Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикалық анализ таңдау курсының бағдарламасы 10-11 сынып

Математикалық анализ таңдау курсының бағдарламасы 10-11 сынып

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Математикалық анализ» қолданбалы курсының бағдарламасына

түсінік хат



«Математикалық анализ» таңдау курсының бағдарламасы жаратылыстану-математикалық бағытындағы математикадан базалық білімі бар жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналып жасалған.

Бұл бағдарламада қарастырылатын тақырыптар математикалық анализдің мектепте оқытылатын бөлімдерінде қарастырылмайтын немесе үстірт қарастырылған тараулар мен бөлімдер қаралған.

Бұл бағдарлама математика қоршаған әлемнің заңдылықтарының оқып-үйренуіне математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математикалық анализды оқып –үйренуде жалпы білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Математикалық анализды оқытудың мақсаты оқушыларды математикалық модель құруға қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгаритмді құруға немесе ыңғайлы математикалық әдістерді таңдауға үйрену, эксперименттік жұмыстарды орынды жүргізу және есептеу, өлшеу, зерттеу нәтижелеріне математикалық тұрғыда баға беру біліктерін, өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Математикалық анализ» таңдау курсының міндеті – сыбайлас пәндерді, оқушыларды қызықтыратын математиканың маңызды салаларын оқып-үйрену үшін , сандай-ақ сол салалардағы процестер мен құбылыстарды сипаттау және моделдеу үшін математикалық әдістер мен аппараттарды қолдану ерекшеліктерін зердделеу үшін қажетті базамен қамтамасыз ету.

Оқушыларға мектеп курсының материалына жоғары оқу орнының жалпы тұжырымдамалары мен теорияны меңгеруіне және қолданбалы құндылығын көрсетуге қалыптастыру.

«Математикалық анализ» таңдау курсы математиканы оқу логикалық ойлау, шығармашылық қаблетті дамытумен қатар, дұрыс қорытынды жасау мен ойды нақты әрі қысқа айта білуге үйретеді.



Бағдарлама мынандай тараулардан тұрады:

Функция

Шек туралы ұғым

Туынды және оның қолданылуы

Алғашқы функция және интеграл

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Нақты сандар


Бағдарламаның мақсаты:


Практикалық қызыметке пайдалануға, іргелес пәндерді оқып

үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық

білімді меңгеруді, математикалық идеялары мен әдістері туралы таным

әдістері және нақты нәрсені танып білу мен сипаттау формасы ретіндегі

математика жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Бағдармаманың мінднттері:


- формальді – оперативтік алгебралық біліктілікті, оларды

математикалық және математикалық емес есептер шығаруға қолдану

дағдыларын қалыптастыру;

- оқушыларға математикалық моделді құра білуді үйретуге көмектесу;

- алға қойған тапсырмаларды орындауда тиімді математикалық әдіс

немесе қажетті алгоритімді құра және таңдай білуді үйрету;

- функцияны зерттеу аппаратты ретінде диференциалдық және

интегралдық есептеу элементерімен таныстыру, қолданбалы есептер

шығаруға үйрету;

- оқушылардың кәсіптік бейімділігіне, қызығушылығына, таңдауына

қарай саралап оқыта отырып, орта және жоғарғы кәсіптік білім беру;

- оқушылардың математикалық дайындықтың жоғарғы деңгейіне жетуі

және мектеп бітірушілердің кәсіптік бағдарының негізін қолдануы .


Күтілетін нәтижелер


  • математикалық модельді құра білуі;

  • математикалық әдіс, алгоритімді құра білуі;

  • кәсіби білім алуға;

  • айнымалы шамаларды, функцияның анықталу облысын анықтай білуі;

  • функцияның шегін таба білуі;

  • есеп шығаруда шек туралы теореманы қолдана білуі;

  • Күрделі, кері тригонометриялық, жоғарғы реттік және айқын емес

функцияларының туындысын таба білуі;

  • алғашқы функция мен интегралды қолдана білуі;

  • иррационалды теңдеулерді шеше білуі;

  • қисық сызықты интегралдың көмегімен физикалдық мазмұнды

есептерді шығара білуі;

- көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді шеше білуі;

- көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді шеше білуі;

  • модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білуі.



Оқушылардың дайындықтарының деңгейіне қойылатын талаптар


Оқушылар аталған курсты оқып-үйрену нәтижесінде мынандай дайындық деңгейін бейнелейтін біліктерді игеруі тиіс:


10- сынып

  • абсалюттік шамалардың анықталу және мәндерінің облысын табу;

  • абсалюттік шамалардың қасиеттерін анықтай білу;

  • функцияның графиктерін басқа белгілі функциямен жылжыту және созу арқылы сала білу;

  • шектеусіз аз және шектеусіз көп шамалардың шегін таба білу;

  • шектерді есептей білу;

  • күрделі функцияның туындысын таба білу;

  • кері тригонометрииялық функциялардың туындысын таба білу;

  • айқын емес функциялардың туындысын таба білу;

  • жоғары реттік туындыларды таба білу;

  • қисыққа жүргізілген жанама мен нормаль теңдеуін құра білу;

11- сынып

  • алғашқы функцияның негізгі қасиеттерін сипаттай білу;

  • анықталмаған интегралды қолдана білу;

  • қисық сызықты трапецияның ауданын таба білу;

  • қисық сызықты интегралдың көмегімен физикалық мазмұнды есептерді шығара білу;

  • иррационал теңдеулерді шеше білу;

  • көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді шеше білу;

  • көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді шеше білу;

  • модульдік таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білу;

  • Коши теңсіздігін қолданып есеп шығара білу;

  • параметірлі теңдеу мен теңсіздікті шеше білу;


Зерттеу мақсатына сай күтілетін нәтижелерді бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері:

1. Математиклық анализ курсына оқушының қызығуы

2. Оқушының шығармашылық қабілетінің даму деңгейі

3. Оқушының өзін - өзі бағалауы.



Диагностикалық құралдар:

Тест, кеспе қағаздар, сауалнама, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар, рефераттар.






Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы


10 сынып



Функция (6 сағат)

Абсалюттік шамалар және оның қасиеттері. Функция. Функцияның анықталу облысы. Функцияның графиктерін нүктелер бойынша салу. Функцияның графиктерін басқа белгілі функциялардың жылжыту және созу(қысу) арқылы салу. Тест

Шек туралы ұғым (11 сағат)

Айнымалы шамалар. Айнымалының шегі. Шектеусіз аз және шектеусіз көп шамалар. Функцияның шегі. Шектеусіз аз туралы және шек туралы теоремалар.

Шектерді есептеу. Шектерді есептеуге берілген аралас есептер. Функцияның үздіксіздігі мен үзіліс нүктелері. Тест.


Туынды және оның қолданылуы (17 сағат)

Туынды. Күрделі функцияның туындысы. Кері тригонометриялық функциялардың туындысы. Дифференциалдауға берілген аралас есептер.

Айқын емес функцияның туындысы. Жоғарғы реттік туындылар. Екі айнымалысы бар функцияның дербес туындысы мен дифференциалы.

Қисыққа жүргізілген жанама мен нормаль теңдеуі. Айнымалы шаманың өзгеру жылдамдығы. Түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуі.

Функцияның дифференциалы. Тест.



11 сынып


Алғашқы функция және интеграл ( 11 сағат )

Алғашқы функцияның негізгі қасиеті. Анықталмаған интегралдың қолданылуы. Қисық сызықты трапецияның ауданы. Қисық сызықтың ұзындығы. Рационал функцияны интегралдау. Қисық сызықты интегралдың көмегімен физикалыық мазмұнды есептерді шешу.


Көрсеткішті және логарифмдік функция (9 сағат)

Иррационал теңдеулерді шешудің арнайы тәсілі. Логарифмнің негізін түрлендіру формуласы және оның қолданылуы. Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу жолдары. Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу жолдары. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы мен интегралы. Иррационал , көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу жолдары.


Нақты сандар (14 сағат)

Математикалық индукция әдісін пайдаланып есеп шығару. Модуль таңбасы бар теңдеуді шешу. Модуль таңбасы бар теңсіздікті шешу. Коши теңсіздігінің қолданылуы. Параметірлі тендеу мен теңсіздікті шешу. Дискретті кездейсоқ шаманың сандық мәні. Мәнділік және құндылық деңгейі. Үлкен сандар заңдылығы туралы теорема.





Оқушылар қолданылатын әдебиеттер



1. А.Н. Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып

«Просвещение» 2001 ж.

2. С.М. Запорожец. «Руководство к решени ю задач по математическому

анализу» М. Высшая школа 1966 ж


3. Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып

«Атамұра» 2006ж.

4. Тест жинағы 2010-2014 ж.




Мұғалім қолданылатын әдебиеттер



1. А.Н. Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып

«Просвещение» 2001 ж.

2. Н. Темірғалиев «Математикалық анализ» Алматы «Білім» 1997ж.

3. О. Жаутіков «Математикалық анализ»

Алматы : Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1961.

4. Ә.Н. Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып

«Атамұра» 2006

5. «Математика және физика» әдістемелік журналы № 1, 2002 ж. , № 2 2005ж.

5,6 2006ж, №1 2007ж.

  1. Ш.Т. Еркеғұлов. Х.И. Ибрашов «Математикалық анализ» -

Алматы : Қазақтың оқу-педагогика баспасы 1963ж.

  1. Казшиов А.К. , Нурпейсова С. А. «Экономиялық мамандықтарға арналған жоғарғы математика есептер жинағы Алматы.: РБК, 2000;

  2. Тест жинағы 2006 -2014 ж.











Оқу- тақырыптық жоспар «Математикалық анализ» 10 сынып

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Бөлімдер мен тақырыптар аты

Сағат саны

Оқытудың әдіс тәсілдері

Білім өнімі

Ескертулер

І. Функция

6




1

Абсалюттік шамалар және оның қасиеттері

1

Лекция

Конспект


2

Функция. Функцияның анықталу облысы

1

Шағын лекция

Конспект


3

Функцияның графиктерін нүктелер бойынша салу

1

Топпен жұсыс

Өзіндік жұмыс


4,5

Функцияның графиктерін басқа белгілі функциялардың жылжыту және созу(қысу) арқылы салу

2

Топпен жұмыс

Практикалық жұмыс


6

Тест (Функция тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


ІІ. Шек туралы ұғым

11




7

Айнымалы шамалар. Айнымалының шегі.

1

Лекция

Конспект


8

Шектеусіз аз және шектеусіз көп шамалар. Функцияның шегі

1

Лекция

Конспект


9,10

Шектеусіз аз туралы және шек туралы теоремалар

2

Шағын лекция

Конспект


11,12

Шектерді есептеу

2

Топпен жұмыс



13,14

Тамаша шектер

2

Шағын лекция

Конспект


15

Шектерді есептеуге берілген аралас есептер

1

Топпен жұсыс

Өзіндік жұмыс


16

Функцияның үздіксіздігі мен үзіліс нүктелері

1

Пікір -талас

Реферат жазу


17

Тест (Шек тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


ІІІ. Туынды және оның қолданылуы

16




18

Туынды

1

Лекция

Конспект


19

Күрделі функцияның туындысы

1

Шағын лекция

Конспект


20

Кері тригонометриялық функциялардың туындысы

1

Шағын лекция

Конспект


21-23

Дифференциалдауға берілген аралас есептер

3

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


24

Айқын емес функцияның туындысы

1

Лекция

Конспект


25

Жоғарғы реттік туындылар

1

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


26,27

Екі айнымалысы бар функцияның дербес туындысы мен дифференциалы

2

Шағын лекция

Конспект


28,29

Қисыққа жүргізілген жанама мен нормальдың теңдеуі

2

Лекция

Конспект


30,31

Айнымалы шаманың өзгеру жылдамдығы. Түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуі

2

Шағын лекция

Конспект


32

Функцияның дифференциалы

1

Пікір -талас

Реферат жазу


33

Тест (Туынды тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


34

Семинар - практикум

1

Ғылыми жұмыс

Жоба қоғау



Оқу- тақырыптық жоспар «Математикалық анализ» 11 сынып

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Бөлімдер мен тақырыптар аты

Сағат саны

Оқытудың әдіс тәсілдері

Білім өнімі

Ескертулер

І. Алғашқы функция және интеграл

11




1

Алғашқы функцияның негізгі қасиеті

1

Лекция

Конспект


2,3

Анықталмаған интегралдың қолданылуы

2

Шағын лекция

Конспект


4,5

Қисық сызықты трапецияның ауданы

2

Лекция

Конспект


6,7

Қисық сызықтың ұзындығы

2

Шағын лекция

Конспект


89

Рационал функцияны интегралдау

2

Шағын лекция

Конспект


10

Қисық сызықты интегралдың көмегімен физикалыық мазмұнды есептерді шешу

1

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


11

Тест (Алғашқы функция және интеграл тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


ІІ. Ирационал, көрсеткішті және логарифмдік функция

9




12,13

Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің арнайы тәсілі

2

Лекция

Конспект


14

Логарифмнің негізін түрлендіру формуласы және оның қолданылуы

1

Шағын лекция

Конспект


15

Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу жолдары

1

Шағын лекция

Конспект


16,17

Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу жолдары

2

Шағын лекция

Конспект


18

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы мен интегралы

1

Топпен жұмыс

Зіндік жұмыс


19

Иррационал , көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйесін шешудің жолдары

1

Шағын лекция

Конспект


20

Тест (Ирационал, көрсеткішті және логарифмдік функция тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


ІІІ. Нақты сандар

14




21,22

Мтематикалық индукция әдісін пайдаланып есеп шығару

2

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


23,24

Модуль таңбасы бар теңдеуді шешу

2

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


25,26

Модуль таңбасы бар теңсіздікті шешу

2

Топпен жұмыс

Өзіндік жұмыс


27

Коши теңсіздігінің қолданылуы

1

Лекция

Конспект


28,29

Параметрлі тендеу мен теңсіздікті шешу

2

Топпен жұмыс



30

Дискретті кездейсоқ шаманың сандық мәні

1

Шағын лекция

Конспект


31

Мәнділік және құндылық деңгейі

1

Әңгімелесу

Реферат жазу


32

Үлкен сандар заңдылығы туралы теорема

1

Пікір- талас

Реферат жазу


33

Тест (Нақты сандар тарауын қорытындылау)

1

Тест

Тест талдау


34

Семинар - практикум

1

Ғылыми жұмыс

Жоба қорғау



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров516
Номер материала ДВ-362005
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх