Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Абылай хан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Абылай хан

библиотека
материалов

hello_html_m67d433b2.gifhello_html_m376223b7.gifhello_html_3f022e08.gifhello_html_m47029796.gifhello_html_m47029796.gifhello_html_m3b8d2fcc.gifhello_html_7b445360.gifhello_html_m57ce5e54.gifhello_html_m6d84d50.gifhello_html_m6e185c03.gifhello_html_m1648766f.gifhello_html_m6a0e802e.gifhello_html_m1d735690.gifhello_html_7395230.gifhello_html_2bd76c2c.gifhello_html_m1648766f.gifhello_html_m339fc01e.gifhello_html_6f687336.gifhello_html_29fc2f72.gifhello_html_5f293880.gifТақырыбы: Абылай хан

Мақсаты:

Білімділік: Абылайдың өмірі мен қызметін таныстыра отырып аса ірі мемлекет қайраткері дипломат ,қолбасшы болғандығын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана-сезімін ояту.

Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі:Жаңа білім беру
Қолданатын әдістер: тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд

Сабақ жүрісі:

1.Ұйымдастыру бөлімі: (оқушыларды түгендеп,сабаққа зейінін аудару)

2.Үй тапсырмасын тексеру( сұрақ-жауап арқылы,шығармашылық тапсырма)

  1. Қайып хан қай жылы қаза тапты?

  2. Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды?

  3. Әбілқайыр қай жылдан бастап хан атағын алды?

  4. Қазақтардың қалмақтарға Бұлантты өзенінің бойында соққы беруі

  5. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” қай жылы болды?

Дұрыс жауабын табыңдар?

1. Тәуке ханның мирасқоры Әбілқайыр

2.Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші Ордабасы

3.Қазақтың игі жақсыларымен жайсаңдары жиналған жер Қайып

4.Ресей бодандығын қабылдаған хан Тевкелев

3.Жаңа сабақ

Мұхтар Әуезов

Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас”.

Жаңа сабақ жоспары

1.Абылайдың өмір жолы

2.Абылай хан қолбасшы,мемлекет қайраткері.
Мұғалім сөзі:
Қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға
Абылай - аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.

1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

Қалдан Серен мен Абылай арасындағы аңыз

2.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың шежіресі
Әз Жәнібе
Есімхан., -------------Жәңгір
Уәлі -------------------Тәуке
Қанішер Абылай
Көркем Уәлі
Абылай хан
Тірек сызба арқылы сөйлеу.
Абылай


Өмір сүрген жылдары Билік құрған жылдары

1711-1781 жж 1771-1781

Қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық мәдениетінің жанашыры


Ішкі саясаты-

  1. Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды.

  2. Сот билігін күшейте түсті.

  3. Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.


Сыртқы саясаты-

Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысы.

Қазақ жеріне ешкім қол суға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады.


Абылай ханның күйлері: Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршылар:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің...
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің...
...Абылай атың жоқ еді,
"Сабалақ" атпен жүр едің...- Бұхар жырау

...Жас күніңде, Абылай,
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай.
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда... – Үмбетей жырау

.Тірек-сызба арқылы түсіндіру.

Деректер .Абылай туралы тағы не білеміз

4.Бекіту тапсырмалары
1- .Сызбаны толтыр

1 2

1.Өмір сүрген жылдары

Абылай

2.Төле бидің қойған аты


3.Жекпе- жекке шыққан 3 4

қалмақ батыры

4.Таққа отырған жылы

2 Графикалық диктант

Дұрыс қате

1.Абылай 1715 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келді.

2.Төле бидің түйесін бақты.

3.1781жылы Абылай Ташкетте қайтыс болды.

4.Абылай өз заманының талантты тұлғаларға арқа сүйемеді.

5. Қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңеді.
3 Математикалық ойын

  • 1. (800+900)+11= ? 2.171+(800+800)= ? 3.1700+(9·9)= ?

Есептің жауабы: 1711 1771 1781

1711ж Абылай хан дүниеге келді

1771ж Абылай таққа отырды

1781ж Абылай қайтыс болды

4.Кім жылдам! (Тест жұмысы)

1.Абылай хан қайда жерленген?

А ) сығанақта В) Созақта С ) Таразда Д ) Түркістанда

2.Абылайдың кеңесшісі болған жырау.

А) Ақтамберді В ) Бұқар С ) Үмбетей Д)Есет

3. Абылай хан қай жылдары хандық құрды?

А) 1748-1786 ж.ж. В) 1718-1748 ж.ж. С) .1734-1771 ж.ж. Д.) 1771-1781 ж.ж

4.XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп,билік жүргізген хан

А) Әбілқайыр В) Уәли С)Абылай Д)Әбілмәмбет

5.Абылай ханның бала кездегі лақап аты

А) Дарабоз В)Сабалақ С)Алапай Д)Қожалақ

5.Тарихи диктант

Отырар .Абылай. Әбілқайыр. Сабалақ. Әбілмансұр.Түріктер. Төле би. Сақтар. Бөгенбай. Түркістан.Шарыш. Қожа Ахмет Йассауи.
6.Сабақты пысықтау

5.Үйге тапсырма

§33.Абылай хан. оқу.

Проблемалық оқыту технологиясы бойынша
. "
Абылайдың жүргізген саясаты мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қызметін салыстыруға сұрақтар беру:
Ә) Ішкі саясаты

Б) Мемлекет қауіпсіздігі
В) Сыртқы саясат
Салыстыру

Абылай хан                    Н.Ә.Назарбаев              

XYІІІ ғ                                  XXІ ғ

                     Ортақ белгілері


6.Бағалау.




Краткое описание документа:

Тақырыбы: Абылай хан Мақсаты: Білімділік: Абылайдың өмірі мен қызметін таныстыра отырып аса ірі мемлекет қайраткері дипломат ,қолбасшы болғандығын көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана-сезімін ояту. Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі:Жаңа білім беру Қолданатын әдістер: тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд Сабақ жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі: (оқушыларды түгендеп,сабаққа зейінін аудару) 2.Үй тапсырмасын тексеру( сұрақ-жауап арқылы,шығармашылық тапсырма) 1.      Қайып хан қай жылы қаза тапты? 2.      Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды? 3.      Әбілқайыр қай жылдан бастап хан атағын алды? 4.      Қазақтардың қалмақтарға Бұлантты өзенінің бойында соққы беруі 5.      “Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл сұлама” қай жылы болды? Дұрыс жауабын табыңдар? 1. Тәуке ханның мирасқоры                                                                                 Әбілқайыр        2.Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген  елші                                          Ордабасы 3.Қазақтың игі жақсыларымен жайсаңдары жиналған жер                             Қайып 4.Ресей бодандығын қабылдаған хан                                                           Тевкелев 3.Жаңа сабақ Мұхтар Әуезов “Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас”. Жаңа сабақ жоспары 1.Абылайдың өмір жолы 2.Абылай хан қолбасшы,мемлекет қайраткері.
Автор
Дата добавления 12.05.2014
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров950
Номер материала 101851051213
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх