Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Технология / Конспекты / Өлшем алу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Өлшем алу

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өлшемін алу.

Сабақтың мақсаты :Оқушылардың матаны пішуге дайындау жөніндегі

білімді меңгеруін, дұрыс және үнемі пішу, пішу кезінде

матаны дұрыс жайып орналастыру біліктерін үйрету.

Білімділік; Оқушыларға тігін бұйымдарын құрастыру технологиясы

боиынша пішу,көктеу,өңдеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру алған

Білімдерін практикамен ұштастыру шеберлігін шыңдату

Тәрбиелік: Оқушының этикалық талғамын қалыптастырып,

ұқыптылыққа ептілікке баулу өз бетімен жұмыс

орындауға тәрбиелеу .


Сабақ әдісі: түсіндірукөрсету сұрақ-жауап,топпен жүмыс


Көрнекілік:үлгі ,дайын бұйымдар


Құрал жабықмата қайыншы ине жіп түйреуіштер

Ұйыдастыру кезеңі:

1 Сабаққа білімдігін тесеру

2 Өткен сабақты қарастыру

3 Жаңа сабақ


1 Әшекей кесте тон сәні

2 Өнер өлмес,үміт сөнбес

3 Қол өнері - кілемде

Сөз өнері - өлеңде

4 Иненің жіпсіз көзі жоқ

5 Көз қорқақ Қол батыр



Матаны пішіп пішіндер алу үшін алдын ала сызба н/е үлгі дайындайды. Пішін жасау өте жауапты іс. Ол үшін бымның қандайда бөлшектерден тұратын ж/е өлшемін дәл білу керек пішін дайындаудың бірнеше әдістер бар есепті графикалық жүйе ж/е макет жасау муляжды әдіс,яғни матаны сән мүсінге н/е дене бітіміне түиреу . Ал макет жасайтын болса матаға пішін жасайды ,констукцилайды ,керек болса өзгерістердеенгізеді

Көптеген есепті гафикалықжүйе әдістері үшін кез келген пішіннің негізгі сызбасы болып табылады .Мұндағы өлшемдер стандартты денебтіге арналған.Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек.Өлшем алу кезінде адам екі аяғына салмағын тең түсіріп ,өкшелерін алшақ салып,қолын төмен түсіріп,денесін босаң ұстап тыныш тұру керек.Өлшемін алғанда денені қыспайтын киіммен өлшемін алған жөн.Өлшеу кезінде сантиметрлік лентаны кермей не босатпай ұштарын алдыңғы жақта түиістіреді.

Өлшемін алар кезде адамның оң жағында тұрып өлшеу керек.

Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді.

Мысалы: айналым-А,ені-Е, ұзындығы-Ұ,жартылай айналым-Жа,жартылай мықын айналым-Жма ,иықтың қиғаш биіктігі-Иқб деп белгілейді.


Сабақты бекіту: Сұрақ беру арқылы оқушылардың түсінігін байқау.


Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта өз қолымызбен үлгі жасап ,сол үлгіні матаға қоиып пішіп аламыз. Бұндай жұмыстар адамның эстетикалдық талғамын дамытады, әлемдікке ұмтылдырады.


Үйге тапсырма:Өлшемін алу.
































Сабақтың тақырыбы:Шикі көкөністерден тағам әзірлеу технологиясы.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін,дүниетанымын кеңейту,өз

Ойларын тиянақтылау жеткізе білуге, оқушыларды

Ұйымдастырушылыққа іскерлік шеберлікке үйретіу

Дамытушылык: Тамақ әзірлеу кезінде тазалық ж/е техника қауіпсіздік

ережесін сақтауға тәрбиелеу.салат жасау жолдарын ж/е

әшекейлеу тәсілдерін үирету.


Тәрбиелік: оқушылардың логикалық ойлау есте сақтау,дұрыс сөлеу

дағдыларын дамыту.Алғаш білімдерін күнделікті өмірде

қолдана алуға үирету

Сабақтың көрнектілігі:Плакат,жеміс-жидектер,ыдыс-аяқтар құралдар

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын ескетүсіру

Ас үй жабдықтарын ата


Жаңа сабақ .жаңа сабақ боиынша түсінік қалыптастыру біздің сабағымыз үйде орнаитын болғандықтан қауіпсіздік ережесіне тоқтаймыз.

1.Пышақ, шанышқы,қасықтармен ойнама.

2.Пышақты екінші адамға ұсынғандасабын қаратып бер.

3.Пышақпен жұмыс істегенде абай болу керек.

Шикі көкөністентағам әзірлеу кезінде санитарлықж/е гигена ережелерін есте сақтау керек.

1.Жұмысқа кірісерде алжапқыш пен бас орамал тағып алыңдар.

2.Тырнаққысқа қиылған ,боялмауы керек.

3. Қолды сабындап жууы керек.

4. Асәзірлегенде тек таза ыдысты ж/е ас үй мүліктерін ғана қолдануы керек.

5. Әр өнімге жеке-жеке арналған тақтайшалар мен мүлікті ғана

пайдаланыңдар.

.Бүгінгі сабағымызда сайыс түрінде өткереміз.

Сайысымыз мынадай шарттардан тұрады.

  1. Топтың аты

  2. Пайдалы кеңестер

  3. Салатты әшекйлеу

  4. Салатқа атқоиып қорғау

  5. Жұмбақтар шешу

  6. .Астуралы мақал-мәтелдер

  7. «Өзіңді-өзің емдей біл» ақыл-кеңес

Бірінші топ

  1. Сүтті пісіргенде азырақ қант қосса,ыстық күндері ашымай,бірнеше күн сақталады.

  2. Шайды тым ыстық күиіндеи ішкен организм үшін өте зиян.

  3. Жұмсақ ыстық нанды кесетін болсақ пышақты 1-2 мин ыстық суға батырып алып тураса,әдемленіп кесіледі.

Екінші топ.

1.Картоптың қабығын ашып ,оны үккішпен өткізіп бетіңізгемаска жасап жағасыз.15-мин кейін жуып тастасаңыз бетіңіз ағарып,әрі әжім түспейді.

2. Сәбіз,картоп,пияз аршығанда қол сарғайып кетеді.

Сондықтан да жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүртіп алу керек.

  1. Пияз,әсресе сарымсақаршығанда қолда иісі қалып ,көпке деиін кетпей


қояды. Сондықтан әуелі құрғақ тұзбен ысқылап,содан кейін жылы сумен жуукерек.

Үшінші :әр топтағы оқушылар жасаған салаттарын әшекейлейді.

Төртінші :әр топ өздері жасаған салаттарына ат қоиып қорғайды.

1.Салат құрамы

2.Дайындау тәсілі.

Бесінші :Жұмбақтар шешу.

1.Көктемдеақ гүлге оранады 4.Сырты жасыл қап-қатты

Іші қызыл тәп-тәтті

(қарбыз)

Күзде қолғадоп болып оралады. 5.Қалың киім ұнатады

(алма) Шешіндірсең жылатады

2.Қос құлағы қалқайып (пияз)

Су ішкен сайын марқайып 6. Қауын-қарбыз дей алмаймыз

Күн ысыса тон жйнайды Піскенімен жей алмаймыз

Доп болғанда ел жйнайды Жарғанымен қап-қатты,

(капуста) Ал асқандатәп-тәтті

3. Бұйра тұлымы (асқабақ)


Желмен оинайды

Қызыл мұрны

Жерге байлайды

(сәбіз)

Алтыншы :Ас туралы мақал-мәтел

1. ас адамның арқауы. 9. Ас елдің құты.

2.жаман ауруға жақсы ас 10. ет жесең тісіңе кіреді

3. асың барда ел таны жемесең түсіңе кіреді.

Атың барда жер таны 11. ас иесімен тәтті

4. ет етке ,сорпа бетке 12. ас тұрған жерде ауру тұрмайды

5. айран ішсең ас болады 13.ас үстінен аттама

6. ас атасы нан астан үлкен емессің

7. асқа барсаң ,аш бар 14. жиен ел болмас

8. асыбар аяқ әдемі желке ас болмас

15. жақсы ас қалғанша

Жаман қарын жарылсын

Жетінші :Өзіңді-өзің емдей біл

Енді біз сіздерге өзіңді дәрісіз емдеуге ақыл-кеңестер береміз.

  1. Бас ауырғанда жас капустаның жапырағын шекеңізге, самайыңызға жапсыра қойсаңыз тез жазыласыз.

  2. Шолқанның сөлін бір ас қасықпен күніне үш рет ішсе тұмауды,бауыр,бүйрек,асқазан ауруларын тез жаады.

  3. Ұлтабардың оиық жарасын жазу.Бұл жараны операция жасап алып тастау міндетті емес. Күн сайыншикі капустаны үзбей ж/е ұзақ уақыт жесеңіз, одан оңай құтылуға болады.Бұдан үгітілген жас сәбізді қоса қолдансаңыз,емнің нәтижелігі арта түседі.Егер ішек жолдары ауырып,қатты мазаласа,оған абыржымаңыз.Бұл емнің қонған белгісі.

  4. Өріктіңқұрамында А,В,Свитаминдері бар.Сондай-ақ өрік ками тұздарымен темірге бай.Өрік қан тамырлары жүрек,бүирек ауруларына пайдалы.

  5. Алма С,В,В ,Р(рутин)Е витаминдеріне бай.Алма склерозға қарсы бірден-бір ем.Қан азаю ауруларында ем ретінде жеуге болады.

  6. Құяң рематизм ауруларын емдеу үшін қайың ағаштың жапырағын қайнатып,күн сайын жатарда булану керек. Он күн жасап,5-6 күн демалып,емді қайтаданбастап,барлығы 30ванна алса таза жазылып кетеді.




Сабақты қорытындылау: 1 Көкөністердің адам өміріндегі маңызы қандай?

2 Витаминге бай көкөніс қайсысы.(алма)

3 Құрамында суы көп көкөнісқайсы.(қияр)





Үйге тапсырма : Шикі көкөністерден тағам әзірлеу технологиясы.
















Чкалов №2 орта мектебі




Ашық сабақ

8-сынып



Сабақ тақырыбы:

«Өлшемін алу.»







Өткізген: Ибраева.Ж









Чкалов

2011-2012 оқу жылы


Чкалов №2 орта мектебі





Ашық сабақ

5- сынып



Сабақ тақырыбы:

Шикі көкөністен тағам әзірлеу технологиясы







Өткізген: Ибраева.Ж






Чкалов

2011-2012 оқу жылы.




Сабақтың тақырыбы:Құрақ құрау мозайкасы

Сабақтың мақсаты: құрақтың шығу тарихымен таныстыру

Білімділік:құрақ мозаикасы және оны орындау технологиясы туралы.

Қажетті негізгі білім беру: қолмен көктеу және тігу көмегімен қазақтың ою-өрнегін орындауға машықтандыру.

Дамытушылық: қосып тігу машықтарын дамыту,матаның түсіне үйлесімді жіп түсін таңдауға үйрету.

Тәрбиелік: эстетикалық қабылдауларын, талғамдарын қалыптастыру; жұмыста ұқыптылыұқ пен нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сұхбат және зертханалық жұмыс.

Сабақтың дидактикалық жағынан қамтылуы

а) қолмен және машинамен орындалған тігістердің кестелері және олардың графикалық кескіні;

ә) «түстер шеңбері түстер үйлесімдігі» кестесі;

б) маталар мен жіптердің үлгілері

в) «Пэчворк» стилінде орындалғн бұйым суреттері мен фотосуреттері;

г) жұмыс орындауға арналған қима үлгілер.

Сабақтың барысы:

Сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.

Сабақтың мақсатын қою.

Оқушылармен сұхбаттаса отырып, Қазақстан халқының ою-өрнек өнерінің тарихы мен маңызын түсіндіріп, түстер мен фактура үйлесімділігін ескере отырып, матаны таңдау ережелерімен таныстырамын.

Әр отбасында сәннен шыққан ескі киімдерді: блузкаларды, көйлектерді, пальтоны таспалар мен шілтерлер қалдығын қайда жіберу керек деген мәселелер туындайды. Егер бос уақытымызда бүкіл осы үйінділерді алып, кішкене қиялға ерік беріп және шыдамды болсақ, онда «түк жоқтан» қызықты, қайталанбас және тұрмысқа қажетті нәрселер жасауға болады.

Қиықтардан жасалған құрақтардың көпғасырлық тарихы бар және өзіндік дәстүрге бай. Қиындылардан құрақ құрап бұйым жасау мүмкіндігі таңғаларлықтай көп қырлы және қызықты. Қолда бар қиындыларды пайдаланып, негізгі фонда ою-өрнек түрінде суреттер жасауға немесе белгілі бір түстік гаммаларды басшылыққа ала отырып, бұйымды геометриялық элементтермен безендіруге болады.

Құрақ құрау-бұл сөзсіз қолөнердің әдемі түрі, себебі оған шикізат ретінде әр түрлі қиындыларды қолдануға болады. Мұндай мата қиындыларын табу ересектер үшін де, балалар үшін де қиындықтар туғызбайды.

Мата қиындыларынан тігілген бұйымдар ерекше сәнді көрінеді: бұл- перделер,пледтер сөмкелер және т.б.

Жаңа түсініктерді қалыптастыру.

Құрақтық техника стилінде орындалған бұйымдарды немесе фотосуреттерді көрсету.

Құрал –жабдықтар мен материалдар: ине, қайшы, қатты жіптер, дөңгелек басты түрегіштер, қима үлгілері үшін картон. Жұмыс үшін барлық маталар жарамды, бірақ ең жақсысы-мақта мата. Жұмыс алдында алдында матаны дымқылдап үтіктеп алу керек.

Тігетін бұйымның эскизі болған жақсы. Бұйымға арналған бөлшектерді қолданар алднда мұқият өлшенген симметриялылығы тексерілген қима үлгілер бойынша пішіп алады.

Егер бұйымды алдын ала ватин немесе синтепонды қойып тігістері бойынша көктеп шықса, онда ол квилет болады.

Мата таңдау барысында түстердің үйлесімділігіне мән беріледі. Барлық түстерді хроматикалық (кемпірқосақ түсіне боялған)және ахроматикалық ( түссіз) деп бөледі: ақ, қара,сұр. Хроматикалық түсті жылы және салқын түстер деп бөледі.

Түстік шеңбер түстердің үйлесімділігі мен қарама-қарсылығын жасауға көмектеседі.

Қосымша түстер түстік шеңберде қарама-қарсы орналасады.

Ұжымдасып жұмыс жасау үшін сыныпты негізгі үш топқа бөлуге болады. Әр топ келесі реттегі белгілі бір технологиялық оперецияларда орындайды.

-қима үлгі бойынша элементтерге үлгі салып шығу;

-бөлшектерді қию;

-бөлек блоктардан бұйым жасау;



Үй тапсырмасы туралы ақпарат

Елімізде тұратын халықтардың сәндік қолданбалы шығармасы бойынша құрақтан бұйым эскизін жасау.

Сабақты қорытындылау

Жұмыс қорытындысын шығару, ең үздік жұмыстарды көрсету. Жіберілген қателерге талдау жасау, баға қою, жұмыс орнын жинастыру.










Чкалов №2 орта мектебі



Ашық сабақ

6 сынып



Сабақ тақырыбы:

Жүн және жібек жіптің экологиялық қасиеттері.







Өткізген: Ибраева.Ж






Чкалов №2 орта мектебі


2012-2013 оқу жылы.







Сабақтың тақырыбы:Жүн және жібек жіптің экологиялық

қасиеттері

Сабақтың .мақсаты: Жүн және жібек маталар туралытүсінік беру,

айырмашылықтарын айту.


Дамытушылық: Жүн және жібек маталардың қасиеттерімен

танысу.

Тәрбиешілік: Еңбекке тәрбиелеу,алған білімді дұрыс әрекетке

пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,жеміс-жидектер,ыдыс-аяқтар құралдар

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ


Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын ескертүсіру

Сабақтың әдісі : Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап.

Көрнекілік: Үлгі дайын бұйымдар

Сабақтың барысы:жаңа сабақ


Жүн және жібек маталар жануарлардан алынатын табиғи талшықтардан алынады.Талшықтар-мата дайындауға арналған иірілген жіп алудың шикі заты.Мата қиындылары мұқият қараған кезде жіптерден тұратынын көруге болады.Жіптер өзара ұзындық бойы және көлденең өріліп жатады.Жіп кіпкішкене ж/е қысқа талшықтардан тұрады.Бұл талшықтар (жүн матадан –жүн талшықтарын,мақтада-өсімдік талшықтары,зығыр сабақтарынікі-зығыр талшықтары) иіру талшықтары деп аталады.Бұл жіп иіруге арналған шикі зат болып табылады.

Жүн талшықтары-қой,ешкі,түйе жануарлардың түк жамылғысы.

Тоқыма өнеркәсібі өңдейтін жүннің негізгі бөлігі қойдан алынады.

Қойдың жүнін арнайы қайшы-қырықтықпен немесе электір машинамен біртұтас қылып қырқып алынады.Қырқылған жүн қатты ластанған және сапасыда біріңғай болмайтындықтан, оны фабрикаға жіберер алдында сүрыптайды,түтеді,жуады және кептіреді.

Жүн талшықтары жеңішке,қатты иірімделген,ал ұзындығы 20мм-ден 450мм-ге дейін жетеді.Жуандығы әр түрлі болады.Жүн сапасы негізінен талшығының жуандығына байланысты болады.Жүн талшығы неғұрлым жеңішек болған сайын ,оның сапасы жоғары болады.Жүннің түсі ақ,сұр,қара

табиғи түсі болады ,бірақ оны әр түрлі түстерге бояуға болады.

Жүн талшықтан жасалған бұйымдар серпімді қасиетке ие болғандықтан ,қыртысталмайды.Жүн талшығының күн саулесі әсеріне төзімділігі өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары.Жүн талшықтардан көйлектік,костюмдік және пальтолық маталар дайындайды.Жүн маталардың аталуы алуан түрлі боладып келеді:мауыт ,драп,кашемир т.б.

Жүнді иіріп жіп дайындайды . Иірілген жіптен мата тоқиды және киіз басады.

Басу тәсілі арқылы пима киіз, драп ,фетр сияқты бұйымдар мен материалдар алынады.

Табиғи жібек-тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын жеңішке жіп.Көбелек қауыршақтан шықаннан соң жұмыртқа салады.Жұмыртқадан құрт пайда болады ,ол құрттың қуыршаққа айналатын мезгілі кезінде өзінен жіп шығарып,бұтаққа бекітіп ,өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды.

Жібек жіп қуыршаққа 40-50 қабат оралады және өзара ерекше зат-серицинмен жапсырылған екі жіптен тұрады.Қуыршақ жібінің ұзындығы 700-800метірге жетеді.8-9 күнненкейін қуыршақ жиналып,алғашқы өңдеуге жіберіледі.Қуыршақты ыстық бумен өңдеу және ыстық ауамен кептіреді

Бірнеше қуыршақтың жібі біріктіліп оралады,себебі қуыршақтың жібі өрмекші жібіндей өте жеңішке болады.Мұндай жіпті жібек шикі заты деп атаймыз.Жібек өндірісі Жапония,Үндістан,Италия,Түркия,Қазақстанда,Орта Азияда дамыған.Жібек мата атаулары: шипон,атлас,бархыт крепдешит,креп-жоржет маталары алынады.

Табиғи жібек жүн сияқты жоғарғы қасиетке ие.Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді.Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтайды ,ал жоғарғы температура мен күн саулесі әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда тезірек бүлінеді,ауаны жақсы өткізеді.

Тоқыма фабтикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді.

Иірілген жіп тоқыма өндірісінде жеткізіліп ,одан түрлі маталар тоқылады.



Сабақты қорытындылау: Жүн,жібек деп нені айтады?

Жібек шикі заты деп нені айтамыз?

Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?

Өсімдіктер мен жануарлардан алынатын табиғи

талшықтарды атаңдар?

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Өлшемін  алу. Сабақтың мақсаты :Оқушылардың матаны пішуге дайындау жөніндегі                                         білімді меңгеруін, дұрыс және үнемі пішу, пішу кезінде                                    матаны дұрыс жайып орналастыру біліктерін үйрету.               Білімділік; Оқушыларға тігін бұйымдарын құрастыру технологиясы                                  боиынша пішу,көктеу,өңдеу тәсілдерін үйрету.                                          Дамытушылық: Оқушылардың білім дағдысын  қалыптастыру  алған                                                                                          Білімдерін практикамен ұштастыру шеберлігін                                                           шыңдату             Тәрбиелік: Оқушының  этикалық талғамын   қалыптастырып,                               ұқыптылыққа ептілікке баулу өз бетімен жұмыс                               орындауға тәрбиелеу .          Сабақ әдісі: түсіндірукөрсету сұрақ-жауап,топпен жүмыс           Көрнекілік:үлгі ,дайын бұйымдар    Құрал  жабықмата қайыншы ине жіп түйреуіштер   Ұйыдастыру кезеңі: 1 Сабаққа білімдігін тесеру                                                                                                                                 2 Өткен сабақты қарастыру 3 Жаңа сабақ   1 Әшекей кесте тон сәні 2 Өнер өлмес,үміт сөнбес 3 Қол өнері  - кілемде    Сөз өнері  - өлеңде  4 Иненің жіпсіз көзі жоқ 5 Көз қорқақ  Қол батыр     Матаны пішіп пішіндер алу  үшін алдын ала сызба н/е  үлгі дайындайды. Пішін жасау өте жауапты іс. Ол үшін    бымның  қандайда бөлшектерден тұратын ж/е өлшемін дәл білу керек пішін дайындаудың бірнеше әдістер бар                 есепті  графикалық жүйе ж/е макет жасау муляжды әдіс,яғни матаны сән мүсінге н/е дене бітіміне түиреу . Ал макет жасайтын болса матаға пішін жасайды ,констукцилайды ,керек болса өзгерістердеенгізеді Көптеген есепті гафикалықжүйе әдістері  үшін кез келген пішіннің негізгі сызбасы болып табылады .Мұндағы өлшемдер  стандартты денебтіге арналған.Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек.Өлшем алу кезінде адам екі аяғына салмағын тең түсіріп ,өкшелерін алшақ салып,қолын төмен түсіріп,денесін босаң ұстап тыныш тұру керек.Өлшемін алғанда денені қыспайтын киіммен өлшемін алған жөн.Өлшеу кезінде сантиметрлік лентаны кермей не босатпай ұштарын алдыңғы  жақта түиістіреді. Өлшемін алар кезде адамның оң жағында тұрып өлшеу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің  бас әріптерімен белгілейді. Мысалы: айналым-А,ені-Е, ұзындығы-Ұ,жартылай айналым-Жа,жартылай мықын айналым-Жма ,иықтың қиғаш биіктігі-Иқб деп белгілейді.   Сабақты бекіту: Сұрақ беру арқылы оқушылардың түсінігін байқау.   Сабақты қортындылау: Бүгін сабақта өз қолымызбен үлгі жасап ,сол үлгіні матаға қоиып пішіп аламыз. Бұндай жұмыстар адамның эстетикалдық талғамын дамытады, әлемдікке ұмтылдырады.   Үйге тапсырма:Өлшемін алу.
Автор
Дата добавления 12.05.2014
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров2381
Номер материала 101618051243
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх