Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бұлбұлдың әні

Бұлбұлдың әні

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m1d2b103d.gifhello_html_2199acbe.gifКүні:20.02.1

Сыныбы:А»

Пәні:Ана тілі

Мұғалім: Рамазанова Р.Д.

Машықкер: Алиева Б.Қ.

Әдіскер: Жұматаева З.Ж.

Тақырыбы: Бұлбұлдың әні.

Мақсаты:

1. Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдету.
2) Тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
3) Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, мадақтау, талдау-жинақтау, мұғалім баяндамасы


Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру







Психологиялық дайындық















Үй жұмысын тексеру













Жаңа сабаққа дайындық





















































Жаңа сабақ



























Мәтінмен жұмыс

































Дәптермен жұмыс

Бекіту

































Қорытынды





















Үйге тапсырманы беру





Бағалау

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Бүгінгі ана тілі сабағынан мен Алиева Бағжан Құдайбергенқызы беремін.

Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастау үшін менімен бірге мына өлең жолдарын қайталаймыз.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

-Өте жақсы балалар! Орнымызға отырамыз, қане оқушы қалай отыруы керек?

-Қолымыз партаның үстінде, бойымыз тік,аяғымыз еденде.

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?

-Үйге не берілді?

-Үй жұмысына дайындалып келдіңдер деп ойлаймын.

-«Жаңбыр» өлеңін жаттадыңдар ма?

-Балалар, бұл өлеңде не жайлы айтылыпты?

-Жаңбырдың пайдасы қандай?

-Жаңбыр туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

-Өте жақсы, балалар.

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мен сендерге мынандай тапсырма беремін.

-Ол үшін мына тақтада тұрған телефондағы номерлерді басып оның артындағы жасырын тұрған әріпті табуларың керек.

-Бұлбұлдың әні.

-Сонымен сабақтың тақырыбы Бұлбұлдың әні.

-Балалар, сендер бұлбұлдың қандай құс екенін білесіңдер ме?

-Міне, бұлбұл құсының суреті.

-Ал, балалар сендер бұлбұлдың дауысын естіп көрдіңдер ме?

-Оның дауысы қандай екен?(Дауысын тыңдату)

- Бұлбұлдар - торғайтәрізділер, сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Бұлбұлдың дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді.

- Балалар, бізге кітапта «Бұлбұлдың әні» дейтін мәтінді беріпті.

-Ол мәтіннің авторы Мәдіхат Төрежанов.

Төрежанов Мәдіхат Сейітхожаұлы - (1921, Ақкөл ауданы Еңбек ауылы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941). Омбы облысы Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 - 1941). Омбы қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 – 45). Ақмола облысы мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі (1946 – 81) болды. Т-тың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен марапатталған.

-Ал, енді кітаптағы «Бұлбұлдың әні» атты мәтінді мен оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

1)Мұғалімнің оқуы.

2)Оқушылардың оқуы.

3)Талдау.

-Ал, енді балалар, мен сендерге мәтін бойынша сұрақтар қоямын. Сендер жауап берулерің тиіс.

1)Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?

2)Қандай құс жайлы әңгімеленген?

3)Тоғай аралап жүрген кім?

4)Ақын табиғатты қалай суреттеген?

5)Бұлбұл ол қандай құс?

6) Бұлбұл өз ұясын қалай қорғамақ болды?

7)Бұлбұл неге қорқып ән салды?

-Балалар, сендердің де дауыстарың қорыққан кезде дірілдеп шығады.

-Міне, бұлбұлдың да дауысы қорыққандықтан дауысы дірілдеп шықты.

-Ал, енді осы мәтінге байланысты тапсырмаларды орындайық.

-1-тапсырма: Мәтінді рөлге бөліп оқы.

2-тапсырма: Мәтінді абзац бойынша болып әр бөлікке ат қою.

1)Білімді Әбіш.

2)Бармақтай құс.

3)Бұлбұл құсы.

4)Бұлбұлдың әні.

-Өте жақсы балалар.

-Ал, енді балалар, барлығымыз дәптерімізді ашайық, Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алыңдар.

-Бұлбұл құсына кластер құрамыз. Жыл құсы

Бұлбұл құсы





Әнші Денесі 160-190мм











Салмағы 17-26г

-Балалар, біз қазір сендермен «Бұлбұлға тамақ беру» ойының ойнаймыз.

-Ол үшін мен сендерге сұрақтар қоямын. Сендер Сұраққа жауап беріп, бұлбұлға құрттарды берулерің керек.

-«Бұлбұлдың әні» мәтінін жазған ақын кім?

-Әншілерді қандай құсқа теңеген?

-Бұлбұлдың дауысы қандай екен?

-Құстар өзін қорғауға тырысқанда не істейді?

-Сендер қорыққанда дауыстарың қалай шығады?

-Бүгін қанадй тақырып өттік?

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-«Бұлбұлдың әні» мәтінінен не түсіндіңдер, не білдіңдер?

-Сабақ ұнады ма?

-Балалар, үйге тапсырманы жазып алыңдар. Үйге Мәдіхт Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» мәтінін оқып мазмұнын айту.

-Бүгінігі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңдар!


Мұғалім

Рамазанова Р.Д.


Әдіскер

Жұматаева З.Ж.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мен сендерге мынандай тапсырма беремін. -Ол үшін мына тақтада тұрған телефондағы номерлерді басып оның артындағы жасырын тұрған әріпті табуларың керек. -Бұлбұлдың әні. -Сонымен сабақтың тақырыбы Бұлбұлдың әні. -Балалар, сендер бұлбұлдың қандай құс екенін білесіңдер ме? -Міне, бұлбұл құсының суреті. -Ал, балалар сендер бұлбұлдың дауысын естіп көрдіңдер ме? -Оның дауысы қандай екен?(Дауысын тыңдату) - Бұлбұлдар - торғайтәрізділер,  сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Бұлбұлдың дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. - Балалар, бізге кітапта «Бұлбұлдың әні» дейтін мәтінді беріпті. 

Общая информация

Номер материала: 100342051013
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>