Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Математикалық сайыс 9 -10 сыныптарға арналған

Математикалық сайыс 9 -10 сыныптарға арналған

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Келісемін:

________________

Тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

« 27» қараша 2013 ж

Тақырыбы: «Білім пирамидасы»

Мақсаты:

  • дарынды оқушыларды табу

  • олардың қабілеттерін ашу

  • алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету

  • сергектік, зеректік және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер

Барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Әділ қазылар алқасын таныстыру

  3. Сайыс шарттарын түсіндіру

Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады және олар 2 топтан құралады.

Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніннің жақсысын қыл,

Білмегінді біле бер

Ш. Құдайбердиев

Мұғалім сөзі: Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық, - деп көрсеткен.

«Білімді азамат – ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық – адам көркі», т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Ғылыми техникалық прогресс, жаратылыстану ғылымдарының құрылымын анықтау үшін математиканың, физиканың, информатиканың маңызы орасан зор.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын «Білім пирамидасы» атты танымдық сайысымызды бастаймыз.

І бөлім: Таныстыру. Топтың аты, ұраны.

ІІ бөлім: Қызықты ұяшықтар

Тақырыптар

Ұпайлар

1)Көңілденіп шығарайық есепті

100

200

300

2) Информатика


100

200

300

3) Сандарды да ұмытпайық, достарым!

100

200

300


1)100. Жүз санын жартыға бөл (100:0,5 = 200)

200. Берілген сандардың ішінен құрама санды тап: 89, 321, 97, 71 (321)

300. Бір топ үйректер ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)

2) 100. Біздің мектептегі компьютерлердің операциялық жүйесі қандай?

(Windows XP)

200. Компьютерде жазылған құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Сохранить как)

300. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы қалай аталады? (Сканер)

3) 100. Бұл сандарды ертеректе «өтірік сандар» деп атаған. Ол қай сандар?

(теріс сандар)

200. Ешқандай амалдар қолданбай-ақ 666 санын 0,5 есе қалай өсіруге болады

(аударсақ 999 болады)

300. Римше жазылған ХІІ санын жартысы VII саны болатындай етіп қалай бөлуге болады? (қақ ортасына бөледі)


ІІІ бөлім «Полиглот»

Тақырыптар

Ұпайлар

1)Математикалық баламасын тап

100

200

300

2) Полиглот


100

200

300

3) Эврика

100

200

300

4) Матемаитика және тарих

100

200

300


1)100. «Барлық діндердің тарихы - бір»

(Математика – барлық ғылымдардың патшасы)

200. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360 °

(Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°)

300. Трапецияның кіші бұрышына кіші қабырғасы қарсы жатады

(Үш бұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады)

2) 100. «Жер өлшеу» сөзі ежелгі грек тілінде қалай айтылады? (Геометрия)

200. «Алға қарай жүру, өсу» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (Прогрессия)

300. «Жетелеуші» сөзі латын тілінде қалай айтылады? (Вектор)

3) 100. Математикада координаттар әдісін енгізіп және оның қолданылу тәсілдері туралы өзінің «геометрия» кітабында жариялаған қай ғалым? (Декарт)

200. Санау – перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы кім?(Холлерит)

300. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық-машинаның авторы.? (Бэббидж)

4) 100. Ресейде қашан ғылыми математикалық мектеп ашылды?(1701 жылы)

200. Қандай ел араб цифрларының отаны?(Индия)

300. Алғашқы қазақ тіліндегі орта мектептерге арналған алгебра оқулығының құрастырушысы кім?(Қ.Сатпаев)


IV бөлім «Зерделілер»

А) 1) Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір төртбұрышқа бөл.

  1. Тік төртбұрыштан шаршы!

Қағаз тік төртбұрыштан шаршы шығар. Басқа заттарды қолданбаймыз.


Б) «Адасқан әріптер»


Сөздер:

Жауаптары:

ретьюпомк

Компьютер

демом

Модем

лайф

Файл

ротином

Монитор

нирперт

Принтер

красен

Сканер

шытқан

Тышқан

вакратд

Квадрат

нақымата

Анықтама


V бөлім «Қас қағым»

І топқа:

  1. Кері сандардың көбейтіндісі 1 ме? Иә

  2. 576-ның түбірі 29 ба? Жоқ

  3. Теріс сандар 0-ден кіші ме? Иә

  4. Гипотенуза трапецияда бар ма? Жоқ

  5. Шеңбердің бұрыштары бар ма? Иә

  6. Компьютердің «миы» пернетақта ма? Жоқ

  7. Нүктенің екінші координатасы абсцисса ма? Жоқ

  8. 7 саны жай сан ба? Иә

  9. 12345 саны 3-ке бөлінеді ме? Иә

  10. Тәуелсіздік мерекесі күнін 2-ге бөлгенде шығатын сан 10-ба? Жоқ

  11. Күшті өлшейтін құрал динамометр ме? Иә

  12. Ғаламторға модемнің көмегімен қосылуға болады ма? Иә

  13. Компьютерді зақымдайтын арнайы программа вирус па? Иә

  14. Тангенс икс тең болады косинус икс бөлінген синус икс пе? Жоқ

  15. Математика пәнін жақсы көресіңдер ме?

ІІ топқа:

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек бұрыс бөлшек пе? Жоқ

  2. 729-санының түбірі 37 ме? Жоқ

  3. -9 саны – 8 санынан үлкен бе? Жоқ

  4. Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр ме? Иә

  5. «Алгебра» сөзіндегі әріптер санын 8-ге бөлгенде 8-ден 7 шыға ма? Иә

  6. Амперметр тізбекке тізбектей қосыла ма? Иә

  7. Нүктенің бірінші координатасы ордината ма? Жоқ

  8. 31 саны құрама сан ба? Жоқ

  9. Компьютердің ақыл – ойы процессор ме? Иә

  10. Әлемде 6 материк, 4 мұхит бар екені белгілі. Материк санын мұхит санына бөлгенде дұрыс бөлшек шыға ма? Жоқ

  11. Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер ме? Иә

  12. Табиғи жарық көзі күн бе? Иә

  13. Вирустың кері әсерін жоятын программа антивирус па? Иә

  14. Синус икс функциясы жұп па? Жоқ

  15. Бүгінгі сайыста жеңіске жетуді қалайсыңдар ма?


VIбөлім «Ол кім? Бұл не?»

І топқа:

  1. Мұнда көпшілігі бала кезінен білетін фигура туралы айтылады; (Төртбұрыш)

  2. Оны дәлелдеу керек, бірақ та оны баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған (Теорема)

  3. Оны циркульмен оңай салуға болады (Шеңбер)

  4. Мұны дәлелдеген оқымыстының «шалбарының барлық қырлары тең» деген сөз қалған (Квадрат, шаршы)

ІІ топқа:

  1. Бұл фигура күнделікті өмірде де, техникада да, архитектурада да қолданылады; (Тіктөртбұрыш)

  2. Адамдар оны бұрынан біледі және өмірде қолданып та жүр: атты ерттегендегі ер тоқым; (Доға)

  3. Мұғалім айтты: бұл әдемі қисық график бір функцияның графигі, дәлірек айтқанда квадраттық функцияның графигі деп. (Параболла)

  4. Егер жіпті екі қолыңмен ілініп тұратындай етіп ұстасаң, ол оған қатты ұқсайды ( Паралелль түзулер)


Мұғалімнің сөзі:

Осымен, бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйренейік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Ойынымыздың шешуші сәті төрешілер, өздеріңізде.


Сайысты қорытындылау, топтарды марапаттау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров311
Номер материала ДВ-157649
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх