Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математикалық марафон «Әпкем, ағам және мен» сыныптан тыс шара

Математикалық марафон «Әпкем, ағам және мен» сыныптан тыс шара


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән мұғалімі: А.Қ.Сейпулла

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Математикалық марафон «Әпкем, ағам және мен»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.

Сабақтың типі: Ойын түрінде

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «» ойынына қош келдіңіздер!

Шақырамыз сайысуға келіңіздер,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал, кәнекей шақырамыз сайысуға – деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Айсана - Мержан «ҮШБҰРЫШ» тобы

Думан – Айдана «ШЕҢБЕР» тобы

Жанар – Жүзім «КВАДРАТ» тобы

Бекасыл - Салтанат «ТРАПЕЦИЯ» тобы

Жүргізуші:Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасы мен таныс болайық.

  1. Қосымша білім беру педагогы – Дамира Сагидуллақызы

  2. Математика пәнінің мұғалімі – Арнагүл Иманғазықызы

  3. Математика пәнінің мұғалімі – Нұрбол Сағынғалиұлы

Жоспар.

І. Таныстыру. Қатысушылар өздерін таныстырады

ІІ. «Бой сергіту» жаттығулары. (Сұрақ - жауап)

ІІІ. Эстафеталық есептер. (Есептер шығару)

IV. «Тапқырлық» (Логикалық сұрақтар)

V. «Математика мақал - мәтелде» (Жалғасын тап)


І. Таныстыру. Қатысушылар өздерін таныстырады

Жүргізуші: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей-ақ тараса озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-еңбектену ,жалықпау!
Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық,
Көрсетіңдер өнерді ,қалмаңыздар жасқанып, -деп сайысымызды бастаймыз.
ІІ. «Бой сергіту» жаттығулары. (Сұрақ - жауап)

1. Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)

2. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)

3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)

4. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (Сүйір)

5. Қосудың теңдігі ? (қосынды)

6. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)

7. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

9. Метрде қанша сантиметр бар? (100)

10. Ең кіші жай сан? (2)

11. Бір жылда неше тәулік бар? (365)

12. Кесінді тұйықталған ба? (ия)

13. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)

14. Дөңгелектің ең үлкен хордасы? (диаметр)

15. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)

16. Қай санды бөлуге болмайды? (0)

17. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

18. Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

19. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)

20. Ең кіші натурал сан? (1)

21. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( паралель)
22. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
23. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең? (1800 )
24. Нөлден кіші сандар (теріс сандар)
25. 1800 - қа тең бұрыш ( жазыңқы) 
26. Екі қабырғасы тең үшбұрыш ( тең бүйірлі )
27. Бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай сандар) 
28. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
29. «Геометрия» сөзінің грекше мағынасы ( жер өлшеу)
30. Санның жүзден бір бөлігі ( процент)

31. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу ( перпендикуляр) 
32. Екі қатынастың теңдігі ( пропорция)
33. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
34. Нөлден үлкен сандар ( оң сандар)
35. Ең кіші натурал сан (бір) 
36. Шеңбер сызатын құрал ( циркуль)
37. π дің мәні неге тең? (3,14) 
38. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)

39. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
40. – 4 - тің модулі нешеге тең? ( 4 )
Жүргізуші: Тағы келді сыналар шақ айналып
Тереңіне білім-теңіз бойланып.
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр
Алдарыңда «Эстафеталық есептер» күтіп тұр
ІІІ. Эстафеталық есептер. (Есептер шығару)

  • Қатысушыларға плакатқа жазылған есептер беріледі. Сол есептің жауабын дұрыс табулары керек.

IV. «Тапқырлық» (Логикалық сұрақтар)

  1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)

  2. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

  3. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)

  4. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)

  5. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

  6. Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)

  7. 2 адам шахмат ойнап отыр екеуі 2 сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2 ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)

  8. Көшеде екі әкесі, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)

  9. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)

  10. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы ? (Ә.Н.Шыныбеков)

  11. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады? (4 майшам )

  12. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  13. Бөлімі алымынан артық бөлшек (дұрыс)

  14. 3 санына қарама –қарсы сан (-3 )

  15. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  16. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  17. Квадраттық функцияның графигі (парабола)

  18. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  19. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2 рет)

  20. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  21. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  22. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.( негізгі ұғымдар)

  23. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  24. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

  25. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  26. Санағанда қолданылатын сандар жиыны (натурал сандар)

  27. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

  28. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

  29. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  30. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  31. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  32. Қарама –қарсы сандардың қосындысы (0)

  33. Алымы бөлімінен артық бөлшек (бұрыс)

  34. Миллиард санын жазғанда неше нөл керек (9)

  35. Координаталық жазықтықтағы у осі қалай аталады? ( ордината)

  36. Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)

  37. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп тастасақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  38. Наурыз тойы кезі. Ат жарыс өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)

  39. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болды, екі аяғымен тұрса , оның салмағы қанша? (3 кг)

  40. Ағаштың бес бұтағында бес торғай. Әр торғайға қарсы төрт торғайдан қонақтаса, сонда ағаш бұтағында брлығы неше торғай қонақтап отыр? (9)

Сергіту сәті: Жаңылтпаштар сайысы.
1. Рационал сан, иррационал сан

Иррационал сан, рационал сан

Біріккен сан, болған сан

Нақты сан деп аталған сан.

2. Шеңбер, шеңбер доп емес

Доп сияқты, доп емес

Доп деп, доп деп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес.

3.Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең – тоең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұтас бұрыш, тұтас бұрын

Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш.

Жүргізуші: Ал шәкірттер алды артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.
«Сандары бар мақал- мәтел » сайысын,
Озық ойлы шәкірт болса жалғасын.-, деп сайысымызды жалғастырайық.

Келесі сайысымыз «Математика мақал- мәтелде» деп аталады.Бұл сайыста мақал – мәтелдің жалғасын тапқан топқа 5 ұпай беріледі. 
V. «Математика мақал - мәтелде» (Жалғасын тап)

  1. Білікті бірді жығар....... (Білімді 1000 жығар)

  2. Жаздың бір күні ..... (қыстың 1000 күні)

  3. Дұшпаннан бір сақтан.... (жаман достан 1000 сақтан)

  4. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )

  5. 30 тістен шыққан сөз .... (30 рулы елге тарар)

  6. 40 кісі бір жақ.... (қыңыр кісі бір жақ)

  7. Жеті жұрттың тілін біл.... (жеті түрлі білім біл)

  8. Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)

  9. 2 жақсы қас болмас..... (2 жаман дос болмас)

  10. 7 атасын білмеген ..... (жетесіз)

  11. 5 бармақ жұмылса .... ( жұдырық болады)

  12. Бір кісі қазған құдықтан.... (1000 кісі су ішеді)

  13. Жүз теңгең болғанша ... (Жүз досың болсын)

  14. Отыз тістен шыққан сөз, ... (Отыз рулы елге тарайды)

  15. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ... ( төртеу түгел болса төбедегі жетеді)

  16. Жетіжұрттың тілін біл, ...(жеті түрлі білім біл)

  17. Бір тал кессең, ... ( он тал ек)

  18. Білгенің бір тоғыз, ... ( білмегенің тоқсан тоғыз)

  19. Ұлға отыз үйден , ... ( қызға қырық үйден тыйым)

  20. Екі жасқа қас болмас, ... (екі жаман дос болмас)

  21. Көп күлген, ... (бір жылар)

  22. Бір кісі қазған құдықтан, ... ( мың кісі су ішеді)

  23. Отызында орда бұзбаған, ... (қырқында қамал алмайды)

  24. Екі кісі ығысса, ... (бір кісілік орын бар)

  25. Досыңның мың болғанына мақтан, ... (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)

  26. Алдыңа бір қарасаң, ... (артыңа он қара)

  27. Алты жыл аш болсаң да, ... (ата салтыңды сыйла)

  28. Отыз күн оразаның бір күн айты бар, ... (әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар)

  29. Жерді екі жыртқан, ... (өнімді екі есе алады)

  30. Шындық он екі қабат, ... (шыңшырды үзеді)

  31. Жалқаудың екі досы бар: бірі - ұйқы, ... (бірі - күлкі)

  32. Алты аға бірігіп әке болмас, ... (жеті жеңге бірігіп ана болмас)

  33. Дос сегіз болса, ... (дұшпан сегіз)

  34. Бермегенге бесеу де көп, ... (алғанға он болса да аз)

  35. Ел құлаға ... (50)

  36. Ер қаруы ... (5 қару)

  37. Елдің көзі ... (50)

  38. 3 жыл қой баққаннан, ... (40 жыл ақыл сұрама)

  39. Аз да бітер, көп те бірет, ... (татулыққа не жетер)

  40. 50 жылда ел жаңа, ... (100 жылда қазан)

Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!

Жүргізуші: Қай тіл, қай ғасырды алсақта,
Білім алу әр адамға мақсатта.
Білімменен елімізді көркейтіп
Жетейік біздер асқар асыл мақсатқа
Қорытынды: Әділ қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаз топ марапатталады.




Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров67
Номер материала ДВ-563472
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх