Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыМатериал на тему "Ата-аналармен жұмыс"

Материал на тему "Ата-аналармен жұмыс"

Скачать материал

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі

Шалова Балжан Богембаевна мектеп психологы

 

Ата-аналармен ұмыс

Сіз балаңызды білесіз бе?

(9,10,11 сынып ата- аналарына арналған треннг жаттығу)

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына,  жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана  тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым- қатынас  орнату және ұлттық сананы бойына  сіңіру.

Жоспар:

-         Ережемен таныстыру

-         «Танысу» жаттығуы

-         Ой толғау

-         Балаңызды түсіне білесіз бе?  Тест

-         Балаңызды  білесіз бе?  Тест

-         Ата-аналарға ұсыныстар

-         Психогеометриялық  фигуралар таңдау

-         «Тілек шамы»

Ережемен таныстыру: Тыныштық сақтау. 

         Өз бетінше жұмыс жасау.

              Уақытты тиімді  пайдалану.

                                           Белсенділік.

        Бір-бірімізге сын айтпау.

«Танысу» жаттығуы. Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есеміне сын есім қосып және өз бойындағы үш  қасиетін кезекпен айтып шығады.  Өмірлік ұстанымында айтады.

Талқылау: Қандай  әсер алдыңыздар?  Не қиындық келтірді?

-         Отбасы – адамзат бесігін тербеткен алтын ұя.  Баланың бас ұстазы ата

анасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны  самғатып  ұшыратын әке де  қыран болу керек» деп  отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында  ата-ананың орны бөлек. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы,  тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы жылуы, шуағы. Жақсы  ана отбасына  береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.Әкеден ерліктің, еңбектің, адамгершіліктің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үйренсе, ал анадан парасаттылықтың,  мейірімділіктің, сұлулықтың,  қайырымдылықтың өнеге үлгісін үйренеді.

Баланың жасөспірім шағындағы  басты іс-әрекеті- құрдастарымен

жеке, жақын қарым-қатынас

Физиологиялық жағдайы: әлсіздік, шаршау, аурушаңдық, еріншектік, немқұрайлық, ашуланшақтық.

Эмоциональдық жағдай: ешкімге керек еместік сезімі, өзін-өзі төмен бағалау (суицидтік ойлар, өзінен-өзі ашулану), әлеуметтік  ахуал

Ең негізгі қажеттілік – түсіністік:

Мен концепциясының қалыптасуы.


Жасөспірім. Физиологиялық  және психологиялық ауырлықты сыннан өткізеді – яғни ол стресс: физикалық және психологиялық күштеуді байқайды-яғни  ол күйзеліс болып табылады:

-         Ата-аналардың  ажырасуы

-         Отбасы, достары, арасындағы ұрыс;

-         Сабақтағы мәселелер;

-         Жақын адам өлімі;

-         Күнделікті жайсыз жағдайлар

Ой толғау.

1 топ. Баламен сөйлесе білу де өнер. Сіздер қазіргі уақытта өз балаңыз да түрлі  сауалдарды қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

2 топ. Сізге  мектептегі мұғалімдерден «Сіздің  балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше  шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да  «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге  тура келеді дейік. Не  істейсіз? Балаңызды қалай  тәрбиелейсіз?

3 топ. Кейбір ата-аналардың  баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен  істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз.  Бала  іс-әреектіне теріс баға  беруге қалай қарайсыз?

«Балаңызды түсіне білесіз бе?» тест

1.     Балаңыздың болмашы  ісіне қатты ашуланып, артынан өкінесіз бе?

Иә-0, білмеймін -5, жоқ- 10

2.     Кей кезде балаларыңыздың оғаш қылығына не  істеріңізді білмей, туыстарыңыздан ақыл сұрайсыз ба?

Иә- 10 , білмеймін- 5 , жоқ -0 

3.     Сіздің тәжірибеңіз бен түйсігіңіз болса тәрбиеленудегі ең жақсы ақылшы. Иә- 0 , білмеймін-5, жоқ -10 

4.     Кейде ересек  адамдарға айтпаған сырыңызды балаңызға ақтара аласыз ба? Иә- 10, білмеймін-5, жоқ -0 

5.     Сіздің балаңыз туралы өзгелердің жайсыз пікіріне ашуланасыз ба?

Иә- 0 , білмеймін-5, жоқ -10 

6.     Сіз өзіңіздің балаңыздың көзінше жасаған ыңғайсыз сөзіңіз немесе қылығыңызға кешірім өтінесіз бе? Иә-10  , білмеймін-5, жоқ -0 

7.     Балаңыздың сізден құпиясы болмауы керек деп ойлайсыз ба?

     Иә- 0 , білмеймін-5, жоқ -10 

8.     Балаңыздың  бойынан  сіз де жоқ  ерекше қасиет көрсеңіз қуанасыз ба?

     Иә- 10 , білмеймін-5, жоқ -0 

9.     Балаңыздың сәтсіздігіне қатты  қиналасыз ба?

     Иә-0  , білмеймін-5, жоқ -10 

10. Артық ақшаңыз болған жағдайда балаңызда бұл  зат бар екенін біле тұра  сатып аласыз ба? Иә- 10, білмеймін-5, жоқ - 0

11. Баланы тәрбиелеу үшін ең бастысы жазалау деп ойлайсыз ба?

     Иә- 0, білмеймін-5, жоқ -10 

12. Сіздің балаңыз ойыңыздағыдай ма?  Иә-10, білмеймін-5, жоқ - 0

13. Балаңыз  қуаныштан гөрі уайым әкеледі? Иә- 0, білмеймін-5, жоқ -10 

14. Кейде балаңыз сізден ақылды  көрінеді, сіз  білмейтіндерді үйретеді?

Иә-10, білмеймін-5, жоқ -0 

15. Балаңызбен  жиі ұрысып қаласыз ба? Иә-0, білмеймін- 5, жоқ -10

Жауабы: 100-150 ұпайға дейін.  Өз балаңызды жақсы түсінуге тырысасыз. Көзқарасыңыз бен ойлау қабілетіңіз- тәрбие  мәселесінде  көп нәрседе  көмектеседі.  Сіз балаларға үлгі боларлықтай жансыз.

50-95 ұпай.  Бала  тәрбиелеудің оң жолында келесіз. Оның проблемаларын бірлесіп отырып шешесіз. Балаңызға  тікелей  ықпал етесіз. Сондықтан да, дұрыс болғанымыз жөн. Түсіну-қабылдау емес,  бұны тек балалармен емес, жеке басыңызда да қолданғаныңыз жөн.

0-45 ұпай.  Сіздің  балаңызды тек аяуға  болады. Өйткені, ол  сізден жақсы дос таппады.  Өмірдің қиын кезеңдерінде ата-ананың  оны түсініп көмектесе алмайтынына өкінеді.  Бірақ, әлі де кеш емес. Балаңызға  шын мәнінде  көмектескіңіз келсе, қарым-қатынасыңыз бен тәрбиеңізді түзеген дұрыс.

Идеальды үлгілер:

Ата-ана – жұмсақ және қатты (жағдайға байланысты), қамқор,  көмектесуге бейім, жаман әдеттері жоқ, үйдегі  үйлесімділік.

Бала – жақсы оқитын,  жаман әдетсіз, ұғымтал, құрметтей білетін, көмектескіш,  бос уақытын тиімді пайдаланатын,  ата-аналармен белгілі бір тақырыпта әңгімелесе білуі.

Балаңызды білесіз бе?

1.     Балам құмарлана кітап оқиды. Иә_______ жоқ_______

2.     Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.

____________________________________________________________

3.     Сіздің балаңыз қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?____________________________________________________

4.     Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын және хоббиін атаңыз (коллекция жинау, модельдер жинақтау, шеберлік және т.б.).

________________________________________________________________

5.     Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?_________________________________________________________

6.     Сіздің балаңыздың мектепке қарым қатынасы қандай?_________________

________________________________________________________________

7.     Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?_____________________________________________________

8.     Бізге балаңызға арнап бағдарлама жоспарлауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?___________________________________

9.     Балаңыз бос уақытында немен айналысқан ұнатады?__________________

__________________________________________________________________

Ата-аналарға ұсыныстар: 

         Балаға әке және шеше тарапынан қойылатын талап бірдей болу керек. Баланы әрқашан мақтап, мадақтап тұру өте маңызды. Отбасы өмірінде әрбір  мүшенің еңбекке араласуы  заңды.  Материалдық және моральдық  жағдайлар  балалар мен үлкендер арасында тең бөлінуі керек.  Балаларыңызға әрқашан жылылықтарыңызды ұмытпаңыздар!  Бүгінгі бала- бұл ертеңгі  өркениетті  қоғам мүшесі. Балаларға өмір үру үшін махаббат және көмек қажет. Ең әрекетті құралдың бірі – бұл тек баланың досы болу. Балаларды бақылаңыз. Балалардың  өз өмірі  туралы  айтқанын тыңдаңыз. Сіздерге  көмектесуіне  мүмкіндік беріңіз. Бақытқа бастар  жолдың бір бөлігі – өз бетндік өмірге аяқ баспайынша оларға  жақсы  көретіңізді білдіріңіз және  көмектесіңіз. А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес  берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға  әркімнің өз жеке басы арқылы  үлгі-өнеге  көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның  мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек.

 

Психогеометриялық  фигуралар таңдау

Шарты:  әрбір кісі өздері таңдаған  фигураның нені  білдіретінін, неге осы  фигураны таңдағанын түсінідіріп кетеді.

 


 

 

 

И.Панарин тесті бойынша:

-                                   Таңдағандар  лидерлік қабілеті бар,  алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар

 


                      Таңдағандар өте  еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері,   

                 бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

 


                     Жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар

 


                        Осы 5 фигураның ішіндегі өте мейрімді, басқаның

                         қайғысын, қуанышын бөлуге даяр тұратын жандар

 


                         Таңдағандар,  шығармашылық қабілеті басым,  үнемі ізденіс              

                              үстінде жүретін жандар.

 

Қорытынды.

Балаға жақсы үлгі бол.  Оған  жауапкершілік  сезіммен қара.  Балаларға неғұрлым көп уақытыңызды арнаңыз, олардың немене айналысатыны, яғни  отбасында бірлік,  ынтымақтастық ахуалы болсын. Адамға өмірде ең қымбат- отбасы.  Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бірін-бірі яалап, кешіре білгенде, отбасы берік болатыны анық.

«Тілек шамы». Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,  ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілеу шамы»  жаттығуын  бір- бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден  алған  әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды  сұраймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Материал на тему "Ата-аналармен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 644 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.01.2016 924
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шалова Балжан Богембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шалова Балжан Богембаевна
    Шалова Балжан Богембаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8505
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы специальной психологии и коррекционной педагогики в контексте требований ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Кризисная психология: актуальные вопросы и новые методы работы

Кризисный психолог

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 56 регионов

Курс повышения квалификации

Основы психолого-педагогической работы с детьми и подростками группы риска

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 247 человек из 58 регионов

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе