Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация на тему «Педагогтардың ғылыми еңбектері»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Презентация на тему «Педагогтардың ғылыми еңбектері»

библиотека
материалов
1.Я.А.Коменский “Ана”мектебі.К.Д.Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми т...
К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы. К.Д...
Негізгі идеялары:
К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы) Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке...
Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.) Негізгі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демок...
Негізгі идеялары: Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі; Кол...
Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын...
Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы....
Негізгі еңбектері: «Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма, «Мұнара үст...
ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалып...
Негізгі еңбектері: «Балаға жүрек жылуы» «Павлыш орта мектебі» «Ұжымның құдір...
Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің...
↓ - бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлған...
Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагог...
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асы...
әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық...
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты бі...
Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары Білім...
Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны
Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар,...
Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныс...
Оны ХҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халықымы...
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөл...
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер п...
Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырға...
Абайдың халықты ғылымға үндеуі - тек бір ғана ғылым мәселесін қозғаған бір жа...
А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.
 М. Жұмабаевтың этнопедагогика  жөніндегі көзқарасы. 
Ж. Аймаутовтың этнопедагогика   жөніндегі көзқарасы.                        ...
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми  саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 ж...
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: "Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды...
Тіл үйренушілерге ұжымдық қауымдастық негiзiнде жан-жақты ұлттық тәрбие беру...
38 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 1.Я.А.Коменский “Ана”мектебі.К.Д.Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми т
Описание слайда:

1.Я.А.Коменский “Ана”мектебі.К.Д.Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі 2.Н.К.Крупская,А.С.Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері 3.В.А.Сухомлинский,Г.С.Виноградовтың педагогикалық көзқарасын талдау

№ слайда 3 К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы. К.Д
Описание слайда:

К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы. К.Д.Ушинский (1824-1870)

№ слайда 4 Негізгі идеялары:
Описание слайда:

Негізгі идеялары:

№ слайда 5 К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы) Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке
Описание слайда:

К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы) Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау; Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі; Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы; Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою; Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады; Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет»); Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру; Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу; Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты.

№ слайда 6 Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.) Негізгі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демок
Описание слайда:

Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.) Негізгі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демократия” (1915ж) “Еркін мектеп туралы мәселеге” “Семья және мектеп” “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы” «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселесі» «Ер балаларды «әйелдердің ісіне» үйрету қажет пе?».

№ слайда 7 Негізгі идеялары: Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі; Кол
Описание слайда:

Негізгі идеялары: Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі; Коллектившілдік сезімі отбасынан басталады, сондықтан коллективизмге тәрбиелеуде ата-аналардың ролі ерекше; Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі; Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы. «Халық ағарту ісі және демократия” атты кітапта алдыңғы қатарлы озат педагогикалық ой-пікірдің дамуына зерделі марксистік талдау берілумен қатар, ол кездегі қоғам мен мектеп бір-бірін жатырқай жатсыну, ал мұғалімдердің «кәсіби меңіреулік» (Маркс айтқандай) күйге түсу себептерін тексере зерттеп, одан құтқару жолын қарастырған; Еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған; Оқыту теориясы; Отбасы тәрбиесі; Балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі мен міндеттері.

№ слайда 8 Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын
Описание слайда:

Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып, айтып беру- зор өнер... Бұл өте – үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес. Балаларды құрметтеу – олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді. Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді. Кітап - еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді Ұйымдастыратын да, қожырататын да кітаптар бар,сондықтан кітаптарды таңдай білу төтенше маңызды.

№ слайда 9 Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы.
Описание слайда:

Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Маманға өзінің белгілі бір білімдер саласын зерттеу қажет. Бірақ қатардағы адамға осынау ұланғайыр білім теңізінен өмірге қажет, оған өзінің жеке өмірін, жеке еңбегін ұйымдастыруға, өзінің басқа адамдармен қарым қатынасын ұйымдастыруға көмектесетін білімдерді алу керек. Сондықтан осы білімдерден нені алуды, білім үшін, оның мақсаттары үшін күресуші адамға нені білуі керегін білу керек. Кітаптар орасан зор мәнге ие бола тұрса да, бірақ олар өздігінен білім алудың бірден бір көзі емес. Кітаптардан ғана емес, сонымен бірге өмірден үйрену де барлық мүмкін болған нәрсені дәл солай алып отыру қажет.

№ слайда 10 Негізгі еңбектері: «Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма, «Мұнара үст
Описание слайда:

Негізгі еңбектері: «Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма, «Мұнара үстіндегі тулар», «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» «Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері» және т.б. А.С.Макаренконың негізгі идеялары: тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, негізгі принциптері қарастырылған; тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде; ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу; А.С. Макаренко (1888-1939жж.)

№ слайда 11 ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалып
Описание слайда:

ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалыптасады: әр түрлі жастағылардан құрылған отрядтар, командирлер советі, өзін-өзі басқару, коллектив өмірінде мажорлық оптимистік тон құру, «адамға неғұрлым көп мөлшерде талап қою және оған неғұрлым жоғары деңгейде құрмет көрсету»; ұжымның өмір сүруінің маңызды заңын анықтаған, ол – ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы; ұжымдағы балаға «параллельді әрекет ету» принципін қолдану; еңбек тәрбиесі – тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі; оқытуды ұйымдастырылған өндірістегі еңбекпен біріктіру идеясы; отбасы алғашқы ұжым болып табылады; отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің белделінің болуы. шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоюы; ата-аналардың бір-біріне қатынасы, олардың қылықтары, еңбекке, затқа қатынастары – осының бәрі балаға әсер етеді де, оның жеке тұлғасын қалыптастырады.

№ слайда 12 Негізгі еңбектері: «Балаға жүрек жылуы» «Павлыш орта мектебі» «Ұжымның құдір
Описание слайда:

Негізгі еңбектері: «Балаға жүрек жылуы» «Павлыш орта мектебі» «Ұжымның құдіретті күші» «Мектептің жас директорымен сырласу» «Ұлыма хат» және т.б. Негізгі көзқарастары: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді; балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «кластың интеллектуалдық фоны»; дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды; балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін. В.А.Сухомлинский (1918-1970жж.)

№ слайда 13 Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің
Описание слайда:

Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т.б.) болып табылады.

№ слайда 14 ↓ - бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлған
Описание слайда:

↓ - бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуын, адамның үйлесімді дамуын дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді; - ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі үшін адал қызмет ету, «қасық қаны қалғанша» күресу, халқының бірлігін сақтап, елдігін жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін өтейтін, халқына қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу мақсатына бағытталады; ↓ - ескерткіштерде тәрбиенің мазмұнын адамгершілік, патриоттық, еңбек және ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды. ↓

№ слайда 15 Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагог
Описание слайда:

Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді. 5.Қорқыт тағылымдары

№ слайда 16 Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асы
Описание слайда:

Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді.

№ слайда 17 әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық
Описание слайда:

әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысы

№ слайда 18 XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты бі
Описание слайда:

XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық

№ слайда 19 Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары Білім
Описание слайда:

Ж.Баласағұни еңбегіндегі «білім, білік, дағды» ұғымдарының анықтамалары Білім «Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас!», т.б. Білік «Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті, екеуі ұлы етер, қонса, жігітті»; «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса, сол білікті болады»; «Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, білімді сөз-шырын, жанның құнары»; «Білік мәнін біл, не дейді білген ер: білім білсең, бәле жүрмес іргеден», т.б. Дағды «Білік берді – адам бүгін жетілді, ақыл берді – талай түйін шешілді»; «Оқу-тоқу берер – білім, парасат, оның бәрі ақыл емес, қарасақ»; «Біліп сөйлеп, біліммен бу тіліңді, ұғып іс қыл бастағы ақыл-піріңді», т.б.

№ слайда 20 Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны
Описание слайда:

Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны

№ слайда 21 Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар,
Описание слайда:

Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, көптеген әндер сақталған. Халық зұлымдық, басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы әндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы күрескен, ел қорғаған батырларды жырлаған: Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды. Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған

№ слайда 22 Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныс
Описание слайда:

Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма. Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады. Ел ішінде кең тараған батырлар жырларының бірі «Ер -Тарғында» Сыпыра – жырау былай суреттеледі: Ноғайлы ханы Зада көрші руға көптеген зиян келтіреді. Сол руда жас батыр Ер-Тарғын дүниеге келеді. Хан Зада одан кек алуға қорқады, не істерін білмейді, оған Сыпыра – жырауға жолығуға кеңес береді. Сыпыра – жырау ханның зұлымдығын, екі жақтылығын қатты сынай отырып, бұрынғы зұлымдығын ұмытуға және достасуға шақырады. Екі жақты татуластыруға жұмыстанады. Сыпыра-жырау Ер-Тарғынның артықшылығын, оның ержүректігін, тазалығын айта отырып, ханды ойланбай істелген әрекеттен сақтандырады. Сонымен, ең соңында екі жақты да келісімге келуге көндіреді. Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін – көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.

№ слайда 23 Оны ХҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халықымы
Описание слайда:

Оны ХҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, халықымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көне басшысы бола білген Асан Қайғы шығармашылығынан байқауға болады. Асан қайғы – қазақ даласынан шыққан ойшыл-философ, аты аңызға айналған, ел қамын ойлаған данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, «халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты» іздеп желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік өмір мен рахат өмір болатын. Оны философтар қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп атайды. Халқының сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен Асан Қайғы, заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов айтқандай, халық мұңын арман етіп, алысты меңзеген, өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген ел қамқоры… Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұрты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-әрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас еді.

№ слайда 24 Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөл
Описание слайда:

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

№ слайда 25 "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер п
Описание слайда:

"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. 1) Істің болар қайыры Бастасаңыз алдалап. Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. 2) Надандықтың белгісі- Еш ақылға жарымас... Жөн білмеген адамға Қыдыр ата дарымас... Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б. Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.

№ слайда 26 Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырға
Описание слайда:

Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Әрине Абайдың тәрбие жөнінде айтқандары жалғыз бұл емес. Басқа өлеңдерін былай қойғанда, осы «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің өзі де тәрбиелік мәні зор үлкен-үлкен мәселелерді жастардың алдына қояды. Байға, ақсақалға бас имеу, шыннан өтірікті айыра білу, не болса да ақылға салып айту сияқты ақылдар айтып, жастарды адамгершілікке үйретіп, олардың мінез-құлқын, көзқарасын дұрыс жолға салатын кеңес береді. Абай ғылым мен еңбекті еш уақытта бөліп қарамайды. Қызмет қылып, мал таппай, Ғылым оқып, ой таппай - Құр үйінде жатады, -

№ слайда 27 Абайдың халықты ғылымға үндеуі - тек бір ғана ғылым мәселесін қозғаған бір жа
Описание слайда:

Абайдың халықты ғылымға үндеуі - тек бір ғана ғылым мәселесін қозғаған бір жақты үндеу емес, ол өз халқының тіршілігіне, оның келешегіне, өз елінің алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарына қосылуына байланысты сан алуан келелі мәселелерді қозғаған, тереңнен толғаған, қиынға сермеген ақыл-ойдың, өз халқын жанындай жақсы көрген асыл жүректің жалынды үндеуі сияқты. Абай адам деген ардақты атты тек талапты болса, еңбек етсе, терең ойлы болса, ғылым тапса, рақымды болса ғана ақтауға болады деп ұғады. Абай адамның адамшылық қасиетін осылай белгілейді. Демек, ақын оларға ақылды, ойлы бол, ғылымды меңгер, еңбек ет, рақымды бол, ел қамын ойла, Салтыков пен Толстой сияқты талапты бол дегенде, адамзаттың бір керегіне жара, қоғамда өзіңе лайықты орын тап: Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар, қалан! - деді. Қазақ халқында искусствоның архитектура, скульптура, живопись тәрізді салалары кейін қалды. Олардың кейбір элементтері туралы болмаса, мынандай архитектура, не живописіміз бар деп ешкім айта алмайды. Егер искусствоның негізгі бір саласы ән мен өнер десек, бұл соңғы екеуін алдыңғылармен салыстырғанда, анағұрлым өскен, қанатын кең жайған түрлері деуге

№ слайда 28 А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.
Описание слайда:

А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.

№ слайда 29
Описание слайда:

№ слайда 30
Описание слайда:

№ слайда 31  М. Жұмабаевтың этнопедагогика  жөніндегі көзқарасы. 
Описание слайда:

 М. Жұмабаевтың этнопедагогика  жөніндегі көзқарасы. 

№ слайда 32
Описание слайда:

№ слайда 33 Ж. Аймаутовтың этнопедагогика   жөніндегі көзқарасы.                        
Описание слайда:

Ж. Аймаутовтың этнопедагогика   жөніндегі көзқарасы.                                                          

№ слайда 34
Описание слайда:

№ слайда 35 Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми  саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 ж
Описание слайда:

Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми  саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов « Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды...

№ слайда 36 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: "Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды
Описание слайда:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: "Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы", - деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылды [1]. Ал 1990 жылы "Тіл туралы" Заң қабылданған соң ғана қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту мәселесіне көңіл бөлініп, өрістетуге жол ашылды. Қазіргі таңда тіл үйренушілерге қазақ тілінен арнайы мұғалімдер сабақ жүргізіп, бүлдіршіндерді қазақ тілінің мөлдір бұлағынан сусындатып, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, ұлттық тәрбиемізді дамытуға зор үлес қосып жүргенін мақтаныш етеміз [2]. "Кез келген өркениетті елде көп тіл білу - басты мақсат екенін балабақшаның даярлық тобы да, мектеп оқушылары да жақсы біледі. Жаңа қалыптасып келе жатқан өмірде жақсы тұру үшін, қоғамның дамуына зор үлес қосу үшін көп тіл, (соның ішінде қазақ тілін) білмеген баласының ертеңі бұлыңғыр болатынын әрбір ата-ана сезінуі керек. Бұдан артық қандай қажеттілік (стимул) болуы мүмкін",-деп филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек айтқандай, біздің Республикамыздағы мектептерде ұлттық тәрбиені мемлекеттік тілдің негізінде оқытудың жандана бастауы - қуанарлық жай. Тіл үйренушілер белсенді түрде, бағытта әсер ету үшін педагог өзін жан-жақты, терең зерттеп, өзгелермен араласу жолдарын меңгеруі керек. Өзіне балалардың көзімен қарап, мен қандаймын деген сұрақтан бастап ұстаздың кәсіптік әрекетіндегі жеке жұмыс істеу ерекшелігі қалыптаса бастайды.

№ слайда 37 Тіл үйренушілерге ұжымдық қауымдастық негiзiнде жан-жақты ұлттық тәрбие беру
Описание слайда:

Тіл үйренушілерге ұжымдық қауымдастық негiзiнде жан-жақты ұлттық тәрбие беру жөнiндегi: тіл үйренетін ұжымда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемелері мен ерекшеліктерін Болдырев Н.И, Сластенин В.А, Болотина Л.Р және басқа да ғалымдар зерттеді. В.Лебединский зерттеуінде тіл үйренушілер ұжымындағы ұлттық тәрбие мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Н.Болдырев тіл үйренушілер ұйымының негізгі көрсеткіші - жалпы идеялық ортақ әрекет, тіл үйренушілер арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар болмақ деді. В.Коротовтың ойынша ұжымдық ынтымақтастықтың негізгі күші тіл үйренушілер арасындағы саналы тәртіп делінген. В.Галузинский: "... тіл үйренушілер ұжымындағы қоғамдық пікірдің қалыптасуы - ұжым, топтар арасындағы көсемдер (лидерлер) қарым-қатынасына байланысты деген. Ә.Жұмахановтың пікірінше ұлттық тәрбие мектептегі тәрбие жұмысында жетекші орынға айналуы шарт деп санайды. З.Жақыпов тіл үйренушілер ұжымы арқылы қазақ тілі сабақтарында ұлттық тәрбиеге бағытталған педагогикалық іс-шаралар жан-жақты дамыған жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың кепілі болмақ дейді.

№ слайда 38
Описание слайда:

Краткое описание документа:

Этот материалом могут пользоваться учителя. Презентация на тему «Педагогтардың ғылыми еңбектері» Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі; Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы; Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою; Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады;  Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет»);  Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); 
Автор
Дата добавления 12.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров1007
Номер материала 101902051212
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх