"Математикалық таңғажайыптар алаңы" (5 сынып)

Предпросмотр материала:

Күні:

Класс: 5 «А,Б»

Сабақтың тақырыбы: Матеметикалық таңғажайыптар алаңы

Мақсаты: Білімділігі:математика пәніне деген  қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі:Математикалық сайыс.

Әдісі:Топ бойынша жұмыс

Сайыс барысы:I-бөлім: Жүргізушілер сөзі.

                          II-бөлім: 1-тур-Сәлемдесу.

                                        2-тур-Санап көріңдер!(қанша үшбұрыш бар)

                                        3-тур-Кім жылдам санайды!(Сандарды ретімен тез оқу)

                                        4-тур-Жаңылмаймын!(1-ден 30-ға дейін санау,3-ке еселік сандарды санау)

                                        5-тур- «Өз біліміңді көрсет»(тез есептей білесіңбе?).

                                       6-тур-Әр түрлі сұрақтарға жауап беру

                        III-бөлім:Қорытындылау.Әр тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады.

   Кіріспе сөз:

   Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат.Сол азамат бойында тапқырлықты,алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

   «Білімді азамат-ел ертеңі», «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар.Бүгінгі білім сайысына 5-сынып оқушылары қатысқылы тұр.

Сөз математикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.

1-жүргізуші:Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.

2-жүргізуші:Біз бұл әлемнің қаншалықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

1-жүргізуші:Біздің сайысымыздың ерекшелігі «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарының арасындағы жарыстың бірден басталуында.

2-жүргізуші: Сайыста біздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

1-жүргізуші:Сайыста жеңу үшін біздер белсенділік танытып,берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек жауап беруіміз керек.

2-жүргізуші:Асып әсте саспайық

                     Батыл қадам бастайық.

                     Еркінді билеп барынша

                    Жарыста сірә қалыспа!

1-жүргізуші:Асып әсте саспайық,

                     Сайыс қызығын ей достар.

                     Осылайша шабытпен,

                     Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші:Үлгі тәртіп жақсы оқу,

                     Алға қойған мақсаты.

                     Әрқашанда мектепте,

                     Шығып жүрген жақсы аты.

Алғырлар тобын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:Жиналған ылғи дарындар,

                    Жүректе от,көздерінде жалын бар.

                    Тапқырлар тобын халайық,

                    Қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші: Математикалық жарыстың бағдарламасында.

1-жүргізуші: 1-тур-Сәлемдесу.

2-жүргізуші: 2-тур-Санап көріңдер!(қанша үшбұрыш бар)

1-жүргізуші:3-тур-Кім жылдам санайды!(Сандарды ретімен тез оқу)

2-жүргізуші:4-тур-Жаңылмаймын!(1-ден 30-ға дейін санау,3-ке еселік сандарды санау)

1-жүргізуші:5-тур- «Өз біліміңді көрсет»(тез есептей білесіңбе?).

2-жүргізуші:6-тур-Әр түрлі сұрақтарға жауап беру

1-жүргізуші:7-тур-Қорытындылау.Әр тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады.

2-жүргізуші:Біреу озса жарыста,

                     Біреу артта қалады.

                     Ренжімей тараса

                     Озбағандар жарады.

1-жүргізуші:Жарыс заңы ежелден,

                     Жеңімпазды анықтау

                     Жеңімпаз болу шарты сол,

                    Еңбектену жалықпау.

2-жүргізуші:Сәт сапар тілеп бәріне,

                     Сайысты біздер басталық.

                     Көрсетіңдер өнерді,

                     Сайысты біздер басталық.

1-тур. «Сәлемдесу»

Тапқырлар тобы:

 Осындай алғыр дос келгенше

 Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?

 Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,

 Тілейміз ізгі тілек сендерге біз

 Құрметтеп алғырларды  ой-саналы

Тапқырлар сәлем беріп ән салады

Бүгінгі сайыста достарына

 Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Біздің ұран:

"Нақты жауап сапалы шешім таба біл"

"Жарыс десе жанамыз"

Әділқазыларға сәлем.

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қылды қақ жарып әділқазым

Еңбегін "Тапқырыңның" әділ сына.

Алғырлар тобы:

Шақырып жарыстарға сан салады

Ту етіп достық пенен татулықты

Тапқырлар командасын қарсы алады

Тапқырлар биіктерде қалықтасын

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын

Жеңіс туың желбіреп алауласын

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын

Біздің ұран:

Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

Әділқазыларға сәлем:

Әділқазы,ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл

Тапқырлар тобы:

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа

 Есеп білсек жетеміз гой табысқа

Сайыстарда біз оңай беріспейміз

Тең ойынға тағы да келіспейміз

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз

Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз.

Алғырлар тобы:

Білімге толы санамыз

Бүгінгі күн жеңісте

Алғырлықпен аламыз

Есепті біз шешеміз

Оны мақтан етеміз

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз.

Тапқырлар тобы:

2030-дың бағдарлы биігі

Білімнің еншісі бұны әркім біледі

Сондықтан достар-ау дарынды қарайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайын жігерді.

Алғырлар тобы:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әр дайым.

 

1-жүргізуші:2-тур. «Санап көріңдер». Қанша үшбұрыш бар?

1)                                    2)

 

 

 

келіп

 

 

 

 

(8-үшбұрыш)                                                (8-үшбұрыш)

 

 

2-жүргізуші:       3)Бір бірімен жарысқа

                               Төрт аю,бір арыстан

                               Екі қой мен бір түлкі

                               Бәрі нешеу кім білді?(8)

 

 1-жүргізуші:   4)Түйе,бота маң басқан

                              Төрт аяғын тең басқан

                              Шұнақ құлақ бес ешкі

                              Қос лақты қос ешкі

                              Төрт қозылы екі қой

                              Бәрін бірге санап қой.(23)

2-жүргізуші: 3-тур-Кім жылдам санайды!(Плакаттағы Сандарды ретімен тез оқу)

1-жүргізуші: 4-тур-Жаңылмаймын!(1-ден 30-ға дейін санау,3-ке еселік сандарды санау)

2-жүргізуші: 5-тур- «Өз біліміңді көрсет»(тез есептей білесіңбе?).

1-жүргізуші: Тапқырлар тобы «5 пен аяқталатын екі таңбалы сандардың квадраттарын көбейту.»

5*5=25                            35*35=1225                         65*65=4225

15*15=225                       45*45=2025                        75*75=5625

25*25=625                       55*55=3025                        85*85=7225                                              

                                                                                      95*95=9025

2-жүргізуші: Алғырлар тобы «11-ге 1 мен аяқталатын екі таңбалы сандарды көбейту»

11*11=121                           11*51=561

11*21=231                           11*61=671

11*31=341                           11*71=781

11*41=451                           11*91=1001

1-жүргізуші:6-тур-Әр түрлі сұрақтарға жауап беру.

Тапқырлар тобына сұрақтар:

1.                 Қосу амалының нәтижесі қалай аталады? (Қосынды)

2.                 7 · 8 =…(56)

3.                 Дөңгелектің ең үлкен хордасы. (Диаметр)

4.                 Бір сағатта неше минут. (60)

5.                 Кесіндінің ұзындығын өлшейтін аспап. (Сызғыш)

6.                 Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)

7.                 Ең кіші екі таңбалы сан. (10)

8.                 Алымы бөліміне тең бөлшек қалай аталады? (Бұрыс бөлшек)

9.                 Жазғы демалыстың үшінші айы? (Тамыз)

10.             Әтеш бір аяғымен түрғанда үш килограмм тартады. Екі аяғымен тұрғанда неше

      килограмм тартады? (Үш килограмм)

2-жүргізуші: Алғырлар тобына сұрақтар:

1.     Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма)

2.     63 : 7 = …(9)

3.     Не ауыр бір килограмм мақта немесе бір килограмм темір? (Бірдей)

4.     Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады? (Алымы)

5.     Жазғы демалыс неше күн? (92)

6.     Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

7.     Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (Дұрыс бөлшек)

8.     Ең кіші жұп сан. (2)

9.     Бір тәулікте неше сағат. (24)

10. Көп лағы бар ешкінің неше лағы болды? (7)

1-жүргізуші: Ендігі сөз әділ қазыларда.

III-бөлім.Қорытындылау.Сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңіске жеткен топты анықтайды.Сайыста белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

"Математикалық таңғажайыптар алаңы" (5 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Балманова Гулжанат Уралбаевна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 12386
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 12386
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Балманова Гулжанат Уралбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: