшылдар шығармаларымен таныстыру :
• Ертегі, аңыз- әңгіме, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар;
• Нақыл сөздер;
•Өмірбаяны, шығармашылығы.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылады.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бастауыш сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді.
Мысалы сауат ашу кезеңінде әріп үйретумен қатар әр әріпке байланысты ертегілер оқып, түрлі тақпақтар жаттатып сол әріптен басталатын көптеген заттардың суреттерін көрсету арқылы сөйлемдер құратуға болады.
Осылайша әр әріппен танысқан кезде балалар әр түрлі ертегілер тыңдап, олардың мазмұнына тоқталып, әртүрлі тақпақтар жаттап, көптеген заттардың атауын біліп оларға сөз тіркестерін,сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін дамытуға болады.
Баланың тілін дамытуға арналған логикалық тапсырмалардың түрлері:
Анаграмма «К» әрпіне
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
1. Кісінің аты
2. Ұя салмайтын құс
3. Жанғыш пайдалы қазба
4. Тағам түрі
5. ... білім бұлағы
6. Жер қазатын құрал
7.Қыста ұйықтайтын жануар
8. Спорт түрі
9. Жәрдем жасау
10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
2. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....
Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Мысалы: Ұ дыбысы:Ұядан, ұмытшақ, ұлу, ұшқыш,ұзартқыш, ...
Ү дыбысы: Үйге, үйірсек, үкі, үстел, үнжария, .
Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ә) __________________________________________
Б__________________________________________
Сөйлем
Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
________ __________ __________ .
__________ __________ __________ ?
__________ __________ __________!
Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.
Зат есім тақырыбына мынадай логикалық тапырмалар орындатуға болады:
1.«Сөзжұмбақты шешіп көр».
Бұл сөздер тобын не деп атайды? ( Ережесіне тоқталу)
2. «Кімге не керек?» екенін табыңдар.
Сәйкестендіру тесті
1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар
2. Кімдер? 2. домбыра, гүл
3. Не? 3. оқушы , ана
4. Нелер? 4. әндер, құстар
5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар
6.Жалпы есім түрі: 6. қобыз, ән, құс
Сәйкестендіру тесті
1. Қандай? 1. таза
2. Қай? 2. ақылды
3. Негізгі сын есім: 3. қара
4. Туынды сын есім: 4. ойлы
Сәйкестендіру тесті
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш
Сәйкестендіру тесті
1. Не істеді? 1. ұшты
2. Қайтті? 2. кісінеді
3. Неғылды? 3. оқыды
4. Негізгі етістік 4. барма, жүрме.
5. Туынды етістік 5. оқы, кел.

Ана тілінен белгілі –бір тақырыпты өткен кезде «Суреттер мен сөздерді жұптастыру» ойынын өткізсе болады.
Мұғалім алдын ала дайындаған суреттер мен олардың аттарын араластырып тақтаға орналастыру керек. Оқушыларға әр суреттің тұсына осы суретке қатысты сөзді орналастыру айтылады. Ойынды оқушыларды топқа бөліп ойнатса болады.
Мысалы « Төрт түлік» тақырыбын өткен кезде:
Түйе суреті құлын
Жылқы суреті бұзау
Сиыр суреті қозы
Қой суреті лақ
Ешкі суреті бота
Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын ұйқастарды балалар санасы тез қабылдайды.
Ұят –ай!
Бетін жумай Жұматай,
Нан жеп отыр, ұят-ай!(Е. Ерботин)
Еріншек.
Ертең, ертең, ертең деп,
Жүрер дәйім селтеңдеп,
Ертеңіне кездессең
Төмен қарар мөлтеңдеп.(Қ. Ыдырысов)
Бұл өлеңдер, бір жағынан ұнамсыз қылықтарды, қасиеттерді түзетуге, жағымсыз мінездерді мінеп арылуға көмектессе, екінші жағынан осыған ұқсас-өлеңдер ойлауға, құрастыруға итермелейді.
Бала тәрбиесінде жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдер олардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол. Мақал –мәтелдер- ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып, ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді.Жаңылтпаш баланың тілін ұштап, асықпай еркін сөйлеуіне көмектессе, жұмбақ –тез ойлауға , шапшаң жауап беруге үйретеді.Сондықтан мен сабақтарымда балалардың тілін дамыту үшін, осы жаңылтпаш , мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын.
Мысалы:
Жұмбақтар
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.
Жұмбақты оқып, қай әріп екенін тап.
Қорада емес сарайда,
Аспанда емес тоғайда.
Отында жоқ күйеде,
Жылқыда жоқ, түйеде.
Қырда емес, сайда бар,
Құнанда жоқ, тайда бар.
Бұл жұмбақты шешетін
Тапқыр бала қайда бар?
Қай әріп? ........
Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар.
( ------------------ )
Қоянда бар,
Шортанда жоқ,
Шаянда бар.
( ------------------- )
Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласың ба?
Сидам аяқ, ұзын мойын:
Таң қаласың көрсең бойын.
Тілі - ұзын, жемі - тікен,
Мейірбан жуас айуан екен. (Керік)
Мүйізі бар тұмсықта,
Өте қатал мінезі.
Аяқтары қып-қысқа,
Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық)
Алшаң-алшаң басады,
Құйрығында шашағы,
Аң біткен одан қашады. (Арыстан)
Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал. Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар.
*Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра.
Дәмді шөпті таңдаған,
Дәмді шөпті толғаған.
Дағдысынша Дуадақ,
Даланы еркін шарлдаған.
Шырмалған шырмауық,
Шүпірлеп шығыпты.
Шілдеде су ішпей бір ауық,
Шытынап бұтағы сыныпты
Өкпелеп қуып,
Көшкен ауылды.
Өкпем өшті,
Өкшем ауырды.
Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
............ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.

Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі.

Мақал- мәтелдің соңын тап.

1. Қыз өссе елдің көркі , ……………................................

2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен ……………………......

3. Туған жердей жер болмас, .......................................................

4. Әдепті бала арлы бала .......................................................
Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?

1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес,
Адамның баласы бауырың емес.

2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.

3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.

2 Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол.

5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.

Өтілетін тақырыпқа сәйкес орнымен қолданылған анаграммалар, өтірік өлеңдер, оқушылардың ойын тереңдетеді, тілін дамытады.
Ана тілі сабағында берілген қасиеттерге сай заттарды тану үшін, жұмбақтар шешу, ертегілерден кейіпкерлердің түлкі-қу, қоян-қорқақ, қасқыр-жыртқыш екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ойлау белсенділігін
өз беттілігін дамытуға болады.
Ойдан ертегі , әңгіме құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құраудан басталып , бірте –бірте күрделене түседі.

Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 


Осындай жұмыстар түрлерін топтастырып жүйелейтін болсақ мынадай сызба шығады.
Логикалық ойлау операцияларын
қалыптастыру:
Ойлау белсенділігін, өз  беттілігін дамыту:
Транцформация әрекетін жетілдіру:
-жұмбақ, жаңылтпаштар,
-мақал негізінде әңгіме құрау
-жан-жануарларды сипаттау
-шығарма,мазмұндама,эссе жазу
-ертегіні тыңдау,сурет арқылы мазмұнын бекіту
-бақылау, байқау
-мысал ертегілерді сахналау(рөлге бөлу, ойнау)
-ребус құрау
-буын ұйқастары арқылы өлең шығару
-табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар ойлау
-әңгіме,
-ертегінің сюжетін бастап беру, оқушыға аяқтауды тапсыру,
-белгілі тақырыпта әңгіме оқып, басқаша аяқтау
Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады
Оқушылардың тілін дамыту үшін:
• Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын ұйқастарды жаттату,
• Балалардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып, ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдерді сабақта көптеп пайдалану;
• Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
• Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
• Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.


1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл
1. Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.
2. «Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым». М. Шәбжантайқызы. Көкшетау.
3. 2002 жыл.
4. «Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл
5. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл
6. Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілнен әдістемелік құрал» 2007 жыл
7. Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл.
8. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.
2.2008 жыл

Логикалық есептер.1-4 сынып.

Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе: 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

  Ойынбаланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабыбаланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралыойын әрекеті, яғни, ойынбаланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейдіОйын негізінде ойлай отырыптапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар!

Жобаның мақсаты:

•         Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар

 

Сабақтың түрлері

Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында

Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту

Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету         

Сайыс сабақоқушылар ойларының жетітігін байқау

Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.

 Ертегі сабақоқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Дәстүрлі емес сабақтың бір түріойын сабақ.

Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.   «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты  таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға  сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.      

         Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

    “Бәрпінен басталар,

Сол жәндіктің атын тап.    (...............)

 

. Отыз екі мықты.

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты                   (...............)

 

 

 

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін         
                 дамыту.

Логикалық есеп

•         Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

•         Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

•         Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

•         Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу

дағдыларын дамыта түсу.

•         Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу. 

         (14 * 6)*10=10

Математикалық тест
4 + 3 9,10,7           10 - 3           7,8,9              
6 + 3 9, 6, 4             9 - 2           5, 6,7

Логикалық ойын     

    1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?

         2.Бір мысықтың  аяғы қанша?

         3.Бес қойдың басы нешеу?

        4.Үш адамның  қолы нешеу?

Маймылдың не айтқысы келетінін білгің келе ме?

•         Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.  

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық

Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу

Қолымда  сонда  саусағым нешеу?

Оң қолымда  бес  саусақ,

Сол қолымда  бес саусақ

Қосып едім  екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Санамақтар

        Тауық, жөнін тауып,

         Он жұмыртқа басты,

         Өэдерінше мықты

         Төрт балапан шықты

         Қанша қалғанын

         Есептей алмай отырмын.

    Он екі үйрек көріп ем,

         Үшеуі ұшып кетті

         Төртеуі суға түсіп кетті

         Айтпауға сөз қалмады.

         Қаншасы орнынан қозғалмады?

Үш алманы бақтағы

•         Кірпі алып  жинады

•         Ең әдемі   біреуін

•         Ақ  тиінге  сыйлады.

•         Ыдыстағы  алманың 

•         Санап  көрші қалғанын

Суреттегі үшбұрыштың санын табу

Әріптердің  құпиясы

•         Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.

•                 САҚНМДПОЛРБЖ

•         О – ел

•         Н – Қазақстанның

•         Д – құдіретті

•         Ж – жатыр

•         А – әлемдегі

•         Л – бірлігінде

•         Б – татулығында

•         Р – ұлт

•         М – бүгінгі

•         Қ – жаңа

•         С – Жаңа

•         П – күші

Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дамыту жолдары:

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

•         1.Практикалық іс-әрекеттілік.

•         2. Көрнекі-бейнелік

•         3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді  
                            қамтиды.

•       1  / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

•         2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

•         3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

•         4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

•         5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

•         6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

•         7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

•         8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

•         9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

•         10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру

Қорытынды:

•         Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар облысының білім басқармасы

облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика пәнінен 1- сыныптарға арналған деңгейлік

тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қаласы  2011 ж

Құрастырған:

Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

О.Т.Искакова

Түсінік хат

Математика пәнінен 1-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар

өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ оқушылардың білімдерін  тексеруде пайдалануға қолайлы.

Мұндағы әр сабақ жеңіл тапсырмалардан басталып біртіндеп

күрделеніп келетін төрт деңгейге бөлінген. Әрбір тапсырма күнтізбелік

жоспарға сәйкес материалдарды қамтиды.

1-деңгей тапсырмалары міндетті деңгейге қойылатын талаптарға сай

алынған.Оны барлық оқушылар орындай білуге тиіс. Ал 2,3-деңгей

мүмкіндік деңгей тапсырмаларына жатады. Оны әр оқушы өздігінен

орындауға тырысуы керек. Соңғы 4- деңгей шығармашылық деңгей.Бұл тапсырмалар жеке  оқушының ой-қиялын, яғни ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын дамытуға құрылған.

Мақсаты:

Оқушылардың бағдарламалық материал бойынша білік пен дағдылардың белгілі бір жиынтығын игертуге, жүйелі математикалық білім алуына көмектесу, ойлау қабілетін дамыта түсу.

                                                           1 сабақ   

Он көлеміндегі сандар

1 деңгей

1. Есепте: 1 + 2 =          7 – 3 =         3 + 3 =         8 – 4 =         4 + 2 =          5 – 2 =

2. Салыстыр (>, <, =)

        4+3*5                   5+4*3

        5*7-4                    7-4*6

        8+1*2                   0*9-3

3. 6 см. кесінді сыз.

4. 8см * 6см           3см * 1см          2см * 5см           

    3см * 3см           7см * 8см          6см * 0см

5. Өрнектерді салыстыр

3+2 * 1+5               2+4 * 8-3                1+5 * 3+2               8-3 * 4+2

2 деңгей

1. Санды қой:

Q–2 < 4+3                             3+Q > 7-2

6-Q < 7+1                             5+Q < 3+6

2. Есепте:  5+3-2=            1+5-3=         4+6-3=              4+6-3=             8-6+5=

3. Санды тап:

6 + Q = 7                               Q - 2 = 4

8 - Q =4                                 5 + Q =9

3 деңгей

1. (+, -) қой.

10 * 3 * 2 =5                         6 * 2 * 2 = 2

8 * 1 * 6 = 3                          7 * 2 * 1 = 6

2. Сандарды қой:

3 + 4 =         Q + Q 4 + 4 =         Q + Q 7 – 2 =      Q - Q 6 – 3 =           Q - Q

4 деңгей

1. Шығар, жауабын жаз

5 кызан    

              ? кызан

4 кызан

2. Сөзді тап

2

8

3

8

5

4 – 2 = Қ

5 + 3 = А                    

10 – 7 = Л

5 + 3 = А

9 – 4 = М

2 сабақ

Кестелік қосу және азайту

1 деңгей

1. Есепте:

5 + 2 =                         7 – 5 =                       5 + 5 =

9 – 4 =                         6 – 3 =                       6 + 3 =

2. Өрнек пен санды салыстыр:

4 + 2 * 8                      9 * 7 – 3                    4 * 8 + 4

6 – 5 * 0                      8 * 4 + 4                    7 + 2 * 3

3. 8см кесінді сыз.

4. Салыстыр:    10см * 8см                 5см * 5см                  7см * 2см

                            4см * 10см                 1см * 10см                10см * 0см

5. Өрнектерді салыстыр:

4 + 5 * 5 – 4                  2 + 6 * 6 - 2               3 + 4 * 9 - 6             10 – 5 * 3 + 2

2 деңгей

1. 8 – Q < 4 + 2             4 + Q > 9 – 3            7 – Q < 7 + 1             5 + Q = 3 + 4

2. Есепте:   6 + 3 – 7 =        8 + 2 – 3 =        2 + 2 + 8 =                 9 – 7 + 5 =

3. Сан қой және салыстыр:

5см – 2см < Q см                         6см * 3см + 4см

7см – 4см < Q см                         8см * 7см – 6см

3 деңгей

1. Керекті таңбаны қой (+, -):

9 * 7 * 6 = 8                                 8 * 2 * 3 = 7

6 * 1 * 3 = 4                                 7 * 3 * 2 = 6

2. Қажетті  таңба мен цифрды қой:   7 * 3 – Q = 6               3 + 3 + Q = 8

                                                                 6 * 2 + Q = 10             6 * 2 – Q = 3

4 деңгей

1. Шығар:

             

 3 сабыз ? сабыз

 

 

2. Сөзді тап:

2

6

3

6

7

3 + 4 = П                                 

9 – 6 = Т

2 + 4 = А

8 – 6 = К

3 + 3 = 1

3 сабақ

Салыстыру

1 деңгей

1. Есепте:

3 + 4 =             8 – 5 =              7 – 4 =           6 + 3 =           5 – 5 =            2 + 4 =

2. Салыстыр (>, < =):     5 + 1 * 2              7 * 8 + 0            3 – 2 * 4

                                           2 * 3 – 3              6 – 4 * 0            4 * 6 – 1

3. 5см кесінді сыз.

4. Салыстыр (>, < =):   9см * 5см            8см * 10см         4см * 4см

5. Өрнектерді салыстыр (>, < =):           2 + 1 * 4 – 2         7 – 5 * 5 + 3

2 деңгей

1. Сан қой:          Q – 3 > 5 + 1                  3 + Q > 6 - 5

                              3 + Q < 10 – 2                5 – Q > 1 - Q

2. Есепте:            6 + 3 – 4 =                      5 + 5 – 3 =                 1 + 4 – 2 =

3. Сан қой:         5 – Q = 3                         Q - 4 = 1                    5 + Q = 8

3 деңгей

1. Таңба (+, -) қой:       9 + 6 * 4 =7              5 * 1 * 1 =7             7 * 1 * 4 = 4

2. Сан қой:                    3 + 2 = Q Q              6 – 3 = Q + Q          5 + 5 = Q + Q

4 деңгей

1. Шығарып, жауабын жаз:

Болғаны – 8 алма

Сыйлағаны – 4 алма

Қалды – ? алма

2. Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

 

 

 

 

 

 


4 сабақ

Кесінді ұзындығын өлшеу

1 деңгей

1. Есепте:

5 + 2 =          9 – 6 =         8 + 1 =           7 – 4 =            5 + 2 =            10 – 2 =

2. Салыстыр (>, < =):   4 + 2 * 3         8 – 5 * 2         2 – 1 * 5         2 + 6 * 0

3. 9см кесінді сыз.

4.     8см * 1 см               7см * 9см                3см * 3см

5. Салыстыр (>, < =) салыстыр

2 + 1 * 3 - 2                  6 – 4 * 5 + 3                   5 – 2 * 2 + 5

2 деңгей

1. Сан қой:      Q – 3 < 7 + 2              4 + Q > - 0               5 – 1 < 5 + Q

2. Есепте:         10 – 5 + 3 =               6 + 4 – 7 =               2 + 5 – 3 =

3 деңгей

1. (+, - ) қой      8 * 3 * 2 = 7              3 * 4 * 2 = 5            6 * 1 * 3 = 8

2. Сан қой:      5 + 2 = Q - Q             4 – 2 = Q + Q          6 + 4 = Q + Q

4 деңгей

1. Шығар:

Лак -6т

                 ?т

Козы-3т

2. Мысал құрастыр: (+, -)           5,4,9                  9,1,8                   6,2,4

5 сабақ

Есептер құру және түрлендіру

1 деңгей

1. Шығар:               5 + 4 =               2 + 7 =                9 – 8 =

                                  9 – 5 =               6 + 4 =                6 – 6 =

2. Салыстыр (>, < =):     3 + 6 * 2              5 * 4 - 1               2 + 7 * 5

3. 5см кесінді сыз.

4. (>, < =):                         9 – 6 * 9 – 7        9 – 8 * 5 + 4        6 + 1 * 6 - 6

5. (>, < =):      7см * 8см               2см * 1см            0см * 3см                4см * 4см

2 деңгей

1. Сан қой:    Q – 4 < 8 + 1                 5 + Q > 4 - 4                 6 – Q < 7- Q

2. Есепте:       9 – 6 + 2 =                    7 + 3 – 5 =                     8 + 1 – 9 =

3. Сан қой:    10 – Q = 4                     Q – 3 = 4                       5 + Q = 8

3 деңгей

1. (+, - ) қой          10 * 5 * 3 = 8         3 * 5 * 6 = 2                  9 * 6 * 4 = 7

2. Сан қой:           2 + 2 = Q - Q         4 – 4 = Q + Q                5 + 3 = Q - Q

3. (+, - ) сан қой   8 + 1 * Q = 6         5 * 2 + Q = 7

4 деңгей

1. Шығар, жауабын жаз:

Болғаны – 8 қияр

Сыйлағаны – 3 қияр

Қалды – ? қияр

 

2. Сиқырлы шаршы:

2

 

3

 

9

 

1

 

4

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Б.Ж. Нұрбеков «Математика курсы» 2002ж. Павлодар

2. «Математикаға арналған дидактикалық материалдар» Б.М.

Қосанов, Р.Қ. Өміртаева, 1998 жыл «Атамұра»

3. 1-Сыныпқа арналған математика оқулыға. Т.К. Оспанов, Қ.А.

Утеева, 1997 жыл, «Атамұра».

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математикадан "Логикалық ойлауды жетілдіру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТІЛІН
ДАМЫТУ

Мақсаты: Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2015 2197
    • DOCX 58 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеужанова Гульм Сапаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлеужанова Гульм Сапаровна
    Тлеужанова Гульм Сапаровна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35071
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе