Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикалық сайыс "Әлем нақты ғылымдар тілімен"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Математикалық сайыс "Әлем нақты ғылымдар тілімен"

библиотека
материалов

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі















Тақырыбы:

«Әлем нақты ғылымдар тілімен»

5 –сыныптар арасындағы сайыс



Математика пәнінің мұғалімі: Мамырай А

















Талдықорған қаласы


1-жүрізуші:Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «Математика және Информатика» кафедрасының апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!        

2- жүрізуші:Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.

1- жүрізуші:Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.

1-Оқушы: 

Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың

2-Оқушы:  

Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

2- жүрізуші:  Ал ендігі кезекті көрініске берсек.

1-көрініс:Көрініс ғалымның сахнаға шығуынан басталады. Ғалым сахнаның дәл ортасына келіп, иіліп сәлем береді.

Ғалым:Маған берілген ойларға, идеяларға, шабытқа аллама мың да бір алғыс! Менің арманым орындалды, уақыт машинасы дайын болды! Енді жолға аттануға болады! Бұл ұзақ жолға аттану үшін маған серік, яғни сенімді дос қажет. Мен оны сендердің араларыңнан табамын! Мен сендерді өткен ғасырға, атақты ғұламалармен және олардың еңбектерімен танысуға шақырамын! Мен сендерді өзім құрастырып шығарған УАҚЫТ МАШИНАСЫНДА өткен ғасырға алып барамын.

Екі бала сахна сыртынан жүгіріп кіріп:

Ұл мен қыз:Біз, біз, біз....! Бізді өзінізбен бірге алып кетінізші, Сізбен бұл саяхатқа аттануға дайынбыз!

Ғалым: Жақсы, ендеше бұл саяхатқа менімен бірге сендер барасындар!

Қыз бен ұл: Алақай, алақай!

Қыз: Ал біз саяхатымызды қай елден бастаймыз!

Ұл: Мен біздің кәзіргі заманда қолданып жүрген компьютерлер мен калькуляторлардың қалай пайда болғанын білгім келеді.

Қыз: Ал мен математиканың ең алғаш қалай пайда болғанын білгім келеді.

Ғалым:Ал сендер білесіңдер ме математиканың даму тарихы қанша кезеңнен тұратынын?

Қыз бен ұл: Жооқ!

Ғалым: Математиканың даму тарихы 4 кезеңнен тұрады. Ендеше біз «Алғашқы математиканың даму кезеңіне» аттанайық!

2- көрініс

1-жүргізуші:Бірінші  кезең-«алғашқы математиканың даму кезеңі», математиканың  білім- дағдыларының  қолдану, жинақталу дәуірі. Ол  ерте  кезден  басталып  б.з.б. 7-6 ғасырларына дейін созылды. Бұл дәуірде математика адамзат практикасы мен  тәжірибесіне тікелей  тәуелді болды, солардан  қорытылған  ережелер  жинағынан  тұрды. Математика Көне Мысыр, Ежелгі Бабыл, Ежелгі Урарту, Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде дамыды.

Ерте заманғы адамдар топтасып аң аулайды. Барлығы жан-жақтан тартып, жұлқылап, оны бөлісе алмай турады. Сол кезде іштерінен бір аңшы шығып, аңды тура бөлікке барлығына жететінде етіп бөліп береді.

3- көрініс:

Ғалым: Балалар сендер білесіңдер ма атақты Барах ханның жасырған жұмбағын?

Балалар: Жоооқ!

Ғалым:Ендеше математиканың дамуының 2-кезеңіне аттанайық!

1-жүргізуші:Екінші  кезең- «Элементар математика кезеңі», математиканың өз алдынадербес теориялық  ғылым болып  туу, қалыптасу  кезеңі. Мұнда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия айрықша теориялық пән болып қалыптасты. Бұл кезең  тұрақты шамалар математикасының, кейде элементар математика кезеңі деп аталады.

4-көрініс:

Барах хан 753 жылы хандықтағы бүкіл ғалымдарды жинап алып, өз уәзірлеріне жарлық оқытады. Бұл жарлықта:

Ханның оң қолы: «Кімде кім мына жұмбақты шығарса 1 сандық алтын беремін»

Жұмбақ:

Топ көгершін биік ағашқа ұшып келді.

Оның бір бөлігі ағаш бұтақтарына қонса,

екінші бір бөлігі жерге қонды.

Бұтақтағы көгершіндер жердегілерге:

«Егерде сендердің біреуің бізге қосылсаңдар сендер барлығымыздан үш есе аз болар едіңдер, ал біздің біреуіміз сіздерге қосылсақ, онда біздер мен сіздер теңесер едік», -деді.

Бұтақта неше көгершін, жерде неше көгершін? (Сонда атақты ғалым Әл Бируни бұл есепті шығарып, дәлелдеп береді)

(Шешуі:Егер х-ағаш бұтағындағы көгершіндер саны, ал у-жердегі көгершіндер саны болса, онда есеп шарты бойынша y-1=(x+3)/3;x-1=y+1;Бұл теңдеулерді жүйесін шешсек, х=5, у=3 екенін табамыз.)

5- көрініс:

Ғалым:Ал сендер білесіңдер ма алғашқы есептеуіш машинасы қай ғасырда, қай елде пайда болғанын?

Қыз:Мен есептеуіш машинаның 17 ғасырда Блез Паскаль ойлап тапқанын білемін.

Ғалым: Ия дұрыс айтасын. Ендеше біз сол кезеңге аттанайық!

6- көрініс:

1-жүргізуші:Үшінші кезең-«Айнымалы  шамалар  кезеңі».

1640 жылықаңтар айында Паскаль отбасымен бирге Руан қаласына аударған. Блездин акеси салық басқармасының орынбасары қызметін атқарды. Ол коптеген есептеулермен айналысты.

Әкесі:Осы салыққа байланысты есептерді қашан есептеп болар екенмін?

Баласы:Әке, әке, әке шаршадыныз ғой есептеріңізді қоя тұрып тамақтанып алсаңызшы.

Әкесі:Жоқ балам, барлық жұмыстарымды тыянақты аяқтауым керек.

Жүргізуші (Баласының ойы):Шіркін, егерде мен тез ержетіп әкеме қолғанат болып, әкемнің жұмысын жеңілдетсем ғой. Әкеме жаным ашиды, ақша табу үшін өте көп есептейді. Көзі көруден қалып барады.

Әкесі:Балам сен мен үшін уайымдама, өзінің сабағынды оқы.

Баласы:Әке менде сізге салық есептеулеріңізге көмектесейін.

Әкесі:Жарайды келе ғой. Мына көрсеткіштерді есепте, мыналарды мына жерге есептеп қос, мынаны мынадан алып таста.

Баласы:Түсіндім әке, бәрін сіз айтқандай есептеймін.

Жүргізуші: Күндер, айлар өтуде . Блез есептеуіш машинасын құрастыруға көшті. Арада екі жыл өтті. Блез өзінің есептеуіш машинасын құрастырып аяқтады...

Баласы:Әке мен сізге сыйлық жасағым келіп тұр сіз раза болатын шыгарсыз

Әкесі:Ол не сыйлық балам, не сыйлайын дейсің?

Баласы:Бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдететін есептегіш машина.

Әкесі:Балам саған көп рахмет. Саған көп үміт артамын. Сен аты әйгілі ғалым боласын деп сенім артам.

2-жүргізуші:Төртінші кезең Қазірі математика. Бұл кезең 19 ғасырдан ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолдану ауқымы кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады және аксиоматикалық әдістерінің даму салдарынан жаңа фундаментальды ұғым математикалық құрылым ұғымы пайда болды.

Ғалым:Сендерге біздің саяхатымыз ұнадыма?

Балалар: Иә бізге ұнады!

Ғалым: Ал келесі кездескенше қош сау болыңдар!


1-жүргізуші:

Ер жетеміз ертең ақ бізде өсеміз

Ғұламалар дәстүрін үлгі етеміз

Ермеков пен Жәутіков, Амановтар

Ортамыздан шығады іздесе


2-жүргізуші:


Судай тасып, әр биік белден асқан

Дүниеге сан алуан өнер шашқан

Білім алып олардың жолын қуған

Әрбір шәкірт өмірге өрге басқан


1-жүргізуші:Ендігі кезекті командаларды іріктеу сайысына берсек (сұрақтарды оқып тұрады, жауап берген 9 баланы сахнаға шақырады)

  1. Жазыңқы бұрыш неше градус? (1800)

  2. Ұзындықты өлшейтін құрал? (Сызғыш)

  3. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (Бір )

  4. Бөлшекті бөлшекке қалай көбейтеміз? (Бөлшектің алымын алымға, бөлімін бөлімге көбейтеміз)

  5. Бөлшекті бөлшекке қосу үшін не істеуіміз керек? (Бөлшекті ортақ бөлімге келтіреміз)

  6. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айландырамыз? (Бүтінді бөлімге көбейтіп, оны алымға қосамыз)

  7. Жай дегеніміз қандай сандар? (Өзіне және 1-ге бөлінетін сандар)

  8. Санды қалай дөңгелектейміз?(Санды дөңгелектегенде сан өзінің жуық мәніне ие болады)

  9. Ең кіші натурал сан? (1 саны)

2-жүргізуші:Енді жеребье арқылы команда атын таңдап алайық (үшбұрыш, квадрат, шеңбер)

1-жүргізуші мен 2-жүргізушілогикалық сұрақтарды әр командаға кезектесіп қойып шығады (дұрыс жауап берген балаға фигураның бір бөлігін береді)

«Үшбұрыш» тобына қойылатын сұрақтар

1. Сағаттың 1/4 бөлігі нешеге тең?(15 минутқа)

2. 3 алманы 2 әкесі мен 2 баласы қалай бөліп алады?(1 алмадан, себебі олар атасы, баласы, немересі)

3. 2 қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар?(50 саусақ бар)

4. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып, 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген? (х+(х+6)+(х+12)+(х+18)+(х+24)=100; 5х=40; х=8 балық )

«Квадрат» тобына қойылатын сұрақтар

1. Оқушылар жұптасып келе жатыр, Айдана жұптарды санап еді алдында 7 жұп, артында 5 жұп келе жатыр. Оқушылар саны қанша?(26 бала)

2. Жеті май шам жанып тұр, оның үшеуін өшірді нешеуі қалды?(3 май шам қалды, себебі 4 май шам жанып, бітіп қалды)

3. Бұрыштың түрлерін ата?(доғал, сүйір, тік, жазыңқы)

4. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін» , депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білді?(өйткені 2000 тг кітаптың ішінде болған)

«Шеңбер» тобына қойылатын сұрақтар

1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?(Тордан құс ұша алмайды)

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?(бұрыс бөлшек)

3. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі, неше асығы бар?(23 асық, 3 немере)

4. Он - оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттың? – дейді. Ол: 
- Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді. 
– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып. 
– Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды? 
( 2 бала 10 – 2 =8 асық: 3 бала 10+8=18 асық; 1 бала 30 - 8 - 18=4 асық)

1-жүргізуші:Теңдік орындалатындай амалдарды орналастыр (әр командаға бір-бір есептен беріледі)

  1. 7 7 7 7=2 Жауабы: 7:7+7:7=2

7 7 7 7=5 Жауабы: 7-(7+7):7=5

7 7 7 7=8 Жауабы: (7·7+7):7=8

  1. 7 7 7 7=3 Жауабы: (7+7+7):7=3

7 7 7 7=6 Жауабы: (7·7-7):7=6

7 7 7 7=9 Жауабы: 7+(7+7):7=9

  1. 7 7 7 7=4 Жауабы: 77:7-7=4

7 7 7 7=7 Жауабы: (7-7)·7+7=7

7 7 7 7=10 Жауабы: (77-7):7=10

2-жүргізуші:Әділқазылар алқасы бүгінгі сайыстықорытындыласа.

1-жүргізуші:

Болашақ білім, ғылым тұтқасында

Мұны әркез әркім есте ұстасын да

Заманның компьютердей кезеңінде

Математика тағыда көш басында.

Осымен біз математика апталығын ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: ДВ-469944

Похожие материалы