Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Конспекты / Математикалық сайыс «Менің жұлдызды сәтім»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математикалық сайыс «Менің жұлдызды сәтім»

библиотека
материалов

Математикалық сайыс

«Менің жұлдызды сәтім»

Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 5-сынып оқушыларының арасында өтетін математикалық «Менің жұлдызды сәтім» ойынын көруге шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар- ойыншыларымызды ортаға шақырайық

(Оқушылардың аты-жөндері аталып шақырылады)

Жүргізуші: Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

(Әділқазылар алқасы таныстырылады)

Жүргізуші: Мәңгі-бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

Ойынымыздың 1-бөлімі «Тапқырлық» деп аталады.Ойынның шарты бойынша сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға1минут уақыт беріледі. Тақтадағы төрт жауаптың біреуі дұрыс, сол жауапты тауып «уақыттарыңыз бітті» дегенде дұрыс жауаптың нөмірін көтересіздер.Дұрыс жауап берген ойыншылар бір-бір жұлдызша алады.

Тапсырма1. Берілген фигурада неше үшбұрыш,неше квадрат бар?

(Слайд)

Тапсырма2. Құрылыс кезінде жұмысшылар түзу бойымен арақашықтығы 2 метрден 10 баған орнатты. Қоршаудың ұзындығы қандай?

(Слайд)

Тапсырма3. Үш ағайынды Болат, Санат, Қайрат бір мектепте, бірақ әр сыныпта оқиды. Болат Қайраттан үлкен емес, ал Санат Болаттан үлкен емес. Ағайындылардың ең үлкені кім, ортаншысы мен кішісі кім?

(Слайд)

Жүргізуші: Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін

Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,-

деп ойынымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім «Біліктілік сайысы» деп аталады.

(Оқу бағдарламасынан тапсырмалар беріледі)

Тапсырма1. Мына өрнектің мәнін табыңыздар.

(Слайд (х+29)+(у-13), мұндағы х+у=42) Жауабы:58

Тапсырма2. Өрнекті ықшамдаңыздар.

(Слайд 42х÷7+(65х+39х)÷13 ) Жауабы: 14х

Тапсырма3. Мына сан қандай цифрмен аяқталады?

(Слайдhello_html_mf6ea3d1.gif) Жауабы: 1

Жүргізуші: Ойыншыларымыздың ұпайларын санап болғанша жанкүйерлерге сұрақтар қояйық.

1.Екі бала жолдан 100теңге тауып алды. 5 бала болса қанша ақша тауып алар еді?

(Жауабы: жауап беру мүмкін емес)

2. Болат бір ағаштан 64 жаңғақ үзіп алды. Оны көрген қарындасы ағасының жаңғағының ширегінің ширегін сұрады. Ал ағасы жаңғақтың жартысының жартысын берді. Сонда қарындасы қанша жаңғақ сұрады, ал ағасы қанша жаңғақ берді?

(Жауабы: 4-еу сұраған; 16жаңғақ берген)

Жүргізуші: Ең аз ұпай жинаған ойыншыны шығарып салайық. Ойынымыздың келесі бөлімі «Танымдық өре сайысы». Бұл сайыста математика тарихынан сұрақтар қойылады

Тапсырма. Жай сан ұғымын қай ғасырда қай ғалым енгізген?

(Жауабы:ІVғасырда грек ғалымы Пифагор)

Тапсырма. «Дөңгелек» ұғымы алғаш рет қай елде пайда болды?

(Жауабы: Ежелгі гректерде)

Тапсырма.Математиктер королі кім?

(Жауабы: Неміс математигі Карл Фридрих Гаусс)

Жүргізуші: Ойыншыларымыздың ұпайларын санап болғанша ән-биге кезек берейік.

(Ән орындалады)

Жүргізуші:Ең аз ұпай жинаған ойыншыны шығарып салайық. Ойынымыздың соңғы бөлімі «Зерде» деп аталады. Мұнда ойыншылар шешендік өнерден сайысқа түседі. Ойыншыларға берілетін тақырыптар: 1. «Достық-алтыннан да қымбат»

2. «Әдепті бала-арлы бала»

(Ойыншыларымыздың ойлануына 1минут уақыт беріледі,уақыт біткен соң ұпайы аз оқушы бастап,алған тақырыбы бойынша қысқа әрі нұсқа айтады)

Жүргізуші: Ал,қымбатты әділқазылар алқасы, сөз сіздерде. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздың есімі кім екен?

(Жеңімпаз анықталып, әділқазылар марапаттайды)

Жүргізуші: Жеңімпаз оқушы мінбеге шығып өзінің жұлдызды сәтіндегі тілегін білдірсін.

(Жеңімпаз оқушы тілегін айтады)

Жүргізуші: Ал, құрметті көрермен, бәріміздің тапқырлығымызды бағалап, ой-өрісімізді кеңейтетін осындай сайыста келесі кездескенше сау болыңыздар.

Математика пәнінің мұғалімі Турашова Б.К

Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров106
Номер материала ДВ-504109
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх