Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Выбранный для просмотра документ Геометриялық айтыс..doc

библиотека
материалов

Геометриялық фигуралар құрылтайы


/Мектептегі математикалық кеш/

Кеш өткізу үшінөте қарапайым киімдер дайындалады. Қатысушылар үшін суретте кескінделгендей нүкте, бұрыш, үшбұрыш сияқты айырықша белгілер жасалады. Шеңбер рөлінде басына мата жолағын байлаған, қолында спорттық шеңбері бар қыз бала орнайды.

Ал параллельдерді мықтарына байлаған параллель түзулерді кескіндейтін мата жолақтары бар екі қыз ойнайды. Олар параллельдікті сақтап, жұбын жазбай біріңғай қозғалыс жасауы керек.

hello_html_333ce388.gifШар мен цилиндрді бастарында сол фигуралардың кескіндері бейнеленген бас киімдері бар оқушылар ойнайды.

hello_html_m72c24ca6.gif


Тік төртбұрыш





hello_html_m429c58a4.gifhello_html_7fba6144.gif

hello_html_m38c5de1a.gifhello_html_m55432f42.gifhello_html_17e1b656.gifhello_html_mb6e7951.gif

hello_html_m55432f42.gif


hello_html_m5d87d2c2.gif

hello_html_m4be1f57e.gif




Геометриялық фигуралар айтысы


Шар:

Ал, жолдастар, салтанатпен

Ашайық бұл кеңесті.

Біздер үшін бұл оқиға,

Азқуаныш емес-ті.

Уақыт бар ғой әлі талай,

Енді біздер саспалық,

Сөз сөйлеуді ең кішіміз,

Нүкте достан басталық.

(Шардың алдына нүкте келіп тоқтайды.)

Шар:

Бұл қайсысың? Мен еш нәрсе көріп тұрғам жоқ.

Мен кәдімгі көрінбеспін,

Мағдырым ғой бұл менің.

Кішілігім соншалықты,

Өлшеуге де келмеймін.

Бірақ достар, сендіремін,

Пайда әкелдім ғылымға.

Төбесімін бұрыштың мен,

Ортақ нүкте түзуге.

Шар:

Қанша кіші болсаң-дағы,

Одан пайдаң шамалы.

Келесі кім? Сөйлей берсін,

Табылар бір амалы.

/Хатшыға қарайды/


Түзу:

Мен, жолдастар, осындамын,

Вертикальмын әзірше,

Горизонталь бола аламын,

Көлбеу болам, халімше.

Қысқа жолы нүктелердің

Мен арқылы өтеді.

Жолаушы да түзу жолмен,

Үйіне тез жетеді.


Шар:

Өте нәзік екенсің сен,

Обалыңа қалмайын.

Келесі кім, қасыңдағы,

Маңызды көп алайын.


Қисық сызық:

Қисық сызық-менің атым,

Түзулермен туысқан.

Мақсатымыз ортақ біздің,

Ағайынбыз ұғысқан.

Нүктелерді қосса түзу.

Қисықпен де қосады,

Туысқандық қатысымыз,

Уа, достар, осы еді.


Перпендикуляр:

О, мәртебелі Шар!

Мен қарапайым – перпендикуляр.

Түзуден тыс нүктеден.

Түсірсе егер мені тік,

Және осы нүктеден

Көлбеу тағы түсірсек.

Не болады ақыры,

Кімнің кетер ақылы?


Шар:

Не болады?


Перпендикуляр:

Барлық бала дәлелдер,

Қиналмай-ақ соншама.

Мақтанды деп, сөкпеңдер,

Беспе емеспін оншама.

Көлбеулерден кез келген,

Сөз жоқ қысқа екінім,

Елден ерек тұратын,

Қасиетім бұл менің.

/Шеңбер шығады/.


Шеңбер:

Мен шеңбермін,

Өзіңізбен туысқан.


Шар:

Сөз бар ма оған,

Достарымыз ғой ұғысқан.


Шеңбер:

Айналдырса мені егер,

Шар боламын кемеңгер.

Ерекше бір нүктем бар,

Ол қай нүкте демеңдер.


Шар:

Ол қай нүкте?


Шеңбер:

Центрім ғой ол менің,

Центрің әрі ол сенің.

Шар: /ашуланып/

Білшішсінбе, туысқан,

Шегі бар ғой әр ненің!

Қасиетіңді айт онан да.

Емеспін ғой мен теңің!




Шеңбер:

Берілген сол нүктеден,

Қашықтығымыз тең біздің.

Біздерге ортақ қасиет,

Абыройыңыз ғой ол сіздің!


Шар:

Ал, бауырым, түзумен,

Қалайша бар қатысың?

Айталық, ол сені егер,

Қиса екі нүктеден.


Шеңбер:

Ішімде жатқан кесінді

Хорда болар күтпеген.

Тақаған сайын центрге,

Ұзара ол бастайды.

Қамтыса түзу хорданы,

«Қиюшы» деп атайды.


Түзу:

Шеңберге мен жанассам

Бір-ақ нүкте арқылы,

«Жанама» деп аталам,

Орналасқан әр қилы.


Шеңбер:

Үш жүз алпыс бөлікке

Бөлсе егер мені де,

«Градус» деп аталады,

Әр бөлігім бұл жерде.

Доғамды өлшейді онымен,

Аяқтаймын сонымен.


Шар:

Баяндамаң бағалы,

Таныстырдың жөнімен.


Цилиндр:

Параллельдер, өтінеміз,

Сөз береміз сіздерге.

Мақсатыңыз қандай еді,

Айтып берші біздерге.



Параллельдер:

Сенесіз бе сезімізге,

Қайдан шықтық кезімізде,

Қайда тартып барамыз біз,

Білмейміз біз өзіміз де.

Қатар түзеп келеміз біз,

Бір туысқан бейне егіз қыз.

Тік бұрышпен қиса түзу,

Кесіндісі тең ғой сөзсіз.

Жақындатпай алыстатпай,

Бір қалыпты ұстар кез.


Шар:

Ерекше бір қасиетке,

Иесіздер достарым.

Әрқашанда бірге жүріп,

Жазылмасын жұптарың.


Параллельдер:

Төртбұрыштар бүйірлері,

Болса егер параллель,

Екі-екіден тең де болар.

Біледі оны барлық ел.

Тік төртбұрыш, квадрат,

Параллелограмм, ромб-ер!

Міне осындай қасиетке

Ие болған ардагер!


Шар:

Тасасында сендердің,

Тығылып жүр әлдекім.

Екі аяқты, басы жоқ,

Дейміз оны енді кім?


Бұрыш:

Кешіріңі, шар мырза,

Қателестіңіз сіз мүлде.

Басымыз ғой төбеміз,

Бассыз бұл кім демеңіз.

Қос қабырғам бар менің,

Атапсыз оны «Аяқ» деп.

Созса да оны қаншалық,

Мүмкін емес аяқтап.

Әрқашан мені үлкейтіп,

Кішірейтуге болады.

Ұқпадыңыз осыны,

Ақылыңыз қашан толады?


Шар:

Тоқта, Бұрыш, батырым,

Коп болса егер ақылың,

Кімсің өзің, тегің кім?

Түсіндірші ақырын.


Бұрыш:

Жазықтықтың бөлігі,

Фигуралар көрігі,

Біз боламыз, Шар мырза,

Сәулелердің серігі.


Шар:

Мақтанасың орынсыз,

Жауабың әлі толымсыз.


Бұрыш:

Екі түзу қиылысса,

Арасында біз тұрамыз.

Доғал, сүйір, тік бұрыш боп,

Қатар түзеп сап Құрамыз.


Цилиндр /кекетіп/:

Басың да жоқ, қолың жоқ,

«Біз, біз» дейтін жөнің жоқ.

Қалай сені өлшейді,

Айтшы осыны сөзге кеп.


Бұрыш:

Градуспен өлшейді,

Түрімізге шамалап.

Болсам, тоқсан градус

Тік бұрышпен әмбебап.


Шар:/кекетіп/

Не болады «кемеңгер»,

Қабырғаңды созса егер?


Бұрыш:

Өсемін ғой онда мен,

Беспе екен демеңдер.

/Қатысушылардың бәрі күледі./


Шар:

Беспелігің көрінді,

Күлкі қылдың өзіңді.


Бұрыш /күлімжіп/:

Қателестім шар мырза!

Шар /нығыздап/:

Қабырғаңды шектеусіз,

Созса дағы қаншама.

Қалар шамаң өзгермей,

Белгілі бұл баршаға.

Айтуға мен тиіспін,

Өліммен тең болса да,

Мұны білмеу сен үшін,

Ұят болар соншама!

Енді кімнің кезегі,

Сенікі ғой сөз енді.


Үшбұрыш:

Таныстырып өтейін,

Баршаңызға өзімді.

«Үшбұрыш» деп аталам,

Бөлмеңіздер сөзімді.

Қабырғам мен бұрышыма,

Байланысты әрқалай,

Атауым көп оқушылар,

Жаттаңыздар шаршамай.

Бір бұрышм тік болса егер,

«Тік бұрышты үшбұрыш».

Деп аталам сүйір болса,

«Сүйір бұрышты үшбұрыш»

Тағы солай «доғал» болам,

Бұрышыма қатысты.

Бәрі дұрыс осы айтқаным,

Демеңіздер шатасты.

Бар қабырғам тең болса егер,

«Тең қабырғалы үшбұрыш».

Деп аталам тең болмаса,

«Әр қабырғалы үшбұрыш».

«Тең бүйірлі» болам тағы,

Тең болса егер екеуі.

Сөз беремін бауырыма,

Кетпесін деп кетеуі.


Тік бұрышты үшбұрыш:

Берсеңіздер кезегімді,

Баяндама жасайын,

Уақыт болса таяп қалды,

Жылдамдыққа басайын.


Шар:

Уақытты айтып қайта-қайта,

Деп тұрмысың қашайын.

Қасиетіңді айтшы онан да,

Деп тұрғам жоқ сасайын.


Тік бұрышты үшбұрыш:

Қасиетімді кім білмейді,

Белгілі ғой әр елге.

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әлемге.

Пирамидасы – Египеттің,

Абыройымды асырды.

Аты шулы Пифагордың,

Теоремасы ашылды.

Гимназистер әзіл қылды

«Пифагордың шалбарын»,

Қайдан білсін өмір бойы,

Соңдарынан қалмасын.

/Пифагор теоремасының ауданға

байланысты сызбасын көрсетеді./


Шар:

Болса да дұрыс жауабың,

Өзімшілсің сен мүлде.

Көпшіл болған озады,

Жариялылық бұл күнде.

Келесі адам сөйлесін,

Сөз кезегі ал кімде?


Квадрат:

Квадрат – менің атым,

Аудандарды өлшейді.

Төрт қабырғам бәрі бірдей,

Ешкім оны білмейді.





Шар:

Мұның бәрі баяғыдан,

Белгілі ғой баршаға.

Қасиетіңді айт одандағы

Көп сөйлеп тек шаршама.


Квадрат:

Диаганальдарым қиылысса,

Қақ бөлінер ортасынан.

Тең болады және өзараЖауап емес бұл тосыннан.


Тік төртбұрыш /Сөзді бөліп/:

Диагональдарым өзара,

тең болады менің де.


Шар:

Кезек күтіп сөз сөйлеу,

Әдептілік тегінде.


Ромб /араласып/:

Диаганальдарым менің

Тең емес қой әрине.

Қиылысса дегенмен,

Тік бұрыштар жасайды.

Бұрыштарды қақ бөліп,

Квадратқа ұқсайды.


Шар:

Тоқта сен де, бауырым,

Сөз кезегің келген жоқ.

Саған ешкім бұл жерде,

Арнайы сөз берген жоқ.


Параллелограмм /килігіп/:

Параллелограмм – менің атым,

Төртбұрыш арғы атам.

Қарсы жатқан қабырғам

Тең, параллель өзара.

Диаганальдарым тең емес,

Кемшілігім – сол ғана,


Квадрат /нықтай/:

Диаганальдарың тең емес,

Бұрышыңды қақ болмес.


Шар:

Кезекпенен сөйлейік,

Былай шулау жөн емес.


Цилиндр:

Аяқтайық кеңесті,

Сөз боп кетті сөз емес.



Шар:

Жиналған бар қонақтан,

Көп жаңалық ұға алдық.

Әркімнің де өзіндік

Қасиетін құп алдық.

Маңызды істер талқылап,

Шаршадыңдар білемін.

Аяқтаңдар съезді,

Қарсылығым жоқ менің.

Бекітеміз бәрін де

Қарарында съездің.


























Математикалық айтыс


(математика тарихынан)


Математика - төреші ақын

Алгебра - бірінші ақын

Геометрия - екінші ақын.


МАТЕМАТИКА:


Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап, қайта тұрып

Осы күнге жеттік біз.

Арғы тегім «Матезикс»,

Математика боламыз.

Ғылымдардың кешін бастап,

Алғы шепте келеміз.

Математика Ұлы атамыз,

Қажет болды адамдарға,

Туып жықпай келе жатыр

Мынау қилы замандарда.

«Алгебра», «Геометрия»,-

Деп бөлініп кеттік біз,

Егемен боп енші алып.

Мақсатқа да жеттік біз.

(Алгебра мен Геометрияға қарап)

Отау тігіп ер жеттіндер,

Азамат боп ақылды.

Шығарайы сендердің мен,

Аспанға бір атынды.

Әрқайсынның табыстары,

Ауқымды іс қой қаңшама!

Адамдарға еңбек ету,

Абырой берер соншама!

Екеуінді айтыстырып,

Енді біраз байкайын.

«Әділ қазы» өзім болып,

Төрелігін айтайын.

Ал бастандар бүл айтысты,

Сыйлағандар атамды!

Алаламай ешқайсынды,

Берейін мен батамды!

АЛГЕБРА


Алдымен халыққа мен

Басымды иіп алайын.

Сонан кейін әріптесім,

Өзіне кез салайын.

«Сәлемдесу» ата салты,

Сәлем бердім, бауырым,

Көтеріп сен келесің бе,

Білім ғылым ауырын?

Әлде ауырдың үстіменен,

Астыменен көңілдің,

Келесін бе ойнақ салып,

Көлігімен көңілдің?

Қандай үлес қосып жүрсің

Бүл әлемдік ғылымға?

Жалған айтып, жатып атып,

Құлап кетпе кұрдымға.

Жетістікті айт, кемшілікті айт,

Қара қылды қақ жарып,

Сөз берейін, ал,бауырым,

Бар әлемге жар салып


ГЕОМЕТРИЯ:


Сөз берсеңіз мен алайын,

Амансың ба, бауырым!

Басқалардың ішіндегі

Көретін ең тәуірім.

Алдыменен халқымменен

Амандасып алайын.

Өйткені мен көріп жүрмін

Бүл айтыстын талайын.

Ата салты амандасу,

Одан қалай аттайын.

Міндетімнен қүтылып ап.

Өзімді бір мақтайын.

«Геометрия»- грек сөзі,

«Жер өлшеуден» шығыпты,

Евклидтей ұлы ғалым,

Ғылым сырын ұғыпты

Фигуралар қасиетін

Жария қылған әлемге,

«Геометрия»- бауырыңнан

Баршаңызға сәлем де!


АЛГЕБРА:


Алгебра мен боламын

Математика бөлімі.

Өрем биік сенендағы

«Фигуралар көрігі»,

Вавилонда, Египетте

«Ата мұра» кешегі.

Жеткен екен бүгінгіге

«Теңдеу шешу» есебі.

Әл - Хорезми - Хорезмде

Ғылымға еңбек етіпті.

«Әл Жебр»-« Алгебра» ,

Деп аталып кетіпті.


ГЕОМЕТРИЯ:


Азияда ғылым қашан

Нұрын шашты жарқырай?

Ғалымдары кімдер болды,

Айтшы осыны жалпылай?!


АЛГЕБРА:


Ғалым болған ұл қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлыкбекті отқа жақты

Сол заманның кұзғындары


«Екінші ұстаз»- деп атады,

Фарабиді жұрт т\угел,

Атамыздың трактатын

Бағалы әлі, мықты дер.

Әл- Беруни- Әбуәли

-Өзбекстан, Тәжікстан

Елдерінің мақтаны.

Қатарынан озып шыққан,

Тоғызыншы - Он бесінші

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге.

Бұлар-Азия ғалымы!




ГЕОМЕТРИЯ:


Еуропа ғалымдары

Бастау алды кімдерден?

Айтшы осыны білгіш болсаң,

Қай ғасырда гүлденген?


АЛГЕБРА:


Азияда ғылым дамып,

Нұрын шашты жаң -жаққа.

Көп ұзамай -сөнді жарық,

Түсау боп Дін аяққа!

Еуропа ғалымдары.

Бастау алды бүлардан.

Барын алып, жоғын тауып,

Алақайлап, куанған!.

Қолына алып, бағындырды

Он алтыншы ғасырды.

Білімді де, ғылымды да

Пайдасына асырды.

Француздан- Виет шықты,

Кезегім менің келді деп.

Алгебралық символдарды

Әріптермен белгілеп.

Іле -шала Декарт келді,

Осы күнгі белгіні ап.

Бүгінгі ұрпақ жазып жүрміз,

Декартша әлі белгілеп.


ГЕОМЕТРИЯ;


Куб теңдеуді кімдер шешті,

Айтып берші біздерге.

Дұрыс берсең жауабынды,

Сұрағым жоқ сіздерге.


АЛГЕБРА;


Куб теңдеуді шешеміз деп,

Талап қылды әркимдер

Итальяндық Тарталья алғаш,

Шешкен нағыз кемеңгер!



Мұра қылып жазып кетті,

Кардано оны жазбаша.

Бізге бұгін жетер ме еді,

Егерде ешкім жазбаса?

Поэзия әлемінде,

Иран, Тәжік классигі.

Аты шулы Омар Хайям

Нишапурда өмір сүрді.

Геометриялық тәсілменен

Куб теңдеуді Хайям шешкен.

Әрі ақын, әрі ғалым,

Мол бақытты бастан кешкен.


ГЕОМЕТРИЯ;


Төрт дәрежелі теңдеулерге

Кәне кімдер жол ашты?

Кімдер шешті алғаш оны.

Жаңалықты кім ашты?


АЛГЕБРА;


Шәкірті озған ұстазынан

Артық болып ақылы.

Феррари де Карданодан

Асып түсті ақыры.

Дәрежесі төртінші

Теңдеулерді талқан қып,

Шешіп кетті -жас ғалым,

Бар ғаламды аң таң қып!

Бағанадан сұрақ қойдың,

Жауап бердім халімше

Енді менің сұрағым бар,

Жауап берші әліңше.

Орыстарда бұл ғылым,

Дамыды қашан қарыштап?

Аты шықты кімдердің?

Айтшы осыны дұрыстап.


ГЕОМЕТРИЯ;


Орыстар да бастау алып,

Он жетінші ғасырдан.

Өңдірісте, Ғылымда да

Жаңалықтар ашылған,

Ломоносов, Лобачевский-

Аты шыққан ғалымдар.

Мақтанышы өз елінің,

Мәнгі өшпес жалыңдар!

Лобачевский геометриясы-

Белгілі ғой әлемге!

Төрт дәрежелі теңдеу шешіп,

Аты шықты әуелде.


АЛГЕБРА;


Геометрия тарихынан

Біраз пікір қозғаңыз.

Негізіңіз қайдан шықты?

Көп сөйлеп тек созбаңыз.


ГЕОМЕТРИЯ;


Сонау Мысыр шаһарында

Негізіміз қаланған,

Осы күнге аман жетіп,

Орындалды бар арман.

Евклидті мақтан етем,

«Пастулаттар атасы!»

Қалай айтсам, сыйып тұр ғой,

Сөзімнің жоқ қатесі.

Аты әйгілі ғалымдардан

Бұрын өткен өзінен,

Пифагор, Фалес, Гиппократтың

Ғибрат алған сөзінен!

«Бастамалар» деп аталған

Еңбегібізге жетіпті,

Дәл екі мың жылдан аса

Халыққа қызмет етіпті.

О, Ежелгі Греция,

Евклидтің Отаны!

«Қарыздармыз бастамаға»

Мұндай оқулық жоқ әлі.

Геометрия ғылым болып

Грецияда қаланған.

Сонан кейін Азия мен

Еуропаға таралған.




Пифагорды кім білмейді,

Даңқы шыққан әр елге!

«Аты шулы теоремасы»

Тарап кетті әлемге.


АЛГЕБРА;


Геометрия терминдері

Қандай сөзден шығыпты?

Қайсы елдер алғаш оның

Мағынасын ұғыпты?


ГЕОМЕТРИЯ;


Геометрия аспаптары

Транспортир, циркуль әйгілі.

Сызғышсыз біз жүре алмаймыз,

Бұл пән болса, қай күні.

«Транспортир» -латын сөзі.

«Көшіру» деп аталған.

Бұрышты өлшеу міндеті боп,

Оқушылардан бата алған.

«Фигура» да латын сөзі

«Бейне» ұғымын береді,

Адамзатқа ежелден ақ

Қызмет етіп келеді.

«Параллель» де - грек сөзі,

«Қатарласып жүретін».

Екі мың бес жыл бұрын ақ,

Пифагоршылар мұны білетін.

Грек, латын сөздерінен

Бас терминдер келген-ді.

Сол қалпында бізге жетіп,

Қеңейтті сөз шеңберді.


АЛГЕБРА;


Соза бермей бүл айтысты,

Аяқтайық осымен.

Әрқашан да дара шаппай,

Бірге бол -деген досың мен!

Бірге болсақ, мықтымыз біз,

Дамимыз біз жан жақты,

Одағымыз бөлінбесін,

Дос болайық ардақты!


МАТЕМАТИКА;


Төрелігін айтайын мен,

Келіссендер дауласпай.

Екеуін де тең түстіндер,

Бірігіндер жаулаБөлінгенмен сан салаға,

Кетпес еңбек далаға.

Мақсатымыз ортақ біздің

Білім беру балаға!











Выбранный для просмотра документ Кіріспе.docx

библиотека
материалов

КІРІСПЕ

Мұғалімнің басты мақсаты оқушының математикаға деген қызығушылы- ғын арттыру , есептерді дұрыс шығара білуге үйрету.

Дайдаған құрал математикадан дайындығы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған. Жинақтаған материалдардың математиканы енді- енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін де, бұрыннан математикамен айналасып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндер үшін де және жас мамандарға да пайдасы тиеді деп сенемін. Құралда ұсынылған материалдар үйірме жұмыстарында, математика пәні бойынша апталықтар өткізу үшін де пайдалануға болады

Выбранный для просмотра документ Математикалық сандық.doc

библиотека
материалов

« Математикалық сандық» ойыны.

Мақсаты:1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)

3. Математикалық хоккей

4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)

5. Кім жылдам.

6. Минитест

7. Жауабын тап (қысқаша көбейту формуласына есептер)

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет

те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға 7 а — шеңбер, 7б- тіктөртбұрыш, 7в — үшбұрыш

топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 13сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)

І топқа:

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)

  2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  5. 1/10 санының кері саны? (10)

  6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

  7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

  8. Жарты түзу. (сәуле)

  9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  12. 225 нешенің квадраты (15)

  13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

ІІ топқа:

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

  3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.( негізгі ұғымдар)

  10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

  12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  13. 35 -тің квадраты (1225)

ІІІ топқа:

  1. Екінің алтыншы дәрежесі

  2. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр

  3. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

  4. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  6. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)

  7. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  8. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)

  9. Қай санның квадраты 256-ға тең. (16)

  10. Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)

  11. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық

  12. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

  13. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі. (125)


ІІІ тур. Математикалық хоккей.

Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)

Ж:0

IV тур. Ғажайып алаңы


20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сол жақтағы 20.

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр-100

Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.

Ортадағы 20.

(әзіл есеп) «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Ж: 127

Оң жақтағы 20 .

Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?

Жауабы: 2 мин

Сол жақтағы 30.

Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?

Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)

Ортадағы 30.

Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.

Жауабы:Гарриот

Оң жақтағы 30.

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.

Жауабы:Рене Декарт

Сол жақтағы 40.

XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?

Жауабы: Лейбниц

Ортадағы 40.

«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы

(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.

Жауабы: Аполлони

Оң жақтағы 40.
«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.

Жауабы: Лейбниц

V тур. «Кім жылдам?»

Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

  1. апрцетяи -трапеция

  2. еңшбре - шеңбер

  3. шұбршүы - үшбұрыш

  4. трұбышрөт-төртбұрыш

  5. рвадкат - квадрат

VI минитест.

  1. 10100 саны

А. миллион В. Триллион С. Гугол

  1. Осы суреттен жоқ фигураны табу.

hello_html_4674d588.gif




А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар

  1. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

А. 2000т В. 3070т С. 1540 т

  1. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А. теңдік В. әдемілік С. музыка

  1. Ең кіші жай сан

А. 0 В. 1 С.2

VIІ «Жауабын тап» (қысқаша көбейту формуласына есептер шығару)

1 топ: 2топ: 3 топ:

1) (5в-4х)(5в+4х) 1) (3у+5)(3у-5) 1) (а-3)2

2) (х+2)(х 2-2х +4) 2) (2х-у)2 2) (4а-2с)(4а+2с)

3) (х+4)2 3) (х-1)(х+1) 3) (3-с)(9+3с+с 2)

VIІ. Қорытынды.

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.hello_html_98974bc.gif

Выбранный для просмотра документ бақытты сәт мат ойын.doc

библиотека
материалов

«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-

лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,

жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-

калық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

4. Математикалық сұрақтар

5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,

қажет те. (Р.Бэкон)


Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына

қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат»,

«Трапеция» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің

білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі

кештің жоспары таныстырылады.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш

нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. тік бұрышты үшбұрыш

  2. сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп

аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель

емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-

ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-

дысының жартысына тең болады.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Ұшбұрыш» тобына.

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның

салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше

бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

«Квадрат» тобына.

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.

Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

«Трапеция»тобына.

  1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында

үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше

кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары

бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)


Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының

периметрін табыңдар.

«Квадрат» тобына.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан

2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.

«Трапеция» тобына.

Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.

IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)

«Квадрат» тобына.

  1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты.

(гипотенуза).

2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық.

(радиус)

5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

«Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)


3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа

тең. (1200)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы

беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты

шығады.

18,147

64

5

22,804

-56,7

47,498

13









Д. √64 + √25 М. 0,7 * (-81)

А. 13,123 + 5,024

Е. 47,749 – 0,251 Х

Р. ((-2)) И 9,004 + 13,8

VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы

балл жинайды)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

12. 225 нешенің квадраты? (15)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.




Танымдық ойын

«ХХІ - ғасыр көшбасшысы»


Мақсаты:. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.


Жүргізуші. Қайырлы күн қымбатты достар!

Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»

«Жақсы болсаң, көпке ортақ бол, еліңе, халқына пайдаң тисін», -

деген.

Білімнің маңызы өте зор , ол сарқылмайтын қазына , сондықтан болашаққа біліммен қадам басуға тиіспіз.

Осы апта біздің мектепте математика апталығы, олай болса математикалық білімдеріміз арқылы сайысқа шығайық.

Ғылымдардың патшасы атанған

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән ғой математика, - дей келе ортаға

« ХХІ – ғасыр көшбасшысы» ойынына қатысушы сайыскерлерді

шақырамыз.

Алдымызда өз ақылдылығымен, тәрбиелілігімен, тапқырлығымен, есепке жүйріктігімен тағы басқа жақтарымен көрініп жүрген 10- сыныптың 6 – оқушысы келіп тұр. Қош келдіңіздер, сіздерге сәт- сапар тілейміз!

Сайыскерлерді таныстыру:


Бірінші ойыншымыз Гаухардың сүйіп оқитын пәндері химия, қазақ тілі, математика, шет тілі. Ол өзі өте сабырлы, салмақты, әдепті қыз.

Екінші ойынға қатысушы Әлияның сүйіп оқитын пәндері физика, математика, әдебиет, тарих. өте инабатты, ақылды қыз.

Үшінші ойыншымыз Әйгерімнің сүйіп оқитын пәндері математика, география, әдебиет, химия. Ол өте ақкөңіл, зерек оқушы.

Төртінші ойыншымыз Ғарифолла өте ақылды, әдепті, спортсмен бала.

Сүйікті пәндері әдебиет, тарих, химия, математика.

Бесінші ойыншымыз Назерке өте инабатты, тәрбиелі, ақылды қыз.

Сүйікті пәндері қазақ тілі, әдебиеті, шет тілі, химия.

Соңғы сайыскеріміз Орынай сабырлы әдепті, ақылды қыз.

Сүйкті пәндері әдебиет, география математика.

Сонымен сайысымызды бастайық, бірінші тур Бәйге

Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10- ұпай.

«Бәйге»

1 ах + ву + с =0 қандай геометриялық фигура теңдеуі.

2. sin 45˚ - неге тең?

3. arcsin (-1/2) неге тең?

4. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем

5. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең?

6. «Бастамалар» кімнің еңбегі?

7. tgx функциясының графигі қалай аталады?

8. Жұп функция графигі қай оське симметриялы?

9. Ноль қай елдің сөзі?

10. «Дискрименант» қандай сөзден шыққан?

11. 50-ді 1/2- ге бөліп 3-ті қосқанда нешеге тең?

12.Екі әкесі мен екі баласы 3 - апелсинді теңдей бөліп жеді.

Бұл қалай болғаны.?

13.Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең . Олар қандай сандар.

14. Параллелограмның бір бұрышы 50˚ қалған бұрыштары неге тең?

15. Трапеция табандары 4см және 6 см. Орта сызығы неге тең?

16. 63 құрама сан ба?

«Жеті керемет»

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.

20- ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.


1. Ромб қабырғасы 4 см сүйір бұрышы 30˚ ауданы неге тең?

2.Қабырғасы 6-см және 8 см тіктөртбұрыш ауданы негетең?

3.Диаметрі 10 см дөңгелек ауданы неге тең?

30- ұпайлық сұрақтар

1.П- әріпінен басталатын 7 - математикалық сөзді ата.

2. С- әріпінен басталатын 7- математикалық сөзді ата.

3. К- әріпінен басталатын 7- математикалық сөзді ата.

40- ұпайлық сұрақтар.

1 «Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін математика» Кімнің сөзі?

2. «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» авторы кім?

3. «Математиканың өз тілі бар - ол формула» кімнің сөзі?


Ең аз ұпай жинаған 1оқушы ойыннан шығады.


Д о д а

Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша бір тақырып таңдайды, дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады.

1. Логикалық есептер.

1 Бір тонна мақта ауырма, бір тонна темір ауыр ма?

2. Үйдегі екі әкені және екі баланы Ұлы Жеңістің мейрамымен құттықтау үшін қалампыр гүлінің 9- талын сатып алды. Оларды қалай тең бөлуге болады?

3. Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста. Неше жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе артық болады?

4. Үш мысық үш тышқанды жеуге 1,5 сағат уақыт жібереді .

10 мысық 20 тышқанды неше сағатта жейді?

5. Бөшкі бірінші шүмек арқылы 20 минутта ал екінші шүмек арқылы 30 минутта толады. Екі шүмекті бірдей ашып қойып, бөшкені толтырса, қанша уақытта толады?


2 . Ғалымдар.

1. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі?

2.Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім?

3. Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ?

4. Миллион сөзін қазақ арасында жеткізуші ғалым кім?

3. Графиктер

1. у=ах+в функциясының графигі.

2. х²+у²=R² теңдеуінің графигі

3. у =к/х функциясының графигі.

4. у=соsx функциясының графигі

5. Квадраттық функциясының графигі.

4 Формулалар

1 sin (ά+β)=sinάcosβ + cos ά sinβ қандай формула

2. V=ПR²H ненің формуласы

3. V=1/3 S*h

4 V= S* H

5 V = 4/3 П

Жорға

Бұл кезеңде оқушы қанша сұраққа жауап берсе, сол

жинаған ұпайы болады.


Бірінші оқушыға сұрақ.

1 Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш

2 Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу

3. Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш.

4. Берілген бұрышқа қарсы катеттің гипотенузаға қатынасы.

5. Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед.

6. Бағытталған кесінді

7. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі.

8. Санның жүзден бір бөлігі.

9. Үлкен хорда.

10. Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неше.

11. 144 - ?

12.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша?

13. Синустың ширектегі таңбалары

14.Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі қанша?

15. Тангенс және котангенс периодтары


2- оқушыға сұрақтар

1.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш

2.Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

3.Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм.

4. Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы.

5.Барлық қырлары тең үшбұрышты пирамида.

6.Вектор деген не

7. Планаметрия нені зеріттейді?

8.Пайыз деген не?

9. Координата жүйесін тұңғыш қолданған кім?

10.Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді

11.Косинус таңбалары. 12. 18 дің квадраты не?

13 Бір нүктеден шыққан түзу

14Тең қабырғалы үшбұрыш бұрыштары неге тең?

15. Синустың анықталу обылысы неге тең?


Осымен сайысымыз аяқталды , сөз кезегін әділ қазылар алқасына

береміз.

Көңіл қойып тыңдағандар

Выбранный для просмотра документ математикалық сайыс.doc

библиотека
материалов


Математикалық сайыс


Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов


2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская


3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс


  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.


2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.


1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.


2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.


1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.


  1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).


  1. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )


  1. «Білім арқаны»

1. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді)

2. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100

3. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?

1 күн және түн 4-3=1 (м)

2 күн 1*2=2

3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)

4. Есептеңдер: hello_html_6bf1b0fe.gif = ? ( -3 )

4. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.


1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сқздерге, қадырлі ағайын.

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)


Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )



5. Үй жұмысы. Әр топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды.


1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.


Выбранный для просмотра документ обложка.docx

библиотека
материалов

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар



C:\Users\user\Desktop\ЕЛЕУСИЗ\matematika-dlya-detey.jpg

Жинаған: математика пәнінің мұғалімі

Кульмаганбетова Г.Н.



























Выбранный для просмотра документ ойын-сабақ.docx

библиотека
материалов

Ойын-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін,білік дағдыларын кеңейту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,зейінін ,логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға,жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға,еңбекке баулуға,жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компютер,слайдтар,газеттері

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы: I. Топтар өзін таныстыру.

II. Мақалдың жалғасын тап.

III. Қасиетті сандар ұғымы туралы.

IV. Жұмбақ есеп.

V. Ойлан тап.

VI. Кім жылдам.

VII. Қорытынды.

I. 1-топ сәлемдесуі, әннің әуенімен математикалық ән айту.

2- топ сәлемдесуі, әннің әуенімен математикалық ән айту.

II.1-топ жеті мақалдың жалғасын табу.

2-топ жеті мақалдың жалғасын табу.

III. 1-топ Үш қуат, бес асыл, жеті күн.

2-топ Үш ғайып, бес дұшпан, жеті қазына.

VI. 1-топ, 2-топ Өлеңмен берілген жұмбақ есеп.

V. 1-топ, 2-топ Бір-бірден логикалық есеп .

VI.1-топ, 2- топ Сегіз сұраққа бір минутта жауап беру.

VII.Қорытындылау. Сайысқа қатысқан оқушыларды марапаттау.



Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш өнер білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнеки, кім шығады сайысуға деп ортамызға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Екі топ келгесін әділ қазылар алқасын сайлау.

Сайыстың жоспарымен таныстыру.

I-бөлім

1-топ сәлемдесуі: Шаршы алаңға жарысқа,

Шықты біздің тобымыз

Жеңілсекте жеңсекте,

Ашық болсын жолымыз!

Әні: Мектепке келдім ұстазды көрдім,

Жазу,сызумен санауды үйрендім.

Сан мен өрнек,теңдеу мен бөлшек,

Сырына оның үңіліп көрсек.

Математика-бар ілім басы,

Математика- ғылым патшасы.

Математика-өмір тірегі,

Математика-шәкірт жүрегі.

Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,

Сенсіз үйлерді сала алмаймыз!

Сенсіз уақытты біле алмаймыз,

Сенсіз тарихты жаза алмаймыз,

2-топ сәлемдесуі: Сәлем саған көрермен,

Сәлем саған көп қауым

Сәлем саған қарсы жақ,

Сәлем саған

Әні: Өзге емес өзім айтам өз жайымды

Жүрегім жалын атқан сөз дайында

Сайысқа түскенменен жоқ таласым

Қорықпа болады деп бақталасым

Өмірде сан тараулы болу керек

Шамалап былай көзбен шолу керек

Екінші орын сіздер иемденіп,

Біздерге бірінші орын беру керек.

II-бөлім Мақалдың жалғасын тап

1-топқа Бір күндік жолға шықсаң ,(үш күндік азық ал)

Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

Жерді екі рет жыртқан,(өнімді екі есе көп алады)

Досыңды үш күн сынама,(үш жыл сына)

Бес саусақ (бірдей емес)

Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады)

Болар бала он бесінде баспын дейді,(болмас бала 30-да жаспын дейді)

2-топқа Алты жыл аш болсаңда, (атаңның салтын ұмытпа)

Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)

Дос егіз болса ,(дұшпан сегіз)

Он рет айтқаннан, (бір рет көрсеткен артық)

Он бала бір әкеге жүк болмайды, (бір әке он балаға жүк болады)

Жалғыз ағаш орман емес , (жалғыз кірпіш қорған емес)

Отыз тістен шыққан сөз, (30рулы елге тарайды)

III-бөлім. Қасиетті сандарға байланысты дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.

1-топқа: Үш қуат (ақыл ,жүрек, тіл)

Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Жеті ата (әке,бала, немере,шөбере, шөпшек, немене,туажат)

2-топқа: Үш ғайып (ажал, қонақ, несібе)

Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ілімбілім, жүйрік ат, тазы,

қыран бүркіт, берен мылтық)

IV-бөлім Жұмбақ есеп

1-топ Он бір түйе,бес жылқы

Екі сиыр бес ешкі

Екі қоян үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі (28)

2-топ Бес бұтақты ағашта

Бұқтақ сайын бес алма

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)

V-бөлім Сансыз есеп болмайды

Есепсіз дана болмайды

Қызық есеп айтайын

Сынап сені байқайын

Жауап берші бөгелмей

Шешуін кім шешеді?





Логикалық есеп: 1-топ Он –оннан асығы бар үш бала асық ойнады.

Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: -Қанша асық ұттың?-дейді

Ол: -Онша ұтқыза қоймаппын,сегіз асығым қалыпты,-дейді.

-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді

үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

Ең көп асық ұтылған мен болдым,-дейді мұңайып бірінші бала.

Ойыннан соң кімде неше асық қалды?.(4;8;18)

2-топ. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған.

Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген.Ал баласы 12

сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?. (28)

VI-бөлім. Кім жылдам? сұрақ-жауап.

1-топ 1.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?(бұрыс)

2. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?(әрпі бар өрнек)

3. Бір км- де қанша м бар?(1000м)

4. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)

5. Бес санына кері сан?(1/5)

6. Нолден кіші сандар?(теріс сандар)

7. Ең кіші жай сан?(екі)

8. Кесіндіні өлшейтін құрал?(сызғыш)

2-топ 1. Көбейтіндісі бірге тең болатын сан?(өз ара жай сан)

2. Санның 100-ден бір бөлігі?(процент)

3. Алымы бөлімінен кіші бөлшек?(дұрыс бөлшек)

4. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?(шаршы)

5. Бірлік кесіндісі берілген сәуле?(координаталық сәуле)

6. Нолден үлкен сандар?(оң сандар)

7. Екі қатынастың теңдігі?(пропорция)

8.Алты санына кері сан?(1/6)

VII.Қорытынды:

Әділ қазылар алқасының қорытындысы шыққанша санамақ ойынын

ойнау.

Осыменен, «Сандар сырының құпиясы »атты сайысымыз аяқталды.

Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Выбранный для просмотра документ Қызықты сағат.docx

библиотека
материалов

Математикалық ойын: «Қызықты сағат»


Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан). 
Командаға қажетті құралдар: 
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі: 
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! 
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
- Ойынды бастайық!!!
1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін ) 
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт) 
Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850) 
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)

Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім) 
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады? (аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)


Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)


2 ТУР
Балалар 
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5) 

200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)


Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)


Логика 
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар 
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.





















Математика пәнінен сыныптан тыс шара:

«Тәрбие мен білім- жас ұрпақтың қос қанаты».


«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмірінен қауіп әкеледі»

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Мақсаты: Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.


Кештің өту барысы:

Ой –өрісі дарындылықтарын зерттеу мақсатында 5 функцияны қарастырамыз:

-ой;

-зейін;

-ерік;

-қабылдау;

-есте сақтау.

Кіріспе:

- Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді.

Таныстыру: -өз есімін айтып, бойындағы жақсы қасиетін айту;

-көршісіне (келесі оқушыға) қошемет сөз(комплимент) айту.



«Іші- алтын, сырты-күміс сөз төресі» 1-сайыс

Оқушылардың зейінін жетілдіру, ой жылдамдығын қадағалау мақсатында тіл ширатуға, ой дамытуға арналған жаңылтпаштарды оқып, есте қалғаны бойынша жатқа айту(1 минут)

1.Иррационал сан,рационал сан

Біріккен сан болған соң,

«Нақты сан» деп аталған .

2. Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.

3. Бес түп алма,”бестік” алғандікі

Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі

Төрттік” алған бес түп алма алмайды

Бестік” алған төрт түп алма алмайды.



«Ойды ой қозғайды» сайысы

(өлеңдер оқылады, соны әр түрлі ғылыми тұрғыдан дәлелдеу).

«Тәңірі мен жалған өлеңі»

Тіпті кетпес еш жоғалып,

Байқасаңыз барша жан,

Тағы дене тауып алып, тағы өледі қайтадан.

Түрлі жанда дене түрлеп,

Өзгеріп тұр бұл ғалам,

Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Айтыпты ғалым байқаған. /Шәкәрім/

Мақсат,тәртіп керексіз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып,

Мұхитқа тозаң құрлы тұз салайық,

Ойлайсыз сол нешеге бөлінеді деп?



«Сөз тапқанға қолқа жоқ» сайысы

(логикалық сұрақтар):

-86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге қалай арттыруға болады?

-1-ден 100-ге дейін неше 9 бар?

-Қандай сөз үнемі қате жазылады?

-Төрт ағайынды жігіттің бір-бірден қарындасы бар. Әке-шешесімен қосқанда неше адам бар?

-Сиыр неге жатады, содан соң тұрады, біраздан соң қайта жатады?

-Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атыпалды. Торғайлардың қаншасы қалды?

-Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әр қайыңда 4-4-тен үлкен бұтағы бар, әр үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтағы бар, әр бұтақта 4-4-тен алма бар.Барлық алма саны нешеу?

-Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май,бір бөшке бал кездесті.Қай бөшкеге тығыласың?

-Бір адам үйге кірді. Ол үйде май шам мен керосин лампасы тұр.Ол нені бірінші жағады?

-Жолда бір қыз бен ер азаматты кездестірген кісі: «Сіздер бір-бірлеріңізге кім боласыздар?» -деген сұрағынақыз бала былай жауап берді: «Бұл кісінің анасыменің анама ене болады». Сонда олар бір-біріне кім болады?



«Ойлан тап!» сайысы

-Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады.

-Үрлейтін затпен аттас, атын ешкім таппас.

-Бөлшектен бөлініп шықты, жүзбен үәдесі мықты.

-Үшеуі 180 жаста,төртеуі төрт 90 еді баста.

«Тез жауап бер»

топ басшыларын сынау сайысы

«Қойды ақ мүйізді серке бастайды» деп бабаларымыз айтқандай бүгінгі сайыскер қырандарды басқарып келеген жетекшілері бар. Шаршы алаңға шақырып, соларды сынап көрелік.

-ақыл-ойды тәртіпке келтіретін…

-бұрыш өлшейтін құрал…

-Пифагор теоремасы не жайында…

-фигураларды зерттейтін ғылым…

-әлемді ұстап тұрған күш…

-адамның көру мүшесі…

-заттың үш күйі…

-қашып кеткен нүкте…

-өлшемі жоқ фигура…

-адамның есту мүшесі…



«Қисынды ойла!» сайысы

(жұмбақтар шешу)

1)Қыздары қазақтың сәукеле деп киген.

Күлдіргілер де киеді,

Көрермендер сүйген.

Бекіту үшін тетікті,

Толтыру үшін кетікті

Алғашқы түрі өзгеріп,

Қиық та болып кетіпті.

2)Заманында Пушкиндер

Бас киім қып киген.

Кейіннен ол дене-

Техника еншісіне тиген.

Призманы біздерге

Атом деп ол атады.

Көп болса саны моторда

Қуаты да артады.

Тау болса да жүгіңіз

Қиналмастан тартады.

Бұл қай фигура екенін

Кәне, кім айтады?

3) Санға қосып, алсаң,

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге болмайтынын

Матиматиктер ұғады.



Көп адамдар ол санға,

Шекесінен қараған,

Сан осін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған.

4) Санау үшін адамды, малды, талды,

Ертеден мұра боп қалды.

Көбейтіп, бөліп, азайтып,қосамыз

Күнделікті ол санды.



Рефлексия «Сезім- адамдық қасиет»

( оқушылар музыка тыңдай отырып, бүгінгі кешпен байланыстыра отырып сурет салу тапсырылады) .

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.

Марапаттау.



Выбранный для просмотра документ қолд әдебиеттер.docx

библиотека
материалов

Қолданылған әдебиеттер:

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері-Т.Р. Әлімбай

Математика және физика журналдары

Математикалық мозайка –Н.Н. Забежанская

Краткое описание документа:

Мұғалімнің басты мақсаты  оқушының математикаға  деген  қызығушылы- ғын  арттыру , есептерді дұрыс  шығара  білуге үйрету.

 

Дайдаған  құрал математикадан дайындығы  әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған.  Жинақтаған материалдардың математиканы  енді- енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін де, бұрыннан математикамен айналасып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа  қосымша  құралдар арқылы  дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик  болғысы  келетіндер үшін де және жас мамандарға  да пайдасы тиеді деп сенемін. Құралда  ұсынылған материалдар үйірме жұмыстарында, математика пәні бойынша апталықтар өткізу үшін де пайдалануға болады 

Общая информация

Номер материала: 364653

Похожие материалы