Инфоурок Математика Научные работыМатематиканы күнделікті өмірмен байланыстыру

Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру

Скачать материал

 

 

 

Түсінік хат

 

Мектепте математика пәні  - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда, кейбір оқушылар оны тез игеріп кете алмайды. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін таңдап, оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыту керек. Ол үшін ең алдымен пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сол себептен математиканы әрбір ұғымдарын күнделікті өмірмен байланыстыра, тиімділігін дәлелдеу.

Сабақтарды өмірмен байланыстырып жоспарлау өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда және тарауды қорытындылауда тиімді болып табылады. Бұл сабақтарды өткізерде, өмірдегі оқиғалармен байланыстыруда оқушылардың жас ерекшелігін ескерген жөн. 

        Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, математикаға нақты мысалдар көрсету қажет. Кейбір тақырыптарды оқушылар өздеріне қажетсіз деп санайды. Мысалы пайыз деген тақырыпты алсақ, ол ұғым қазіргі таңда кез-келген салаға өте қажет. Ол үшін әр саланы жіктеп, қалай қолданылатыны көрсетіледі.

Бұл үшін әріптестеріме осы тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеуді ұсындым.

.

 

 

 

 

 

 


Жоспардың мақсаты:

 

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту. 


Жоспардың міндеттері:


• Математикалық білімге қызығушылығын арттыру 
• Ой-өрісін кеңейту 
• Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту; 
• Тапқырлыққа тәрбиелеу ; 
• Математиканың өмірмен байланысын көрсету. 

·         Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

·         Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·         Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

·         Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

·         Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;



 

 

 

 

 

 

 


Жоспарды құру төмендегідей принциптерге негізделген:


• Оқу материалын тереңдету. 
• Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру 
• Математика тарихынан мағлұматтар беру 
• Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу 

 


Күтілетін нәтиже:

• Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек. 
• Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу. 
• Логикалық есептерді шеше білу. 
• Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу. 
• Математикалық ой-өрісін кеңейту. 
• Математикалық білімін толықтыру. 
• Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу. 


Құрылымы:

• Баяндама 5-10минут (математика тарихы бойынша, математик-ғалымдар туралы,қазіргі заманғы математиканың даму тарихы туралы, адам өміріндегі математиканың орны туралы және т.б..). 
• Қиындығы жоғары есептер шығару. 
• Қызықты есептерді шешу. 
• Олимпиадалық есептерді шешу. 
• Оқушылардың әртүрлі сұрақтарына жауап беру.

 

 

Жұмысты жүргізудің негізгі формалары:

1. Тақырыптық аралас есептер: 
• Оқушының шығармашлығыы; 
• Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу; 
• Есептерге талдау жасау; 
• Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату; 
• Оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 

2. Түрлі конкурстар ұйымдастыру: 
• Математикалық карусель. 
• Математикалық шабуыл, хоккей, футбол. 
• Математикалық турнир, эстафеталар. 
• Математикалық викториналар. 
• Ауызша немесе жазбаша олимпиадалар. 

3.Оқушылардың рефераттарын тыңдау; 
4.Топпен математикалық газет шығару: 
5. Аудандық ,аймақтық олимпиада тапсырмаларын талдау, қатемен жұмыс жасату. 
6. Әртүрлі тақырыптағы есептер шығару. 
7.Үй тапсырмасына талдау жасау. 
8.Математикалық модельдер жасау. 
9. Есептер құрастыружәне оны шешу 
10. Математикамен байланысты көркем шығармалардан үзінді оқу. 
11. Математикадан видеофильмдер, кинофильмдер, диафильмдер көру.

 

 

 

 

 

 

Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру

 

Тақырыптың актуалдігі,  әр сыныптарда математиканың өмірге қажеттілігі түсіндіріледі. Ал біз тақырыпты нақтылай айқындайтын боламыз.

Сабақтарды өмірмен байланыстырып жоспарлау өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда және тарауды қорытындылауда тиімді болып табылады. Бұл сабақтарды өткізерде, өмірдегі оқиғалармен байланыстыруда оқушылардың жас ерекшелігін ескерген жөн.  Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру үшін ең алдымен салалардағы олардың маңыздылығымен бастасақ:

 

Математика үйде.

Таңертеңгі уақыттан бастаймыз. Ұйқыдан тұру үшін сағат қажет. Сағат шкалалары цифрлармен өрнектелген. Олай болса 1 сағат неше минут, неше секунд тұратынын бізге айқын қажет.

Үйде сабақтан кейін үй шаруасына көмектесу, сабақ оқу, бос уақытты қолдану үшінде, уақытты тиімді пайдалану үшін тағыда сағат қажет болады.

 

Математиканың күнделікті өмірмен байланыстыру тақырыбын бастамас бұрын математиканың қолданылу салаларынан мысалдар көрсетейік:

 

Математика спортзалда (ойындарда, компьютерлік ойындарда)

Спортзалда секіру, уақытқа жүгіру, тартылу, көтерілу сияқты спорт түрлерінде санау міндетті түрде қажет саналады. Ойындарда жасқа шектеу қойылмайды. Сондықтан  бос уақыттарда балалар әртүрлі ойындар ойнайды. Мысалы асық ойындарында санақ қажет болады. Ұпайды санау, реттілік сандар қолданылады.. Қазіргі уақытта балалар компьютерлік ойындармен көп ойнайтыны мәлім. Ал ойындар барысында оларға ұпай жинау өте маңызды болып саналады. Сол сияқты компьютерлік ойындарда сіріңке шилерімен, логикалық ойындар, сұрақтар көптеп кездеседі.

 

 

 

1.Математика асханада.

Асханада тамақ әзірлеу үшінде қатынас реттілігі қажет.

 

2.Математика  саудада.

Дүкенде болсын, базарда да сауда жасау үшін арифметикалық амалдардың       қай-қайсысыда қолданылады.

 

3.Математика тігін саласында.

Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу. Ол үшін математиканы білуіміз керек. Өлшем бірліктерсіз тігін саласын да елестете алмаймыз, Себебі метр,сантиметр, миллиметр өлшем бірліктері қолданылады. Яғни метрді сантиметрге, сантиметрді-миллиметрге айналдыруды  білгеніміз абзал.

 

4.Математика географияда.

Біз өзіміз тұрған жерден кез-келген ауылға, қалаға бару үшін қолымызда атлас картасы болса жеткілікті. Математикадан масштабты білсек, баратын жеріміздің (нүктеміздің) неше километр қашықтықта орналасқанын өзіміз тауып аламыз. Тіпті бұл үлкен кісілерге көп көмек болатыны сөзсіз.

 

5.Математика құрылыста.

Құрылыстың кейбір жұмыстарын жүргізу үшін сол бөлменің ауданын есептеу түсінікті екені сөзсіз. Яғни қанша бояу немесе әктас қажет екенін табу үшінде математикаға жүгінеміз.

Бөшкелерге су құю үшін, оның көлемін білу қажет. Онда математиканың саласы геометрияныда оқуымыз қажет екен.

 

Сондықтан математика қай салаға болсын, өте қажет ғылым саласы. Математикасыз өмірді елестету қиын, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын көрсетіп отыр. Енді осыны бірнеше дәлелдемелермен көрсетейік.

 

Математиканы күнделікті өмірдегі мазмұнды материалдармен байланыстыра отыра оқытудың нәтижелілігі оқып үйренуге қажетті практикалық материалдарды мектептің айналасындағы салалардан белгілі мақсатпен таңдап алуға тығыз байланысты.

Сол сияқты мектепте оқуға пайдаланылатын материалдарда ескірген, берекесіз, үнемсіз тәсілдері және күнделікті тұрмыста шындығында жүргізілмейтін есептер болмауы қажет.Кейбір есептерде ойдан алына салған есептер жиі кездеседі. Мысалы: екі сөмкеде 366 алма бар, екіншісіндегі алма біріншіден 5 есе көп. Әр сөмкеде қанша алма бар? Есептің шешуі 61 және 305. Есептің шешуі түсінбестік тудырады. Себебі бір сөмкеге 305 алма симайды. Мұны ауылдың балалары өте жақсы біледі. Сондықтан есептерді құрастыруда күнделікті өмірмен дұрыс байланыстыру математикаға деген қызығушылықтарын арттырады.

Мысалы әр сабақты бастамас бұрын ол тақырыптың маңыздылығы, қайда қолданылатындығы айтылуы тиіс. Бесінші сыныпта мысалдарды барынша қарапайым етіп алдым.

Мен бесінші сынып оқушыларымен арифметикалық сандардың ортасы тақырыбын өткізуде мынандай мысалдар көрсеттім. Сыныптағы балалардың орташа салмақтарын табу, жеңіл көліктің қалаға бару және келу жылдамдықтарының орташа жылдамдығын табу, аптадағы орташа ауа райының температурасын анықтау және бір аптадағы өздерінің математикадан алған бағаларының орташа бағаларын табу жолдарын үйреттім. Соңғы көрсеткен мысал есеп балаларға ұнағаны сондай, олар өздері осы аптада қанша деңгейде оқығандарын өздері тауып бір-бірімен бағалары жөнінде ойларын айтып жатты және бағалардың әділ қойылғандарына риза болды.

Бесінші сынып оқушысы Шарапат Асқар 5+5+5+4+4+4\6 =4,5 (математика аптасына 6 сағат) орташа бағасы 4,5 болды. Оқушылар алдыңғы тақырыпта сандарды дөңгелектеуді үйренгендіктен, ол өзінің осы аптадағы бағасы 5 екенін білді. Әрине ондық бөлшектерді жақсы білгендіктен ол әлі де дайындалу қажет екенін сезді.

Келесі ұғым ол бөлшектер. Қарапайым бөлшектер не үшін қажет, оны теориялық түрде түсіндіргеннен кейін, күнделікті өмірмен байланыстырамыз: ол үшін 1 қапшық бидайды екіге бөлеміз, яғни жарты қапшық 1\2 бөлшегі шығады. Ал егер жарты қапшықты жарты қапшыққа қоссақ толық бір қапшық шығады, ғни 1\2+1\2=1.

Келесі есеп ауылдарда, қалаларда астық, құм таситын машиналар туралы болмақшы.Астық немесе құм тасуға 2,5 тонналық, 3,5тонналық, 4 тонналық машиналардың пайдалану мүмкіншілігін табу. Сәйкесінше рейстерді 20 минут, 25 минут және 30 минут жасай алады.

Есепте оқушылардың алдына қызықты проблема қойылып отыр.Олар есепті шешу үшін алдымен 20,25,30 сандарының ең кіші еселігін табады. Ол 300 деген сан. Енді 300 минутта 2,5 тонналық машина 300:20=15 рейс, 300 минутта 3,5 тонналық машина 300:25=12 рейс,4 тонналық машина 300:30=10 рейс жасайды. Олай болса 1 машина 2,5*15=37,5тонна, 2 машина 3,5*12=42тонна,3 машина 4*10=40тонна тасиды.Демек астық немесе құм тасу үшін машинаның 3,5 тонналық түрімен тасыған тиімді екені шығады.

Келесі есептер теңдеулер туралы болмақшы.

Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы –теңдеулер.

Теңдеулерді шешуді ойға қонымсыз абстракциялы ұғым деп түсінбеймін, керісінше, оны кез келген оқиғаның ақиқат не жалған екендігіне көз жеткізу деп білемін. Егер адам шындыққа құмар жан болса, онда өмірдің қойған сансыз сауалдарына жауап беруге тырысады деген ойдамын. Теңдеулер тек математикада емес, сонымен қатар теңдеулер – өмірдің сан алуан белгісіз, құпия, сыры ашылмаған, әлі беймәлім, тығырықтан шығар жолды іздеумен, тек ізденумен жұмыс жасауды қажет етеді.

Теңдеулер күнделікті өмірдегі белгісіз сандарды табуға арналған. Оқушыларға тақырыптың маңыздылығын түсіндіргеннен соң оларағ ең алдымен қызықтыру есептер і беріледі.Солардың бірі ойлаған санды тап. Мұны кез-келген оқушының қолынан келетіндігін дәлелдеу.

 бір сан ойла, 2-ні қос, 3-ке көбейт, 5-ті азайт, ойлаған санды азайт т. с. .с.-барлығы бес, кейде ондаған амал орындатады. Сонан соң фокусшы сенде шыққан нәтижені сұрап біледі де, сол сәтте сен ойлаған санды атайды.

«Фокустың» сыры, әрине, ап-айқын, оның негізіне теңдеулер алынған.

Мысалы, фокусшы саған төмендегі таблицаны сол жақ бағанындағы амалдар алгоритмін орындауды ұсынған болсын дейік:

Сонан соң фокусшы сенен ең соңғы шыққан нәтижені айтуды өтінеді, оны сен айтқан соң, сол сәтте ойланған санды атайды. Ол мұны қалай тапты?

Сендер осыларды түсініп алып, таныстарыңды бұрынғыдан бетер таңырқатып әрі қайран қалдыруларыңа болады, бұл үшін оларға, әлгі ойланған санға өздерінің қалаған амалдарын, қолдануды ұсыныңдар. Сен танысыңа бір сан ойлауды және оған белгілі бір санды қосу немесе азайту (айталық: 2-ні қосу, 5-ті азайту т. с. с), белгілі бір санға (2-ге, 3-ке т. с с) көбейту, ойланған санды қосу немесе сол санға азайту амалдарын кез келген ретпен орындауды ұсынасың. Танысың сені шатастыру үшін амалдарды ұзарта түседі. Мысалы, ол 5 санын ойға ұстап (бұл санды сізге айтпайды) және амалдарды ойша орындай отырып, былай дейді:

— Мен бір сан ойладым, оны 2-ге көбейттім, нәтижеге 3-ті қостым, сонан соң ойланған санды қостым; мен енді 1-ді қостым, 2-ге көбейттім, ойланған санға азайттым, 3-ке азайттым тағы да ойланған санды азайттым, 2-ге азайттым. Мен ең соңында нәтижені 2-ге көбейттім және 3-ті қостым.

Сені осылайша әбден шатастырдым деп біліп, ол масаттанған түрмен саған:

— 49 шықты дейді.

Сен оны таңырқатып дереу оның ойға 5 санын жасырғанын айтасың.

Сен ойлаған санды біле алмағаныңмен, фокус өте әсерлі болып шығады!

Мысал келтірейік (бұрынғыша сол жақ бағанда танысыңның айтқандары жазылған):

Мен бір сан ойладым,

х

оған 2-ні қостым,

х+2

нәтижені 2-ге көбейттім,

2х+4

мен енді 3-ті қостым,

2х + 1

ойланған санға азайттым,

х+7

5-ті қостым,

х+12

мен енді ойланған санға азайттым

12

Осы сәтте, сенде 12 саны, яғни х белгісізі жоқ өрнек шыққан кезде, сен жолдасыңның сөзін бөліп, оның есептеуінде 12 санының шыққандығын айтасың.

Біраз жаттығып алып, танысыңа осындай «фокусты» оп-оңай керсете алатын боласың.

 

Сол сияқты келесі есептер әдебиетпен тығыз байланысты. Бәйгені Құлагерімен жеңген Ақан серіге бір бала тақап келіп: -Ат шабыста жылқы өз салмағының 4 пайызын жоғалтады дегені рас па? Деп сұрайды. Сонда сері: Пайызыңды білмеймін, бірақ шабыстан кейін арғымағым 288 кілә тартады деп жаап беріпті. Егер баланың айтқаны дұрыс болса, Құлагердің салмағы қандай? Жауабы: 300 кг.

 

 

Осындай есептер оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырады.

Пайызды түсіндіру үшін сыныпқа торт әкелдік деп санаймыз. Сыныпта он бала бар. Әрқайсысына қанша пайыздан тиетінін анықтауымыз қажет. Олай болса 10 балаға 10 тілімнен келеді. Толық желінбеген торт 100% деп алсақ әр балаға 10%-дан тиеді. Есепті түрлендіреміз. Сыныпта 4 немесе 5 бала болса, сол сияқты 20 немесе 50 оқушы болса деп өздеріне есепті шешкіземіз.

Енді пайызды  ауыл шаруашылығындағы маңыздылығын айтамыз. Оқушыларға тағы да қызықты болу үшін сыныптың оқу сапасын, оқу үлгерімін, бақылау жұмысындағы оқу сапасы мен оқу үлгерімін анықтаттырамыз. Соған сәйкес екінші 5 сыныптыңда оқу үлгерімдерін анықтатып, бәсекелестік тудырамыз.

 

Қорытынды:

Бұл көрсетілген мысалдардан көргеніміз, әрбір тақырыпты өткенде күнделікті өмірмен байланыстыру оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Факультатив сабақтарда оқушылар өздерінің жинаған білімдерін тиянақтап, сабақтарда қолдана бастайды. Көптеген оқушылар ата-аналарына да өз септігін тигізеді (пайыз тақырыбы, масштаб тақырыбы т.б.). Оқушылардан күткен нәтиже жоғары болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі :


 
1. Математика және физика журналдары

2. Сәрсекеев А.С. «Қосымша есептер» Көкшетау 2001ж

3. Т.А.Алдамуратова. Математика 5-сынып

4. П.Я.Депман, Н.Я.Виленкин За старницами учебника математики. «Просвещение» 1989г.

5. Ж.А.Елшебай «Зерек» Алматы 1991ж.

6.К.Н:Сикорский «Дополнительные главы по курсы математики», 1974

 

7.Как научиться решать задачи. Фридман Л.М. М.: Просвещение, 1989г.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 



1. Түсінік хат. 1 бет

2. Жоспардың мақсаты мен міндеттері. 2 бет

3. Жоспардың принциптері,құрылымы, күтілетін нәтиже. 3 бет

4. Жұмысты өткізудің негізгі формалары.  4 бет


5. Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру. 5-11 бет. 

6. Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі. 12 бет


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 7521
    • DOCX 39.5 кбайт
    • 145 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметов Дархан Куандыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожахметов Дархан Куандыкович
    Кожахметов Дархан Куандыкович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7684
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 415 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 544 человека

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека