Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бала бойында азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы рөлі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бала бойында азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы рөлі

библиотека
материалов

Урисбаева Гулжахан Кадыровна


БАЛА  БОЙЫНДА  АЗАМАТТЫЛЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ РӨЛІ


   № 65 ЖББ ОМ КММ бастауыш сынып мұғалімі


Қазіргі кезде бала тәрбиесінде баланың бойында өз еліне, туған жеріне, Отанына, ата-анасына, туыстарына, достарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімді оятуға көп көңіл бөлінуде. Айта кетсек, ежелден –ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай, қандай да  қалыпқа құюға болады» делінген, халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің  еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі - бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Заман ілгері жылжыған, ғылым мен техника дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы белгілі. Ендеше үзіліссіз тәлім- тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.

Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың оныншы қара сөзінде: «Баланың жақсысы-қызық, жаманы –күйік. Қартайғанда асырасын десең- балаң мейірімді болып, асырарлық болсын десең, өтірік, өсектен аулақ ұстап, ерінбей еңбек етуге, түңілмей ізденуге үйретсең, өз орнын тауып кетеді», - деп бекерге айтылмаған.

    Әрбір тәрбиеші, педагог баланың бойына әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтарын қалыптастыру үшін аянбай еңбек етуі, халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін  жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, өзі де салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуімен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық  кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Баланың өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өз-өзіне сену өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуге, жауапкершілігі артып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.[1]

Әрине бала тәрбиесінде қоғам, мектеп, отбасы тікелей араласуы керек. Адамға өмірде ең қымбаттысы– отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бірін-бірі аялап, кешіре білген отбасы берік болады. Дегенмен, әр түрлі отбасылар да кездеседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,- деп дана халық бекер айтпаған. Отбасы- болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді. Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай "Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз" деген сөзін ескергеніміз жөн. [2]

Сонымен отбасы-

  • сүйіспеншілікті сезінуді үйретеді;

  • жақсылыққа жетелейді;

  • еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;

  • үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.

     Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам десе, екіншілері- білсем екен, көрсем екен деп туады. Мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады. Бұл мақсатқа нағыз мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті. [1]

Біздің егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп- қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы мектеп. Кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де  құпия емес. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан  қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін, тағы да ата-ананың мектеппен қарым-қатынасының жоқтығында. Ата-аналар жиналысына көптеген ата-аналар жұмыс бабымен, басқа себептермен бара алмайды. Баласының оқуына, тәрбиесіне көңіл бөлмейді немесе баласының атына айтылған ескертулерге ренжіп, мұғалімге баланы қарсы қояды. [3]

     Мұғалім сабаққа жақсы дайындалып келсе, әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытса, баланың жүрегіне жол таба алса, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастырса, әрине мұндай мұғалімнің сабағынан білім сусынын ішкен бала мұғалімді де, ата-ананы да, қоршаған ортаны да құрметтейді. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.

     Шын мәнінде, жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.

     Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани – адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.[4]

Азаматтылық- деп әлеуметтік-саяси ғылымда Отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субьектілердің нақтылы моральдық- өнегелік, психологиялық, әлеуметтік- саяси сапаларының жиынтығы;адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. «Азаматтылық» мәні әртүрлі:

  • өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі;

  • саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу;

  • адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі;

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мақсат еткен. Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. 

Патриотизм - өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Сондықтан қай елде патриот­тық тәр­бие жоғары болса, сол елде саяси тұ­рақ­тылық пен экономикалық даму өрістейтіні белгілі. Патриотизмге тәрбиелеудің үлкен ор­та­сы – мектеп екені белгілі. Ондағы жос­­пар­лы тақырыптық сабақтармен қатар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар патриотизмге тәрбиелеудің бір бағыты болып отыр. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады.

Мектеппен  бірге отбасы тәрбиесі де өте зор. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасы – таным  бесігі, өркениет  ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады. [5]

Халық тәрбиесі ұрпақты ақыл-кеңес, тамаша ата-баба дәстүрлерімен тәрбиелеу. Ағашты  шыбық  кезінде дұрыс  күтіп баптаса, өскенде  талда өскеннен кейін  өз өркенін жайып өсіп   жеміс береді. Сол ағаштың  түзу  болып  өсіп-өніп  жеміс беруі  күтім, тәрбиеден болып отыр.  Сондықтан ата-ана баласына  дұрыс тәрбие берсе, ағаш тәріздес түзу  болып өсіп, өркенін  жаяды. Кейбір ата-ана ұлы мен қызына  киемін  дегенін кигізіп, жасаймын дегенін жасатып, баласының рухани мүгедек болуына өздері себепкер болады. Баласына қастандық жасағанын кеш түсініп бармағын шайнайды. Ата-ана баласын   дұрыс  тәрбиелемесе  қисық ағаш  болып өседі. Сондықтан   ұстаз- педагогикалық шеберлігімен үлгілі тұлға бола біледі, үлкен өмір жолына бағыт береді.

Ұлы педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. [6]

Қорытындылай келе, қазіргі кезде бала тәрбиесін әрі қарай жетілдіру отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Отбасы мен мектептің немесе сынып жетекші мен ата-ананың бірлесіп жасаған жұмыс нәтижесі ХХІ ғасыр талабына сай, жаңашыл, шығармашыл, жан-жақты мәдениетті, саяси сауатты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіз орта құруды білдіреді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.











ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. А. Құнанбаев «Қарасөз» Алматы 1993ж

  2. "Ауыл арайы" қоғамдық-саяси газеті, 2013 ж

  3. Әдістемелік құрал    Нүсіпбекова М.И  Арғымбаева Ә. Б   2007

  4. . «Бала тәрбиесі» журналы  №  8/ 2011ж

  5. «Бала тәрбиесі» журналы №  8/2010ж

  6. «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы»   (С.Қалиев)



Краткое описание документа:

Қазіргі кезде бала тәрбиесінде баланың бойында өз еліне, туған жеріне, Отанына,  ата-анасына, туыстарына, достарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімді оятуға көп көңіл бөлінуде. Айта кетсек, ежелден –ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай, қандай да  қалыпқа құюға болады» делінген, халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің  еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі - бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Заман ілгері жылжыған, ғылым мен техника дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы белгілі. Ендеше үзіліссіз тәлім- тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.     Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың оныншы қара сөзінде: «Баланың жақсысы-қызық, жаманы –күйік. Қартайғанда асырасын десең- балаң мейірімді болып, асырарлық болсын десең, өтірік, өсектен аулақ ұстап,  ерінбей еңбек етуге, түңілмей ізденуге үйретсең, өз орнын тауып кетеді», - деп бекерге айтылмаған.
Автор
Дата добавления 12.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров652
Номер материала 101928051201
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх